Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Мероприятия  /  Дошкольникам  /  Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!

Балаларға Тәуелсіздік туралы түсіндіру. ол тәрбиелік шарада балалар өлең, тақпақ, би, көрініс қойылымдары қойылды. Бұл сценарий ересек топ балаларына, балабақша тәрбиешілеріне арналған.

03.08.2017

Содержимое разработки

Күні: 14.12.2016

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!»

Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.  Елін,жерін,құреттеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сахна патриоттық үлгіде безендірілген. Тақырып, түрлі түсқағаздар, жалаушалар, шарлар ілінген.


Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар, тәрбиешілер және балабақша бүлдіршіндері! «Аққанат» тобының «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 25жыл толды. Өмір 25 жылда біраз өзгеріске ұшырады, нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер! Сәби күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.


Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным.

Әнұран.

Жүргізуші:

Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат, Ербол, Ляззат, Сәбираның аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Сол боздақтарға арналған тақпақтарын айтуға ортаға Айару, Бақытжан, Анель,Т. Мерейді шақырамыз.


Айару: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық,

Басқалармен терезесі тең болдық.

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай,

Отан үшін болуға да құрбандық.


Бақытжан: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан- елім менің.


Анель: Жас арудың жанарында- Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында- Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында-Желтоқсан.

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да- Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да Желтоқсан.

Намысымның шырағы да- Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да- Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да- Желтоқсан.

Жаңа күннің шуағы да- Желтоқсан.


Т. Мерей: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым.


Ән: «Қазақстан бақытты» . Балалардың орындауында.


Ортаға тақпақтарын айтуға Інжу, Рақымжан, Айзере, Қуанышты шақырамыз.


Інжу: Шаттық нұры шашылып зеңбіріктен,

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы,

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.


Рақымжан: Тәуелсіздік- менің байтақ Отаным,

Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным.

Тәуелсіздік- сәбилердің шаттығы,

Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім.


Айзере: Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,

Бізге оны ешкім аяп бермейді.

Тәуелсіздік-Қайрат, Ляззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.


Қуаныш: Құтты болсын азат күн- Тәуелсіздік,

Халықпыз болашақты рухы биік.

Құт санап, уақыт санап биіктегің,

Құтты болсын бұл алған биіктерің!


Көрініс: «Қайратты тергеу сәті»

Тергеуші: Тұрыңдар, сот келеді.

Тергеуші: Сот процесі басталады.

1-куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ. Сіз алаңда Қ. Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласызба?

1-куәгер: Боламын. Өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз менде қолында таяғымен түскен суреті бар. Ол-ұлтшыл. Қайрат оңбаған.

2-ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қ. Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз рас па?

2-ші куәгер: Рас-рас. Ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды.

Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып, Қ. Рысқұлбековты айыпты деп табамыз. Қайрат Рысқұлбеков өлім жазасына кесілсін! Ақтық сөзіңді айт!

Қайрат: Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар.

Автор: Қайрат Семей түрмесінің 21-камерасында 21 жасында 1988 жылдың 21 мамыр күні дүниеден өтті. 1992 жылы 21 ақпанда қайтадан ақталды. Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.


Орыны ағалардың бізбен толсын,

Сәбилер ағалардың жолын қусын.

1минут үнсіздікпен еске алайық,

Аруақ ағалардың ырза болсын.

Ендеше сол Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық.

-Мінекей, балалар, Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қаншама аға-әпкелеріміз өз өмірлерін Тәуелсіздік үшін қиды. Халқымыздың арманы орындалып, елімізді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарды. Еліміз: Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбынды. Ешкімге тәуелді емеспіз. Өзіміздің азат еліміз бар.

Олай болса ортаға «Тәуелсіз ел ұланы» әнімен Айару мен Інжуді шақырамыз.

Ән: «Тәуелсіз ел ұланы».


Ортаға тақпақтарын айтуға Мерей, Амина, Нұржан, Гүлдананы шақырамыз.


Мерей: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді.

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.


Амина: Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату-тәтті бірлік болып қашанда,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Нұржан: Желтоқсан- тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілер қайтарған бәйгелі күн.


Гүлдана: Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады.


Би: «Сарбаздар». Инабат-Мадияр, СымбатҚуаныш, Айару-Мерей, Інжу-Райымбек.


Ортаға тақпақтарын айтуға Аружан, Айзере, Райымбек, Данииярды шақырамыз.


Аружан: Қалса да қайда көлің, қайда жерің,

Қасқайып хақ жолынан таймап едің.

Айрылып күндіз-күлкі, түнде- ұйқыдан

Күткенің осы еді ғой, қайран елім!


Айзере: Атты кеше Тәуелсіздік ақ таңы,

Артта қалды қасіретті бар қайғы.

Алып келген ұлы тарих толқыны,

Тәуелсіздік заман үшін зор қайғы.


Райымбек: Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік- ел бақыты, ертеңі,

О, халайық, құтты болсын қуаныш.


Жүргізуші: Қайрат сынды қазағымның ұлдары,-

Ләззәт сынды нәзік жанды қыздары.

Қарсы шықты жауыздарға тайсалмай

Басын қорғап бұқпантайлап тұрмады.


Ән: «Желтоқсан желі». Балалардың орындауында.

Ортаға тақпақтарын айтуға Инабат, Мадияр, Сымбатты шақырамыз.


Инабат: Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.

Жалғыз Отан-адамның жүрегі ғой,

Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.

Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,

Ербол, Қайрат-нағыз ердің бірі еді ғой.

Мадияр: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.



Сымбат: Сәбира, Ляззат сында жауқазындар,

Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.

Болашаққа даңғыл жол салып берген,

Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.

Ән: «Туған жер» Орындайтын: Инабат Қыдырғали.


Жүргізуші: Атты кеше Тәуелсіздік ақ таңы,

Артта қалды қасіретті бар қайғы..

Алып келген ұлы тарих толқыны,

Тәуелсіздік заман үшін зор құны, - дей отырып балаларымыздың «Тәуелсіз елдің ұланымыз» әнін тыңдайық.


Ән: «Тәуелсіз елдің ұланымыз».

Жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары , егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Келесі кездескенше сау болыңыздар!



Тәрбиеші: Улетова Э






















-80%
Курсы повышения квалификации

Развитие речи детей дошкольного возраста в соответствии с ФГОС ДО

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік! (1.11 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт