Меню
Разработки
Разработки  /  Физика  /  Мероприятия  /  9 класс  /  Галактика әлемі

Галактика әлемі

тест
17.02.2023

Содержимое разработки

Галактика

Галактика дегеніміз не?

Бұл планеталар, тұмандықтар, ғарыштық шаң және басқа материалдар сияқты барлық аспан денелері кездесетін топ немесе үлкен агломерация. Негізгі ерекшелігі барлық осы материалдарды біріктіретін тартылыс күші - галактикалар. Күн және барлық планеталар орналасқан біздің Күн жүйесі - бұл Галактиканың бір бөлігі, ол Құс жолы деп аталады..


Құс жолы дегеніміз не? Құс жолы — құрамына Күн жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді галактика. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құралған. Құс жолы галактикасының барлық құраушылары кіші симметрия осінен айналатын, бірыңғай динамикалық жүйе болып байланысқан.

Галактикалар кеңістікте әркелкі бөлініп, топтар мен шоғырлар құрайды. Біздің Галактика басқа 15 галактикамен бірге галактикалардың жергілікті тобы деп аталатынды құрайды. Бізге ең жақын орналасқан деген галактикалар Магеллан бұлттары мен Андромеда тұмандығы.

Галактикалар типтері:

Галактикалар пішініне қарай үш негізгі типке бөлінеді - спиральді, эллиптік және бұрыс.

Спиральді галактикалар

Спиральді галактикаларға Құс жолы жатады, бұндай галактикалардың пішіні спиральге ұқсайды:

Эллипстік галактикалар

Эллипстік галактикалардың пішіні эллипске ұқсайды:

Бұнда спиральді галактикаларындағыдай ұзын қол сияқты бөліктер жоқ.

Бұрыс пішінді галактикалар

Бұндай галактикалардың пішіні эллипске де, спиральға да ұқсамайды. Мысалы мынандай пішінді галактика:


Галактика тарихы

Сонау 13 миллиард жыл бұрын Ғалам дәл қазіргідей емес еді. Ғалымдар осы уақыт аралығында жұлдыздар белсенді түрде түзілді деп есептейді.Жаңа жұлдыздар пайда болып, бір-біріне жақындай түсті. Бұл алғашқы жұлдыздар тобының құрылуына әсер етті.

Галактика қаншама жылдардан бері зерттеліп келе жатыр. Ғалымдар галактиканың сан түрлі құпияларын ашты. Алайда галактиканың әліде ашылмаған құпиялары көп.



-75%
Курсы повышения квалификации

Просто о сложном в физике. Молекулярная физика и термодинамика

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Галактика әлемі (234.82 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели