Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Уроки  /  Прочее  /  Ілия Жансүгіровтың "Күйге" өлеңіне сатылай кешенді талдау

Ілия Жансүгіровтың "Күйге" өлеңіне сатылай кешенді талдау

Ілияс Жансүгіровтың "Күйге" өлеңіне сатылай кешенді талдау жасалынған.

23.04.2018

Содержимое разработки

Ілияс Жансүгіровтың «Күйге» өлеңіне сатылай кешенді талдау.


Мукаева Индира Турановна

«Тұран» университеті колледжі

Қазақ тілі мен әдеебиеті

пәнінің оқытушысы


3 4 4 11

Күй сені \\ тәтті көрем \\ жаным сүйіп, а

3 4 4 11

Тыңдаймын \\ тыным алмай, \\ жаным күйіп. а

3 4 4 11

Өмірдің \\ сырын ашып \\ жүрегіме, б

3 4 4 11

Музаның \\ әміріне \\ басымды иіп. а

3 4 4 11

Алайық, \\ ескі күйдің \\ бәрін жиып, а

3 4 4 11

Жандырған \\ ой-қиялды \\ қалың күйік. а

3 4 4 11

Шерттіріп \\ құнарлырақ \\ домбыраға, б

3 4 4 11

Тербеліп \\ ырғағына \\ тамылжиық. а

«Күйге»

I Авторы Ілияс Жансүгіров (1894-1938). «Жетісудың Құлагар ақыны» атанған ақын. Ілияс әкесінен жазуды, оқуды, етік тігуді, домбыра тартуды, қоңыр дауыспен ән салуды үйренеді. Ілиястың көптеген өлеңдері жастарға арналған.

II Тақырыбы - өнер туындысының іргетасы. Бұл – шығарма. Белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықты суреттеуі. «Күйге» өлеңінің тақырыбы - өнер.

III Жанр түрі – поэзия. Оның ішінде өлең. Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнектегі сөз жүйесі.

IY Идеясы - автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді. «Күйге» өлеңінің идеясы – адамзаттың күйді жан-тәнімен түсінуі, өнер құдіретін бағалау.

Y Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. 2 шумақты өлең.

YI Тармақ - өлеңнің әрбір жолы. 4 тармақты, барлығы 8 тармақ.

YII Бунақ – белгілі бір дыбыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты.

YIII Буын саны – сөздің құрымындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты бөлінуі. 11 буынды өлең.

IX Ұйқас - өлең тармақтарының ұйқасып, үндесуі.

Қара өлең ұйқасы – а,а,б,а;

X Әдеби теориялық ұғымдар

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Алайық, ескі күйдің бәрін жиып.

XI Түсіндірмелі сөздік

1. Муза - өлең шабыты 2. Ырғақ – саз, әуен

XII Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні

Бұл өлеңде – адамның күйді тыңдап, жан-дүниесімен түсінуін айтады. Күй тілін түсінген адамның көкірегі ояу болады.




-80%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ілия Жансүгіровтың "Күйге" өлеңіне сатылай кешенді талдау (44.85 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт