Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  2 класс  /  "Ғылым таппай мақтанба"

"Ғылым таппай мақтанба"

2-сынып?а ?ткізілген Абай ??нанбаевты? ?ле?ін негізге ал?ан "?ылым таппай ма?танба" атты ?лгілі саба?

10.01.2017

Содержимое разработки



Күні: 12.02.2016жыл
Сабақтың тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба. Абай
Сабақтың мақсаты:
1. Абай атамыздың өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек білім алуына, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, ақынның данышпандығын тануына жол салу.
2. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны аша, ұғына білуіне мүмкіндік беру.
3. Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді тани отырып, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақшы,бізге сыныпқа қонақтар келіп отыр, сондықтан сабаққа белсене отырып қатысайық
Оқушыларды сабаққа дайындау.

  • Оқушылардың барлығы бірге А.Асылбековтың «Керек» өлеңін дауыстап оқиды.

Керек

Үлкенге иман керек, Жастарға білім керек,

Кішіге иба керек. Бәрін де білу керек.

Адамдар бірін-бірі Азамат болсаң алғыр,

Құрметтеп, сыйлау керек. Анашың: «Күнім!», - демек.

Сол үшін талмау керек,

Биікке самғау керек.

Бойыңда бар жақсыны,

Халқыңа арнау керек.


ІІ. Үй жұмысын тексеру.
-Біз балалар сендермен қандай тарауды аяқтадық?
«Қадірлі әкелерім, мейірімді аналарым» деген тарау.Осы тарау бойынша тақтада сұрақтар берілген, сол сұрақтарға жауап берейік.
1). «Қайырымды бала» мәтінінде неше кейіпкер бар?. Атап айт. Үш кейіпкер/Нодар, әкесі және Гиви/
2). Құмды далада қандай оқиға болды.?/Керуеншілердің алдынан адамға жақсылық жасаған қарттың өлген жерінен бұлақ пайда болады.Бұлақтың сылдыры жақсылықтың үні тәрізді./
3) Ағаш тостақ, шыны тостақ, пластмасса тостақтың қайсысын бала өз қолымен жасамақ болды?/Ағаш тостақты/
4). «Сорпаның біресе дәмді, біресе дәмсіз болуының себебін түсіндір.» /Дәмсіз болуы тоқ болғасын, дәмді болуы баланың күні бойы жұмыс жасап, қарынының ашқандығы./
5). «Күлмеңіздер кәріге» мәтінінде не туралы айтылған? /Екі баланың үлкендерді мазақ қылғандығы жайында және соңында әкелерінің сөзінен кейін жаман қылықтарын тастағандары жайлы./
Қорыта келе, тараудың өзі айтып тұрғандай баланы мейірімділік пен үлкендерді сыйлауға шақырып тұр. Осы тарауға байланысты қандай мақал айтуға болады.
1.Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
2.Үлкенге құрмет,
Кішіге ізет.

ІІІ.Мақсат қою:

-Бүгін біз «Адам болам десеңіз» деген тараумен танысамыз. Бұл тарауда оқушылардың өміріндегі үлкен мәселелерді көтеретін маңызды тақырыптар алынады.

Тараудың тақырыбы: ұлы Абаймен басталмақ.
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Қазіргі таңда әлемде Абайды танымайтын жан жоқ десек, дұрыс айтқан болар едік. Мысалы, көршілес Ресейде жыл сайын Абай күндері өткізіліп тұрады.
-Енді Абай атамыздың өмірі туралы мәліметке көз жүгіртейік.

Абайдың өмірбаяны.
Абай-осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс деген тауды жайлаған Тобықты руының ішінде,1845 жылы дүниеге келген. Абайдың өз әкесі-Құнанбай, оның әкесі-Өскембай,үшінші атасы-Ырғызбай. Бұлардың барлығы ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар. Ақынның анасы –Ұлжан. Ол сабырлы мінезді кісі болған. Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Зере әжесі кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді әйел болған деседі. Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша хат таныған.12 жасынан бастап өлең жаза бастады. Ол өлеңдеріне 20-дан астам әндер шығарған сазгер. Абай әндері қазақтың музыка өнеріне қосқан үлесі болып танылады.

Абайдың өлеңдерден басқа 1890-1898 жылдар арасында жазылған шығармалары – «Қарасөз» деп аталады. Ғақлия деп аталатын 45 қара сөзін жазды. Ғақлия деген – арабша оймен, ақылмен деген сөзді білдіреді. Шығарма сыншылдық, ойшылдық және адамгершілік мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді.

Сонымен қатар Абай атамыз аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған сазгер, ұлы ойшыл, ақын, ғұлама адам болған екен.





ІІІ. Жаңа сабақ :
-Бүгін біз Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысып, жұмыс жасаймыз. Біз 1- сыныпта Абай атамыздың осы өлеңінің бастапқы шумақтарымен танысып өткенбіз еске түсірейікші. Қалай басталушы еді? Кім айтады?
(Оқушыларға оқыту)


Абайдың 1-сыныпта өткен « Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде
- нені үйрен, неден жирен деп айтады?


Енді осы өлең ішіндегі бес жаман іске және бес асыл іске тоқталайық.





Адам болам десеңіз

Бес асыл іс

Талап , еңбек, терең ой, қанағат, рақым

Бес дұшпан

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек,бекер мал шашпақ.


1.Жақсы қасиеттерге тоқталу

Талап талаптанған адам қандайда қиын істі орындайды.

Еңбек «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» - деген Абай аталарың.

Терең ойАдамның хайуаннан артықшылығы әріден терең ойлай алады.

Қанағат«Қанағат – қарын тойғызар» деген қазақ. Адам қанағатшыл болу керек.

Рақымбұл мейірімді болу, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық жасау деген сөз.

2.Бес дұшпанға тоқталу.

Өсек –біреудің сыртынан сыпсыңдап, жамандап айтылатын сөз екен.

Өтірік – «өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деген, яғни өтірік өрге баспайды.

Мақтаншақ – бұл да жаман қылық. Кейбір бала өзінің түймедейін түйедей етіп мақтанады.

Еріншек – еріншектің ертеңі таусылмайды. Еріншек, жалқау бала әрқашан елдің соңында жүреді.

Бекер мал шашпақ – бұл ысырапшыл деген сөз. Қазақ малмен күн көрген. Мал еңбекқор адамға ғана жиылады.

Қорыта айтқанда: Осы жаман қасиеттен аулақ болып, жақсы қасиетті бойымызға сіңірсек, болашақта сендерден халық қамын ойлайтын, Отанын сүйер азамат болып шығатындарың сөзсіз.

Абай Құнанбаев былай деген:

Үш – ақ нәрсе адамның қасиеттері:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Осы үшеуінің басын қосып, оны үлкен күшке айналдыратын ғалым.



Оқулықпен жұмыс:

« Ғылым таппай мақтанба» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.

Оқушыларға мәнерлеп, тізбектей оқытамын.
-Ақын өлеңінде бізді кім болуға шақырып тұр?




Ғалым

Жамандықтан жирен,

өзің үшін үйрен


Алдыңа мақсат қой –ол үшін өзіңе идеал таңда.





Балалықты тастап білімге ден ғой.

Қиындыққа мойымай

алға ұмтыл.








--Абай атамыз сонымен қатар сазгер деп айтып өткенбіз. Көптеген әндері халық арасында айтылып жүр. Соның бірі «Желсіз түнде жарық ай»,«Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң», «Айттым, сәлем Қаламқас»


Сергіту сәті: (ән айту)

Ендеше өзімізге таныс «Көзімнің қарасы» әнін бірге орындап көрейік.
-Рахмет!
-Тағы да қандай әндерін білесіңдер?


Абай лирик ақын. Абай лирикасы – кең көлемді мол қазына, биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Абайдың табиғат лирикасы өз алдына бір сала. Осы табиғат көріністерін Абайдан бұрын мұншалық терең жырлаған ақын болған емес. Әсіресе, жылдың төрт мезгілі туралы жазылған өлеңдері қазақ елінің тұрмыс тіршілігін әсерлі, тартымды суреттейді.


- Балалар әр баланың жылдың төрт мезгілінде туған күндері атап өтіледі.Солай емес пе?
Қыс, көктем, жаз, күз айларында туған оқушылар бар. Кімнің туған күні жаз айында, күз айында, қыс айында.
-Ал балалар сендер Абай атамыздың осы айларға арналған және де басқа өлеңдерін білесіңдер ме?
Айжан (Қыс)
Аяулым (Күз)
Жансая (Жасымда ғылым бар деп ескермедім)
Мәди (Сегізаяқ)

Алдияр (Әсемпаз болма әрнеге )
-Өте жақсы.
Дәптермен жұмыс:
1. Өзің білетін Абай әндерін үлкендерге айтып бер.
Ол әндердің тізімін жаз.
2. Белгіле ( * ). Абай Құнанбаев:
Ақын
Әнші
Ғалым
3. Мақалды аяқтап жаз.
... үйрен,
Жаманнан ... .
-Абай сонымен қатар көптеген өлеңдердің аудармашысы. Біз өткен сабағымыздың бірінде өткенбіз. Орыстың ақыны И.Крыловтың қандай өлеңін аударған. Есімізге түсірейікші. Қандай мысал өлең еді?
«Шегіртке мен құмырсқа»

-Дұрыс айтасыңдар.
ІҮ. Қорытындылау:

Сабағымызды қорытындылай келе Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдап көрсек.
-Сонымен балалар, бүгін сабақта кім туралы өттік.
- Қандай өлеңмен таныстық?
-Қандай өлеңдері бар?

«Менің Абай атам» айдарымен бүгінгі сабақта түйген ойларыңды дәптерге түсірсеңдер.

Менің Абай атам- жаны таза, ақкөңіл, терең ойлы ақын. Ол бар адамның жан дүниесін түсіне, сезіне білген. Жылдың төрт мезгілін тебірене жырлаған ақын. Мен Абай атамды мақтан тұтамын. Мен де осы Абай атам сияқты ақын болғым келеді.

Ү. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.
ҮІ.Бағалау:



Тексерілді:







-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Ғылым таппай мақтанба" (25.35 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт