Меню
Разработки
Разработки  /  Логопедия  /  Практикумы  /  5 класс  /  ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕРДІҢ БЕРІЛУІ

ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕРДІҢ БЕРІЛУІ

?аза?стан Республикасыны? біры??ай білім беру ке?істігін ??ру?а к?шуі Б?? Де­кларациясында, «Бала ???ы?тары туралы конвенция», «Білім беру туралы» ?аза?стан Республикасыны? За?ы, 2010-2020 жылдарда?ы ?аза?стан Республикасыны? білім беруді дамыту Мемлекеттік ба?дарламасында бекітілген т?л?аны? ??ндылы?тары туралы адамгершілік идеяларымен с?йкес педагогикалы? білім беру мазм?нын жа?артуды ?ажет ететіндігін ескертеді. ?сіресе б?л мектепке дейінгі т?рбиеге ?атысты. Мектепке дейінгі т?рбие ж?йесін модернизациялау барлы? балаларды? сапалы, мектепке дейінгі білім берумен ?амту с?ранысын к?рсететін, жа?а мектепке дейінгі т?рбие ж?не о?ыту ?Р МЖБС 1. 001 – 2001, ба?дарламаларын енгізумен ?арастырылады.

12.10.2016

Содержимое разработки

ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕРДІҢ БЕРІЛУІ

Чакеева Ақбота Болатқызы

Өскемен қаласы әкімдігінің

«№1 орта мектебі» КММ

Математика пәнінің мұғалімі және математика Магистрі

ШҚО, Өскемен қаласы


Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықта білім беру саясатындағы басымдылық саясаты дәл осы инклюзивті білім беру принциптеріне негізделеді. Дегенмен инклюзивті білім беруді енгізу бойынша әр елдің қайталанбас ерекшеліктеріне байланысты барлық мемлекет үшін қолданылатын нақты әдістемелер мен нұсқаулықтар жоқ, инклюзивті үрдістерді дамыту тәжірибесі оның дұрыс бейімделу барысында оларды пайдалану үшін маңызды болып табылады.

Тәжірибені біздің елімізде оқыту 2000 жылы «Мүмкіндігі шектеулі балаларға базалық білім беруге көмек» Қазақстан Респулбикасының Үкіметі және ЮНЕСКО-мен бірігіп САТР Орталығымен Пилотты жобаны жүзеге асыру барысында басталды. Осы жобаның арқасында «инклюзивті білім беру» түсінігі орнықты енді.

Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси құрылымының өзгеруі, БҰҰ дүниежүзілік құқықтық құжаттарымен сәйкес қоғамды демократияландыруға бағытталған іс-шаралар өткізу мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, соның ішінде балаларға білім беруіне мемлекет пен қоғамның қатынасы жаңа ұстанымның қалыптасуына ықпал етті. Білім беру саласындағы мемлекет саясаты Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің радикалдық өзгеруіне бағытталған. Оның расталуы соңғы жылдары еліміздің Үкіметімен мүгедектер мен денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін білім беруге тең құқылықты кепілдемелікті қарастыратын халықаралық нормаларға сай республикамызда білім беру жүйесін реттейтін нормативті-құқықтық актілер мен бірқатар заңдардың қабылдануы болып табылады.

Қазақстан Республикасының бірыңғай білім беру кеңістігін құруға көшуі БҰҰ Де­кларациясында, «Бала құқықтары туралы конвенция», «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2010-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасында бекітілген тұлғаның құндылықтары туралы адамгершілік идеяларымен сәйкес педагогикалық білім беру мазмұнын жаңартуды қажет ететіндігін ескертеді. Әсіресе бұл мектепке дейінгі тәрбиеге қатысты. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесін модернизациялау барлық балалардың сапалы, мектепке дейінгі білім берумен қамту сұранысын көрсететін, жаңа мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ҚР МЖБС 1. 001 – 2001, бағдарламаларын енгізумен қарастырылады.

Ұлттық білім беру жүйесін жүзеге асыру кез-келген мектепке дейінгі ұйымда, мектепте, мүгедек-балалар мен денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалармен табысты әлеуметтендіру қамтамасыз етіледі деп жорамалдайды. Бүгін де білім беру үрдісіне мүмкіндігі шектеулі балаларды түгелдей қосу аталып өтуде, сондықтан мектептік және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арнайы педагогтар мен біріктіріп оқытатын педагогтардың аса қажет екендігінен қауіптенеді. Ерекше назарды тәрбиешілер даярлауға аудару қажет, өйткені ол қалыпты топқа қарағанда инклюзивті топта балаларға одан да зор ықпалға иеленеді.

Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мəселе болып отыр[2].

Дене кемістігімен ауру адамның əлеуметтік өміріңдегі мінез-құлқының ауытқуына əкеп соқтырады. Əулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бəрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді.

Кез келген жанұяда кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген мұңдай қамқорлық оған күшті əсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей сезінеді.

Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау жəне танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тəн құбылыс, өйткені дені сау бала, мүмкіндігі шектеулі балаларға қарағанда қоршаған ортаны 83% көру жүйесі арқылы, 11% есту арқылы, 3,5% мұрын арқылы, 1,5 сипап сезу арқылы, 1% дəм сезу ақылы танып біледі. Ал көру қабілеті бұзылған бала не істейді? Қоршаған ортаны қалай танып біледі? Осы орайда балаларға сол таным мен түйсікті сезінуге жəне үйретуге ықпал ететін фактор – оқытушылар. Мүмкіндігі шектеулі бала мектепке алғаш келген кезде қарапайым жəне түрлі ауыртпалық тудыратын қиыншылықтарға тап болады. Бұл қиындықтар қатарына өз-өзіне қызмет етуінің төмен, не мүлдем болмауы, гигиеналық тазалықты ұстана алмауы, ортаға тез бейімделмеуі сияқты мəселелерді жатқызуға болады. Сондықтан мектепке дейінгі кезеңде көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға арналған оқыту-кешендерінің болуы шарт. Сондай оқыту кешендері ұйымдастырылған жағдайда, мұндай топтағы балалар мектеп табалдырығын аттаған кезде білім алу оларға жеңіл, əрі тиімді болар еді[3].

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тəрбие берудегі ғылымның нəтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану. Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Мүгедек жəне дамуларында шектеушілік бар балаларды инклюзивтік оқыту практикаға мамандандырылған мамандарды даярлау, оларды жалпы түрдегі мекемелерде оқыту үшін жағдайлар жасау жəне қоғамның мүгедек балаларға деген көзқарастарын өзгертумен бірте-бірте енгізілуі керек.

Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына жəне айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім дағдысын тəртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына екі түрлі міндет қойылады:

1. Баланың мектепке дайындығын анықтау;

2. Тəрбиесіндегі кемістігін жою;

3. Сабақты жүйелі жоспарлау.

Үйден оқитын балаға сабақ беретін мұғалім алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойының, қиялының, зейінінің тұрақтылығын анықтап алу керек. Ол үшін «Дөңгелек қию», «Лабиринт», «Танграм», «Көру əдісі», «Есту əдісі» тəрізді тесттерді қолданып, баланың шама-шарқын анықтап алады. Сабақ барысында баланың тілмүкісін, қолының буындарының қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыру қажет.

Ол үшін қазіргі таңда қолданылатын көптеген дамыту жаттығуларын пайдалануға болады. Солардың бірнешеуін қарастырайық.

Сағат тілі”. Мазмұны: Күлімдеп тұрамыз, ауызымызды ашамыз. “Бір-екі” деп санап тілімізді жоғарғы, төменгі тістерге кезек-кезек тигіземіз. Астыңғы иек қимылдамау керек.

Тостақшы”. Мазмұны: Езуді тартып күліп аузымызды ашамыз, тілімізді жалпақ етіп астыңғы ерінге қойып, екі жағын тостақтың ернеуі сияқты иеміз. 5-ке дейін санап тұрамыз. Астыңғы ерін тістерге тимеу керек.

Барабан”. Мазмұны: Езу тартамыз, аузымызды ашамыз. Анықтап қайта-қайта Д-Д-Д-Д деп айтамыз. Дыбысты айту барысында тіл жоғарғы тістерге жабысып тұрады. Аузымызды жаппаймыз. Осы жаттығуды орындау барысында көп бала аузын жауып алады.Осы жағдай болмау үшін тіспен екі бір сантиметрлік таяқшаны немесе осыған ұқсас затты (сызғышты) тістеп тұру керек [4].

Осы жаттығуларды жасау барысында баланың тілін дамытуға болатыныны көреміз. Ең бастысы мүгедек балаларды сəби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан күндізгі шағын стационар да арнайы жұмыс тобын құрып, əр баланың қабілет–қарымын анықтап, дұрыс бағыт–бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек[5].

Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға Үкіметтен бастап, мектептерге дейін мəн берілуде. Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып ғана қоймай, мемлекеттің əлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды.

Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция аясында инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық институттардың тəжірибесін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау аса қажет болмақ.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай жəне арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Осыған орай мəселелерді шешу жолында əр мұғалім бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар дайындап, үлгерімі төмен жəне мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жүргізгені жөн. Əр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. Жаңаша білім берудің негізгі тəжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды, қолданылған əрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады. Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің объектісіне əлеуметтік психологиялық жəне педагогикалық мінездеме беріп, танып, білумен зерттеу əдістерін меңгерулері керек. Дидактикалық ойындар арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың ойлау қабілетін дамытумызға болады.

«Біркелкі пішіндерді сана». Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру. Көрнекілік: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана).

Барысы: Əр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау керек.

«Бос торларды сəйкес пішіндермен толтыр». Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сəйкес пішіндермен толтырту. Көрнекілік: Əр балаға жеткілікті таратпа суреттер. Барысы: балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сəйкес пішіндермен толтырады.

«Қандай пішін жетіспейді». Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу. Көрнекілік: Геометриялық пішіндер (қораптан алу). Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады [6].

Əр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық - педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді. Егер жалпы білім беретін ордаларда жоғарыда айтылған ұсынылымдарды есепке алып, сол бойынша инклюзивті білім беретін болса, мүмкіндігі шектеулі балалар да басқа балалардан қалыс қалмайтыны хақ.



Пайдаланылған əдебиеттер:


1. ҚР - ның білім туралы Заңы, 2008 ж Мектептегі психология, №3 2010 ж

2. Əлеуметтік педагогика, №3, 2011 ж.

3. Ə.Ермағамбет.«Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы», Дефектология, 2008, №4.

4. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету жəне дамыту жаттығулары» əдістемелік құрал, Шымкент., 2012ж.

5. Л.В.Артемова.«Дидактикалық ойындар», М., 1992ж

-75%
Курсы повышения квалификации

Методы НЛП в образовании

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕРДІҢ БЕРІЛУІ (27.42 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт