Ибрагимова Тоты Жунусовна
бастауыш сынып мұғалімі
№56 мектеп-лицейі, Астана қаласы
Сабақтың тақырыбы: Емен ағашы туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
1. Емен ағашы, қасиеті, ерекшелігі қолданылуы жайлы білуге ықпал ету.
2. Емен ағашын өңдеу жолдарымен таныстыру.
3. Ұқыптылыққа, байқағыштыққа баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, практиткалық жұмыс, СТО жобасының стратегиялары (5 жолды өлең, топтастыру)
Көрнекіліктер: Жұмыстың дайын үлгісі, емен ағашының суреттері, гербарий.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, математика.
Қажетті құрал-жабдықтар: емен жапырағы, қима ағашы, қабығы, қайшы, зімпара қағаз, пышақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру. Сабан туралы мазмұндау. Сабан таспаларынан жасаған
бұйымдарын тексеру, талдау, бағалау.
III. Жаңа сабақ.
1. Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.




Тігінен: емен








Көлденеңнен: ілгек, мозайка, ине, дизайн







2. Кіріспе әңгіме. Емен ағашы туралы мұғалімнің түсініктемесі.
Емен- өте жай өсетін қатты ағаш. Еменнің жапырағы жалпақ болады. Сондықтан еменді жалпақ жапырақты ағаш деп атайды. Емен өндіріске жарамды болу үшін шамамен 150-200 жылдай уақыт керек. Ол 1000 жылдай уақытта толық пісіп жетіледі. Емен суға онша шірімейді. Емен ағашын суға төзімді материал ретінде бағалайды. Жиһаздар, құрал-саймандар жасауға кеңінен пайдаланады. Еменжаңғақты малдарға жемге қоспа ретінде береді.
Оқулықпен жұмыс .
«Емен ағашы туралы түсінік» мәтінін оқу, талдау.
Практикалық жұмыс. Ағаш шыбықтарын кесу, өңдеу, аршу, тазалау тәсілдерімен
таныстыру.
Ағаштың майда бұтағын қайшымен кесу;
Қоларамен ағаш бұтағын кесу;
Шыбықтың қабығын аршу;
Зімпара қағазымен тазалап, тегістеу.
Қауіпсіздік ережесі. Есіңе сақта!
Ұшы және жүзі өткір құралдарды арнаулы орында сақта;
Пышақтың жүзін саусағыңмен сипама, тіліңмен жалама;
Пышақты және бізді екінші кісіге оның сабы жағымен ұсын;
Ағаш бұтақтарын сындырма. Жерге түскен бұтақтарды, шыбықтарды ғана жина.
IV.Қорытындылау. Сабақты «5 жолды өлең» стратегиясы арқылы қорытындылау.
Емен
қатты пайдалы
өседі қоректенеді қурайды
Өнеркәсіпте кеңінен қолданылып жүрген
ағаш
V Бағалау. Оқушы жұмыстарын тексеріп, кемшіліктерін көрсете отырып бағалау.
VI. Үй тапсырмасы. 8-9 - беттегі мәтінді оқу.Емен ағашы туралы мазмұндау. Қосымша мәліметтер жина.

Емен ағашы туралы түсінік (37.72 KB)

