Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Ертегілер еліне саяхат

Ертегілер еліне саяхат

Балаларды ертегі еліне саяхатқа апару,ертегілерді естеріне түсіру

11.01.2018

Содержимое разработки

Ашық оқу қызметінің өткізудің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Коммуникация, Таным, Шығармашылық,Денсаулық »
Бөлім:«Көркем әдебиет, Сауат ашу, ҚМҰҚ, Қоршаған ортамен таныстыру, Өзін-өзі тану, Сурет,Аппликация,Дене шынықтыру»
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Мақсаты: 1.Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, суретке қарап сөйлем құрау, буындату, дыбыстық талдау жасату арқылы білімдерін қорытындылау;

2. Тапсырма беру арқылы тура және кері санату, шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеу, геометриялық пішіндерді ажырату, логикалық есептер, таңбаларды білу арқылы балалардың білімін тиянақтау;

3. Балаларды табиғатты сүйе білуге, аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу;

4. Сурет салдыру арқылы өз сезімдерін дұрыс жеткізе білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, салыстыру.

Көрнекіліктер:Ертегілер суреттері, атрибуттар, текшелер, жолақтар, 1-ден 10-ға дейінгі сандар, ауыр, жеңіл, сұйық, сусымалы заттар, музыка, қылқалам, бояу, сүлгі.

Сөздік жұмысы: Ертегі, кейіпкер, сөз, сөйлем, дыбыс, буын.

Жұмыс барысы

Тәриешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-шығармашылық



Топқа кіріп, дөңгеленіп отырады. Тақтаға ілінген ертегілер, үлестірмелі материалдар қойылады. Интерактивті тақта пайдаланылады.

Таңғы жиын: (3 тілде)

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық,

Жинаған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.

Балалардың назарын ертегілер саяхатына аудару.







Балалар шеңберге тұрып, жүреккке жинаған жылы шуақтарын сыйлайды.

Ізденіс-ұйымдас-

тырушылық


-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Қай қалада тұрамыз?

-ҚР-ң елбасы кім?

-ҚР-ң рәміздерін ата

Балалар сендер ертегі тындағанды жақсы көресін дерме . Кандай ертегі білесіндер айтыңдаршы .Ендеше балалар біз қазір ертегілер еліне саяхат жасаймыз

Ол үшін біз 1бір,2екі,3 үш деп санаймыз.

«Мысық,әтеш және түлкі»

-Қандай ертегі еліне келдік?

-Сендер бұл ертегі туралы білесіңдер ме?

Ертегі туралы сұрақтар қою:

-Әтеш кімнен көмек сұрайды?

-Әтеш кімге алданып қалады?

-Түлкі қандай?

-Оған кім көмектеседі?

-Ал мысыққа кім көмектеседі?

-Біз қалай көмектесеміз?

-Мысық қандай дос?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?


-Көктем мезгілінде неше ай бар?


-Кім көктем туралы тақпақ біледі?










-Көктемде қандай құстар ұшып келеді?

-Құстар туралы кім тақпақ, мақал-мәтел біледі?


















Дидактикалық ойын: «Құстарды ажыратып, орналастыр»

Ойынның шартымен түсіндіру.

Сергіту сәті:

Кәне қанат жазайық, қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.

Қарлығаш болып ұшайық, торғай болып қонайық.

Сауысқан болып секіріп, тоқылдақ болып тоқиық.

«Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Балалар әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.

-Балалар қандай ертегі еліне келдік?

Дұрыс, айтасыңдар.

-1жылда неше ай бар?

-12 айды кім атап береді?

-Жыл басына қанша хайуанаттар таласқан?

- 12 жылды кім атап береді?



- Жыл басын ең бірінші көрген кім?









Енді балалар тышқан деген сөзді буынға бөліп, сөйлем құрап, дыбыстық талдау жасайық.

Ең алдымен сөйлем құрайық.

-Неше сөзден құралып тұр?

- Неше буын бар?

Дыбыстық талдау жасайық.

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Кім атап береді?

Үстел үстіне отырып, жолаққа текше арқылы дыбыстық талдау жасайды.

Тақтаға бір бала шығарып, дыбыстық талдау жасату.

-Неше дауысты және дауыссыз дыбыс бар?

Шаршағанымызды басып, мына жердегі кедергілерден қоян, аю, түлкі т.б жануарлар тәрізді өтейік.

«Маша мен аю»

Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.

-Қандай ертегі еліне келдік?

-Ой, балалар мына жерде аю көңілсіз отыр екен. Кәнекей, не болғанын сұрап көрейік.

-Аю,аю сен неге көңілсіз отырсың?

Аю: Менің Машамды қасқырлар босатпай жатыр, егер тапсырмаларымды орындасаң ғана босатамыз дейді. Ал, мен тапсырмаларды орындай алмай отырмын.

Балалар аюдің жағдайы мәз емес екен. Кәнекей, тапсырмаларды орындауға көмектесеміз бе?

1.Тапсырма:
1-ден 10- ға дейін тура және кері санау.

Дидактикалық ойын:

«Жоғалған санды тап»

2.Тапсырма:

Ең көп заттарды қорша.

3.Тапсырма

Жетіспейтін сандарды жаз

4. Тапсырма:

Кім санамақ біледі?





















5.Тапсырма:

Ауыр және жеңіл, сұйық және сусымалы заттарды ажырат.



7.Тапсырма:

Мына суреттер қандай пішіндерден құралған?

8. Тапсырма:

Қандай таңбаларды білесің?

9.Тапсырма:
Логикалық есептерді шеш:

1.Жан-жаққа кетті зымырап,

Мысықтан қорыққан тышқандар

Қорапқа кірді біреуі,

Артынан кетті екеуі,

Тығылды сонда нешеуі?

2.Ағаш басында сегіз торғай отыр, оның үшеуі ұшып кетті. Барлығы қанша қалды?

Қасқыр: Жарайсыңдар, сендер барлық тапсырмаларды белсенді орындадыңдар, біз Машаны босатамыз.

Аю риза болып, қоштасып кетеді.

Балалар кілемшеге отырып, психологиялық жаттығу жасап шаршағанымызды басайық.

Психологиялық жаттығу:

Кәнекей, балалар шөпке отырайық, көзімізді жұмайық (құстардың, судың дыбысы естіледі).

Не естіп тұрсыңдар?

О, қандай әдемі салқын жел соғып тұр.

Сездіңдер ма? (балалардың бетіне желпеуішпен желдету).
Кәне, терең демалып, тыныс алайық. Таза ауа сезілді ма? (балаларға хош иіс сездірту).
Енді көзімізді ашайық.
Орманның таза ауасы, құстардың дыбысы сендерге ұнады ма?

«Менің сезімдерім»

Балалар енді өзіміздің осы сабақтан алған әсерлерімізді мына жүрек арқылы білдірейік. Жүректі боятып, өз көңіл-күйлерін білдіртіп, қиып жапсырту.

Кәнекей, балалар өзіміздің салған суреттерімізді мына үлкен жүрекке жапсырайық.
Ал енді балалар біздің де сендермен балабақшаға оралатын кез болды.

Ал кім біздің балабақша туралы ағылшын тілінде айтып береді?







Енді барлығымыз көзімізді жұмайық,әсерлі әуен арқылы балабақшаға оралайық.

-Қазақстанда

-Ақтөбе

-Н.Ә. Назарбаев

-Ту, Елтаңба, Әнұран

Балалар ертегілер еліне саяхатқа даярланады.







-«Мысық,әтеш және түлкі»

-Ия, білеміз.



-Мысықтан.

-Түлкіге.

-Жаман.

-Мысық.

-Біз.

-Ән айтып.

-Жақсы дос.

-Көктем.

-Күн жылынады, ағаштар бүршік атады, құстар ұшып келеді.

- 3 ай бар,

Наурыз, Сәуір, Мамыр

Нұржан:

Көктем келді шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау, алақай!

Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты.

Дала гүлге толыпты,

Аққу көлге қоныпты.

Алақай-ау, алақай!

Көктем қандай көрікті.

-Қарлығаш, Көкек, Тырна,

1:Бейбарыс

Кезек-кезек шөп әкеліп,

Ұлпа жүнді көп әкеліп.

Таңдап алып қия жарды,

Қарлығаштар ұя салды.

2:Аделя

Жаршысымын көктемнің

Көкек дейді мені жұрт

Өз атын айтар құс менмін.

Көктемді күтсең мені күт.

Мақал-мәтел:

1:Нұрадин

Қарға-қарғаның көзін шұқымас.

2: Жансерик

Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.

3: Жасмин

Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.

Балалар құстарды ажыратып, өз орындарына орналастырады.


Қимыл-әрекеттер арқылы жасайды.











-«Жыл басына таласқан хайуанаттар»

-12

-12 айды атайды.


-12

-Тышқан, Сиыр, Ұлу, Қой, Барыс,Жылқы,Қоян, Жылан, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз.

-Тышқан

Ханбибі:

Тышқан деген батырың,

Таңды көзбен атырды.

Төбесінен түйенің,

Жылды көріп қатырды.

Барлығына қараңдар.

Жылды көрген тышқанды,

Жылбасы деп санаңдар.



-Тышқан ін қазды.

-Тышқан жыл басы.

- 3сөзден құралып тұр.

-Екі буын бар.


-Естиміз, айтамыз.

- 2 бөлінеді

-Дауысты, дауыссыз.

Өз беттерімен дыбыстық талдау жасайды.



Тақтаға бір бала шығып, дыбыстық талдау жасайды.




Балалар кедергіден жануарлар тәрізді өтеді.



-«Маша мен аю»














- Көмектесеміз


-Балалар тура және кері санайды.




Ең көп заттарды қоршайды.


Жетіспейтін сандарды жазады.




Санамақ:

Медина:

Бір дегенім - бесік,

Шықтым содан өсіп.

Екі дегенім - елім,

Далам, тауым, көгім.

Үш дегенім - үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім - төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім - бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Алты деген - ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

Жеті деген - жалау.

Жүректегі алау.

Сегіз деген - сөзің,

Серт беретін кезің.

Тоғыз деген - тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім - Отан,

Қорға соны ботам!


Тас ауыр, мақта жеңіл.

Сұйық заттар: су, айран, сүт, қымыз.

Сусымалы заттар: құм, қант, күріш, тары.


Сурет бойынша пішіндерді ажыратады.


Қосу, азайту, тең.







-Үшеу



- Бесеу










Балалар кілемшеге отырып, психологиялық жаттығу жасайды.















Балалар жүрек арқылы өз көңіл-күйлерін бейнелейді.



Өздері салған жүректерін қиып, үлкен жүрекке жапсырады.




Адина:

This is our kindergarten.
Our kindergarten is large.
We have a music hall ,

jym, nursery, dining room ,
English room This is our group
We are eating, playing studing here.


Рефлексті-коррективті

Сабақты қорытындылау:

-Бүгін біз қайда саяхат жасадық?

-Бірінші қандай ертегіге кездестік?

-Онда қандай тапсырма орындадық?


-Екінші қандай ертегіге кездестік?


- Онда қандай тапсырма орындадық?


-Үшінші қандай ертегіге кездестік?

-Онда қандай тапсырма орындадық?




-Өз сезімдерімізді қалай білдірдік?

Жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.

Кәнекей балалар шеңбер құрайық,




-Ертегілер еліне

-«Мысық,әтеш және түлкі»

-Тақпақ,ән, мақал-мәтел, дидактикалық ойын ойнадық.

-«Жыл басына таласқан хауанаттар»

-Сөйлем құрадық, буынға бөлдік, дыбыстық талдау жасадық.

-«Маша мен аю»

-Сандарды тура және кері санадық,ауыр, жеңіл, сұйық,сусымалы заттарды, пішіндерді ажыраттық.

-Жүрек арқылы білдірдік.


Шеңберге тұрып, қонақтармен қоштасады.


Қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс:
Жыл бойындағы өткен сабақтарды, ертегілерді, санауды, сусымалы, сұйық заттарды, сөйлем құрауды, буынға бөлуді, табиғатты қорғауды, өз сезімдерін жеткізе біледі.
Болуы қажет:
Жыл бойы өтілген білімдерін тиянақтау.
Жасай алады:
Тілдері дамыған, дыбыстық талдауды, сандарды, өз еркімен сурет салуды, қайшымен жұмыс жасауды жасай алады.





















су айран сүт қымыз

құм қант күріш тары














































Отыз ойын №1 Абдрахман Асылбек

Жарияланды 12-03-2017, 00:43 Категориясы: Дене шынықтыру 

Балаларға арналған ойын түрлері

Отыз ойын. 
Өзеннен өту
Өздері таңдаған алаңқайда немесе залда балалар ек топқа бөлінеді де, орталарынан ара қашықтығы бір метрдей екі сызық сызады. Оны өзен деп белгілейді. Содан соң екі жақтағы балалар кезек - кезегімен бір - бірден өзеннен секіріп өте бастайды. Секіріп өткен бала сол келесі жақта, секіре алмаған бала өз орнында қалады. Балалар түгел секіріп біткенде, қай жақтың баласы көп болса, сол топ жеңіске жеткен болып есептеледі.
Ойын балалардың дене қимылын жетілдіре түсуге бағытталған.

Ордан қарғу
Өздері таңдаған алаңқайда немесе залда балалар екі топқа бөлінеді де, орталарынан ара қашықтығы жарты метрдей екі сызық сызылады. Оның ор деп белгілейді. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді де, ордың екі жағына бес - алты қадамдай жерде қарама - қарсы орналасады. Ойын басталуға белгі берген кезде екі жақтан кезек - кезегімен бір баладан шығып, көзі таңулы күйде орға қарай жайлап жүре бастайды. Оған өз тобының балалары көмектесіп тұрады:
Әлі, ерте, жылжи түс, жақындап қалдың, енді қарғы! – деп, демеулік көрсетеді. Сызыққа тимей, ордан аман өткен балаға бір ұпай жазылады. Қай топ көп ұпай жинаса, жеңіске жетеді.
Ойын балалардың сезімталдығын, сақтығын жетілдіре түсуге бағытталған.

Мақал айтыс
Балалар екі топқа бөлінеді де, екі метрдей қашықтықта бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Бірінші топтың бір баласы бір мақалдың жарымын айтады. Мысалы:
«Атаға қарап ұл өсер...
Оның екінші жарымын келесі топтың бір баласы жалғастырады. Дұрыс тапса:
Анаға қарап қыз өсер»,
Бес ұпай жазылады. Дұрыс таба алмаса, үш ұпай жоғалтады. Келесі мақалды екінші топтың баласы бастайды. Ойын соңында көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Ойын балалардың сезімталдығы мен тапқырлығын арттырып, ой - өрісін кеңейте түсуге бағытталған.

Жұмбақ жарыс
Балалар екі топқа бөлінеді де, екі метрдей қашықтықта бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Бірінші топтық бір баласы бір жұмбақ айтады.
Мысалы:
Сексен сегіз тілі бар,
Сан құбылған үні бар?
Ол не?
Жұмбақты келесі топтың бір баласы шешуі тиіс. «Фортепиано», - деп, дұрыс тапса, оған бес ұпай жазылады. Шеше алмаса, үш ұпай жоғалтады. Жұмбақты енді келесі топтың баласы айтады. Ойын осылайша кезегімен жалғаса береді. Ойын соңында көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Ойын балалардың ой - өрісін кеңейтіп, тапқырлығын арттыруға бағытталған.

Жер, Су, Ауа, От
Балалар ашық алаңда не залда дөңгеленіп тұрады. Бастаушы ортаға шығып, қолындағы допты балалардың кез келгеніне лақтырып жібереді де: жер су, от, ауа деген төрт сөздің біреуін айтады. Егер бастаушы жер десе, допты қағып алған бала бір үй жануарын немесе аңды атауы керек. Мысалы, ит, тауық, қозы, арыстан... Ал, су деген сөз айтылса, балықтың түрлері, ауа десе, құстың түрлері айтылып, доп ойын бастаушыға қайтарылып отырады. Ал, от сөзі айтылған кезде балалардың бәрі қолдарын бұлғап, өз орындарында айнала бірнеше дүркін тез - тез секірулері керек.
Жайбасар, сасқалақ, жаңылысқан бала ойыннан шығып қала береді.
Ойын балалардың тапқырлығы мен шапшаңдығын арттыруға бағытталған.

Сызғыш қайда?
Балалар екі топқа бөлінеді де, екі метрдей қашықтықта бірінің артынан бірі бір бағытқа қарап тұрады. Сол кезде артқы топтың балалары жерге бес - алты қол орамалын жайын, біреуінің астына шағын да жұқа сызғыш жасырады. Әрине, оны алдыңғы топтың балалары көрмеулері керек. Өйткені, сызғыштың қай орамалдың астында жатқанын сол топтың ортаға шыққан баласы табуы тиіс. Сызғышты дәп тапса, ойынды енді сол топ бастайды. Ойын осылайша жалғаса береді. Ойын балалардың тапқырлығы мен сезімталдығын арттыруға бағытталған.

Қасқыр мен қоян
Балалар қол ұстасып, дөңгеленіп тұрады да, бір баланы қасқыр, екінші баланы қоян деп белгілейді. Қоян қоршауға кіреді де, қасқыр сыртта қалады. Шеңбердегі балалар қоянды қасқырдан қорғап, өлең айтып жүреді:
Қоян, қоян, қорықпа,
Қасқыр қатер болып па?
Сені жауға бермейміз,
Әсем әнмен тербейміз.
Қасқыр болса шеңберді шыр айналып, ішке кіруге тырысады:

Қақпа, қақпа ашылшы,
Қорқынышты қашыршы.
Ішке еркін кірейін,
Қоян жайын білейін.
Бірақ, оған тимеймін,
Қатар жүріп билейін...
Сөйтіп жүріп, ашылған қақпа болып қол көтерген екі баланың ортасынан ішке кіріп кетеді де, қоянды қуа жөнеледі. Қасқыр қоянды ұстап алса, ойын тоқталып, қайта басталады. Егер қоянды ұстай алмаса, қоян қақпа арқылы сыртқа шығып, құтылып кетеді де, қасқыр қоршауда қалып қояды. Ол жазасы ретінде сол жерде ән салып немесе билеп береді.

Абдрахман Асылбектің "Балғын балалық" кітабынан алынды.

Отыз ойын №2
Отыз ойын №3
Отыз ойын №4
Отыз ойын №5

Жас маманға көмек
  • bibka

 

  • 23 ақпан 2014

 

  • 7467

 

  • 0

  • 0

Жас маманға көмек

Естиярлар тобы
Жайдары жаз
Мақсаты: балаларға өз ойларымен жаз мезгілін бейнелеуді үйрету. Қиялын дамыту. Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Барысы: жаздағы көрген жайларды еске түсіру. Күн жарқырап тұрады. Көбелектер ұшып, алқап неше түрлі гүлдермен гүлденіп, дала кілемдей болып жатады. Балалардың өз ойларын айтуға мүмкіндік беру. Балалардың әңгімесінен кейін жаз туралы сурет салдыру. Сабақ соңында бірнеше бейнені салған балаларды мадақтау.
Біз не білдік?
Жазда көбелектер, гүлдер көп болады.
Табиғатты бейнелеу қуаныш сыйлайды.
Әртүрлі бояуларды қолданса, сурет әдемі болып шығады.

Алмалар піскенде
Мақсаты: ағаштарды сала білуге үйретуді жалғастыру. Қысқа - ұзын туралы түсініктерін дамыту. Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Барысы: күзде алма піскенде олар қандай болады. Қызыл - сары және ағашта өседі. Оның бұтақтарының кейбірі ұзын, не қысқа. Ағаштың діңі жуан, ал бұтақтары жіңішке. Сабақ соңында, алма ағаштың жапырақтарының көлемі домалаққа ұқсас келеді.
Көрме: Үлкен алма ағаштар бағы.

Біз не білдік?
Алма ағашы жай ағаш сияқты.
Бұтақтары ұзын да, қысқа да болады.
Алма – жеміс. Оның түсі қызыл.

Әдемі гүлдер
Мақсаты: өсімдікті бейнелеуге үйрету. Қылқаламмен жұмыс істей білу қабілетін дамыту. Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Барысы: гүл шоғына бақылау жасау. Олар әртүрлі, жағымды, хош иісі бар. Оның құрылысы сабағы, жапырағы, гүлі бар. Гүлдер әртүрлі, біреуінің түсі сары, екіншісі көк жапырақты да, бір гүлдікі жіңішке, екіншісінікі жалпақ. Қылқаламмен жапырақтардың гүлшелерін салу тәсілін көрсету. Қылқаламды бастыру, ұшын ғана қағазға тигізу, жағу. Балаларға өздеріне ұнаған гүлді салуды ұсыну. Сабақ соңында әртүрлі гүлдерді салып, қылқаламды бояуды дұрыс қолданатын баланы мадақтау.

Біз не білдік?
Гүлдер әртүрлі
Қылқаламмен әртүрлі әдіс - тәсілмен жапырақтарды салуға болады.
Гүлді босқа жұлуға болмайды.

Алтын күз
Мақсаты: күз мезгілін бейнелеуге үйрету. Ағаштар туралы түсініктерін дамыту. Ағаштарды аялай білуге тәрбиелеу.
Барысы:
Жыл мезгілі туралы әңгіме.
Ағаштардағы жапырақтардың түсі қандай?
Олар аз ба, көп пе?
Күзді неге «алтын күз» дейміз? Ағаштарды бейнелеу үшін нені білуіміз керек. Оның діңі, бұтақтары жапырақтары бар. Сабақ соңында суретке ерекше мазмұн берген үшін балаларды мадақтау.

Біз не білдік?
Күз мезгілінде сары түс көп болады.
Ағаштарда жапырақтар азайды.
Қылқаламды дұрыс қолданудың маңызы зор.

Анамның камзолы
Мақсаты: ұлттың ою - өрнектерімен таныстыру. Түстер туралы түсініктерін дамыту. Халықтың ұлттық салт - дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Барысы: балаларға қағаздан қиылған камзолдардың үлгісін үйлестіріп беру. Бірнеше кимешектегі өрнектерді қарау. Бірнеше ою - өрнектерді көрсету. («Құс қанаты, «Айша бибі», «Бота мойын»). Балалардың қабылдауына жеңіл «Бота мойын» өрнегімен әшекейлеуді ұсыну. Балалардың жұмысына бағыт - бағдар беру.

Қаңбақ шал
Мақсаты: кішкене адамның бейнесін салуды үйрету. Көлемдер туралы түсініктерін дамыту. Достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Барысы: балалармен бірге Қаңбақ шал ертегісін еске түсіру. Ол кішкентай, ал дәулер зор. Қаңбақ шалдың басын домалақ бөрігін үшбұрышқа, шапанын конус тәрізді салу. Шапанын аяғы көрінбейтіндей ұзын етіп салу. Қағаздан қиып бейнесін саусақпен жүргізу. Сабақ соңында ең көңілді салынған Қаңбақ шал бейнесін таңдап алу.

Біз не білдік?
Қаңбақ шал кішкентай
Оның бөрігі үшбұрышқа, шапаны конусқа ұқсайды.
Ол көңілді, тапқыр адам.

Суда жүзген балықтар
Мақсаты: әртүрлі бағытта жүзіп жүрген балықтарды салуға үйрету. Әртүрлі сызықтарды қолдана білу қабілетін дамыту. Әсемдікті сезіне білуге үйрету.
Барысы: аквариумдағы балықтарға бақылау жасау. Әртүрлі бағытта жүзіп жүрген балықтарды сала білуге үйрету. Оларды қалай бояу тәсілдерін көрсету (сызықтар, нүктелер, жолақтар). Әртүрлі бағытта жүзіп жүрген балықтарды салған балаларды қолдау. Сабақ соңында мазмұнды, әсерлі салынған суреттерге назарларын аударту.

Біз не білдік?
Балықтар әртүрлі бағытта жүзеді.
Олардың түстері жолақтары әртүрлі.
Олар суда тіршілік етеді.

Қарша қыз
Мақсаты: қыздың бейнесін салуды үйрету. Ой - өрісін дамыту. Жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелеу.
Барысы:
Қарша қыз туралы әңгіме.
Ойыншық Қарша қызды сипаттау. Оның тоны ұзын, шашы да ұзын. Басы сопақшаға ұқсайды. Қолдарын иығынан бастап саламыз. Оны басынан бастап салуды ұсыну. Оның бас киіміне, шапанына өрнектеп салуды ұсыну.

Біз не білдік?
Қарма қыз ертегі кейіпкері
Оның тоны ұзын.

Жаңа Жылға құттықтау қағазын дайындау
Мақсаты: өз бетімен салған суретінің мазмұнын анықтау, ойлағанды бейнелеуге үйрету. Қиялын, ой - пікірін дамыту.
Барысы: балаларға бірнеше құттықтау қағаздарын көрсету. Балалардан не салатындарын ойлап, қағаз бетіне түсіруді ұсыну. Оны қалай әшекейлейтіндерін айтуларына мүмкіндік бері. Сабақ соңында балалардың қызықты да әдемі мазмұнды жасалған суреттеріне бірге қуану.
Біз не білдік?
Құттықтау қағазын сыйлап, адамды қуантуға болады.
Өрнектер әр түрлі болса, суреттер мазмұнды болады

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,
Крупская атындағы орта мектеп – балабақшасы
Ақпекова Жеңісгүл Ермекбайқызы



-80%
Курсы повышения квалификации

Управление образовательным процессом

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ертегілер еліне саяхат (167.01 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт