Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  7 класс  /  Ең үлкен ауыр салмақты жануар. Жалпылау есімдігі.

Ең үлкен ауыр салмақты жануар. Жалпылау есімдігі.

Е? ?лкен ауыр салма?ты жануар. Жалпылау есімдігі.

09.05.2017

Содержимое разработки

Күн 16.04. 17 ж 7- сынып Қазақ тілі сабағы

Сабақтың тақырыбы: Ең үлкен ауыр салмақты жануар. Жалпылау есімдігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша әңгімелесу, есімдіктің түрлерін еске түсіру, жалпылау есімдігіне тоқталу, грамматикалық тапсырмалар арқылы білімдерін молайту.

Дамытушылық: көру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отыра, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, балаларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, табиғатты қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау .

Көрнекі құралдар: тапсырма, тірек сызба

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу 

- Сабаққа әзірлеу. Тілек тілеу

ІІ Дыбыстық жаттығу: қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру.

ІІІ Тілдік жаттығу: М-О сұрақ-жауап

ІV. Үй  тапсырмасын  тексеру:

Жалпылау есімдігін сұрау.

Сұрақтарға-жауап беру.

-Құрлықтағы ең үлкен жануар не?

-Оның биіктігі неше метр?

-Пілдер неше жыл өмір сүреді?

-Ол немен қоректенеді?

-Пілдердің қандай түрлері бар?

-Африкалық пілдің құлағы қандай?

-Піл неше литр су ішеді?

-Пілдің салмағы неше тонна?

-Пілді ыстықтан несі қорғайды?


V Жаңа сабақ

Оқылым әрекеті:

1. Мәтінмен жұмыс. Оқу. Түсіну.

Мұхиттағы ең үлкен сүтқоректілер қатарына жататын жануар - көк кит. Ол ең ірі динозаврдан да үлкен. Бір көк киттің салмағы 150 жеңіл машинаның салмағына тең. Киттің үстіне сегіз піл тұра алады екен. Киттің ұзындығы – 30 метр. Салмағы: 130-150 тонна. Кит - суда тіршілік ететін сүтқоректілер отряды. Барлық киттердің ауыз қуысы өте үлкен. Бұлар ең тісі көп жануарларға жатады. Киттердің миы жақсы дамыған. Көзі су астында, су үстінде де жақсы көреді. Табиғатта 30-50 жылдай тіршілік етеді.

Айтылым әрекеті:

Сұрақтар құрастыру. Есімдіктерді тауып, сөз құрамына талдау.


Жазылым әрекеті: венн диаграмма толтыру.

Суда , салмағы 150 тонна, ұзындығы-30 метр,50 жыл өмір сүреді



Ең үлкен, ірі жануар

Құрлықта, салмағы 7 тонна,биіктігі 4 метр,

60 жыл өмір сүреді















2. Берілген сөздерден жалпылау еісімдіктерін тап.

Мен, бәрі, сенің, оның, өзіне, барлық, барша, бұның, бүкіл, кейбір, бүтін, ешкім, түгел, онда, кімге, тегіс, мынау, анау.

3. Сөйлемдерді мәтін бойынша аяқта.

1. Көк кит мұхиттағы ең үлкен сүтқоректілер қатарына ... ... .

2. Киттің үстіне сегіз піл ... ... ... .

3. Киттің ұзындығы - ... ... .

4.Салмағы-... ... .

5. Киттер табиғатта 50 жылдай ... ... .

4. Синквейін әдісі. Кит

1. Зат есім

2. 1 сын есім

3. 3 етістік

4. сөйлем

5. синоним

VІ Қорытынды: Есте сақтағандарын айту.

VІІ Үйге тапсырма: Есімдіктерді жаттау. Кит туралы мәліметті білу.

VІІІ Сабақтың аяқталуы: Бағалау. Қоштасу



-80%
Курсы дополнительного образования

Кухни мира

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ең үлкен ауыр салмақты жануар. Жалпылау есімдігі. (15.01 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт