Меню
Разработки

«Ертегілер елі»

Тақырыбы: «Ертегілер елі» (сабақтан тыс сағат)

Мақсаты: ертегі, ертегі әлемәне қызығушылығын арттыру. Дәнді дақылдар және бақша өсімдіктері жайлы айту. Қайырымды, мейірбан болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастару кезеңі

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, «Мен ертегіні жақсы көремін, себебі.» деп, жағымды қасиеттерін айтады. Балалардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады. Орындарына отырады.

Балалар, бүгін біз «Ертегілер еліне» саяхат жасаймыз.

Осы кезде есікті қағып, ішке бір қыз келеді.

Сәлеметсіңдер ме, балалар ! Мен мысығымды іздеп жүр

едім,көрмедіңдер ме?

Мұғалім:

-Сәлеметсің бе, мысық көргеніміз жоқ. Ол не қашып тетті ма?

-Ия. Мен мысығымды ренжітіп алдым.

-Балалар, бұл жағдай бір ертегіге ұқсап кетті, бірақ қай ертегі екенін атын ұмытып тұрғанымды-ай. Балалар «Мақта қыз» екенін айтады.

-Дұрыс. Мен - Мақта қызбын. Маған мысығымды табуға көмектесіңдерші.

-Мақта қыз сен уайымдама. Бізбен бірге бол. Мысығыңды,балалар табуға көмектеседі. (интерактивті тақта қосылады).

12.04.2019

Содержимое разработки



Тақырыбы: «Ертегілер елі» (сабақтан тыс сағат)


Мақсаты: ертегі , ертегі әлемәне қызығушылығын арттыру. Дәнді дақылдар және бақша өсімдіктері жайлы айту. Қайырымды, мейірбан болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастару кезеңі

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, «Мен ертегіні жақсы көремін, себебі...» деп, жағымды қасиеттерін айтады. Балалардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады. Орындарына отырады.

  • Балалар, бүгін біз «Ертегілер еліне» саяхат жасаймыз.

Осы кезде есікті қағып, ішке бір қыз келеді.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар ! Мен мысығымды іздеп жүр

едім,көрмедіңдер ме?

Мұғалім:

-Сәлеметсің бе, мысық көргеніміз жоқ. Ол не қашып тетті ма?

-Ия. Мен мысығымды ренжітіп алдым.

-Балалар, бұл жағдай бір ертегіге ұқсап кетті, бірақ қай ертегі екенін атын ұмытып тұрғанымды-ай... Балалар «Мақта қыз» екенін айтады.

-Дұрыс. Мен - Мақта қызбын. Маған мысығымды табуға көмектесіңдерші.

-Мақта қыз сен уайымдама. Бізбен бірге бол. Мысығыңды ,балалар табуға көмектеседі. (интерактивті тақта қосылады).

Ішінде ертегі айтатын Айман апай бар екен. Ол балалармен сөйлеседі. Қай ертегіні тыңдағылары келетінін балалардан сұрайды. (Ертегі кейіпкерлерін көрсетеді. «Бауырсақ», «Алтын балық», «Қызыл телпек», «Үш аю» Бұл ертегілердегі кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз жақтарын айтып тоқталып өтемін). Мақта қыз:

-Балалар, мен мысығымды тауып алуым керек. Сол үшін Айман әжейден «Мақта қыз бен мысық» ертегісін айтып беруін сұрайық. Балалар келіседі.

Айман әжей ертегіні айтып береді.

Бірақ мысық тышқаннан дән алып, кері қайтқан кезінде ертегі кейіпкерлері оған қосымша тапсырмалар береді.

Тауық: тауық, жұмыртқа сөздерін буынға бөлуін.

Сатушы: екі есептің жауабын табуды сұрайды.

Қыз: шелек с-зөзіне дыбыстық талдауын және «Ойлан тап» әр дыбыстан басталатын сөздер табуын .

Ағаш: ағаштың жанды немесе жансыз табиғатқа жататындығын, орман дәрігері қай құс екенін сұрайды.

Сиыр: үй жануарларын атауын, сүт өнімдерінен тағы қандай өнімдер жасайтынын сұрайды.

Сергіту сәті «Қара өрік»

Осылайша мысық Мақта қызға қатық жасау үшін сүт әкеліп береді.

Мақта қыз мысыққа құйрығын қайтарып, екеуі татуласады.





Мақта қыз:

-Балалар, менің мысығым «Ертегілер елінен» сендерге тағы бір тапсырма ала келіпті, орындайсыңдар ма? Тапсырма үш топқа бір-бір конверт. Конверт ішінде ертегіден көрініс бейнеленген сурет қиындылары. Балалар сол қиындыларды құрастыруы керек.

-Жарайсыңдар, балалар! Сендердің арқаларыңда мысығымды таптым. Жаңағы, ертегі ішіндігі сатушыдан соның құрметіне сендерге тәтті әкелдім.

-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Ертегі қызық па екен?

Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.



































Сабақтың тақырыбы: Ертегілер елінде (сыныптан тыс сағат)

Мақсаты: Балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету, сахналап беруге талпындыру. Болашақта кейіпкерлер ролдерін сомдай алуға тәрбиелеу. Көрнекілік: Интер. тақта, ертегі кейіпкерлері, суретер, маркерлер.

Жүргізуші:

-- Балалар, әдебиет қандай болып бөлінеді? -- Дұрыс. Ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті болып екіге бөлінеді. Есімізге түсірейік, ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар? Айтыс, жаңылтпаш-жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт жырлары,аңыз әңгімелер, шешендік сөздер, эпостар (батырлық, ғашықтық жырлар), ертегілер. – Балалар, ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Міне осы ертегілер жайлы біз бүгін сендермен әңгімелесеміз. Сабағымыздың тақырыбы «Ертегілер еліне саяхат». --- Балалар, бірінші біз екі топқа бөлініп алайық. Ол үшін үстел үстінен өздерің қалаған түсті фигураны таңдап алсаңдар болады. (шаршы, шеңбер, үшбұрыш, сопақша, жұлдызша) -- Енді осы фигуралардың түсіне қарай бөлініп отырамыз. Топқа бөлінгеніміздің себебі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. 1- топ. Алдар көсе. 2- топ. Қожанасыр. -- Ал, сайысымызды бастау үшін бізге не жетпей тұр. Осы кезде есік қағылып ішке Көгершін-қыз кіріп: – Мына хат сіздерге, - дейді де ұшып шығып кетеді. Балалар: -- Сайысты бағалайтын әділ қазылар алқасы керек, - дейді. -- Дұрыс, қазылар алқасына біз ертегі кейіпкерлерінен шақырған болатынбыз, ал мына келген хатта олар қуана-қуана келісіп келе жатқандарын жазыпты. Есіктен басын қылқитып Жалмауыз кемпір қарайды. – Мені шақырғандарыңыз рас па? – деп сұрайды. Жүргізуші: – Ия. Кіріңіз. Қадірлі қонағымыз болыңыз. Жалмауыз кемпір есіктің тұтқасын ұстап жібермей: -- Ой, рақмет. Мен осы жерде тұрып-ақ қатыса берем. Шақырылмаған қонақтар кіріп кетсе тағыда. Айтпақшы, мына қолымдағыны алып көмектесіп жіберсеңші.( түйе-қоржынның ішінде тапсырмалар мен сыйлықтар болады). Сендер үшін шаршап-шалдығып алыстан көтеріп келдім. Менің сендерге арнаған сыйлықтарым ғой. Жүргізуші: – Рақмет, сізге. Жоғары шығып, әділ қазылар орнына жайғасуыңызды сұраймыз. Қазір қалған кейіпкерлеріміз де келіп қалуы керек. – Әй, сен ана Күн астындағы Күнекей қыз бен Шипалақты айтасың ба? -- Ия. Сіз оларды көрдіңіз бе? -- Ы-ы-ы, ия! Мен оларды көрдім. Бірақ олар «Біз бара алмаймыз. Қойш, басқа да жұмыстарымыз бастан асып жатыр». деді. Сосын мен, қой, балалардан ұят қой деп, өзімнің жұмыстарымның бәрін тастап келдім ғой. – Ал, мына орын менікі ме? – деп арнаулы орынға барып отырады. – Бастай беріңдер, -- дейді. Осы кезде есіктен Көгершін қыз ұшып кіріп: -- Көмектесіңіздер, көмектесіңіздер, -- дейді. Есіктен Күнекей қыз бен Шипалақ кіреді. Оларды арқанмен байлап тастаған екен. Ауыздарына скоч жабыстырып қойыпты. Ж. к. орнынан қарғып тұрып, балалардың артына тығылады. Жүргізуші екеуін, арқанды шешіп босатып алады. – Сіздерге не болды? Қалай бұл күйге түстіңіздер? – деп сұрайды. Күнекей қыз: – Біз үш айрық жолда кездестік. Үшеуміздің барар жеріміз бір екенін білген соң «Жол қысқарады. Әңгімелесіп бірге барайық деп шештік». Бірақ жарты жолда Ол бізді байлап, өздерің көргендей жағдайда тастап кетті. Көгершінге рақмет. Бізге жол көрсетіп көмектесті. Жүргізуші: -- Балалар, әңгіме кім жайында болып жатқанын сезіп тұрсыңдар ма? – Ия. Ол Жалмауз кемпір-ау деймін. – Не-е-е! Қит етсе Жалмауыз, Жалмауыз. Менің жаман ойым болған жоқ. Жәй оларды әуреғып шаршатпай-ақ қояйын дегенім еді. Көгершін, сенімен соңынан сөйлесем. Қанатымнан айырылдым дей бер. Көгершін қорқып Күнекейдің артына тығылады. -- Дереу жаман жаққа бұрып аласыңдар. – деп ашуланады. Жүргізуші: --Жарайды. Балалар күтіп қалды. Кейін сөйлесерміз. Ал, қазір орындарыңызға отырыңыздар. Ж.к. үш орындыққа етегімен жауп отырып алып: -- Сендерге орын жоқ. Ертерек келу керек еді, - деп қырсықтанады. Жүргізуші: -- Жалмауыз кемпі-і-і-р. – Жарайды, - деп жылжып үшеуі орындарына жайғасады. – Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне түрі. Ертегіде шынайы және ойдан шығарылған персонаждар кездеседі. Ал қазір тақтаға назар аударайық. Әр дұрыс айтылған жауапқа бір алтын жұлдызшадан беріліп ртырады. Сайыс соңында жиналған жұлдызшаларды қазылар алқасы санап, жеңімпаз топты анықтап береді. Топтарды «Алдар көсе» және «Қожанасыр» деп атайық.

1-тапсырма. -- Мына үзінділер қай ертегілерденден алынған? «Қарапайым шаруа болғым келмейді, мырза болсам деймін» «Тапқан табысымды төртке бөлемін». «Толқып жатқан сабылып Теңізге шал жөнелді». «Екеуі жол дорбаларына төрт-төрттен күлше салып алып, сапар шегіпті». «-- Ква-ква! Оқығым келмейді. Ква-ква, үйленгім келеді». «-- Сіздің көздеріңіз неге үлкен? -- Сені жақсы көру үшін, - деді ...» Экранда Буратино пайда болады. – Сәлем!

2-тапсырма. -- Буратино сендердің білімдеріңді тексергісі келеді. 1-сұрақтар. Дүниетану пәнінен болмақ. ЮНЕСКО-ның есебіне алынған тарихи өнеріміздің озық үлгісі? Табиғатты зерттеудегі ертеден келе жатқан әдістің түрі? Еліміздің ең ірі темір кен орны? Газ бен тұз ерітіндісі бар сулар қалай аталады? Биік тауды мекендейтін ерекше сымбатты, епті, батыл аң? Дала деген не? Жұлдыздар жүйесі неге бірігеді? ҚР ең алғашқы ғарышкері? 2-сұрақтар. Қазақ тілі пәнінен болады. Зат есімді тап: сырғанау, күлу, сары, жасыл, күлте, баяу. Етістікті тап: жаңбыр, мөлдір, қар, ақ, бұршақ, жауды. Біріккен сөзді тап: Айша, Гүлден, Зере, Гауһар, Гүлнұр. Сын есімді тап: Әсем, Жанар, Қарлығаш, Гүлназ, Сәуле. Есімдікті тап: Ешкім, лағым, ботам, күнім, айым, жұлдызым. Үстеуді тап: Мөлдір су,таза ауа, осы жазда, әдемі жазды.

Буратино: --Жарайсыңдар! Ал үшінші сұрағым математикадан болады. Ол- кейін, ал қазір сергіту сәті: видео таспа. 3-сұрақтар: Математика пәні бойынша. Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін, .......... Бөлменің ауданын оның биіктігіне көбейтіп,.....анықтаймыз. Тіктқртбұрыштың периметрін табу үшін, оның ұзындығы мен енін қосып, ..... Сандардың қосындысы 165, бірінші қосылғыш 92. Екінші қосылғышты тап. 956 987 + 37 865 + 758 = 995 610 38 164 : 58 = 658 5 671 х 29 = 164 459 Суретті мұқият қарап шығыңдар. Фигураның қандай бөлігі боялғанын айтыңдар.

Буратино: -- Жарайсыңдар! Келесі және соңғы тапсырмам әзіл-жұмбақтар. Жұмулы көзбен нені көруге болады? Түс Қара мысық үйге қай уақытта кіре алады? Есік ашық тұрған кезде Ең қысқа күн? Жұма Суда қандай тас жоқ? Құрғақ Шайды қайда ішеді? Стол үстінде Қай кезде екі алмаға үш алманы қосқанда төрт алма болады? Қосып жатып біреуін жеп қойса Буратино: -- Жарайсыңдар! Мен енді сендермен қоштасам. Сау болыңдар. Жүргізуші: -- Келесі және соңғы тапсырмам ол мынадай. «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз. Ашықхат ішінде сурет бар. Нақтырақ айтсақ сурет қиындысы. Сол қиындыларды қайсы топ бірінші болып жинап болар екен. Жүргізуші: -- Әділқазылар жұлдызшаларымызды санап жеңімпазды жарияласын. – Балалар, сабақ ұнады ма? Үйге тапсырма: Осы ертегілер ішінен қалаған бір ертегіні әдебиет сабағында сахналау керек. Балаларға сыйлықтар беріледі. Назарларыңызға рақмет!


-80%
Курсы повышения квалификации

Конфликтология: общая теория конфликта

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Ертегілер елі» (121.92 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт