Веб сайттардың құрылымы
Сайт немесе Веб-сайт- (ағылшынша Website: Web - тор, желi және site - орын, желiдегi орын, сегмент) - бiр мекенжайға (домен атымен немесе IP - мекенжаймен) бiрiктірілген компьютер желiсiндегi жеке тұлғаның немесе ұйымдары электрондық құжаттар (файлдар) жиынтығы. Ғаламтор желісінің негізін құрайтын барлық сайттар болып табылады. Сервердегі сайтқа қолданушының бірден қол жеткізуі үшін арнайы HTTP хаттамасы жасалған. Сайт - домен, хостинг және қозғалтқыштан (cms ) тұрады.
Әлемдегі ең алғашқы сайт Info.cern.ch 1990 жылы пайда болды. Сайтты жасаған Тим Бернерс-Ли. Сайтта HTTP деректердi беру хаттамасы негізінде жасалған World Wide Web жаңа технологиясы сипаттамасын жариялаған. URIнiң бағыттауын жүйеге және HTMLның гипермәтiн белгiсiнiң тiл негiзделген жаңа технологиясына сипаттама онында жариялады. Сайтта сонымен бiрге қою және серверлер және браузерлердiң жұмысының қағидаларын сипатталды. Сайт болды және тiзбемен интернет- бiрiншi әлемде, Бернерс Тим өйткенi соңыра - сiлтемелердiң басқа сайттарына тiзiм онда таратып салып қойды. Барлық аспаптар Бернерс бiрiншi сайттың жұмысы үшiн қажеттi - ертерек әлi дайындады - соңында 1990 жыл NeXTcube және алғашқы веб-беттi базасында редактордың веб-сi, бiрiншi сервер функционалы бар WorldWideWebнiң бiрiншi гипермәтiн браузерлерi пайда болды.
Интернет сөзі Бүкіләлемдік компьтерлік желі дегенді білдіреді. Қазіргі уақытта Интернет бірнеше қызметтерді атқарады: электрондық пошта, WWW (бүкіләлемдік өрмек), IRC ( Internet Relay Chat – нақты уақыт режимінде бірнеше адамдардың тікелей бір – бірімен араласуы), IRG (берілген моментте Интернетке қосылған адамның желідегі IR адресін іздеуге арналған қызмет), файлдарлы тасымалдау қызметі (FTP), телеконференция қызметі (USENT).
Интернетке жұмыс жасау үшін мыналар қажет:
© Бүкіләлемдік желі түйіндерінің біреуіне компьютерді қосу;
© IP адресті алу;
© Интернет қызметінің қолдануға болатын программа – клиент қызметінің программалық қамтамасыздандыруын құру және қайтадан күйге келтіру.
Өз түйіндеріне қосуға мүмкіндік беретін және IP – адресін белгілейтін мекемелер Интернет қызметін тасымалдаушылар (сервис — провайдер) деп аталады. Интернетке қосылу белгіленген немесе коммутативті болуы мүмкін. Белгіленген қосылу жаңа немесе дайын физикалық сызықтарының (кабельдік, радиоканал, спутниктік канал) орнын анықтайды. Оны көп көлемді берілгендерді тасымалдауды қажет ететін мекемелер және кәсіпорындар қолданады. Коммутативті біріктіру уақытша болады, арнайы байланыс сызығын қажет етпейді және телефон желісі арқылы жүргізілуі мүмкін. Коммутацияны телефон номерін теру кезіндегі сигнал бойынша АТС орындайды. Интернетке телефон желісі арқылы қосылу үшін ақпараттарды цифрлық түрге алмастыру үшін қолданылатын арнайы құрылғы — модем керек.
Модемдер сыртқы және ішкі болып екіге болінеді.
Интернеттің үш функциясы бар: коммуникациялық, ақпараттық және басқаратын WWW — ақпараттыққа жатады.
Домен - бұл сіздің жаһандық желіде тіркелген хосттың атауы (мысалы google.kz szh.kz секілді). Егер де толығырақ келетін болсақ, домендік сервердер арқылы сіздің сайтыңызды таба алады. Ең басты қызметі IP-адрестерді түсінікті тілге аударады, яғни жазбаша түрге.
Хостинг - жаһандық желіде статикалық IP-адрестері бар, интернет сайттарына өз жадынан орын бөліп беретін физикалық аппарат, яғни сервер.
Домен дегеніміз не?
Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Мысалы менің сайтымның адресі almatysite.kz, бұны адрес ретінде де сайттың аты ретінде де қарастыра аламыз.
Барлық домендер – kz, ru, us,… тәрізді ұлттық домендерге және – com, org, edu,… тәрізді халықаралық домендерге бөлінеді.
Google және басқа ізденістік жүйелері, ұлттық домендерді, халықаралық домендерге қарағанда, доменнің территориясында жоғары бағалайды.
Яғни kz домені, Google ізденістік жүйесінде, Қазақстан территориясында, басқа домендерге қарағанда жоғарырақ бағаланады!
Сондықтан Елімізде kz домендері саны жағынан басымдылыққа ие.
Сұрақтар мен жауаптар:
1. Сұрақ.
Домен атауын қалай таңдау керек?
Жауабы.
Сайттын аты затына сай болуы тиіс, сондықтан біз сайттын қысқа да нұсқа атауы кажет болуы керек деп ойлаймыз.
2. Сұрақ.
Кирилликалық домендер Google-де сайтыма қосымша ұпай бере ала ма?
Жауабы.
Жоқ, бере алмайды.
HTML гипертекстік тілін 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер – Ли ұсынғаны белгілі. Гипертексті бөлу негізіне құжаттың әрбір элементі тегтерімен қоршаған элементтердің жиынтығы түрінде көрсетуге болатын құжатты сипаттаудың тегтік моделі жататын болған. Өзінің мәні бойынша тегтер программалау тілдеріндегі «BEGIN / END» жақша ұғымдарына жақын және локальды айнымалылардың HTML аттарының арасындағы амалдардың облысын білдіреді , құжаттағы тексттік э лементтерді түсіндіру ережелерінің амалдарын анықтайды және т. б.
HTML тілінің атқаратын қызметі .
Web – парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп, көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, бір файл екеуіне 2 түрлі болып көрсетіледі. Ал үшінші компьютердегі Web – парақтың мәтіндері зағиптарға арналған. Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады. Құжаттарды әртүрлі тұтынушының әртүрлі құрылғыларда және әртүрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді форматтау тәсілдерін жазуға арналған тіл деп атауға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.
HTML командалары.
HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары тег (tag) деп аталынады. Тег символдар тізбегінен тұрады. Барлық тег «кіші» ( «үлкен» () символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз – тег орналасады.
HTML тіліндегі әрбір тег бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуында әріптер регисторы ешбір роль атқармайды, бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тег атауларын жай мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан. HTML тілінің бір тегі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана әсер етеді. Осыған орай екі тег қатар қолданылады. Бірі – ашады, екіншісі – жабады. Ашатын тег белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тег сол әсерді аяқтайды. Жабу тегтері қиғаш сызық символымен басталуы тиіс.
Кейбір тегтер өз жазылу орнына қарай тек бір ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тегі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды. Егер тег ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды. Броузер арқылы құжат экранда көрсетілген жақта тегтердің өздері бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана бөлініп тұр.
Тег атрибуттары.
Көбінесе ашылу тегтерінің тигізетін әсерлерін түрлендіретін олардың атрибуттары болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар — тег атауының және бір бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылытын қосымша түйінді сөздерден тұрады. Кейбір атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаны жазбауға да болады.
Түсініктемелер
Программалау тілдерінде түсінік беретін сөздер – комментарийлер жазылатыны сияқты мұнда да программаның орындалуына еш әсер етпей, оны түсінуді жеңілдететін түсініктеме мәтіндер жазып отыруға болады. HTML тілі комментарийлері арнайы символдардан басталады да, түсінік беретін мәтін осыған жалғаса жазылады.
HTML құжатының құрылымы.Құжаттың функциональдық бөлігі мен негізгі бөлігі .
HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтіні мен белгілі тегтер деп табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай мәтіндік редакторды, Windows ортасындағы блокнотты пайдалана беруге болады.
HTML құжатының кез-келгені html тегінен басталып соған сәйкес жабылу html тегімен аяқталады.
Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптың бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады. Құжатың тақырыптық бөлігі head типтерінің ортасында тұруы, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте бұл бөлікті title тегтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Бұл атау терезе тақырыбында тұратын функцияның аты.
Жазылатын мәтін құжат тұлғaсы деп аталатын