Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
28 күні қараша айы 2016 жылы
Білім беру саласы:Коммуникация Бөлімі:Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Ертегілер әлемі Мақсаты:а) білімділік Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілерді әдеби шығармаларды тыңдатуға, оны айта білуге дағдыландыру, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, ұлттық рухани білімдерін жетілдіру. ә) дамытушылық Оқушылардың тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту, логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл –ой белсенділігін арттыру. б) тәрбиелік Еліміздің болашақ ұрпағы біліммен сусындаған, тапқырлығын тамсандыратын салауатты,саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа, сыпайы қарым-қатынас жасай білуге,үлкен-кішіні сыйлауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау. Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, бейне таспа, үн таспа.
| Қызметінің кезеңдері | Тәрбиеші әрекеті | Балалардың әрекеті |
| Мотивациялық қозңаушылық | Психологиялык сәт. Күніміз жарық болсын, Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын, Елімізде тыныштық болсын. Жақсы оқиық, Әдепті, тәртіпті бала болайық. |
Балалар орнынан тұрып, қайталап айтады. |
| Ұйымдық іздестіру | Кел, тыңдайық ертегі. 1.Кім ертегі біледі? 2.Ертегіні көргендерің, естігендерің барма? 3.Ертегілер туралы кім не біледі? 4.Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Балалар, ертегілер-бұл қиял ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп.Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл-ертегілер, аңыз ертегілер т.б. болып бөлінеді. Ертегі басталғанда қалай басталады? Ерте, ерте,ертеде, Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен. Құйрық жүні ұзын екен. |
Естіген,көрген ертегілері жайлы айтады.
Балалар қайталайды |
| Рефлексивті түзетушілік | -Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен. Ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен. |
Сабақты қорытындылау |
Күтілетін нәтиже: Ертегінің мазмұнын білу.
Нені біледі:Ертегілерден түсінгендерін айтып береді.
Меңгерді:Жаман, жақсы қасиеттерді ажырата білуді.

Ертегілер әлемі (16.73 KB)

