Солақайдың шежіресін зерттеу
Қызықты болады…
Орындаған:
Жолдыбаева Алтынай
8 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі: Айдарханова З.Т.
биология пәнінің мұғалімі
Зерттеу мақсаты: біздің мектептегі балалардың оңқай және солақай туралы білімдерін толықтыру
- Міндеттері :
- 1. Оңқайлық пен солақайлықтың физиологиялық негізін білу, оған не әсер ететінін білу;
- 2. Адамдардың көбі неліктен оңқай екендігін білу, сонымен қатар оңқай мен солақайларға адамзат тарихында адамдардың оларға деген қарым-қатынасы туралы білу;
- 3. Әлемдегі ең танымал солақайлардың тізімін жасап, солақайлардың оңқайларға қарағанда өмірде қиынға соғатын әрекеттерінің тізімін жасау.
Жұмыс жоспары:
- 1) Біздің мектептегі солақайлар туралы ақпарат жинау (2016-2017);
- 2) Солақайлардың саны соның ішінде амбидекстор адамдар туралы ақпарат жинау (2017-2018);
- 3) Солақай және оңқай адамдар жайлы тұжырым жасау (2017-2018).
БІРАЗ АҚПАРАТ
Солақай — сол қолын белсенді қолданатын адам;
Оңқай — оң қолын белсенді қолданатын адам;
Оңқайлардың солақайларға қарағанда көп екендігі белгілі;
13 тамыз — Халықаралық солақайлар күні.
Екі қолымен бірдей белсенді жұмыс істей алатын адамды амбидекстор деп атайды.
Солақай адам оң қолына қарағанда сол қолын жиі қолданады. Солақай тамақ пісіруде, тамақ ішуде, жұмыс жасауда сол қолын қолданады. Жазуда қолданатын қолға байланысты оңқай немесе солақай екендігін анық айтуға болмайды. Солақайлардың көбі оң қолымен жазады, ал сол қолын басқа көптеген жұмыстарды істеуде қолданады.
Қызықты деректер
1977 жылы ересек адамдардың 8-15 пайызы солақай болған. Зерттеулердің нәтижесінде, солақайлардың көбі ер адамдар.
Танымал адамдар арасындағы солақайлар: Барак Обама
Чарли Чаплин
Пол Маккартни
Анжелина Джоли
Билл Клинтон АҚШ-ның 42-президенті)
Уинстон Черчилль
Джулия Робертс
ОЗБЫРЛЫҚТЫ ҚОЛ
- Кейбір адамдар миының сол жақ бөлігінің зақымдалуына байланысты солақай болуы мүмкін.
- Зерттеу нәтижесі бойынша, оңқай адамның оң қолы ұзақ уақыт бойы жарақаттанған болса, ол адам солақай болып кетуі мүмкін.
Менің мектепте жүргізген зерттеулерім
- 1 -11 сынып оқушыларынан сұралды.
Сол қолды белсенді қолданатындар туралы
Ерте жастан бастап қайта үйрету
Ертете солақайлықты адам ағзасындағы ақаулық деп санаған. Сол кезде солақай балаларды оң қолымен жұмыс істеп, жазуға қайта үйреткен. Бүгінгі таңда, зерттеулердің нәтижесі бойынша, солақайларды оңқай етіп үйрету – олардың психологиялық және физиологиялық тұрғыда теріс әсерін тигізетінін білеміз. Баланың денсаулығы нашарлайды: депрессия, қорқыныштар, түнгі энурез, кекештену, эпилепсия сияқты ауруларға шалдығуы мүмкін.
ТҰЖЫРЫМ:
- Мен жүргізген жұмысымның нәтижесінде солақай адамдар оңқайларға қарағанда сирек кездесетінін дәлелдедім. Солақай адамның сол қолын белсенді қолданатын адам екенін анықтадым.
- Солақайлардың шығуы туралы негізгі теорияларды қарастырдым.
- Мүмкін, солақайлар сол қолын оңайлықпен қолданатындықтан, әлемге деген көзқарасы ерекше болатын шығар.
Назарларыңызға рахмет!