Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі:Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы:Я дыбысы мен әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:балаларға я дыбысының айтылуымен әрпі және сөздегі орнын тапқыза отырып таныстыру.Әртүрлі ойын ойнату арқылы сөзжұмбақ,сөзжұмбақ шештіру арқылы логикалық ойлауын дамыту.
Өлең айтқызу,жұмбақ жасыру арқылы тілдерін дамытып,туған жерді,жануарды т.б қорғауға тәрбиелеу.Жазуға қолын жаттықтыру.
Көрнекілігі:кеспе әріптер,текшелер,суреттер,сөзжұмбақ,№2 әліппе-дәптер.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу рәсімі
Үлкенге де сіз,Кішігеде сіз.
Сәлем бердік сіздерге құрметпенен біз.
1.Бүгінгі ашық оқу-іс әрекетімізді шаттық шеңберімізді «Ойлан тап деген» ойынмен бастайық. Ойын шарты: педагог бір балаға доп лақтырып сұрақ қояды, доп алған бала толық жауап беріп кері лақтырады.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде неше ай бар?
Қай айдан басталады?
Табиғатта қандай өзгерістер болады?
2.Я дыбысына байланысты жұмбақтар жасыру.
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)
Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты. (Пияз)
Тал басында
Тамаша үй. (Ұя)
Бүгін біз сауат ашу сабағында я дыбысымен танысамыз.
Кәне бәріміз Ядыбысын көрейік.Қандай дыбыстар естіліп тұр?(йа)
Олай болса, балалар я дыбысы- қосарлы дыбыс й және а дыбыстарының қосарлануы арқылы естіліп тұр, бірақ жазуда я әрпін пайдаланамыз.
Я дыбысы –дауысты дыбыс.Сөздердің ортасында,соңында кездеседі және жеке буын құрай алатын дыбыс екен.
II Негізгі бөлім.
Дәптермен жұмыс.
Тақия,пияз сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,ондағы я дыбысының орнын ажыратқызады.Балалардың өздеріне я дыбысының ортасында,аяғында келетін сөздер ойлатады.Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.
Жазу жұмысы. Педагог я әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.
Дәптердегі үлгі бойынша я дыбысының кіші және бас әріпін бастырып жазады.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді.
3.«Баспалдақ» дидактикалық ойыны. Ойын шарты:екі топқа бөлу
1)Дауысты
2)Дауыссыздар
я дыбысына мысалдар келтіру.Көп сөз құраған бала неғұрлым баспалдақпен жоғары көтеріледі.
Мысалы:Яша, қияр.т.б.
III Қорытындылау.
Жазу жаздық,ойнадық,Жауап бердік қызыға
Сонымен сабақта нені оқып уйрендік?
Қандай дыбыспен таныстық?
Я қандай дыбыс?
Екі топпен сабаққа жақсы қатысқаны үшін «Білімді болыңдар!»деген жазуы бар эмблема беріледі.

Я дыбысы және әрпі (26.5 KB)

