Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Разное  /  9 класс  /  Ғылыми Жоба :Ж. Ташеновтың қоғамдық -саяси қызметі

Ғылыми Жоба :Ж. Ташеновтың қоғамдық -саяси қызметі

Зерттеу жұмысы Кеңес одағы кезінде Оңтүстік жерін Өзбекстанға, солтүстік жерін Ресейге қосуға қарсы шығып, күрескен.қазақтың бір туар ұлы Жұмабек Ташенев өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне талдау жасау болып табылады.
27.11.2019

Содержимое разработки

Мазмұны :

Кіріспе

  1. Тарау. Жұмабек Тәшеновтың өмірі , саяси қызметі, ел тарихындағы орны .

    1. Жұмабек Тәшеновтың өскен ортасы.

    2. Жұмабек Тәшеновтың саяси қызметке келуі, қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы.

    3. Ж. Тәшеновтың ел билеген тұстағы Қазақ ССр-нің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

  2. Тарау .Қазақстан тарихындағы Жұмабек Тәшенов қызметінің маңыздылығы мен Ж. Тәшенов туралы қазақ интеллигенциясының пікірлері.

    1. Жұмабек Тәшеновтың аграрлық.мәдени салалардағы атқарған қызметтері.

    2. Жұмабек Тәшеновтың ел тарихындағы алатын орны мен маңыздылығы

    3. Жұмабек Тәшенов туралы қазақ интеллигенциясының естеліктері мен пікірі.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.























Кіріспе

Зерттеу жұмысының сипаты. Зерттеу жұмысы Кеңес одағы кезінде Оңтүстік жерін Өзбекстанға, солтүстік жерін Ресейге қосуға қарсы шығып, күрескен.қазақтың бір туар ұлы -Жұмабек Ташенов өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне талдау жасау болып табылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Ұлы тұлғалардың тарихтағы рөлін саралаған ҚР Ғылым және білім министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор Хангелді Әбжанов олардың тағдырлары қилы өлшемдермен анықталады дей келе, біреулері ғылым мен техника саласында көз көріп, құлақ естімеген жаңалық ашуымен тарихқа енсе, екіншілері, әдебиет пен өнердің үздік шығармаларын тудырумен атын мәңгілікке қалдырады. Ал, саясат пен мемлекеттік билік саласында ұлыларға қойылатын талаптың, ұлылар қатарына кірудің өлшем және -ұстанымы мүлде бөлек. Егер алдыңғылардың ұлылығы өзі өмір сүріп тұрған заманда ресми рәсімделусіз анықталып жатса, саясат пен мемлекеттік билік әлеміндегі ұлының ұлылығы әлденеше жылдар емес, ғасырлар өткеннен кейін мойындалуы, жемісін беруі мүмкін,- деп [ 1]тұжырымдаған еді. Қазақстанға, қазақ халқына сіңірген зор еңбегі әзірге лайық бағаланбаған, міне, осындай тау тұлғалардың қатарында Жұмабек Тәшенов тұр . Міне,сол себепті бүгінгі күн талабы Қазақстанның тәуелсіздігі жолында, жерінің тұтастығын сақтап қалуда тарихымыздан орын алып отырған Жұмабек Тәшеновтың өмірі мен қызметін талдауға жаңа көзқараспен қарауды, жаңаша бағалауды қажет етеді және бұл, әрине тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Демек, біз, тәуелсіз қазақ мемлекеттілігі жағдайында ұлттық санамызды жаңғыртып, тарихи танымыздың көкжиегін кеңейту үшін «тар жол тайғақ кешуден» өткен халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын жаңаша көзқараспен жазуға және қазақ тарихындағы «ақтандықтардың» орнын толтыруға міндеттіміз. Осыған орай, Отан тарихында әлі де үстірт қарастырылған немесе мүлдем зерттелмей, тарихи тұрғыдан шынайы өз бағасын ала алмаған мәселелер аз емес. Соның бірі – Жұмабек Тәшеновтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметіне тарихи талдау жасау және одан тарихи сабақ яғни, ғибрат алу болып табылады. Екіншіден, Кеңестік кезеңде «қасақана бұрмаланған» қазақтың ұлт зиялылары мен саяси элитасаның қоғамдық-саяси қызметін тереңде жатқан тарихи, саяси, ұлттық және мәдени дәстүрлерге сүйене зерделеу арқылы шынайы, тарихи бағасын беру қажет. Үшіншіден, Жұмабек Тәшенов сынды қазақтың бір туар азаматының хрушевшілдік саясатықа тайсалмай, ұлт мүддесін қорғап қалуын насихаттап, дәріптеу, жастарға отансүйгіштік тәрбие беруде маңызы зор деп есептейміз. Сондықтан қарастырылып отырған тақырыбымыз арнайы ғылыми зерттеу нысаны болуға әбден лайық, тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі деп білеміз.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Жұмабек Тәшеновтың қоғамдық-саяси қызметін жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан қорытып, деректерге сүйеніп тарихи шындық тұрғысынан зерттеу оның өз ұлтына берілген шынайы келбеті мен қайталанбас ерекшеліктерін ашып көрсету – зертеу жұмысының басты мақсаты. Жұмабек Тәшенев тәрізді тұлғалар туралы тарихи кітап жазу, олардың еліне, халқына сіңірген еңбегіне баға беру — аса жауапты іс, Отан тарихы ғылымы бойынша зерттеу жұмысымен айналысушылардың ерекше мән беріп, кезең ақиқатын ашып, терең зерделенуге тиісті тақырыптардың бірі. Жұмабек Тәшенев тәрізді тұлғалар туралы тарихи кітап жазу, олардың еліне, халқына сіңірген еңбегіне баға беру — аса жауапты іс, Отан тарихы ғылымы бойынша зерттеу жұмысымен айналысушылардың ерекше мән беріп, кезең ақиқатын ашып, терең зерделенуге тиісті тақырыптардың бірі. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:

- Ж. Тәшеновтың саяси көзқарасының қалыптасуына оның өскен ортасының әсерін анықтау

- қызметіне қатысты шетелдік және отандық зерттеулерді жинақтау және олардың ғылыми деректік маңызына дәйектілікпен қарау.

Тақырыптың тарихнамасы: Қарастырылып отырған мәселенің тарих-намасы ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығынан бастау алады. Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяғанның редакциясымен «Ұлы Дала тұлғалары» се-риясы бойынша жарық көрген ғалымдар Сейітқали Дүйсен мен Қанат Ең-сеновтың «Жұмабек Тәшенов» атты ғылыми зерттеу еңбектері. Осы уақытқа дейін қазақ халқының осындай біртуар абзал азаматы жайлы арнайы зерттеу еңбектің жазылмай келгендігі ойланарлық жағдай. Тек ел тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ол жөнінде көзкөргендердің естеліктері мен газеттік шағын мақалалардан құралған бірнеше жинақ жарық көрді. Алайда олардың бәрі бірдей мұрағат деректеріне негізделмеген, ғылыми нақтылығы шамалы дүниелер еді. Сондықтан да авторлар тақырыптың зерттелу аясын кеңейтіп, қайраткердің өмірі мен қызметіне қатысты мұрағат деректерін тауып, оларды кезеңдік мерзімдерге қарай жүйелеп, еңбектердің әрқайсысына жан-жақты тоқталып өтіпті. 

Жұмекеңнің өмірін зерттеп, оның тарихи тұлғасын келер ұрпаққа жеткізу жолында тер төгіп жүргендер аз емес. Солардың бірі тарих ғылымдарының кандидаты Кәрішал Асан Ата. Ол өзінің Ж.Тәшеновтің өмірі мен қызметін зерттеудің нәтижесінде жазған кітабында Жұмекеңнің өміріне байланысты көптеген құнды құжаттарды келтірумен қатар, оны жақсы білетін, істері мен әрекеттерін өз көздерімен көрген әріптестері, жолдастары жә­не сол кездегі жас достары профессор С.Кен­же­баевтың, академиктер С.Қирабаевтың, Х.Ар­ыс­танбековтің, генерал С.Нұрмағанбетовтің және т.б. естеліктерін келтірген.

Қарастырылып отырған мәселенің ғылыми әдебиеттерде баяндалу тарихына жасалған шолу тақырыптың арнайы зерттеу обьектісі болмағандығын аңғартады. Кеңестік дәуірде бұл мәселені арнайы қарауға қажетті алғышарттар қалыптаса қоймады. Еліміз егемендік алғаннан кейін ғана халқының тәуелсіздігін армандаған тарихи тұлғаларымыздың атқарған істері тарихнамаға ене бастады. Мұның өзі тақырыптың өзектілігін арттыра түседі.





















  1. Тарау. Жұмабек Тәшеновтың өмірі , саяси қызметі, ел тарихындағы орны .

    1. Жұмабек Тәшеновтың өскен ортасы

Ж.А.Тәшенев 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Танакөл ауылында дүниеге келген (бұрынғы жері қазіргі Береке және Қойгелді ауылдары арасында). Кейбір деректерде туған жері Бабатай стансасы деп көрсетіледі .Әке-шешесі орта дәулетті адамдар болған. Арғы ата-бабалары осы өңірде ежелден мекендеген. Қазақстан Ресей империясына қосылған соң 1832 жылы Ақмола атауымен приказ құрылып  қала салынды. Қалада орыс-казактары мен бірге жергілікті тұрғындар - қазақтар және татарлар, башқұрттар т.б. мекендеді. Әкесі Жақсыбаев Тәшен, шешесі Гүлсімнің шағын шаруашылығы болды. 1917-1924 жылдары іргелес орналасқан Мартыновка поселкісінде әртүрлі жұмыстар атқарып, 1931 аурудан қайтыс болды. Тәшен мен Гүлсімнің Қасым (жастай шетінеген), Қасен, Манап, Жұмабек, Бидан (Бибінұр), Сақыш (Сақыпжамал) атты балалары болған.  Жұмабектің туған жері Танакөл ауылы (№ 7 ауыл), туған уақыты - 20 наурыз 1915 жыл екенін тарихшы ғалымдар, монография авторлары Сейітқали Дүйсен және Қанат Еңсенов анықтады [2, 22 б.]. Танакөл ауылы Бабатай кентіне өте жақын орналасқан болатын, ал 1930-жылдары колхоздарды біріктіру және ірілендіру кезінде Танакөл ауылы жойылып кеткен. Қазақ өлкесінде тұрғындардың туған жері мен уақытына қатысты әркелкіліктер құжаттандыру жұмысының төмендігінен және тұрғындардың туу туралы куәліктер алуға құлықсыздығынан болып отырды. Өйткені тұрғындар үкімет тарапынан ресми есепке тіркелсе мемлекетке төлейтін салықтар түрі көбейетін болған. Келесі мәселе – Жұмабектің неге Ахметұлы болып жазылуы туралы. Ташеновтардың жақын туысы Дәметкен жеңгейдің айтуынша, қазақтардың ежелгі туыстық дәстүрі бойынша Жұмабек пен Манап Тәшеннің баласы жоқ кіші інісі Ахметке балалары етіп асырауға берілген. Ташеновтер отбасын жете зерттеушілердің бірі Кәрішал Асан-ата (Асанов) осындай оқиға Қонаевтар жанұясында кездескенін келтіреді [3, 10-11 б.]. Мәселен, Жұмабек Ташеновтың замандасы, республиканы ұзақ жыл басқарған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған інісі Асқар Меңліахмет тегінде жазылған. Сонымен бірге Ж.А. Ташенов тегі «Тәшенов» және «Тәшенев» болып жазылуы да кездеседі. Жоғарыда көрсеткеніміздей қазақтар өмірге бала келгенде және есімін қойғанда өздерінің салт-дәстүрлерін негізге алған. Шағын «Танакөл» ауылы «Бабатай» поселкісіне таяу орналасқан және 1930 колхоздарды қосу мен ірілендіру науқаны кезінде жойылып кеткенге ұқсайды. Жұмабек Ташенов еңбекке жастайынан араласты. 1936 жылы 26 қарашада Вишнев аудандық Жер комитетінің өкілі Школьныйдың қолы қойылып, мөр басылған құжатта (есімі, әкесінің аты өшіріліп қалған) Жұмабек әкесі Тәшенмен бірге «Қуаңшылықпен күрес» колхозының малын баққаны жазылған. 20-30 жылдарда Ташеновтар отбасы күрделі жағдайда өмір сүріп қиналғанымен жас Жұмабек мойымай шыңдалып өсті . Адамдардың аштан қырылуы, қоныс аударуы, халықтың жаппай наразылығы, басқаша ойлайтындарды саяси қуғындау жас Жұмабектің көз алдында өтіп, оның қоғам туралы көзқарасына, жан дүниесіне әсер етті. Адам болмысының заңдарын терең тану, оның өмірлік тәжірибесін молайтып берік мінез-құлқын қалыптастырды. 1928 жылы комсомол жастар қатарына қабылданды.
1928-1932 жылдары шаруа жастары мектебінде білім алуы, Ғаяз Абдуллин, Мәлік Тәукенов сияқты зиялылармен араласуы, алдыңғы қатарлы қазақ және орыс әдебиетімен танысу оның дүниетанымын кеңейтті. 1933 жылы ағасы Манаптың ақылымен Ақмола құрылыс техникумына оқуға түседі. Жұмабек Ахметұлы техникумдағы оқуын үзіп, 1934 жылы Ақмола аудандық атқару комитетінде 4 ай қызмет атқарып, сол жылдың қазан айында Көкшетау облысының (ол кезде Қарағанды облысы - авт.) жаңадан шаңырақ көтерген Красноармейский аудандық Атқару комитетінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалады 1934 жылы Ж.А. Ташенов Вишнев аудандық Атқару комитетіне жұмысқа қабылданып, Солтүстік Қазақстан облысы Красноармия ауданына жұмысқа ауыстырылады. Осылайша 1934 жылы Ж.А. Ташенов мемлекеттік қызметке қабылданып 1975 жылғы 28 мамырға дейін атқарады. 1940 жылы БК(б)П (1952 жылдан КОКП) қатарына қабылданады. 1934-1944 жылдары Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында әртүрлі қызметтер атқарды. 1939 жылы 27 тамызда Бейнетқор (қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы - авт.) ауданына жер бөлімінің бастығы етіп тағайындалады. Бұл қызметті ол 1942 жылдың тамызына дейін атқарады. Осында ол орта мектеп көлемінде білімі болу қажеттігін түсініп, негізгі жұмысын атқара жүріп, өздігінен дайындалып, оқуын жалғастыру үшін осы аудандағы орыс мектебін сырттай оқып бітіреді. Өстіп жүріп осы ауданда қызмет істеп жүрген өзі сияқты жас маман Бәтес атты бойжеткенмен танысып, отбасын құрады.   

Содан 1928-1933 жылдары жергілікті шаруашылық жастар мектебінде оқыған. Бір курс 1933-1934 Ақмола құрылыстық техникумда оқыды. 1934-1939 жылдар аралығында Ақмола, Ақмола облысы Вишнев, Қарағанды облысы Нұра және Солтүстік Қазақстан облысы Советтік, Бейнетқор аудандық атқару комитеттерінде жауапты хатшысы болып қызмет атқарған. 1939- 1943 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы жер бөлімі бастығының орынбасары қызметіне көтерілді.



1.2. Жұмабек Тәшеновтың саяси қызметке келуі, қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы.

1945 жылы Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары және мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 1947-1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1948-1951 жылдар аралығында осы Облыстық атқару комитетінің төрағасы болып бекіді. 1952 жылы Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығы қызметіне тағайындалды. Облыста жақсы қызмет істеп, жоғары көрсеткіштерге жеткен Ж.Тәшеневті халық 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы қызметіне сайлады. Мұнан бес жыл өткеннен кейін лайықты басшысы болып саналған 45 жастағы Тәшенев 1960 жылы қаңтар айында Қазақ КССР Министрлер Кеңесі төрағасына тағайындалды. Бұл қызметтен 1961 жылы қантар айында босатылған соң, бес ай бойы жұмыссыз отырды. Кейін қитұрқы саясаттың кесірінен Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының қатардағы орынбасары қызметіне дейін әлдеқалай кенет төмендетілді. Содан Жұмабек Тәшеневтың алпыс жасқа жеткенін күткендей, оны 1975 жылы наурыз айында мемлекеттік қызметтен шұғыл еңбегі сіңген дербес зейнеткерлер қатарына босатып жіберді. Ел ағасы болып танылып, халық құрметіне бөленді. Жанқиярлық еңбегі үшін Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Соқтықпалы соқпақсыз өмір жолын бастан кешірген аяулы азамат 1986 жылы қарашаның 18 күні 71 жасында дүниеден өтті. Ол өмір сүрген кезеңде қасқайып тұрып, ұлттың намысын қорғау, жерін сақтаймын деп талпыну, жүрек жұтқандық пен азаматтық таныта білу кез-келгеннің қолынан келмейтін кез еді.



1.3 . Ж. Тәшеновтың ел билеген тұстағы Қазақ ССр-нің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Елі мен жерінің тұтастығын сақтап қалу жолында кеңестік жүйеге қарсы шыққан Жұмабек Тәшенов Н.С.Хрущевтің Қазақстанның бес облысын (сол кездегі Целиноград қаласымен қоса) Ресейге қосуға тырысқан әрекетіне батыл тойтарыс берген.

Осындай табанды қарсылыққа кездескен Н.С.Хрущев бұдан кейінгі уақытта қазақ ішінен шыққан басшылардың сөздеріне құлақ салуға, халқының пікірімен санасуға мәжбүр болған болатын. Егер КСРО басшысының сол жоспары іске асқанда Қазақстанның бір бөлігінен де, қазіргі Астана қаласынан да айырылып қалмақ түгіл, қазақ мемлекетінің территориялық тұтастығынан да біржола қоштасатын жағдай еді. Олай болатын болса, Жұмабек Тәшеневтің іс-әрекеті сталиндік зұлматтан кейін еңсесі түскен халықтың ұлттық рухын оятқан ерлік оқиға болды».

Ірі мемлекет қайраткері, ел қамқоры, халық ардақтысы – Жұмабек Ахметұлы Тәшенев қазақ жерін қорғап қалмаған біздің территориямыз төмендегідей болар еді.


Тура осы оқиғалардан кейін  30 жылдан соң Қазақ елі тәуелсіздігін алған болатын. Біз тәуелсіз ел ретінде территориямыздан айырылып әлемдік қауымдастыққа қандай күйде енер едік деген сауал көкейде тұрады. Сондай –ақ біз неден айырылып неден ұтылар едік.  Осы сауалға жауап іздеп көрелік.  Бірінші, Қазақ елі аумақтық тұрғыдан алғанда Қазіргідей әлемде 9 орын емес 15-ші  орында болушы еді.  Атап айтқанда солтүстік бес облыстың ауданы   565 мың шаршы шақырым,  Маңғыстау облысы ауданы 165.6 мың шаршы шақырым,Оңтүстік қазақстан облысы 117 мың шаршы шақырым территорядан айырылып қалар едік. Барлығымыз білеміз Қазақстан материк ішілік мемлекет. Қазіргі таңда біз Еуразия материгінің орталығында орналаса отырып мұхиттарда алшақ тұрмыз.

«Экономист, профессор Ғарай Сағымбаевтың Ж.Тәшенов республика басшылығында болған 6 жылда Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті қарыштап алға басқанын төмендегідей деректермен көрсетеді: электр энергиясы қуатын өндіру – 2 есе, мұнай өндіру – 1,6 есе, көмір өндіру – 2 есе, цемент шығару – 15 есе, мақтадан мата тоқу – 5 есе, тоқыма сырт киім шығару – 3 есе, минералды тыңайтқыш өндіру – 2 есе, аяқ киім тігу – 4 есе, ет өндіру – 2 есе, қант өндіру – 1,5 есе, мал майын шығару – 1,4 есе, өсімдік майын шығару – 2 есе өскен. Егіс көлемі – 6 миллионнан 22 миллион гектарға, ірі қара мал саны – 5,5 миллион, қой мен ешкі – 28,5 миллион басқа дейін өсті. Халық шаруашылығында 125 мың жоғары білімді, 215 мың орта білімді мамандар қызмет етті. Бес жылда 690 мың пәтер салынып, 2,4 мың кәсіпорындар мен мекемелер іске қосылады. 6140 кітапхана, 5140 клуб, 4777 киноқондырғылар, 25 музей, 19 облыстық театрлар жұмыс істеп тұрды. Сөйтіп, халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмыс мәдениеті айтарлықтай жақсарды». [4]

«Ғ.Мүсірепов іссапармен Шымкентке келгенде профессор Керімбек Сыздықов серік болып, ол кісіні ертіп жүреді. Сол сапарда Ғ.Мүсіреповтың Ж.Тәшеновке қарап айтқан мына бір сөзіне куә болыпты. Ғ.Мүсірепов: «Біз ЦК емеспіз, біреуді бір орыннан алып, бір орынға қоя алмаймыз. Жазушы деген халық кісіге өз жүрегінен орын береді. Әр уақытта менің жүрегімнің төрінен орын алатын менің ер інім, еркек інім Жұмабектің мынау елге келген қадамы сіздерге құтты болсын деп тілек айтпақпын»,- деген екен.» [5]

Халық жадында Жұмабек Тәшеневтің республика экономикасының барлық саласын жетік білетін шаруашылықты талантты жүргізетін ұйымдастырушы, іскер басшы екендігінің көптеген мысалдары бар.

Жұмабек Ахметұлы Шымкент облысында атқару комитеті төрағасының орынбасары кезінде, күзде Түркістан аймағының мақташылары мақта тазарту зауытында су мақтаны кептіруге отын таба алмай қиналып жатқанда, сол ауданға уәкіл болып барған Жұмабек Тәшенев Қарағанды облысының басшылығымен хабарласып қажетті 1,5 мың тонна көмірді жеткіздіріп береді. Соның арқасында аудан мақта дайындау жоспарын 102,7 пайыз орындайды. Сонымен қатар Жұмабек Ахметұлы Түркістандағы Қ.А.Яссауи кесенесінің жанында топырақпен көміліп жатқан шығыс моншасын қалпына келтіріп іске жаратуды жүзеге асырады. Ж.Тәшеневтің іскерлігін, қабілетін Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы В.А.Ливенцовтың өзі мойындауға мәжбүр болған. Ол 1964 жылы Мәскеудің өкілі қатысып отырған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіндегі мәжілісте Н.С.Хрущев Ж.Тәшеневті намысына тиіп, қызметінен төмендетіп бізге облатком төрағасының орынбасары етіп жіберсе де, ол өзінің таңғажайып қабілетінің арқасында Оңтүстік Қазақстандағы ең құрметті адам болып отыр деп мәлімдеген. Жұмабек Тәшенев айтқанынан қайтпайтын, екі сөйлемейтін тік мінезді адам болған. Оның от шашқан көздеріне ешбір жан тік қарай алмайтын. Алайда, Жұмабек Ахметұлымен жақын араласқан адам оның ашық жарқын, жүрегі кең, жайдары жан екенін түсіне біледі. «Құнары жоқ қырқаға, көктеп өсіп гүл бітпес, ержігіттің тағдыры, туған жермен кіндіктес» – дегендей, қазақтың шұрайлы жерлерін кеңестік солақай саясатқа бағынбай, қорғап, халқына қол ұшын беруді өзінің азаматтық борышы деп ұғынды. Адамзаттың арман ойы таусылған ба? Бірақ, амал қанша, өмірден өзі кетсе де, көзі қалды, артында өнегелі ісі мен өшпес ізі қалды.






2.Тарау .Қазақстан тарихындағы Жұмабек Тәшенов қызметінің маңыздылығы мен Ж. Тәшенов туралы қазақ интеллигенциясының пікірлері.

2.1. Жұмабек Тәшеновтың аграрлық.мәдени салалардағы атқарған қызметтері.

Ұлтының басына күн туған, қиын кездерінде қасынан табылған Жұмабек қазақ жерінің телім-телім болып, ұстағанның қолында, тістегеннің тісінде кетпеуі үшін жан аямай күрескен ұлы отаншылы.  Ата-баба аманатына адалдығымен, жерін жатқа беруге қарсы жан аямай күрескен ерлігімен, өз еліне адал азаматтығымен есте қалған қайсар азамат.

Ж.А.Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды  Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды. “Қазақ әдебиеті” газетін жабудан, “Социалистік Қазақстан” газетін “Казправданың” аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. Жұмабектей атамыздың ең көп айтылатын ерлігі: Қазақ жерінің талан-таржыға салуға қарсы күресі [6,б.214].

1950-1956 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық, Мақтаарал аудандарын Өзбекстанға беруге қарсылық көрсетті. 1950  жылдары Кеңес Одағының басшысы Н. Хрущевтің қолдауымен орыс шовинистері Қазақстанды паршалау арқылы, қазақтан келетін қауыптың алдын алуды жоспарлады. Ал өзбектер өзіне күндес, бәсекелес есептейтін қойдан қоңыр қазақтың жерін тартып алуды орыстардың қолымен, атап айтқанда Никита Хрущевтің қолымен жасады. Қай кезде де орыстар өздеріне келетін қауыпты ең алдымен қазақтан іздейтін [7, б.8]. Орыстар бірнеше  түрлі саяси мақсаттағы жобаны ойлап, тауып жоспарлады. Тіпті, өздерінің сенімді адамдары арқылы Хрущевке мақұлдатты. Міне соның біріншісі, Бостандық ауданын Өзбекстанға қосу жоспары болатын. Өзбектердің көрсеткен себебінде, бұл аудандарға қазақтар Өзбекстан арқылы өтетіндігі мен Тәшкентке жақындығы айтылып, оның үстіне  мақта мол шығатын аудандарды бір басшылыққа жинап, еңбек өнімділігі мен басқаруды қолайлы ету керек деп көрсетілді. Сол арқылы қазағы көп Оңтүстік аудандарды Өзбекстанға қосу арқылы қазақтың күшін әлсіретуді көздеді. Міне дәл сол кезде, 1955 –1960 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы қызметін атқаратын Жұмабек Тәшенов өзі төрағалық етіп, осы мәселе бойынша арнаулы комиссия құрды. Комисся шешімі бойынша: “Бостандық ауданының жері мал өсіруге ыңғайлы, құрылыс материалдарын өндіруге, су- энергетикалық қоры мол, қорғасын, көмір және машина жасау өндірістерінің жұмыскерлері демалатын санаторийлер ұйымдастыруға өте қолайлы. Сондықтан бұл ауданды Өзбекстанға беруді қолайсыз санаймыз” деген шешім шығарады [8,б.8].

Комиссия шешімі 1955 жылдың 1 маусымында Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Л.И. Брежневке жіберіледі. Л.И. Брежнев басқарған комиссияның қорытындысына қарсы келмеді. Қайта қолдау білдіріп, “Бостандық ауданы Өзбекстанға берілмесін” деген қаулы қабылдайды. Өкініштісі, Москва өз шешімдерін өзгертпеді. Осылайша қасиетті қазақ жері өзбектерге беріліп кетті. Тіптен кейін өзбектер осы тәсілмен Мақтарал ауданын, Түркістан, Бағыс ауылдарын иемденіп кетті. Ал қазақтың салақ басшылары бұл мәселеде салғырттық істеп, өзбектерге көмектесті. Десе де қазақтардың тепкінді қарсылығы Москваны ойландырып тастады [9,б.3].

Солтүстік облыстарды, Тың өлкесін Ресейге қосуды тоқтатты. Академик Б. Ермұқанов «Сіз бізге қарсы емессіз, сіз өз күйіңізді күйттейсіз» деген мақаласында мынадай мысал келтіреді: ғұндардың ұлы мемлекетінің іргесін қалаушы Модэге (б. з. д. 209 ж.) дұшпандар келіп, одан сәйгүлік арғымағын беруді талап етіп, сонан соң ғұндардың аса сүйікті әйелдерінің біреуін алып кетуін емеурінмен білдіреді, ол сұрағандарын береді. Ал олар жердің бір бөлігін алғысы келгенде, ол ашуға булығып: «Жер — мемлекеттің тұғыры, оны қалай беремін?», — дейді. Ол өзіне жерді беру жөнінде кеңес айтқандардың бәрінің бастарын шауып, жауларға тарпа бас салып, оларды талқандаған [10,б.138]. Одан әрі мақала авторы мына жәйтке назар аудартады: «… 60-шы жылдардың бас кезінде Никита Хрущев Қазақстанның бес облысы (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Павлодар) кірген Тың өлкесі деп аталатын құрылым арқылы өлкені тікелей орталыққа бағындырып, іс жүзінде қазақ жерін күштеп бөлшектеуге жанталаса ұмтылған кезде республиканың аумақтық тұтастығына айтарлықтай қатер төнген еді. Бағымызға қарай, осы сәтте Хрущевтің буынсыз жерге пышақ салған ұсынысына өжет басшы — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Ж. Тәшенов батыл қарсы шықты. Ақыры Одақ басшысының бұл даурықпа дәмегөйлік пиғылы жүзеге аспай қалды»

Ж. Ташенев 30-50- ші жылдары саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісіне маңызды үлес қосты. Құрылған арнайы комиссия жігерінің және оның принципті басшысының арқасында жақын арада көптеген аман қалған қазақ ғалымдары, әдебиетшілері және саяси қайраткерлері қуғыннан қайтарылды және абақтыдан босатылды. Олардың арасында атақты тарихшылар Ермұхан Бекмаханов, Бек Сүлейменов, Есмағанбет Исмаилов, Хамза Есенжанов, Зейін Шашкин және де орыс жазушылары Галина Серебрякова и Александр Солженицын. Қазақ халқының атақты ұлдары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгуровтың адал аттары құқығы қалпына келтірілді. Ұлт әдебиетінің атақты классиктерінің шығармалары оқырмандарға қайтып келді.

Кремль ойланатындай ол Қазақстан аумағында ядролық сынауларды өткізуге қарсы шықты. КСРО экономикалық апат алдында болды және полигонды ұстау үлкен мәселеге айналды [11].

Бұл адам қарапайым адамдарға ниеттес қарым – қатысымен таңғалдырған, олардың мәселелерін тез шешетін. Жұмабек Ахметұлы Алматының орталығында салынған 120-пәтерлік тұрғын үйді Қазақстанның мәдени қызметкерлеріне бергізді. Ол Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» романын Ленин сыйлығына ұсынуды бастамашылық етті.

«Қазақ әдебиеті» газетін жабудан құтқарып қалды, ал «Социалистік Қазақстан» газетін «Казправдының» аударма нұсқасы болатын айбаттан қорғады.

Сондай-ақ ұлтқа қарсы жасалған қиянатқа көнбейтін, қазақтың келешегіне балта шабар науқаншылдыққа төзбейтін Тәшеновтің үлкен ерлігі мынандай бір оқиғадан анық көрінеді.

1958 жылдың 28 шілдесі. Атақты Орталық Комитеттің мәжіліс залы. Шұғыл шақырылған мәжілістің күн тәртібіндегі мәселе біреу-ақ, ол – «Қазақ әдебиеті» газетін жабу. Қызыл идеологтардың пікірінше, негізін қазақ кеңес әдебиетінің басында тұрған алыптар қалаған газет қаратабан пролетариаттың жырын жырлаудың орнына «халық жауларының» сойылын соғып кеткен. Сыныққа сылтау болатын сұмдық айыптаулардың өзі әлденеше бетке жетіпті.

Алдын-ала дабыра қылмаса да, мәжіліске қатысуға Сәбит, Ғабиттермен қатар А. Жұбанов, Ә. Сәрсенбаев, Р. Бердібаев, Қ. Жұмалиев,

Қ. Мұхамеджанов, Қ. Тоғызақов пен С. Шаймерденов келіпті. Олар осы орынсыз шешімге қарсылар тарапынан орын алды. Әсіресе, «газетті менің өлімімді аттап барып жабады», - деген партизан ақын Ж. Саинның беті қатты. Ең өкініштісі – ұлттың намысына айналған басылымды тұншықтырушылардың алдын-ала дайындалған жалбаңбайлардың жарыс сөзінен кейін ғана «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы С. Мәуленовке сөз тиеді. Төрде төбедей болып отырған Ж. Тәшеновтің «Тайсақталмай батыл сөйле!» деген сөзіне арқаланған ақын ойындағысын ірікпей айтыпты. Орталық комитет өкілдері Яковлев, Журин, Гавриловтар осы мәжілісте оңбай жеңілді.

Ж. Тәшеновтің табандылығының арқасында С. Мәуленов қызметінен алынғанымен «Қазақ әдебиеті» аман қалады. Сол жылдар естелігіне сүйенсек, жаны сыршыл Сырағаң қызметтен қағылғанын мәнзүр қылмастан Комитет ғимараты алдындағы жиналған жанашырлар ортасында «Біз жеңдік!», деп гүр-гүр етіп жүрді деседі [12].

Жұмабек Ахмет­ұлы өз кезінде өнер, мәдениет, ғылым саласындағы адамдарға да қолы­нан келгенше қамқоршы бо­ла білген кісі. Академик Шапық Шө­кин­нің айтуынша, кейіпкеріміз 1960 жылы Үкімет басшысы бол­ған кезде қазақ-орыс сөздігін ал­ғаш құрастырған көрнекті ғалым Хайрулла Махмудов оның қабылдауында болады. Өзінің жай-күйін айтып, баспана жөнінен көмек сұрайды. Сонда Жұмабек Тәшенев: «Сіздей адам қалай үйсіз жүр? Қаладағы салынып жатқан үйлерден қалаған пәтеріңізді көрсетіңіз. Сол сіздікі болады», – дей­ді. Сөйтіп, Х.Махмудов Алма­тының шуылы аздау тыныш жеріндегі пәтерге ие болады. Жұмабек Ахметұлы 1958 жылы қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеудегі онкүндігін өткізуге үлкен күш-жігер жұмсайды. Со­нымен бірге, Қалибек Қуанышбаев, Роза Жаманова, Ермек Серкебаев, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев сияқты өнер тарландарына одақ­тағы ең жоғары КСРО халық әртісі атағын алып беруде де үл­кен қажырлылық көрсетеді. Осыған дейін жоғарыдағыдай көлемде үлкен бір топ болып жоғары атақ алу қазақ топырағында болмаған екен. Сондай-ақ, 1960 жылы ол кісі Алматыдағы қазіргі Қонаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы сәулетті 120 пә­терлік үлкен үйді түгелімен дерлік өнер және әдебиет қайраткерлеріне бергізеді. Жұмекең атамыз қазақ арасынан шық­­қан кемеңгер тұлғаларға бір кө­ше­нің өзін беруге қимай, үне­мі сараңдық танытқан Мәскеуді Алма­тының ең үлкен еңселі көшесіне Абай Құнанбаевтің есімін беруге және сол көшенің қақ төріне ақын ескерткішін қоюға көндіреді. Халқымыздың рухани оянуынан тайсақтап, сан түрлі сылтау айтқандарға Қазақстан Үкіметінің басшысы Тбилисиде – Руставелидің, Мәскеуде – Горькийдің, Таш­кентте – Науаидің атындағы көшелер, ескерткіштер бар екен­дігін бұлтартпас дәлел ретінде кел­тіріп, бүгінде көзіміз көріп, та­ма­шалап жүрген Абайдың алып ескерткішінің орнатылуына сеп­тігін тигізген.
Репрессия құрбандарын ақтау комиссиясының төрағасы ретінде талай-талай мықтыларымыздың ақталуын жеделдетуі, сондай-ақ, қазақ кадрларын билікке тарту және т.б. тізбектеп келтіре беруге болатын қызметтері аз болған жоқ. Міне осы оқиғадан Ж.Тәшеновтің тек қазақ халқының жерін сақтап қалуға ғана емес, сонымен бірге мерзімді басылымдардың қыл үстінде тұрған тағдырына да арашашы болғандығын көріп отырмыз.


Жұмабек Тәшенов осындай акциялар өткізді: - ол Алматы қаласының бас магистральдарының бірін Абай даңғылы деп атау және оның басында ұлы ойшыл мен ақынға ескерткіш орнату туралы ұсыныс жасады. - Қазақстанның КП ОК бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметов жанында басталған істі аяғына дейін жеткізу үшін Медеу шатқалында спорт кешенінің құрылысын жүргізу үшін өзінің аға әріптесін, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Төрағасы К. Е. Алматы қаласында Ворошилова Медеу тауына құрметті қонақты апарып, әдемі шатқалды көрсетіп, оны қызықтырды және өзінің өтінішін негіздеп, кешенді аяқтау үшін қажетті қаражатты "таңдады" ;

- КПСС ХХ съезінің шешіміне сәйкес барлық республикалар бойынша "халық жауы" деп аталатын күрес компаниясының қаралы жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау жөніндегі комиссия құрылды, оның ішінде қазақ халқының көптеген даңқты ұлдары мен құрбандары болды. Міне, осындай жөніндегі Комиссияға қалпына келтіру мейірімді еске алу өтірік жаламен айыпталған және сотталғандардың ақтап алі ісін қазақстанда басқарған- Жұмабек Ахметұлы Тәшенов; - ол 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнері мен әдебиеті онкүндігінің бастамашысы болды, Қазақстандық әдебиет пен өнер қайраткерлерінің мемлекеттік наградалармен лайықты бағалануына, ал бес көрнекті әртістерге "КСРО Халық әртісі" деген жоғары атақ берілуіне жан-жақты ықпал етті;; - Алматы орталығында салынған 120 пәтерлі үйді Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткерлеріне толық берілуіне қол жеткізді, олардың көбі жылдар бойы Алматы қаласында пәтерсіз тұрып қалды; - Мұхтар Әуезовтың "Абай" романын Ленин сыйлығына ұсынуға бастамашылық етті; - оның бастамасы бойынша Социалистік Еңбек Ері күрісші Ыбырай Жақаев пен шопан Жазылбек Қуанышбаев екінші жұлдызына ұсынылды; – ол Жезқазғандағы геологиялық партияның басшысы Шахмардан Есеновты бірінші болып қабылдап, оны Қазақстан Республикасы Геология министрінің орынбасары етіп тағайындады.; - Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновке үшінші Алтын Жұлдыз беруге, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы мен Рахымжан Қошқарбаевқа Алтын Жұлдыз беруге жан-жақты жәрдемдесті, - Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтарға қарсы батыл мәлімдеме жасады.



    1. Жұмабек Тәшеновтың ел тарихындағы алатын орны мен маңыздылығы

Жұмабек Тәшеневтың тірі кезінде ел арасында оның «кісендегі жолбарыс» деп аталуы да бекер емес. ...Ол, біріншіден, Абайды ұлықтау арқылы өз халқын да өркениетке бір табан жақындата түсерін білді.

Алайда ол кезде мәселенің барлығы Кремльде шешілгені мәлім. Ақша жоқ деп болмашы шығынның өзін қиынсынған орталықтағы шенеуніктерге ол Тбилисиде – Руставелидің, Мәскеуде –Горькийдің, Тәшкентте – Науаидің сондай ескерткіштері барын алға тарта отырып, ұтымды сөзбен бұлтартпастай делел келтіреді.

Мәскеудегілер амалсыз мойынсұнып, Абайдың атымен көше атауға және алып екскерткішін орнатуға рұқсат береді.

Екінші, сталиндік қызыл террордан жазықсыз жапа шеккендерді ақтау кезінде айырықша белсенділік танытуы. 1956 жылы 25 ақпандағы КПСС-тің ХХ съезінен кейін жылымықтың басталғаны мәлім. Сол кезде репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі республикалық комиссияның төрағалығына Жұмабек Ахметұлы сайланып, Е. Бекмаханов, Қ. Мұхамедханов, Х. Есенжанов, З. Шашкин сынды қазақ ғалымдары мен ақын жазушыларын сөзбұйдаға салмай, абақтыдан дереу шығаруда үлкен еңбек сіңіреді.

Үшіншіден, 1958 жылы қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеудегі он күндігін абыроймен өткізуге барын салып, бес бірдей қазақ өнерпазына ең жоғарғы атақ КСРО Халық әртісі атағын алып беруі.

Осыдан кейін мұншама әртістің бір мезгілде жоғарғы атақ алуы қазақ топырағында бұрын соңды болмаған екен.

Төртіншіден, «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерін жабылудан аман алып қалуы.

Бесіншіден, Медеу мұз айдынының салып біріруіне күш салуы.

Алтыншыдан, халық батыры Б. Момышұлына Кеңес Одағының батыры атағын алып беруге әрекеттенуі. Бұл мәселе шешілмесе де, Ж. Тәшенов Бәукеңнің «Москва үшін шайқас» кітабының идеологиялық бөгеттерді бұзып өтіп, жарық көруіне септігін тигізді.

Жетіншіден, ол қолында билік тұрғанда қазақтың барлық талантты өнерпаздарына, дарынды тұлғаларына жақсылық жасаған. Еңбек майталмандары Ыбырай Жақаев пен Жазылбек Қуанышбаевтың Еңбек Ері атануы да, Нұрмолда Алдабергеновтың екінші рет Еңбек Ері атануы да Жұмекеңнің тікелей араласуымен біткен іс. Мұхтар Әуезовтың Лениндік сыйлық алуына да көп күш салған дейді білетіндер.

Сегізіншіден, ұлттық кадрлардың өсуіне, олардың жоғары өрлеуіне де Жұмекең қолдан келген барлық жақсылығын аямаған.

Тоғызыншыдан, ол өзінен жоғары мансаптағыларға иіліп-бүгілмей, терезесі тең адамша мәміле жасаған.

Оныншыдан, Түркістандағы Қ.А. Яссауи кесенесінің жанында топырақпен көміліп жатқан тас моншаны қалпына келтіріп, іске жаратуға да мұрындық болады.

Ұлтжанды азаматтың ерліктерінің ішінде Қазақстанның солтүстіктегі облыстарын аман алып қалғанын ерекше атап өтуге болатын оқиға. Тарихта белгілі 1953 жылы қыркүйек айында Никита Хрущев КОКП ОК бірінші хатшысы болып сайланады, ал 1958 жылы огың жеке-дара билікке келуі сонымен қоса КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы міндетімен аяқталды. 1960 жылы онда КСРО-ң алып территориясының «шексіз» иесі «халықтар көсемінің» барлық атрибуттары болды. Келесі авантюристік шешімдер мен бейбастық қылықтарының екпінімен Никита Хрущев: «мемлекеттің халық шаруашылығын аймақтық басқарудың мезгілі жетті ... келешекте ркспубликалар арасындағы шекаралар жойылады ... бұл ақ моламен істі аяқтау керек» деп мәлімдеді. Соңғысы кейіннен өзі Целиноград қаласы деп аты ауыстырылған Ақмола жайында болатын. Әрі қарай Н.Хрущев жиналыста «бір кейінге қалдыруға болмайтын мәселе бар, республика жерінің ауданы жайында. Осы мәселе бойынша біз Қонаев мырзамен және облыс басшыларымен пікір алмастық. Олар біздің ұсынысымызды қолдап отыр. Енді, Жұмабек Ахметұлы (авт. еск. Сол кезде ҚазКСР Миннистрлер Кеңесінің Төрағасы болып табылады), осы мәселе жайында мен сіздің пікіріңізді тыңдасам деп едім». Дәл осы кезде осыған дейін ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумінің Төрағасы міндетінде қызмет еткен Жұмабек Тәшенев бас хатшы Никита Хрущевтың империялық талпынысы пайдасында Қазақстан картасын сөгіп Қазақстанның бес облысын көрші республикаға беруге ашық түрде қарсы шықты. Тәшеневтың Хрущевке айтылған айтылған келесі жауабы тарихи қанатты сөздер болып калды: «Мен Ақмолада туылғанмын. Он екі жыл Солтүстік Қазақстанда жұмыс стедім. Менің ата-анам мен олардың әке-шешелері және біздің барлық ата-бабаларымыз осы жерде жерленген. Енді сіз сол жерді Ресейге бермекпісіз? Жолдастар, ойланыңыздар, қай қазақ бұнымен келіспек?! Ойланыңыздар жолдастар! Мысалға мен бұл мәселенің қарастырылуына ғана емес, тіпті күн тәртібіне қойылуына мүлде қарсымын! Бұған шамданып қалған Хрущев «КСРО біртүтас мемлекет, сондықтан қай республикаға қандай жерді беру керектігін біз сізден Тәшенев сұрамай-ақ шеше аламыз» дегенде: «Олай болса бұл КСРО Конституциясына қарсы шыққандарыныз. Ал онда әрбір республиканың аумағы оның бұлжымас меншігі делінген. Егер Конституцияның бұл талабы ерескел бұзылатын болса, біз халықаралық ұйымдардың араласуын сұрауға қақымыз бар», - деп Тәшенев тойтарып тастайды. Оның бұл сөздерін естіп, қатарлас отырған Д. Қонаев өзі Жұмекеңнің батылдығына таңғалғаның жасыра алмай, қонақ үйге келе жатып: «Сіздің жүрегіңіз, Жұмеке, адамдікі емес, арыстандікі шығар» деген екен». Ондай қарсыластық күтпеген Хрущев тек қана кешкі ойланғаннан таңертең ойланған тиімдірек деп айтты, себебі жиналыс Ақмолада кешке өткізілген болатын. Таңертең ол Шортанды аудан орталығына демалуға кетеді, ал бір айдан соң Ж.Тәшеневты оның жоғарғы лауазымынан босатып, Шымкенттің (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) Облисполкомы төрағасының орынбасары етіп жіберді [13].

Қасында болғандардың айтуынша, тек осы үшін ғана Никита Хрущев үреймен өзінің «тың эпопеялары» империялық қисығы бойынша КСРО-ң географиялық картасын қайта пішу ойсыз және сандырақ идеясынан бас тартты. Бір жыл бұрын ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумінің Төрағасы міндетіндегі сәтті қызметінен кейін ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы міндетіне ол өзі ұсынған «Өз адамы» деп есептеген Тәшенев қазақтардың атынан «орталықтың» қалауына қарсы шығып отырғанда, барлық халықтың мүмкін болатын қарсылығы жөнінде не айтуға болады. Мүмкін сондықтан кейіннен жиырма жылдай Қазақстан территориясынан «орталық» қайырғы жерлердің ең дәмді кесектерін үзіп алу талпынысына ұшыраған жоқ.

«Қазахстанская правда» газетіндегі «Сіз бізге қарсы емес, сіз - өзіңіз үшін» мақаласында академик Б. Ермуханов «... 60-ы жылдардың баында Мәскеудің бастамасымен Қазақстанның бес солтүстік облысы кіретін Тың аймақтың көмегімен аймақты тікелей орталыққа бағындыратын, іс жүзінде қазақ жерлерін шеттететін республика территориясы тұтастығына шынайы қатер төнді. Бақытымызға қарай Хрущевтың ұсынысына батыл қарсы шыққан қайратты басқарушы – ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Ж. Тәшенев табылды. Көпірмелі ниет сәттілікпен аяқталмады. Украинаға сыйға тартылған Крым мысалындай, өкінішке орай Ж. Тәшеневтың теңдесі жоқ әрекетін бағалауға болатын еңбектері тиісті көрініс таппады"[6]. Сонымен қатар академик Манаш Қозыбаев «... Ж. Тәшенев және басқа тұлғалар Қазақстан аумағында ядролық сынақтарға қарсы шығып, өктемдік құрбандарына айналды» деп көрсеткен [14].

Аталған ерлік көрсеткен Республика Министрлер Кеңе­сінде бір жылға жетер-жетпес уақыт жұмыс істеген Ж.Тәшеневті “бөгде ойлы адам” ретінде күстәна­лап, Н. Хру­щевтің нұсқауымен Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару коми­теті төрағасының қатардағы орын­басары қыз­метіне тайдырып жіберді, осында ол 1975 жылға дейін, зейнеткерлікке шыққанша абыройлы жұмыс істеді. Елім деп еңіреген, отансүйгіш аптал азаматты осыншалық батпандай зұлымдық жазадан Н. Хрущевтің қызметі қатал сынға ұшыраған КОКП Орталық Комитетінің 1964 жылғы қараша пленумынан кейін де заман зауалы ахуалымен Қазақ­КОК-нің атақты бірінші хатшысы Д. Қонаевтың өзі де ақтай алмады. Керісінше, (Ж. Тәшенев республикалық тақтан кеткен сон) "... дәл осы тұста құрамына Өзбек­стан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қыр­ғыз­стан және Қазақстан­ның Шым­кент облысы басшылары енген Орта Азия бю­росы құрылды. Хру­щевтің күллі жы­мыс­қы ойы осыдан кейін тайға таңба бас­қандай айқын болып еді. Ол бола­шақ­та рес­пуб­лика ара­сындағы шекараларды жою жө­нін­дегі өз идея­сын қалайда тезірек жүзеге асырмақ”, – деп Д. Қонаев жаз­ды [15].

Егер Солтүстік Қазақстанның бес облысын сақтап қалу мәнін қазіргі әлеуметтік-экономикалық шынайылықтардың призмасы арқылы қарастырсақ, онда оның республикамыз үшін ролі күмәнсіз. Тәшенев қорғап қалған аумақтың жалпы ауданы орта есеппен Қазақстанның барлық территориясының бестен бір бөлігі, яғни 565,4 мың шаршы км. немесе 3,7 млн. адам (1999 ж. санақ нәтижесі бойынша) тұратын немесе ел тұрғындарының төрттен бір бөлігі тұратын аумақты құрайды. Соның арқасында Қазақстан Солтүстік Американың (АҚШ-ң солтүстігі мен Канада), Еуропада (Франция, Украина, Ресейдің оңтүстігі), оңтүстік жартышарда (Әсіресе Аргентина мен Австралия) сияқты жерлерді өзіне қосатын бидай белдеуіне кірді және ірі бидай мәдениетін өндірушілер құрамына кірді.

Жалпы Қазақстан КСРО қоластында болғанда үлкен басшылықта қызмет еткендер арасында ұлттық мүдде үшін тайсалмай сөйлеп, ашық алысқан жалғыз Жұмабек Тәшенов десек, қателеспейтін шығармыз.

2.3. Жұмабек Тәшенов туралы қазақ интеллигенциясының естеліктері мен пікірі.

Еліне адал қызмет жасаған қоғам қайраткерінің өмірлік ұстанымдары мен адамгершілік, азаматтық қасиеттері жайында замандас, үзеңгілес достары, аға тұтып, қамқорлығын көрген азаматтар осы күнде де сол бір қазақтың батыр ұлы туралы естен кетпейтін естеліктерін жариялауда. Олардың өзін мазмұн-мағынасына қарай бірнеше топқа бөліп, тарихи дерек ретінде қарауға болады. Қайраткермен бірге қызмет жасаған достарының естеліктері, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан уақытындағы әріптестерінің жазғандары, туыстарының жазған естеліктері, әр кезде түрлі жағдаймен алдына барып, оның жанашырлық қамқорлығын көрген азаматтардың естеліктері және ұлтжанды ақындардың туындыларын атауға болады.

Елімізге танымал ақын, қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов, өзінің Жұмабек Тәшеневке арнаған «Дарабоз туған ер қазақ» [16, 131] атты толғауында:

«...Сыр бермесе кеңестік сұм сойылға,

Өз басы емес, ел тұрды оның ойында.

Бурабайда Жеке батыр секілді,

Ұйықтап жатыр Сырдария бойында.


Тарлан тарих ашса ақиқат есігін,

Сағыныпты асыл ұлы Есілін.

Елбасының бұл да тура шешімі,

Астананың көшесі алса есімін.


Осы дерсің тәуелсіздік жеңгенді,

Еңсесін көтерді ғой ел де енді.

Ол туған ел қай жерінде жатса да,

Барша қазақ жүрегінде жерленеді...», - деген, жыр жолдарын келтірген.

90-нан асқан Қарағандылық қария ақын, өткен жылы ғана өмірден өткен Махмет Темірұлы, ақын, студент кезінде Қарағанды қаласында Бүркіт Ысқақов бастаған достарымен бірге ЕСЕП (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясын құрғаны белгілі, Нұра ауданының құрметті азаматы.

Жұмабек Ахметұлы алғашқы еңбек жолының бірін Нұра ауданының ортасында бастағаны белгілі.

Ақын Алаштың абзал азаматы Жұмабек Тәшеневке арнаған «Аждаһаны ауыздақтаған баһадұр» [16, 117] атты толғауында

«...Жаралған алып батыр, ердің ері,

Қазақтың асып туған кемеңгері.

Жұмекең жан пида деп кіріспесе,

Зар жылап қалар еді Қазақ елі.


Әл жетпес ауыр жүкті шыққан сүйреп,

Мұндай жан бұл өмірде туар сирек.

Меншіктеп ала жаздап қалған жоқ па,

Шұрайлы қазақ жерін тегіс билеп...», - деген жыр жолдары бар.

Махмұтбай Әміреұлы, Республикалық «Ардагер айнасы» газетінің бас редакторы, Жазушылар Одағының мүшесі, Қызылордалық ақын, Жұмабек Ахметұлына [16, 102] арнаған өз толғау-дастанында:

«...Тентек патша қолында тұрған бәрі

Болмаған соң ойға алып, ұйғарғаны

Тәшеневті қызметтен тастады алып,

Ол үшін еш ойланып, қиналмады.

Мүмкін де емес қызметтен түсірмеуі

Астамшылық аз ұлтқа күшінде еді

Облысқа жай басшы боп барса да,

Ер Жұмабек еңсесін түсірмеді.


Бағалайды ел әр кез ер еңбегін

Өрге сүйрер өжет өр өрендерін

Сол жақта да Жұмабек Тәшеневтің,

Көрді халық құрметке бөленгенін...», - деп, тамаша жырға қосқан.

Шымкенттік Әселхан Қалыбекова, суырып салма айтыскер ақын, өз толғауында [16, 124] Жұмабек Ахметұлының дүниеге келген шағын:

«Жолын кескен азап пенен мазақтың,

Мың мәртебе сәлем саған Азат күн.

Танакөлде толғатыпты бебеулеп,

Алтын құрсақ бір әйелі қазақтың.


Ақ сазандай ұл туыпты шүбә жоқ,

Кім ойлаған бұл бір таза тума деп.

Қуанышты шүйіншілеп самал жел,

Жұма күні туылды деп Жұмабек», - деп суреттесе.


«...Ерлігімді жүдетпеген тарланым,

Ерлігімді сақтап қалған сардарым.

Беті қайтып бір қазақтың сесінен,

Хрущев те жаңылыпты есінен.


Қалмақтың бас қонтайшысын ықтырған,

Қаз дауысты Қазыбектен несі кем?

Жұмабектей ер туады жүз жылда,

Елді-жерді жем қылмайды құзғынға.


Отты жүрек, дуалы ауыз пида боп,

Қалбыр жүрек қалқаямыз біз мұнда.

Тірлігінде қадірінді кім білді?

Кім үйренді әділетті үнінді?..», - деп ерлігін былай толғайды.

Көкшетаулық ақын Баянғали Әлімжанов өзінің «Жұмабек батырдың жұлдызы» [17, 3] атты толғауында, Жұмабек Тәшеневтің Хрущевке қазақтың жерін бермейтіні жайлы:

«...Ұлы едім қазақ деген бір атаның

Тереңнен төрт мұхитты тулатармын,

Бұтарлап отар елдей жұтпақшы деп,

Мен сізді ай-әлемге шулатармын!

Жер берген құдай дархан қазағыма.

Көнбейді ол құйтырқыға, мазағыңа.

Өтпейді ешкімнің де өңешінен

Тас болып тұрып қалар тамағына!», - деп, жырласа, ал оның ерлігін халқы қалай бағалағаны жайлы:

«...Сынбады, батыр бірақ сына алмады.

Тыс қалып тіршіліктен бұға алмады.

Мысықтар пеш түбінде көзін қысқан

Ұғар ма жолбарысты бұғаудағы.

Тұрды оған өмір бойы қуат беріп,

Алаштың азаттығы – ұлы арманы!

Ежелден қилы-қилы тарих қалған.

Аңыз көп үлгі тұтар алыптардан.

Уақыттың таразысы елеп-екшеп

Кімнің кім екендігі анықталған.

Ерлігі Тәшеневтың тым ерекше

Намыстың оты болып жанып қалған.

Шайқасып жалғыз өзі жаннан кешіп

Қазақтың жерін аман алып қалған!», - деп жырға қосқан екен.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, ата жұрттарына оралған қандастарымыз да Жұмабек Тәшенев туралы жырлайды.

Хасен Масғұтұлы, Моңғолиядан Атамекеніне оралған қандасымыз, жас ақын, өзінің «Жиырмасыншы ғасырдың - Кенесарысы» [16, 130] атты жыр толғауында:

«...Аждаһаға қасқайып қарады.

Жұмекеңнің ерлігі бар алашқа тарады.

Өткен сайын уақыт дараланып беделі,

Өр тұлғасы асқақтап, асқарланып барады.



Ел, жер десе, қозатын делебесі.

Бүгін де ұрпаққа үлгі өнегесі.

Жұмабек Тәшеневті халқы сүйген,

Жиырмасыншы ғасырдың – Хан Кеңесі», - деп жырлайды.

Ерсін Нәсіпұлы, Қытайдан Отанына оралған қаңдасымыз, жас ақын, өзінің Жұмабек ағасына арнаған «Қазақтың баһадұр ұлы Жұмабек Тәшенев» [16, 118] атты өлеңінде:

«...Жүрмедің ғой ұлы сабаз ай қарап,

Қасым ханның қайсарлығын қайталап

Зұлымдыққа қарсы тұрған бейненді,

Есім ханның ерлігі деп айта алад.

Сен елінді, қилы тағдыр күй кешкен

Махаббатың болмаса егер сүймес ең

Нар тұлғаңа қылыш төніп тұрса да,

Кеттің аға бүгілместен иместен



Сен халқынңа жақын болдың бір табан

Қарыздармыз мәңгі-бақи біз саған

Жалынан да сипатпайтын жауыңа,

Дала мінез, жалаңтөсім, арысым...», - деп жырлаған.

Мектепте оқитын жас өскіндер өздерінің алғашқы өлең жолдарын Батыр аталарына арнапты...

Мәдина Аманжолова, Ақмола облысы А.Құсайынов атындағы орта мектептің оқушысы, өзінің Батыр атасына «Жұмабек Тәшеневке арнау» [16, 129] атты өлеңінде:

«Елім» деген үніңнен елеңдеген,

Кезінде осы кісі еленбеген.

Өзіндей тұлғаларды мақтан етем,

Сондықтан қосып тұрмын өлеңге мен.

«Қазақ» десе жүрегі елеңдеген,

Махаббатпен өзіңе туды өлең.

Біртуар азаматты еліміздің,

Атынды ардақтатып жүремін мен.

Егер, емен құласа – бетеге екен.

Дара туған тұлға да – өтеді екен.

Тек қана қараңғыда жанған алау,

Жарығы тым алысқа жетеді екен.

Өтті ғой егемендік қалауы боп,

Бұл кісінің зейнетінен азабы көп.

Осындай біртуар ерлері үшін,

Атансын бейбіт өмір жалау боп!, - деп, жырласа.

Ия, тарихты тұлғалар жасайды. «Тұлғасыз тарих болмайды» деген белгілі шындық бар. Жұмабек Тәшенев есімі қандай сый-құрметке болсын лайық. Өйткені, қазақ ұлтының жүрегі мен азат Отанымыздың көгінде Жұмабек батыр жұлдызы жарқырай бермек. Қазақ ұлты қанша жасаса, Жұмабек Тәшеневтің есімі де сонша жасамақ.











































Қорытынды :

Жалпы Қазақстан КСРО қоластында болғанда үлкен басшылықта қызмет еткендер арасында ұлттық мүдде үшін тайсалмай сөйлеп, ашық алысқан жалғыз Жұмабек Тәшенов десек, қателеспейтін шығармыз.

Міне, осындай ерліктерінің өзі ғана тәуелсіз Қазақстанда Жұмабек Тәшенов есімін ұлықтауға толық негіз бола алады (18, 75 бб.).

Қорыта айтқанда, бізде жобалау, жоспарлау көп те, нақты іске кірісуде әлі де жалтақтауымыз көп. Баукеңдей батыл, Қасымдай қайсар, Тәшеновтай тайсалмайтын талапшыл, т.б. нарқасқа ұл-қыздарымызды тәрбиелеуді жанұядан, бала-бақшадан, мектептен бастауға көңіл бөлетін уақыт жеткен сияқты.

Орта мектепте, арнаулы орта білім мекемелерінде, Жоғарғы оқу орындарында әртүрлі тақырыптағы факультатив сабақтар, элективті сабақтар орнына міндетті түрді «Ертану – Елтану» атты сабақ өткізген жөн.

Қазақтың біртуар азаматтарының өмір деректерін жас ұрпақ өз өмірлеріне керек деректерге айналдырса найзағайлы, намысты Тәшеновтер жалғасы Мәңгілік елдің – мәңгілік намысты ел Азаматы болатыны сөзсіз.

Жұмекең біздің ұрпаққа қазақтың қасиетті қара жерін қалдырды, елін, жерін қызғыштай қорғау керектігін аманат еткен мұра қалдырды, небір қисынсыз қысымға төтеп беретін қазаққа тән қайсар мінез қалдырды, қандай бір қиын жағдайда болмасын басын тік ұстап, ұлттық болмыстың қайталанбас үлгісін паш етіп өтті.

Жат елдің ежелгі құлдар көтерілісінің көсемі Спартакты он күн оқытатын біздің тарих мемлекеттік-патриоттық идеологияның жоқтығынан Жұмабек Тәшеневтің атын да жазбағандықтан, небір оқымыстылар мен жоғарғы биліктегі шенеуніктеріміздің көпшілігі ұлт қаһарманының теңдессіз ерліктері тұрмақ, оның кім екенін де біле бермейді. Кешіктірмей мектеп оқулықтарының, жоғары оқу орындарының бағдарламаларына өмірі мен қызметін толық кіргізіп, мемлекеттік басқару академиясындағы болашақ шенеуніктерге «Тәшенев тағылымы» міндетті түрде оқытылуы керек. Осылай етсек, ала-құлалыққа бет бұрған жастарымыз елінің, жерінің өткенін сезініп, ерлікке, өрлікке толы тарихынан нәр алып патриоттық, отаншылдық рухта тәрбиеленері хақ.
Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт келешекте басына қандай күн туатындығын да білмейді» – деп тегіннен-тегін айтпаған.
Сондықтан, әрбір ісі аңыздар мен дастандарға бергісіз асыл еріміздің тарихи-саяси бағасын бергізіп, Тәшеневтің ерлікке толы асқақ рухын жастарымыздың жүректеріне сіңіріп, «болмаса да ұқсап бағуға» баулу ұлт тарихын зерттеуші зиялыларымыздың қасиетті борышы һәм міндеті болмақ.






Пвайдаланылған әдебиеттер.

1. Байғазин М. Ж. Ж .ТӘШЕНЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ: ҚАРЫЗ БЕН ПАРЫЗДЫҢ ҚҰНЫ. Ж.А.Тәшеневтің 100 жылдығына арналған «Ұлттық рухтың символы – Жұмабек Тәшенев» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы материалдарыеың жинағы. 6-бет.

2. Сейітқали Дүйсен және Қанат Еңсенов . Жұмабек Тәшенов. Алматы: «Елтаным» баспасы. 2015ж.

3. Кәрішал Асан Ата «Шынжырда өткен Жолбарыс...» А.: «Үш қиян», 2004ж.

4. Ерекболат ҚАБЫЛДИН "Қазақтың қайсар рухының символы" http://qasym.kz/index.php?Itemid=9&catid=8&id=704&option=com_content&view=article

5. . Е. Уәйіс. Ұлт бағына туған ер. // Сыр бойы. 22 мамыр, 2010 жыл

6. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы. 8-том, «Уикипедия» ашық энциклопедиясы.

7. С.Дүйсенов. Аты аңызға айналған тұлға http://www.namys.kz/;

8. Дүкенбаева. Қайсар қайраткер Жұмабек Тәшенев. BAQ.KZ; Б.Ахметұлы.

9. Х.Арыстанбеков. Елім, жерім деп өмір сүрген нар тұлға// Жұмабек Тәшенев туралы естеліктер. Алматы, «Білім», 2005. 8-бет.

10.С.Дүйсен. Қ.Еңсепов. Жұмабек Тәшенов. Алматы. «Литера–М» 2012, 138-бет; С.Дүйсенов. Аты аңызға айналған тұлға. http://www.namys.kz.

11. http://www.zonakz.net. Габбас Кабышулы. Отрывки из книги Каришала Асанова «Сказ  о закованном тигре. Национальный герой казахского народа Жумабек Ахметович Ташенев».

12. С. Кенжебаев. Бәрі құрбан атамекен жолында.

13. Кәрішал Асан Ата «Шынжырда өткен Жолбарыс...» А.: «Үш қиян», 2004. 53-55 б.

14. Козыбаев М. Мақала «Факт — аргумент истории», «Казахстанская правда» газеті 1990 жылғы 12 қаңтардан.

15. Қонаев Д.A. "Ақиқаттан аттауға болмайды". Естелік-эссе. А.: "Санат". 1994, 210-211, 235 б.

16. Қазақтың қайсар қайраткері – Жұмабек Тәшенев: Жұмабек Ахметұлы Тәшенев туралы естеліктер, мақалалар, дастандар, өлеңдер құжаттар және фотосуреттер жинағы / Құрастырғандар: Сейітқали Дүйсен, Қанат Еңсенов. –Алматы: «Елтаным» баспасы. 2015. - 160 бет.

17. Б.Әлімжанов. «Жаңа Сарыарқа» журналы. №3. 2009.

18. С.Дүйсенов. Аты аңызға айналған тұлға. http://www.namys.kz/; З. Дүкенбаевва. Қайсар қайраткер Жұмабек Тәшенов. BAQ.KZ; Б. Ахметұлы. Жұмабек Тәшенов кім? http://Abai.kz; Жұмабек Тәшенов туралы естеліктер. Алматы, «Білім», 2005. 8- б.







-75%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ғылыми Жоба :Ж. Ташеновтың қоғамдық -саяси қызметі (490.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт