Егулерден кейін болатын асқынулар және оларды болдырмау үшін алдын алу ережелері
- Инфильтрат, абсцесс, сепсис, гепатит, ВИЧ
- Инфильтрат, абсцесс, сепсис, гепатит, ВИЧ
- Нашар сіңетін инфильтрат, периостит, некроз, эмболия, жүйкенің зақымдануы (паралич, неврит)
- Нашар сіңетін инфильтрат, периостит, некроз, эмболия, жүйкенің зақымдануы (паралич, неврит)
- Иненің сынуы, ауа немесе майлы эмболия, аллергиялық реакция,ұлпалар некрозы, гематомалар
- Иненің сынуы, ауа немесе майлы эмболия, аллергиялық реакция,ұлпалар некрозы, гематомалар
Асқыну себептері
Асептика ережелерінің бұзылуы
Инъекция орнын дұрыс таңдамау
Егу жасау техникасының дұрыс сақталмауы
Инфильтрат
Т ері астына және бұлшықетке жасалған инъекциялардан кейін жиі кездесетін асқынулар.
Инфильтрат пайда болуының негізгі себептері:
а) инъекция үшін өткір емес инені қолдану;
б) Бұлшықет ішілік инъекция үшін тері асты немесе тері ішіне инъекцияларын орындауға арналған қысқа инемен егу жасау нәтижесінде
в) Инъекция орнын дұрыс анықтамау және егулерді әрдайым бір жерге орындау, сонымен қатар асептика ережелерін сақтамау инфильтрат пайда болуын тудырады.
Асқыну емі: Инфильтрат болған жерге қыздыру компресі, жылытқыш қою
Абсцесс
Жұмсақ ұлпалардың іріңді қабынуы, қуыс пайда болып,оның ішінде іріңнің жиналуы. Абсцесс пайда болуының негізгі себептері инфильтрат туғызушы себептерге ұқсас. Бірақ бұл кезде асептика ережелерін бұзу себебінен жұмсақ ұлпалардың инфекциялануы.
Асқыну емі: хирургиялық ем
Иненің сынуы
а)Инъекция жасауға ескі қалданыстан шыққан инелерді қолданылуы;
б)Егер инъекция жасар алдында науқаспен психопрофилактикалық кеңес жүргізілмей,науқастың егу кезінде жамбас бұлшықеттерінің қатты жиырылуы
в)Инені конюлясына дейін енгізген жағдайда
Асқыну емі: Иненің сынығын емделушіден шығарып алу немесе хирургиялық ем
Майлы эмболия
Тері ішіне және бұлшықетке егу жасаған кезде иненің кездейсоқ тамырға түсуі нәтижесінде немесе майлы ерітінділерді қателікпен көктамырға енгізгендн пайда болатын асқыну. май артерияға түскен жағдайда оны бітеп тіннің қоректенуін бұзады,некрозға соқтырады. Некроз белгілері : егус жасалған жердің ауырсынуы,ісік, терінің қызаруы немесе көгеруі,денесінің немесе егу орнының қызуының жоғарылауы.Егер май ерітіндісі көктамырға енгізілсе ол өкпе тамырларына түсіп,кенеттен тыныс тарылу ұстамасынжөтел, цианоз(кеуденің жоғарғы бөлігінің көгеруі)
Асқыну емі: дәрігер нұсқауымен
Ауа эмболиясы
Дәрі-дәрімектерді көктамырға енгізгенде шприц ішіне ауа түскенде және оны ине арқылы тамыр ішіне жібергенде болатын ҚАУІПТІ асқыну.Белгілері эмболияға ұқсас,бірақ тез: бір минут ішінде білінеді.
Асқыну емі: дәрігер нұсқауымен.
Жүйке сабының зақымдануы
Бұлшық етке немесе көктамыр ішіне егу жасаған кезде егу жерді дұрыс анықтамай инемен механикалық зақымдау. Дәрілік депоның жүйке сабының қасында орналасуы нәтижесіндегі химиялық зақымдану. Жүйкені қоректендіруші тамырдың бітелуі . Асқыну зардаптары невриттен аяқ-қол параличіне дейінгі қауіпте болуы мүмкін.
Асқыну емі: дәрігер нұсқауымен
Тромбофлебит
Көктамырдға егулерді бір жерге қайталап жасау немесе өткір емес инелерді қолдану салдарынан онда тромбтың пайда болуы. Тромбофлебит белгілері тамырдың жүрісімен ауырсыну,тері қанкернеуі (гиперимия), инфильтраттың вена бойымен пайда болуы.Дене қызуы субфебрильді болуы мүмкін.
Асқыну емі: дәрігер нұсқауымен.
Ұлпа некрозы
Қателікпен венаға қатты тітіркендіретін дәрі енгізгенде болады. Көктамырға пунцкия кезінде тамырға иненің түспеуі немесе оны тесі өтіп шығуы кезінде препараттың теріастына енгізілуі. Көбіне 10% кальции хлорид ерітіндісін венопункция жасауды жетік білмегендіктен болады.
Асқыну емі: егуді тоқтату, егу жасалған жерден жоғарырақ жгут салу және препараттың концентрациясын азайту мен ауырсынуды басу үшін инъекция орны мен оның айналасына 0,5 % новокайн немесе 0,9 % натрий хлориді ерітіндісін (максималді дозасы 50-80 мл) енгізуге болады.
Гематома
Венопункцияны дұрыс орындамау салдарынан тері асты қызаруы мен қан ұйылуы байқалады,бұл көктамырдың екі жақ қабырғасы зақымданып қаннық тері астына тіндеріне кетуі.
Асқыну емі: Препаратты енгізуді тоқтату, тамырдың үстінен спирттелген мақтаны бірнеше минут бойы қысып ұстау,гематома жеріне жартылаы спиртті компресс қоюға болады. Қажетті көктамыр ішілік егуді басқа венаға жасайды.
Аллергиялық реакция
Ағзаның дәріге жеке кері әсері ететін сезімталдығы. Қышыну бөрітпелер, жедел тұмау,өткір конъюктевит Квинке ісінуі түріндегі белгілері көбіне егуден 20-30 минуттан кейін байқала бастайды. Аллергиялық реакцияның ең қауіпті формасы АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК.
Асқыну алдын-алу: 1)Инъекция жасар алдында емделушімен дәрілерге сезімталдығын сұрастырып анықтау
2)Ауру тарихының бірінші бетінде қандай дәрілерді көтере алмайтындығы жөнінде мәлімет болуы мүмкін.
3)НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Антибиотиктерді алғаш рет егі алдында сезімталдықты анықтау үшін тері ішіне сынама жасау керек.(тері ішіне)
Асқынуды емдеу: емделушіні жалғыз қалдырмау, дәрігерді шақырту, дәрігер келгенше алғашқы көмек көмек корсету.
Анафилактикалық шок
Дәрілік препаратты енгізген сәттен бірнеше секунд немесе минут ішінде дамиды. Шоктың неғұрлым тез басталуы, нәтижелердің соғұрлым ауыр болуын түсіндіреді.
Анафилактикалық шоктың негізгі белгілері:
- Терінің жалпы қызару,бөрітпелер
- Бас айналу, бас ауру
- Кенет әлсіздік
- Ентігу, жөтел ұстамасы
- АҚ төмендеу, пульс аритмиясы
- Құсу
Ауыр жағдайларда бұл белгілерге коллапс симптомдары қосылады,науқас өлімге анафилактикалық шоктың алғаш белгілері пайда болғаннан бірнеше минут ішінде ұшырауы мүмкін. Анафилактикалық шок кезінде емдік шаралар дененің жалпы қызаруы байқалғаннан бастап жедел түрде өткізілуі қажет.
Вирусты В,Д,С гепатиттері
Парентеральді гепатит вирустары біршама концентрацияда қан мен сперме құрамында; ал аз концентрацияда сілекей, несеп, өт пен басқа бөліністерде тек гепетитпен ауыратын науқастарда ғана емес, сау вирус тасымалдаушыларда да болады. Вирустың берілу жолы болып қан құю мен қан алмастыру,кілігейлі қабат зақымдануына әкелетін емдік-диагностикалық манипуляциялар есептеледі. В гепатит вирусын жұқтыруға ең үлкен қатерге инъекция жасайтын адамдар ие.
Жұқтырудың жоғары мүмкіншілігі себептері:
- Вирустың сыртқы ортада тұрақтылығы
- Инкубациялық кезеңнің ұзақ болуы(6 айдан көп)
- Жасыраын түрде белгілерсіз науқастар санының көп болуы.
СПИД
В гепатит, ВИЧ инфекция сияқты адам өміріне АҚТҚ (Жұқтырылған иммунитет тапшылығы синдромы)ауруына әкелетін вирус. Қазіргі кезде ВИЧ инфекциясын жұқтырған адамдардың өлім мүмкіндігі 100%. Барлық жұқтырулар медициналық манипуляцияларды дұрыс орындамау: инемен егу жасау, пробиркалардың сынығымен зақымдану, зақымданған кілегейлі қабатпен қолғапсыз контакт болған жағдайда.
ВИЧ инфекциясын жұқтырмау үшін медициналық қызметкер әрбір науқасты потенциалды ВИЧ вирусын тасымалдаушысы ретінде қарастыруы қажет,себебі науқас қанының ВИЧ инфекциясын анықтауға бағытталған зерттеу нәтижесі теріс болғанымен бұл нәтиже жалғантеріс болуы мүмкін.
Бұның себебі ВИЧ инфекцияның даму кезеңінің 3-ші аптасынан 6-шы аптасы аралығындағы симптомсыз өту кезеңінде,инфекцияланған адамның қан сарысуында ВИЧ анықталмайды.

"Егуден кейінгі болатын асқынулар" (2.53 MB)

