Меню
Разработки
Разработки  /  Классному руководителю  /  Мероприятия  /  5 класс  /  "Ел мұраты-Тәуелсіздік" тәрбие сағаты

"Ел мұраты-Тәуелсіздік" тәрбие сағаты

Бұл мақала жалпы орта мектебінің класс жетекшілерге арналған мерекелік шара. Шара арқылы оқушыларды өз елін сүюге, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеуге болады.

17.02.2018

Содержимое разработки



Мақсаты:Оқушылардың білім беру сапасын және функционалдық сауаттылығын арттыру, ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған.Диктант мәтіндері оқушылардың меңгеруге тиісті сөз мөлшерін молайтады, лексикасын байытып,ойын, тілін дамытады.

Сонымен бірге, туған жер,туған ел тарихы,олимпиада ойындары, ел жетістігі туралы мәлімет қамтылған . Мәтінді іріктеуде оқушылардың сауаттылық деңгейі, білім-білік дағдыларын дамытумен қатар, олардың тәрбиелік мақсаты да ескертілген.







Отан

2-сынып

Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан сенің туған елің,туған жерің.

Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.

(25-сөз)



























Мақсаты:Оқушылардың білім беру сапасын және функционалдық сауаттылығын арттыру, ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған.Диктант мәтіндері оқушылардың меңгеруге тиісті сөз мөлшерін молайтады, лексикасын байытып,ойын,

тілін дамытады.Сонымен бірге, туған жер,туған ел тарихы,олимпиада ойындары, ел жетістігі туралы мәлімет қамтылған . Мәтінді іріктеуде оқушылардың сауаттылық деңгейі, білім-білік дағдыларын дамытумен қатар, олардың тәрбиелік мақсаты да ескертілген.







Менің Отаным

3-сынып

Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Қазақстанның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Сәулетті қалалар да көп. Қазақстанның жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Республикамызда астық көп өндіріледі. Мал шаруашылығы да жақсы өркендеген.

(40 сөз)





























Мақсаты:Оқушылардың білім беру сапасын және функционалдық сауаттылығын арттыру, ұлтты қпатриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған.Диктант мәтіндері оқушылардың меңгеруге тиісті сөз мөлшерін молайтады, лексикасын байытып,ойын, тілін дамытады.

Сонымен бірге, туған жер,туған ел тарихы,олимпиада ойындары, ел жетістігі туралы мәлімет қамтылған . Мәтінді іріктеуде оқушылардың сауаттылық деңгейі, білім-білік дағдыларын дамытумен қатар, олардың тәрбиелік мақсаты да ескертілген.





Астана

4-сынып

   Біздің Республикамыз – тәуелсіз, егеменді ел. Қазақстанның жері - кең,байтақ.  Еліміз Азияда орналасқан.

Тәуелсіз Қазақстанның астанасы - Астана қаласы. Қазақстан еліміздегі ең әдемі қала. Астана қаласы бұрын Ақмола деп аталған. Астана Есіл өзеңінің бойында орналасқан. Қала халқы жылдан жылға өсуде. Қалада көп ұлттар тұрады. Көптеген жаңа әдемі ғимараттар, биік үйлер салынды. Қала көшелерінде көптеген тарихи ескерткіштер бар.Астана – болашағы үлкен қала.

Бәйтерек — Астананың басты символы . Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.

(68 сөз)























Мақсаты:Оқушылардың білім беру сапасын және функционалдық сауаттылығын арттыру, ұлттықпатриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған.Диктант мәтіндері оқушылардың меңгеруге тиісті сөз мөлшерін молайтады, лексикасын байытып,ойын,

тілін дамытады.Сонымен бірге, туған жер,туған ел тарихы,олимпиада ойындары, ел жетістігі туралы мәлімет қамтылған . Мәтінді іріктеуде оқушылардың сауаттылық деңгейі, білім-білік дағдыларын дамытумен қатар, олардың тәрбиелік мақсаты да ескертілген.





Ел мұраты –Тәуелсіздік

5-сынып



Тәуелсіздік - мемлекеттік тұрғыдан алғанда еліміздің еркіндігі, елдің тізгінін өз қолына алуы, өз билігінде болуы.

Қазақстан Республикасы-халықаралық деңгейде басқа елдермен терезесі тең түсетін тәуелсіз мемлекет.

Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл-қазақ тілі»,- деп жарияланды.

Мемлекетімізде іс-қағаздары қазақша жүргізіліп, тіл мәртебесі жылдан-жылға көтеріле бастады.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «әкесі баласымен, атасы немересімен, ері әйелімен, әкімдер халықпен, әлеумет бір-бірімен ана тілінде сөйлесетін», -деген ұлағатты сөзін басшылыққа ала отырып, тіл саясаты ойдағыдай орындалып келеді.

Ел тәуелсіздігінің болашағы жарқын болсын!

(77 сөз)















Мақсаты:Оқушылардың білім беру сапасын және функционалдық сауаттылығын арттыру, ұлттықпатриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған.Диктант мәтіндері оқушылардың меңгеруге тиісті сөз мөлшерін молайтады, лексикасын байытып,ойын,

тілін дамытады.Сонымен бірге, туған жер,туған ел тарихы,олимпиада ойындары, ел жетістігі туралы мәлімет қамтылған . Мәтінді іріктеуде оқушылардың сауаттылық деңгейі, білім-білік дағдыларын дамытумен қатар, олардың тәрбиелік мақсаты да ескертілген.



Туған өлкем

6-сынып

Менің туған өлкем- кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім! Сондықтан да мен оны анамдай ардақтаймын. Шексіз сүйемін. Әрқашан аялап қорғап жүремін.

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Түлегі өскен алуан-алуан,

Төс алқабы малға толған.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!

Қазақ даласының ең көркем, сұлу жерінің бірі-Бурабай. Оның әсем табиғи, мөлдір көлі, жұпар ауасы адам денсаулығы үшін өте пайдалы.

Бурабайдың басында атақты Абылай алаңы бар.Аты аңызға айналған. Оқжетпес пен Жұмбақтас та осында. Олар халқымыздың табиғат сыйлаған баға жетпес байлығы.

(103 сөз)















Мақсаты:Оқушылардың білім беру сапасын және функционалдық сауаттылығын арттыру, ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған. Диктант мәтіндері оқушылардың меңгеруге тиісті сөз мөлшерін молайтады, лексикасын байытып,ойын,тілін дамытады.

Сонымен бірге, туған жер,туған ел тарихы,олимпиада ойындары, ел жетістігі туралы мәлімет қамтылған . Мәтінді іріктеуде оқушылардың сауаттылық деңгейі, білім-білік дағдыларын дамытумен қатар, олардың тәрбиелік мақсаты да ескертілген.



Туған ел

7-сынып

Туған ел! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады.Содан шетсіз, шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, жүректей болып желмен лүпілдей соққан қызыл гүлдері, кеудеңе құйылған мөлдір ауасы- осының бәрі-бәрі сенің туған еліңді құрайды.

Туған жерсіз адамның күші жоқ. Алыс кетсең өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған жерің түсіңе енеді. Алыстан сені қол бұлғай шақырады.Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Балғын балалық шақ.Өзен үстінде үйіріліп ұшқан шағала. Кемеріне жайлап соққан көгілдір көл. Күннің қызғылт шанағына бөленген үйлер-осының бәрі тұтас тұрған туған ел. Ал, енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тамылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері- осының бәрі туған еліңнің керемет сипаттары! Туған елдің тілі барша жанға түсінікті.

(113 сөз)























Мақсаты:Оқушылардың білім беру сапасын және функционалдық сауаттылығын арттыру, ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған. Диктант мәтіндері оқушылардың меңгеруге тиісті сөз мөлшерін молайтады, лексикасын байытып,ойын,тілін дамытады.

Сонымен бірге, туған жер,туған ел тарихы,олимпиада ойындары, ел жетістігі туралы мәлімет қамтылған . Мәтінді іріктеуде оқушылардың сауаттылық деңгейі, білім-білік дағдыларын дамытумен қатар, олардың тәрбиелік мақсаты да ескертілген.





Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

8-сынып

Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Қазақстанда тұратын халықтар мен этникалық топтардың елтаңбалары мен туларындағы оның бейнесінің ежелгі дәстүрі бар. Символика тілінде қыран бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдікті және қырағылықты білдіреді. Дала адамдары үшін бұл бостандықтың, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке, болашаққа ұмтылушылықтың белгісі.

(129 сөз)















Мақсаты:Оқушылардың білім беру сапасын және функционалдық сауаттылығын арттыру, ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған. Диктант мәтіндері оқушылардың меңгеруге тиісті сөз мөлшерін молайтады, лексикасын байытып,ойын,тілін дамытады.

Сонымен бірге, туған жер,туған ел тарихы,олимпиада ойындары, ел жетістігі туралы мәлімет қамтылған . Мәтінді іріктеуде оқушылардың сауаттылық деңгейі, білім-білік дағдыларын дамытумен қатар, олардың тәрбиелік мақсаты да ескертілген.



«Қазақ жері»

9-сынып


   Отан сөзі - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз... 
Менің туған жерім – тәуелсіз қазақ жері. Бұл – тарихы көнеге кеткен ұлы мемлекет. Біздің еліміздің табиғаты өте көркем. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен  әрқашан да мақтан тұтамын. Биік шыңды асқар таулар, мөлдір көлдер, ну ормандар – осының барлығы менің елімнің көрінісі. Осы жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өсіп, елімізді жаһанға паш еткен.

Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған

Біздің елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев, дана адам, шебер саясатшы, нағыз патриот. Ол – Ата Заңның гаранты. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз - Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз. 

   Әрбір Қазақстан азаматы мемлекеттік тіліді меңгеріп, барлық халықтардың дәстүрлерін құрметтеп, өз Отанын қорғау керек. Себебі Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің Отанымыз. 

(153 сөз)



-75%
Курсы повышения квалификации

Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Ел мұраты-Тәуелсіздік" тәрбие сағаты (20.72 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт