Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  1 класс  /  Гг дыбысы мен әрпі

Гг дыбысы мен әрпі

Гг дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі г дыбысының ерекшелігін меңгерту, г дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру. Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Таза, сауатты жазy.

27.12.2017

Содержимое разработки

Асаубаева Гульнур Мураткановна

Астана қаласы №56 мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі

(сабақ жоспарының үлгісі)





Сауат ашу

29.10 2-сабақ

Тақырыбы

Гг дыбысы мен әрпі

Мақсаты

Гг дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі г дыбысының ерекшелігін меңгерту, г дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру. Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Таза , сауатты жазy.

Күтілетін нәтиже

Гг дыбысы мен әрпімен танысады. Айту барысында дауыссыз дыбыс екеніне көздерін жеткізеді. Берілген сөздерді оқиды, жаза алады. Шығармашылық қабілеттері дамиды.

Сабақтың түрі, әдістері

Аралас, Сұрақ- жауап, түсіндіру,

Оқытуда қолданылатын модульдер

АКТ, бағалау, жаңа әдіс тәсілдер, жас ерекшелік

Дерек көздері

Әдістемелік құрал, ғаламтор

Қажетті құрал- жабдықтар

Кеспе әріптер, суреттер, буындар, интер тақта, "Дыбысстан" елі, киіз үйлер( қызыл, көк түсті), сандықша, көйлекгүлдер.

Жүру барысы



Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ бастау , қонақтармен таныстыру

Отырған қонақтармен амандасады.

Қызығушылықтарын ояту

-Балалар, бәріміз тақтаға қарайықшы. (интер тақта) Сендерге сұрақтарға жауап беру керек.

1.Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

2.Қай әріптің туысы?

3.Бір сөз ойла.

4.Сөйлем құра.

5.Әріптерден не құралады?

6.Сөздерден не құралады?

7.Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?

8.Сөйлемдерден не құралады?



Балалар өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауап айтылғанда гүлдің күлтешелері пайда болады.

2.Жаңа сабақ


-Аналарға сыйлайтын

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимайтын?

-Гүл дегенде қандай дыбыс естіледі?

-Ендеше, бүгін сендермен балалар, осы дыбыспен танысамыз.

"Г"деп айтып көрейік.

Артикуляциясына тоқталу.




-Ауыз қуысында айтылу барысында кедергіге ұшыраса қандай дыбыс болады?

(хормен)

-ГҮЛ




-"Г"




"-Гі- гі"

Айтқан кезде таңдай мен тілдің қатысуымен жасалады. тіл дыбысты қысады. Ауа таңдайға кеп тіреледі.

-Дауыссыз дыбыс.

Сергіту сәті

Ақ көбелек ақ гүлге қонды,

Көк көбелек көк гүлге қонды.

Жоғары ұшты, төмен ұшты.

Айналып ұшты. Ұшып ұшып әп -әдемі гүлдерге кеп қонып, шырынын сорды.

Балалар қимылдармен қайталайды.

Оқулықпен жұмыс


(слайд)

Шеге, шегеле, таға , тағала, белгі, белгіле, жаға, жағала.

"Ай мен әтеш" ертегісін тізбектеп оқу.

Кезекпен оқиды. Әр сөзден кейін сөздердің мағынасы ашылады .

Сергіту сәті

"Бәріміз билейік" баян аспабының сүйемелімен

Әндетіп, билейді.

Дәптермен жұмыс

Гг әрпін ауада жазып көрсетемін

Балалар қайталайды. Дәптерлеріндегі жазуды орындайды.

Тақтамен жұмыс

Қай кезде қ дыбысы ғ дыбысына айналады?

Қай кезде к дыбысы г дыбысына айналады?

Егер қ дыбысына аяқталатын сөздерге ы дыбысы жалғанса, қ ғ ға айналады.Мысалы:

3.Ой толғау (топтық жұмыс)

1-топ: г дыбысы бар сөздерді жазу;

2-топ: г дыбысы бар дайын сөздерді буынға бөліп жазу.

3-топ: Оқулықтағы сюжеттік сурет бойынша әңгімелеу;

4-топ: Г дыбысына байланысты жаңылтпашты айтып беру;

5-топ: Сурет салу;

Топтар бірлесіп жұмыс істейді. Қорғайды.

Сабақты қорытындылау

Сонымен Гг дыбысы қандай дыбыс?

Г дыбысы дауыссыз, ұяң

Мадақтау

Сабаққа ереше белсенділікпен қатысқан балаларға гүлдер тарату


Рефлексия

Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Қандай жұмыстар жасау ұнады?

Балалар ойларын ортаға салады.











-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Гг дыбысы мен әрпі (34.24 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт