Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  5 класс  /  Ер есімі - ел есінде

Ер есімі - ел есінде

Тулегенов Жамбыл Калдыбекович Ер есімі - ел есінде тәрбие сағат

24.05.2017

Содержимое разработки

Ер есімі-ел есінде

Жарияланды 15-03-2013, 18:23 

9 - мамыр Жеңіс мерекесіне арналған ертеңгілік
Тақырыбы: «Ер есімі ел есінде».
Мақсаты: Балаларды ерлікке өз Отанын сүюге, еліміздің соғысқа аттанған ерлерін мақтан тұтуға, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Жүргізуші: 1941 жылы миллиондаған адам сұрапыл соғысқа аттанды. Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды. Партизан отрядтары құрылды.
«Бәрі де, соғыс үшін» деп ұран тасталды.
Балалар көрініс көрсетеді.
1-бала Соғыс бұлты төнгенде,
Серік болып ерлерге.
Жаудың бетін тойтарған,
Елдің кегін қайтарған.
2-бала Армиямыз айбынды,
Армиямыз қаһарман.
Күзетеді ай нұрлы,
Күн сәулеті Отанды.
3-бала.
Шекарада күзетте,
Қас қақпайды ағалар.
Балбыраймыз төсекте,
Біз алаңсыз балалар.
Жүргізуші: Қыр қызы орындады берген антын
Халқына адал болу ердің салты
Ел үшін қасық қанын аямаған.
Жүректе мәңгі өшпейді Әлия, Мәншүк аты.
«Әлия, Мәншүк апалар» - әні
Жүргізуші: Соғыс отын жақпаңдар,
Балаларды бақытынан қақпаңдар.
Жер бетінде тіршіліктің тәңірі,
Жалғыз ғана тыныштықты сақтаңдар.
«Теңізшілер» биі
Жүргізуші: Балалар сендер ертең өскенде, Отанын қорғайтын, елін, жерін сүйетін үлкен азамат болып өсетіндеріңе сенеміз.
Ағалардай боламыз» - әні.
Жүргізуші: Сұрапыл соғыста да жауынгерлеріміз жауға қарсы шығып, қайратты күштеріне сеніп, ән айтып би билеген.
«Айбынды ағалар» - биі.
Алақай, алақай,
Сүйінші, сүйінші.
Жеңіс келді далама,
Қуан, шаттан,
Құтты болсын бұл мейрам.
Балалар бірге Ура! Жеңіс келді! – деп айтады.

Жүргізуші: Жеңіс күні!
Көптен күткен күн!
Барлық халық бірігіп, жауды жеңіп отан үшін ерліктерімен мерт болған қаһарман батырларымыз 1945 жылы 9 мамыр күні адамзатқа жеңіс күнін сыйлады. Жеңіс күн құтты болсын!.
Көшеде тулар самғаған,
Көктемнің қызыл гүліндей.
Жеңіс тойын қарсы алам,
Өзімнің туған күнімдей.
Бүгін мейрам салтанат,
Бүгін халық алаңда.
Кеште салют! Анталап,
Тамашалар адамдар.

Отан отқа оранғанда,
Отыра ма ер азамат.
Жауды жеңген күнім келді,
Жеңіс деген ең ғажап ат.
«Жеңіс күнін тойлаймыз» - әні.
Балалар ардагерлерге өздері дайындаған сыйлық табыс етеді.
Жүргізуші: Елімізде жерімізде,
Бүгін үлкен мереке.
Болашақтың тыныштықтың,
Қорғайды жас ұландар бүгінде.

Жүргізуші: «Ақ көгершін» әні.
Бейбіт күні орнасын,
Елімізде әрқашан.
Тыныш өмір сүрейік,
Достығымыз жарасқан.
Ақ көгершін, көгершін,
Шарла барлық әлемді.
Бейбітшілік үнімен,
Ән саламыз әдемі.
Жүргізуші: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте.
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекке.
Отанымның бақыты үшін мерт болған,
Батырларды есіңе ұста құрметте.
Міне енді ортамыздағы өшпес мәңгілік отқа қарап, осы сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп қаза тапқан батыр аталарымыз бен аналарымызды еске алып, бір минут үнсіздік жариялайық. (Бір минут үнсіздік болады).
Жүргізуші: Соғыс салған жарақаттан,
Жазыла алмай кеткендер көп.
Ардақтаймыз ардагерді,
Бүгінге аман жеткендер – деп құрметті ардагерлерге сөз беріледі. Құрметті ардагерлер, қонақтар біздің балабақшаның бүлдіршін - деріне тілектеріңізді тыңдайық.

Ер есімі ел есінде

 1.Ә. Сәрсенбаев

«Сен құрметте оны»

 2.1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4-те таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына опасыздықпен басып кірді. 

3.          Бұлт түнеріп аспаннан,

             Талай көзден жас тамған.

             Тұтқиылдан жау келіп,

              Қырғын соғыс басталған.

 4. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 миллион 196 мың 164 адам қару асынып майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 миллион 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

 5.            Отан ана жылағанда шерленіп,

               Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

               «Қара бұлтты қақ жарайық !»-деді де,

               Қолдарына қару алды ерленіп.

 6.Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ бүкіл халық жан тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды. Солардың арасында Бауыржан Момышұлы, Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк те бар.

 7. Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүктің аз ғана өмірінде адам таң қалатындай ұқсастықтар көп екен. Атап айтсақ, екеуі де анадан жетім қалған, екеуі де соғысқа сұранып барған, екеуі де батыр.

 8. 1943 жыл. Жау әскері Невель қаласынан шабуылға шықты. Бірақ өжет қыз «Максим »пулеметімен жау аяғын ілгері бастырмады. Ызаланған жау Мәншүкті зеңбірекпен атқылады. Дәл жанында жарылған снарядтың сынығы батыр қыздың желкесіне қадалды. Осыны пайдаланып, жау әскерлері тағы ілгерілей бастады. Мұны көргенде Мәншүк те ызалана түсті. Самайынан көзіне құйылған жылы қанға қарамай, майдандас серігі «Максимге» қайта ұмтылды. Бар күшін жиып, жауды жалын шашқан оқпен қарсы алды. Осы айқаста Мәншүк Отаны, елі үшін асқан батырлық үстінде қаза тапты. Мәншүк Мәметованың ерлігін үкімет аса жоғары бағалап, оған батыр атағы берілді.

    9. Псков облысындағы Невель қаласының тұрғындары оыің есімін мәңгі есте сақтау үшін қаладағы бір көшеге Мәншүктің атын қойды.

               Жау еңсесін жаншып төмен,

               Қуған оның жатыр ізі.

               Есіңде ме Мәншүк деген,

               Қазақтың жас батыр қызы?-деп, невельдіктер оны әрдайым құрметпен еске алады.

 10. Т. Молдағалиев

               Қош айтып оқу-ойынға,

               Әжесін тастап қария.

               Қол бұлғап туған Отанға,

               Майданға кетті Әлия.

               Өлімге басын байлаған,

               Он сегіз жасар жас бала.

                Қырғынға кірді қайнаған,

                Тар окоп болып баспана.

                Қатер боп қауіп қысқанда,

                Жасыған емес қиыннан.

                Жасын боп тиді дұшпанға,

                 Қыран боп шүйді қиырдан.

 

11. Қазақтың жауынгер батыр қызы Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келген. 1941 жылы Әлия 15 жаста еді. 1942 жылы өз еркімен снайпер мектебіне оқуға түсіп, оны өте  жақсы бітіріп шықты.

                    

12. 1943 жылы шілдеде Әлия Солтүстік Батыс майданға жіберіледі. Әлияға 22-армияның 97-корпусына қарасты 54-ерекше атқыштар бригадасына жолдама береді. Сөйтіп Әлияның арманы орындалады. Әлияның қайсарлығы бүкіл соғыс алабына аңыз болып тарады.

 

13. Әлия 1944 жылы 17 қаңтарда 19 жасында Казачиха станциясын азат етуде мерт болып, мәңгілікке көз жұмды.

 

Т.Молдағалиев

Он тоғыз жасар жас батыр,

Оқ тиіп кенет құлады.

Тарылып Ойыл тап-тақыр,

Ауылда әже жылады.

Аңызбоп бірақ келеді,

Батырдың айдын атағы

Аялап Ойыл өзені,

Сүйеді оны Отаны.

 

            Әлия осы жерге жерленді. Жерленген жерінде батырға ескерткіш қойылды. Бауыржан Момышұлының «Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың» деген сөзінің дәлеліндей, Әлия Отаны үшін өмірін қиды.

 

14.     Кешіп өтіп кешегі от-жалыннан,

            Дүниеге ерлігімен танылған,

            Кең жауырынды, Талғардай тік иықты.

            Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.

            Қалтыраған атынан жау ордасы,

            Панфиловтың жорықтағы жолдасы,

            Даңқ туын майдандағы көтерген

            Гвардия бөлімінің қолбасы.

 

15. Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Ол лейтенант шенінен бастап, полковник атағына дейін көтерілді, взвод, батальон, полк және дивизияны басқарды.

 

16. Мазасыз сол күндерде Бауыржан Момышұлы басқарған бөлімшелердің жау шабуылын қайтарып көрсеткен ерліктері аз емес. 1941 жылы Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді. Батырдың 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімші болып жараланғаны туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабында жазылған.

 

17. Әрқашан әділдік жеңеді. Соғысты бастаған фашистер 1945 жылы  9мамырда Берлинде тізе бүкті. Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жер бетінде бейбітшілік орнады.

 

18. Жеңіс келді қалама

Жеңіс келді далама

Жеңіс келді әке боп

Елдегі бар балаға

Жеңіс келді ән болып

Келді ауылға сән, көрік

Жеңіс келді алақай,

Тоя жейтін нан болып.

 

19. Айтып болды дүние талай әнді,

Аспан жүзін таң алды арай алды.

Жетсек деген арманға жетті-дағы,

Жеңіс деген бір сөзден ел оянды.

 

20. Төрт жыл бойы жел соғып, дауыл келді

Қала көрді, қиындық ауыл көрді

Жеңіс! Жеңіс! Әке мен оның ұлын,

Кездестірмей қойғаның ауыр болды.

 

21. Бақ іздеп алға қарай жүгірсең де,

Кітаптың беттеріне үңілсең де,

Бұл мектеп Жеңіс деген ұлы мектеп,

Құрметте осы күнді, ұлан Сен де.

 

22. Шатырлап тына қалған жасын көктен,

Жайнаған, жадыраған жасыл көктем.

Осы күн келгенде алғаш жерімізге,

Ұлы Отан қуаныштан жасын төккен.

 

23. Саған құрмет – бейбітшілік сақшысы.

Сен тұрғанда қуырылар жау апшысы.

Саған миллион жүректердің салюті.

Саған сөздің шұрайлысы, жақсысы.









Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы, ел еркіндігін, бостандығын қанымен қорғаған қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру.

  2. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, ата- бабаларымыздың ерліктеріне сүйене отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, оны қорғауға деген ой - өрісін дамыту.

  3. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұтуға баулу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан туралы жазылған кітаптардан көрме, нақыл сөздер жазылған плакаттар.Ұлы Отан соғысы батырларының суреттерінен фото - монтаж, слайд, буклеттер.
Көрініс «Бейбіт өмір». 
(Ауыл өмірі. «Желсіз түнде жарық ай» әні ойнап тұрады. Сахнада 10 шақты ауыл жастары қыдырыстап жүр.)
1-жігіт: Оу, қыздар, жігіттер, бұл не тұрыс? Көңілімізді көтеріп, Абай атамыздың бір әнін шырқасақ қайтеді?!
1-қыз: Дұрыс айтасың. Айтсақ айтайық.
(Осы кезде «Желсіз түнде жарық ай» әні басталып айтылады, қалғандары қосылады. Ән аяқтала бергенде күн райы бұзылып, күн күркірейді. Радиодан дауыс естіледі.)
Радио дауысы: Тыңдаңыздар! тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Мәскеу! 1941 жылы 22-маусымда фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.
(Осы дауыс естіліп тұрғанда ауыл адамдары жинала бастайды. Сахнадағы адамдар тып - тыныш бола қалады.
1-келіншек: «Соғыс, соғыс» дейді, естідіңдер ме?
2-келіншек: Сұмдық –ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?
Жылап - сықтау басталады.
1-келіншек: Қойыңдар, жамандық шақырмаңдар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?!
1-азамат: Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер, - деген бар емес пе?!
Жыламаңдар! Көз жастарыңды тыйыңдар!
2-азамат: «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген дана халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр.
1-азамат: Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз! Ендеше Отан үшін аттанайық!
Барлығы: Отан үшін аттанайық. 
Ұлы Отан соғыс туралы кино көрсетіледі.
Сахнаға екі жүргізуші шығады:
1 - жүр: 1941 жылы 22- маусым күні таңғы сағат 4-те бейбіт елімізге Фашистік Германия тұтқиылдан опасыздықпен соғыс ашты.
Суық хабар сол сәтте - ақ кең байтақ елімізге, жер - жерлердегі ауыл -селоларға тарады. Отанымызға қатерлі күн туды. Мөлдір аспанды қара бұлт торлады, шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара күнге айналдырмақ ниетпен Адольф Гитлер бастаған Фашистік Германияның зобалаңы, соғыс жарасы әлі күнгі адамзат баласының жүрегінде Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер азаматтары, қаракөз қыздары майданға аттанды. Дүниедегі бейбітшілік бағытына сұрапыл соғыс қаһарын төкті.
2-жүр: Біздің кең байтақ Қазақстанымызда да соғыс оты шарпылмаған шаңырақ кемде - кем. Жүз мыңға тарта ата - әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде - ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды.
1-оқушы: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы ғасырдың, қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
2-оқушы: Аңыздардан тере жүріп мақсаты
Рас, рас көзімізден жасақты,
Бірақ сол дауыл жылдар, от жылдар
Бәрімізден бір - бір батыр жасапты.
1-жүр: Отанымызды қасық қанымен, албырт жанымен қорғаған аты аңызға айналған батырларымыздың ерліктері тарихта мәңгілік сақталып қалды. Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар: Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов,Нұркен Әбдіров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров.
Фото - слайд. Батырлардың суреттері.
1-оқушы: Бауыржан Момышұлы 1910- жылы 24 желтоқсан Жамбыл облысы, Қолбастау ауылында момын шаруа отбасында дүниеге келген. Кеңес жазушысы 1942- жылдан бері КПСС мүшесі. Даңқты жауынгер, гвардия полковнигі, хатшы, аты аңызға айналған батыр. Президент жарлығымен қаһарман атанды. 
2-оқушы: Бауыржан Момышұлы - қара басы,
Халқымыздың болған адам садағасы.
Бауыржан Момышұлы – қазақ деген,
Ғаламат ұлы сөздің баламасы.
Халқындай ол да бағлан, ол да батыр
Халқындай ол да кеніш, ол да тақыл.
Қайыспас қара емендей қайран ерді,
Халқына теңеу мәні сонда жатыр.
3-оқушы: Әлия Молдағұлова 1924- жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келді. 2 жасында жетім қалып, Әубәкір ағасы тәрбиесінде болды. Содан кейін Санкт - Петербург қаласында балалар үйінде тәрбиеленді. 19-ға толмаған 1943- жылы Кеңес Одағы батыры атағын алды.
4-оқушы: Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл Әлия!
Шоқ жұлдыздай жарқырап,
Ағып түскен Әлия!
Мәңгі жасап жерде енді,
Биіксің сен Әлия!
Саған деген еліңнің,
Көңілі шексіз дария.
« Әлия» әні.
Слайд «Кино»
5- оқушы: Мәншүк Маметова 1922-жылы 8-қазан Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауылында дүниеге келді. Әкесі Ахмет - дәрігер. Мәншүк дәрігер боламын деген. 1943- жылы 15- қазанда қаза тапты. 21 - жасында Кеңес Одағы батыры болды.
6-оқушы: Қыр қызы орындады берген антын,
Халқына адал болу ердің салты.
Ел үшін қасық қанын аямаған,
Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.
Ай отпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек
Жеңіспен майдан бітіп, жас ер жетпек.
Ерлігі ел жүрегін тебіренткен,
Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.
Баймутов Әділ. «Мәншүк апай» әні.
1-жүр: Ұлы Отан соғысында біздің де жерлестеріміз қатысты.Олар: Мәлік 
Ғабдуллин, Баян Жанғалов, Шестаков Александр Иванович және т.б
Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі, КСРО Педагогика ғылымдары Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Ғабдуллин Мәлік Ғабдоллаұлы 1915 жылы қарашаның 15 - жұлдызында Көкшетау облысы Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келді.
Алтын бесік Отанын кеудесімен қорғаған, ата мұрасын жадына тоқып ерен қызмет жасаған М. Ғабдуллиннің өнегелі туған халқына кеңінен мәлім.
1941 жылы ел басына күн туып Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады. М.Ғабдуллин майданда қаһармандықтың асқан үлгісін көрсетіп, “Қызыл Жұлдыз”, “Қызыл Ту”, “І дәрежелі Отан соғысы” орденімен, “Москваны қорғағаны үшін”, “Германияны жеңгені үшін”, “Венаны алғаны үшін” медальдарымен марапатталды. Неміс-фашист басқыншыларымен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін 1943 жылдың 30 қаңтарында КСРО Жоғары Кеңесінің Жарлығымен М.Ғабдуллин Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. «Алтын Жұлдыз» медалі мен «Ленин» ордені қатар берілді. М.Ғабдуллин 1973 жылдың 2 қаңтарында қайтыс болды. М.Ғабдуллин атына Алматы, Астана және Көкшетау қалаларында көшелердің аты берілді. Өзі тұрған және жұмыс істеген үйлерге мемориалдық тақталар қойылды. Көкшетау қаласында мұражай ашылды.
Біздің де Зеренді ауданымызда Мәлік Ғабдуллинның ескерткіші бар.
Би «Батырлар туралы»
1-жүр: Халқымыздың зердесіне 1945- жылдың 9-мамыры мәңгілік сақталады, ғасырлар бойы ұмытылмайды. Себебі бұл - Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталған күні. Әлем фашистік құлдық қаупінен азат етілген күн.
2-жүр: Иә, бұл Жеңіс күні.
1-жүр: Биыл көпұлтты Қазақстан әлемдегі бүкіл адамзатпен бірге үлкен мерекені фашистік Германиямен соғыстағы Жеңістің 68 жылдығын атап өтеді. 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні - әрқашан біздің тарихымыздағы қасиетті мерекелердің бірі болып қала береді.
1-оқушы: 68-жыл бейбіт көктем таң атқалы,
68- жыл шуақты күн таратты әнін.
Есімде содан бері 65 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
2-оқушы: Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
3-оқушы: 68 жыл -
үзілмеді құстар әні
кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі
68 жыл - жауымыздың ажал оғы біздің ел үстіменен ұшпағалы.
«Әрқашан күн сөнбесін» әні.

-75%
Курсы повышения квалификации

Внедрение современных педагогических технологий в условиях реализации ФГОС (в предметной области «Информатика»)

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ер есімі - ел есінде (34.44 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели