Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Мероприятия  /  8 класс  /  Информатика: кеше, бүгін, ертең

Информатика: кеше, бүгін, ертең

Внеклассная работа для учеников 8 класса. Внеклассная работа содержит стижки по информатике, загадки и дебат.

16.02.2019

Содержимое разработки

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы

Александр Сергеевич Пушкин атындағы орта мектебі

Информатика пәнінің мұғалімі

Серікова Салтанат Төреқожақызы


«Информатика: кеше, бүгін, ертең» атты танымдық кеш

Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру. Қарым – қатынастың эмоциялық бағытын қалыптастыру.

Жүргізуші 1: Армысыздар қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін ғылым.

Жүргізуші 2: «Мәңгілік болашақ тірегі - жастар» онкүндігінің аясында өтіп жатқан «Информатика: кеше, бүгін ертең » атты танымдық кешке қош келдіңіздер!

Жүргізуші 1: ХХІ ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы – ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады. Сондықтан да, таза қазақ тілінде сөйлеуге тиісті салалардың бірі – информатика және компьютерлік техника.

Жүргізуші 2: Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістірмен қондырғыларды кең көлемде қолдануды талап етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер т.б арқылы іске асырылуда.

Жүргізуші 1: Елбасы атап өткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет». Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Жүргізуші 2: Есептеуіш техниканың шығу тарихы жайлы аздаған мағлұматтарды айта кетсек қайтеді?

Жүргізуші 1: Айта кететін болсақ ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында.

Жүргізуші 2: Ал пайда болған жері Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Грецияда болуы мүмкін. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген.

Жүргізуші 1: Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалады. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.

Жүргізуші: Олай болса ортамызда оқушыларымыздың ақпарат, компьютер жайында өлеңдерін қабыл алыңыздар.

Информатика болашаққа бастайды 
Келешекке білім қуған жастарды 
Қадам басып 21-ші ғасырға 
Барлық әлем жаңалығын ол тастайды 


Информатика әлемі, 
Неткен ғажап әсерлі. 
Шыққан сонау ертеден, 
Орын алды көңілден 
Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды 
Информатика озады бар ғасырды 
Ой түйіндеп, жетелейді адамдарды 
Әлі ашылар құпиялар сан- сан қырлы 



Интернетте құстай ұшып самғаймыз, 
Көп елдің арасын біз жалғаймыз. 
Миллиондар ұшып жатыр күнбе-күн, 
Біз сұлтандар осы лектен қалмаймыз. 


Телефонға жүгіреміз, 
Теликке ылғи үңілеміз, 
Бұл заманда адамдардың 
Интернетпен ғұмыры егіз. 



Қалам ұстау ұмыт қалды, 
Емейлдер құрық салды, 
Өмір – құйын, көре алмаймыз 
Түсімізде де тымық таңды. 



Пернетақта алдыңда,
Дәу манитор тұр қарап.
Көп шаруаны атқарар,
Компьютер бұл ғажап.



Керек емес қаламың,
Жазуды да жазады.
Қарындаш пен бояусыз,
Суретті де салады.



Талай шаруа бүгінде,
Компьютерсіз бітпейді.
Керек десең ол тіпті,
Том-том кітап жүктейді.



Ғаламторға жалғасаң,
Жоқ онымен таласың.
Бар сұраққа бір демде,
Миллион жауап аласың.



Бірақ, байқа, балақай,
Оның да бар зияны.
Соны білген ата-анаң,
Кейде сені тияды.



Көп отырсаң телміріп,
Көз жанарың талады.
Ата-анасын тыңдайды,
Барлық бала саналы.



Компьютердің пайдасын,
Пайдалана біл, күнім.
Игі істерге жұмсайтын,
Керек саған ол білім



Жүргізуші 1: 1644 жылы француз математигі Блез Паскаль 19 жасында бірінші рет қосу машинасын құрастырды. Сондықтан оны Паскаль машинасы деп атады

Жүргізуші 2: Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталды. Алғашқы программалық басқарылатын есептеу машинасын құрастыру идеясын 1821 жылы ағылшын математигі Чарльз Беббидж аналитикалық машинасын ұсынған болатын. Олай болса оқушылар кешімізге біздің информатика ғалымдарының еңбектері туралы ізденген ақпаратын тыңдайық.

(Ортаға Информатика ғалымдары туралы баяндамалар айтылады.)

Жүргізуші 1: Келесі кезекте кешімізді әзілмен жалғастырайық.

Ортада компьютер жабдықтарына әзіл.

Жүргізуші 2: Кешімізге ақпарат әлемі жайында өз әзілдерімен 8 сынып оқушылары келіп отыр. Қарсы алайық.

Жүргізуші 1 : Біз информатиканың көптеген мүмкіншіліктерін пайдаланамыз. Ал бұл информатиканың біз білмейтін сырлары қаншама. Ия шынында да біз компьютермен алыстағы достарымызбен бір-бірімізді көріп отырып сөйлесе аламыз, хат жолдаймыз, интернет желілері арқылы керек деген мәліметтің бәрінде ала аламыз.

Жүргізуші 2: Қазір қалта компьютері қасымызда болса қағаз қаламның керегіде жоқ. Информатика күннен-күнге даму үстінде неше түрлі программалар, антивирустар, көптеген мүмкіншіліктер. Расында «Біз информатика әлеміндеміз!»

Жүргізуші 1: Жарайды, олай болса біздің көрермендеріміз информатикадан қаншалықты хабардар екенін көрейікші

Жүргізуші 2. Олай болса біз сіздерден жұмбақ жасырамыз. Сіздер қол көтеру арқылы жауап бересіздер

Міне тағы қиналып – ақ тұрмын мен

Тақырыпты жазалмай пернемен

Барлығыда үлкен әріп қайтемін?

Көмек берші, енді нені басам мен? (Caps Lock)

Жүргізуші 1.

Әдетте үнсіз тұрамын

Белгі берсең ұғамын

Жазуы бар қағаздың

Құралы боп шығамын / принтер /

Жүргізуші 2.

Компьютердің айнасы

Бағдарыңды таңдашы

Сурет, сөзін көрсетіп

Тиер саған пайдасы / монитор /

Жүргізуші 1.

Жаңа жолға түскім келіп енді мен

Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді

Бірақ бәрін ұмытыппын достарым

Көмек берші әрі қарай нестеймін? (Enter)

Жүргізуші 1. 6 сынып оқушыларының әнін тамашалайық.

Ақпараттандыру ғылымы,
Информатика жайында.
Ойын ойнатсақ нақтылы,
Жауабыңды дайында,- демекші ортаға көмекке 3 оқушыны шақырамыз.

Жүргізуші 1. Ойын «Тұспалдан тап»Компьютер жабдықтарын жасырып тұспалдап айтқызу. (Көрермендермен ойын)

Жүргізуші 2: Аспан ашық, жер мамық жастанарға,
Біздің қазақ ұқсамас басқаларға.
Ақылшысы атойлап алда тұрса,
Арыстандай ерлері жасқанар ма?,- деп «Ой толғаныс», «Поэзия сәті» және «Шығармашылық» кезеңіне де жеттік.
І - жүргізуші: Мұнда І - топ спикері Internet - ті мақтаса, ІІ - топ спикері даттап ой қозғайды. Ал поэзия сәтінде қалған топ оқушылары информатикаға байланысты өлең шығарады және 5 беттен тұратын Power Point бағдарламасында 5 беттен тұратын слайд дайындайды.

Жүргізуші 1:

Әділ қазы алқасын осы жерден сайлайық.

Ойыншыларға ендеше қошеметтеп қояйық.

Жүргізуші 1:

Елбасы Н.Ә.назарбаев «Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білумен бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл – ой азаматтығымыздың алдаспаны» деп көрегендікпен білімнің қоғамдағы орнын айқындап берді.

Жүргізуші 2:

Информатика нық басып ғаламатта

Ой бөлісіп заманды саралатты

Сау болыңыздыр қымбатты көрермендер

Қайта айналып көріскенше саламатта!

Жүргізуші 1: «Информатика: кеше, бүгін ертең » танымдық кешіміз аяқталды. Информатика әлемінде амандықпен жүздескенше сау саламатта болыңыздар.


-75%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Информатика: кеше, бүгін, ертең (22.84 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт