Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1А Қатынастар және пропорциялар | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ : | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Екі санның қатынасы, екі санның пайыздық қатынасы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.1.1 екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну 6.5.2.1 екі санның қатынасын оқу және жазу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | 1. Екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну, екі санның қатынасын оқу және жазу 2. Екі санның қатынасын оқу және жазуды тапсырмалар орындауда көрсету 3. Шамалар арасындағы байланысты қатынас арқылы қарастыру және мәнін табу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | екі санның қатынасы нені көрсететінін анықтайды сандардың қатынасын оқиды және жазады шамалар арасындағы байланысты қатынас арқылы қарастырады және мәнін табады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаты: Екі санның қатынасының анықтамасы мен қасиетін тұжырымдайды. Өз ойын басқаларға жеткізеді. Пәнге қатысты лексика мен терминология: қатынас, қатынастың мәні, а немесе Диалог үшін пайдаланылатын сөздер мен тіркестер: Екі санның бөліндісі, екі сансанның қатынасы, қатынастың мүшелері,алдыңғы мүше, соңғы мүше, қатынастың мағмағынасын түсіндір, қатынастың мәнін есепте | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу | Зайырлы қоғам және жоғары руханият: Бірлесу, ынтымақтастық, өрлеу, табысты болу және зайырлылық | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану пәнімен: шамалардың арасындағы байланысты қатынас арқылы өрнектеуде, кесінділерді сызып бейнелеу және жұмыс өнімділігін, заттың бағасын есептеуде | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | 5 сынып курсын қайталау. Бөлшек сандарға амалдар қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысы мен дайындығын қадағалау. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру (Ұ) Ширату жаттығулары: «Шеңбер» әдісімен ұйымдастырылады. Оқушылар шеңбер құрады және 1, 2 сандарын санайды. 2 санын айтқан оқушылар 1 санын айтқан оқушыларға қарама- қарсы тұрады. Сонда 1 санын таңдаған оқушы шеңбердің сыртында, 2 санын таңдаған оқушы шеңбердің ішінде қалады. Сұрақ қоятын оқушыларға түрлі-түсті стикерлер таратылады. Дұрыс жауап берген оқушы стикерді алады. Сұраққа жауап берген оқушы келесі сұраққа орындарын жылжыту арқылы жауап береді. Дұрыс таба алмаған жағдайда стикер ала алмайды. 1. Санды өрнек дегеніміз не? 2. Әріпті өрнек дегеніміз не? 3. Санды өрнек пен әріпті өрнектің айырмашылығы неде? 4. Өрнектің ықшамдалған түрінің оның алғашқы түрінен айырмашылығы неде? 5. Қосудың қасиеттерін пайдаланып, өрнекті қалай ықшамдауға болады? 6. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, 20х+9х өрнектерін қалай ықшамдауға болады? Ішкі және сыртқы шеңбердегі оқушылардың берілген сұрақтарға жауабын саралау. Сыртқы шеңбердегі оқушыларды 1- топқа, ішкі шеңбердегі оқушыларды 2-топқа отырғызамын. Мұғалім ОМ анықтайды. | Сұрақтар жиынтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен жаңа сабақты өздігінен оқып үйренеді. Оқушы жеке оқып, жұпта ой бөлісіп, топта талқылайды. ҚБ: (Ж)Тапсырма-1: Ұзындығы 14 см АВ кесіндісін ұзындығы 7 см СД кесіндісімен салыстырыңдар (1.1 - сурет) А В
С Д (1.1 - сурет) Сұрақтарға жауап беріңдер: 1) 14 қатынасының мағынасын түсіндір? 2) 7 қатынасының мағынасын түсіндір? Тапсырманы «Сұрақ-жауап» әдісімен орындайды. Жұпта білмегенін сұрап, толықтырып отырады. Дескриптор: АВ кесіндісінде 14 бірлік кесінді, СД кесіндісінде 7 бірлік кесінді барын анықтайды; қатынастың мәнін табады Саралаудың «Бағалау» тәсілімен тақтадағы дұрыс жауапқа қарап бағаланады. (Ө) Тапсырма – 2: Оқушы тапсырманы жеке отырып орындайды.Себебі оқушылар оқу стандартына сай меңгеруге тиіс тапсырма. а)
ә)
Дескриптор: -қатынастың мүшелерін ажыратады -қатынас түрінде жазады -қатынасты оқиды -қатынастың мәнін табады Саралаудың «Тапсырма» тәсіліне сәйкес талданады. Тапсырманың дұрыс жауабы интербелсенді тақтаға шығарылып, Бағдаршам түсімен бағаланады. (Т) Тапсырма-3: 1.а) Мына формулаларды «қатынас» сөзін пайдаланып, оқыңдар V= 2.ә) Пойыз 3 сағатта 255 км жол жүрді. Пойыздың жылдамдығын қатынас түрінде жазыңыз. б) Принтер 12 минутта 108 бетті шығарды. Принтердің жұмыс өнімділігін қатынас түрінде жазыңыз. в) 4кг кәмпиттің құны 1500 теңге. Кәмпиттің бағасын қатынас түрінде жазыңыз. Дескриптор: -формуданы «қатынас» сөзін пайдаланып, оқиды -жылдамдық - қашықтықтың уақытқа қатынасы екенін біледі -жұмыс өнімділігі – өнімнің уақытқа қатынасы екенін біледі -баға – құнның зат мөлшеріне қатынасы екенін біледі Бұл тапсырма «Галереяны шарлау» әдісімен орындалады және бағаланады. Оқушылар сыныптастарымен топта тапсырманы талқылап, бірге орындайды. Сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді. Постерлер ілініп, топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, постерлерді қарайды, сараптайды, талдайды және стикерге пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз постерлеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, сұрақтарға жауап береді, қорытынды жасайды. Саралаудың «Қарқын» тәсілін таңдадым, себебі кейбір оқушылар тапсырманы жылдам орындайды, ал кейбіреулері уақыт қажет етеді. (стикерлер арқылы топтар бір-бірін бағалайды). | Оқулық, 6 сынып Оқулықтағы жаттығулар Үлестірме материалдар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин. | Сабақты «Ыстық орындық» әдісімен қорытындылаймын. Оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» тәсілімен бағалайды. «Сұрақтары бар қорап» әдісі Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.
Үйге тапсырма: № Қосымша: № | | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Ширату жаттығуларында (Ұ) «Шеңбер», жаңа сабақты оқып үйренуде «Ойлан, жұптас, бөліс», 1-тапсырмада (Ж) «Сұрақ-жауап», 3-тапсырмада (Т) «Галереяны шарлау» және сабақты қорытындылауда «Ыстық орындық» белсенді әдістері қолданылады. | «Өзін-өзі бағалау», «Бағдаршам», стикерлер және «Иә» және «жоқ», | Денсаулық сақтау технологиялары. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. Сабақта белсенді оқыту әдіс-тәсілдері қолданылатындықтан, оқушылар сыныпта еркін қозғалады. |
Екі санның қатынасы, екі санның пайыздық қатынасы
1. Екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну, екі санның қатынасын оқу және жазу
2. Екі санның қатынасын оқу және жазуды тапсырмалар орындауда көрсету
3. Шамалар арасындағы байланысты қатынас арқылы қарастыру және мәнін табу
Қайратова Мөлдір Қайратқызы
14.05.2022
-80%
Курсы повышения квалификации
Активизация основных видов деятельности учащихся на уроках математики в условиях реализации ФГОС в основной школе
Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Получите комплекты видеоуроков + онлайн версии
0
424
4
Нравится
0