Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын»
Мақсаты:
1.Балаларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.
2.Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру.
3. Балалардың патриоттық сезімін ояту.
Көрнекіліктер: ғарышкердің суреті ғарыш айлағының бейнесі.
Барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
Би «Құстар»
Тәрбиеші:Балалар бүгінгі сабағымызды құстар биімен ашып отырмыз.Құстар аспанда ұшып қалықтап ұшып жүреді.Балалар сендер мына тақтаға назар аударыңдар.Бүгінгі тәрбие сағатымыз сәтті өту үшін жарқыраған күннің көзін ашу арқылы бастаймыз.Бұлттарды ала отыра артындағы тапсырмаларды орындап, күннің көзін ашамыз.Күн бізге сабақ бойы жылуын шашып отырады. Бір-бір баладан шығып, тапсырмаларды орындап, күннің көзін ашады.
1.ҚР – ның тұңғыш ғарышкері кім?
2 .Мемлекеттік рәміздерді ата.
3.Жатқа тақпақ айт.
Осы кезде аспан денелері көрінеді.
Слайд фильм.
Адам ерте кезден – ақ әлем денелерін жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп білуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды.Әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі Лайка – ғарышкер ит. Оны 1957 жылдың 3 – қарашасында ғарышқа салмағы 6 кг,2 жастан асқан кезде ғарыш кемесі «Спутник – 2» кемесімен ұшырды.Ол ұшқаннан кейін 5 – 7 сағаттан соң ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Ғалымдар Лайкамен бірге тағы екі ит Белка мен Стрелканы жаттықтырған болатын.Ал АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланған екен.
1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» кемесімен жер шарын айналып ұшты.Сөйтіп, 12 – сәуір тарихта «Ғарышкерлер күні» деген атпен енді. Қазақстанның ғарыш айлағы Байқоңыр.
Ғарыш айлағы дегеніміз – бұл зымыран, ғарыш серіктері мен үлкен ғарыш кемелері ұшырылатын орын.
Ал Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні Тоқтар Әубәкіров ғарыш төріне самғады. Одан кейін төрт жылдан кейін қазақ азаматы Т. Мұсабаев ұшты. Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994 жылы барып қайтты. Одан кейін 1998 және 2001 жылдары 2 рет барып, зерттеу жұмыстарымен айналысты. Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесімен 2015жылдың қыркүйек айының 2-сі күні қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов ұшты.
Міне балалар біздің батыр ағаларымыз осындай ерліктерімен тарихта мәңгі қалады.осы ағаларымыздың ерлігіне арнап ән шашуымызды арнаймыз.
Тоқтар ұшты ғарышқа,
Талғат болды ғарышта.
Таңғалдырып қазағым,
Тағы ұшты Айдын батыр-Марсқа деп,- «Мен ғарышкер боламын» әнін айтып берейік.
1-бала Заңғар
Заңғар атты баламын, Таудай менің талабым, Үлкен болып өскенде. Мен ғарышкер боламын.
2-бала Жандәулет
Көкке ұшамын, Ұшқыш болар баламын. Соңына ерем, Ер ғарышкер ағаның.
3-бала Амира
Апта түгел ай өтті, Ол ғарышқа ұшқалы, Сонша неге сай епті Сонша неткен күшті әрі.
4-бала Медина
Еш адамға жолықпас, гүлге толмас құшағы. Сонда да бір жалықпас, Күні түні ұшады.
«Ұшты, ұшты» ойыны.
Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез‑тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Ойынның шарты бойынша, тек ұшатын зат аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру керек. Ал егер кімде‑кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айыбын тартып, не өлең айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді.
Ұшты, ұшты ‑ тарақ ұшты (ұшпайды).
Ұшты, ұшты ‑ гүл ұшты (ұшпайды).
Ұшты, ұшты – құс ұшты (ұшады).
Ұшты, ұшты ‑ үйрек ұшты (ұшады).
Ұшты, ұшты ‑ ұшақ ұшты (ұшады).
Ұшты, ұшты ‑ Жаннұр ұшты (ұшпайды).
5-бала Мағжан Ол кеткенде қыс еді , Жер беті енді көктеңбіл. Қашан жерге түседі, Шыдамды еді неткен бұл.
6-бала Сымбат
Жұмбақ әлем,
Жұмбақ жұлдыз,
Олар көп.
Ғарышкерлер,
Біреуіне қонар кеп,
Қонып тұрып,
Адам ойы мазасыз,
Сұрар тағы,
Бұдан әрі не бар?- деп
7-бала Айдана Әрқашан ерлікке құштармыз,
Қажымас, дарынды жастармыз.
Жол салып ақмаңдай айға да,
Достарды жұлдызға бастармыз.
8-бала Іңкар
Қанат берді еліміз,
Ұлы Отанның ері біз.
Ертең- ақ Марсқа барамын,
Ұшамын айға да,
Ұшамын ғарышқа,
Ғарышкер боламын.
«Ғарыш әлемі» тақырыбына сурет салу.
- Балалар сендер болашақта кім болуды армандайсыңдар.
- Жалпы адам баласы армандаған дұрыс.
- Өйткені ертеме кешпе оның орындалатынына сену керек.
Сергіту сәті:
Аспан, аспан арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын. Осымен балалар армандарың орындалсың деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.






"Ғарышкер" конспект урока (437.34 KB)

