Мұғалім: Курмангалиева Ш.К.
Сынып: 11 «Б»
Тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: ҒабитМүсірепов шығармасын оқыту. «Қазақ солдаты» романындағы кейіпкерлер жүйесін талдай отырып, оларға мінездеме беріп, шығарманың идеялық-көркемдік мәнін аша түсу
Дамытушылық: «Қазақ солдаты» романындағы кейіпкерлер жүйесін талдай отырып, көркем мәтінмен жұмыс істей білуге дағдыландыру
Тәрбиелік: Ғ.Мүсірепов шығармасындағы Отан қорғау, ерлікке, табандылыққа, адамгершілік қасиеттеріне, елгедеген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімге, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі Жаңа технологияның элементтерін енгізу.
Сабақтың қамтамасыздандырылуы:
а) оқу-көрнекілік құралдар кітап бұрышы, жазушының портреті, кестелер
ә) үлестірмелі материалдар үлестірмелі қағаздар
б)ТОҚ интерактивтітақта
Пәнаралықбайланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі
Қолданатын әдебиет:
Негізгі: Ғ. Мүсірепов. Таңдамалы. 3 томдық. Романдар мен поэма. Алматы, «Жазушы»
Қосымша: Б. Сманов «Ғ. Мүсірепов шығармашылығын оқыту» Алматы«Білім» 2002
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа қатысуларын, сабаққа даярлықтарын /құрал-жабдықтарын/ тексеру
Үй тапсырмасын тексеру:
С. Мұқановтың қысқаша өмірбаяны.
Балуан Шолақ туралы сұрап өту.
Сбит деген есім нені білдіреді (СӘБИТ - араб тілінен алынған - мықты, тұрақты, табанды, адал.)
Жаңа сабақ:
Кіріспе сөз /презентация/;
Сабаты масатымен таныстыру
Оқушыларға алдын ала берлген тапсырмаларды тексеру.
Ғ. Мүсірепов өмірбаяны мен шығармашылығы
Ал Ғ. Мүсірепов өзінің әдебиетке қалай келгендігі жайлы былай деп жазды: «Жиырма үшінші жылы Сәбит мені Орынборға әкелді. Рабфакқа кірдім. Сәкеннің көрдейқараңғы бөлмесінде Сәбитпен бірге тұрдым. Сәбиттің күнбе-күн жазғандарының бәрін оқып отырдым. Ішімнен жазуға құмартсамда қаламұстауға бата алмадым. Менің құмарлығымды Сәбит сезді білем, «Сен жазуға кіріс», - деп ақыл-кеңес беріп жүрді». Бұдан Ғ. Мүсіреповтың әдебиетке келуіне бірден бір себепкер С. Мұқанов болғанын аңғарамыз.
Ғ. Мүсірепов–Қазақ әдебиетінің классигі, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСРҒА академигі, Қазақ КСР халық жазушысы, Мемлекеттіксыйлықтың лауреаты, драматург, аудармашы, публицист, қоғамқайраткері, Қазақ КСРҒАШ. Уәлиханов атындағы сыйлығының, 3 мәрте Ленин, 2 мәрте ЕңбекҚызылТу, «Халықтар достығы» ордендерінің иегері.
Ғабит Мұстафин туралы пікірлер
Ғ. Мүсіреповтың үлкен жетістіктерін профессор Р. Нұрғалиев: «Ғ. Мүсірепов творчествосы қазақ өнерінің сұлу бір арнасы. Ғабитәні–таза үнді, әсем әуезді шырқау ән. Ғабит арнасы–мөлдір, тұнықарна. Ғабит шығармалары ұзақ баптап, әбден жаратып, жал-құйрығын сүзіп барып, бәйгеге қосқан жүйріктерді еске түсіреді, оның шығармалары әдебиетімізге мәдениет, көркемдік, тереңдік әкелді; ұлттық және интернационалдық сипаттарды тұтастырды», - деп бағалайды.
Ғ. Мүсірепов -ардақты ат!
Мүсіреповты мақтаудың керегі жоқ
Мүсіреповпен мақтануымыз керек!
Зейнола Қабдолов
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығының тарихи тізбесі:
хронологиялық тәртіп бойынша
1902 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңа жол» ауылында \қазіргі Ғ. Мүсірепов атындағы ауыл\ дүниеге келеді
1908-1910 ауыл молдасынан хат танып, діни сауатын ашады.
1916-1918 Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі сыныпты бастауыш училищеде оқуын жалғастырады.
1918-1921Пресногорьков жоғары бастауыш училищесінде білім алады.
1923-1926 Орынбордағы жұмысшы факультетінде оқыды.
1927 Партия қатарына өтеді. Омбы ауыл шаруашылығы академиясында білім алады.
1927-1928 Бурабай орман шаруашылығы техникумында оқытушы болып істейді.
1928-1932Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметін атқарады.
1932төртінші шілдеде Республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың басына төнген аштық нәубеті жайында БКП \б\ Қазақ өлкелік комитетіне “Бесеудің хатын” жолдайды.
1934-1935“Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы қызметін атқарады.
1945“Қазақ батыры” повесі жарық көрді.
1950“Қазақ батыры” повесі өңделіп, толықтырылып, “Қазақ солдаты” романы болып жарияланды.
1972 Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
1984 Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
1985 31 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеден өтті.
2002 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Сотүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға, Астана қаласындағы көшелердің біріне, Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына есімі беріліп, ескерткіші қойылды.
«Қазақ солдаты» романына 70 жыл бейне материал (видио)
«Қазақ солдаты» романы туралы сұрап өту.
Романның басты ерекшелігі – ең әуелі бірінші жақта жазылуында. Барлық оқиғалар бас қаһарман Қайроштың көзімен көрініп, көзқарасымен беріледі. Баяндаудың бұл тәсілі кейіпкерлердің портретін «ішкі жағынан» көрсетіп жасауда ұтымдылық танытқан. Лирикалық шегіністер, толқынды толғаныстар адам жанын жан-жақты ашып көрсетуге таптырмас табыстарға жетелеген. Романның басындағы он жасар бала мен соңындағы өмірдің не бір қия соқпақтарынан өткен сақа жігіттің өмірге деген көзқарастарындағы жер мен көктей айырма даму үстінде шебер көрсетілген. Романды ажарландырып тұрған тағы бір өрнек – Ғ. Мүсіреповтің шығармашылығына тән жеңіл әзіл мен ащы мысқыл. Юмор мен сатира жау жақтың іс-әрекеттерін бейнелегенде жиі қолданылған. «Қазақ солдаты» романында соғыс шындығы реалистік шыншылдықпен бейнеленген.
Шығарма бойынша сұрақтар:
Роман қандай тақырыпта жазылған роман болып есептеледі?
Идеясы қандай?
Шығармадағы кейіпкерлер саны?
Романда Ақбота мен Қайрош неше рет кездеседі?
Шеген мен Бораш бейнесі.
Үшеуі дос болып жүріп өздерінің алдына қандай үш шарт қояды?
Қайрош және оның майдандас достары.
Өздеріңе ұнаған кейіпкерлер қайсысы?
Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың қорытындысы:
Синквейн ұйқассыз бес жолды өлең тәсілін пайдалану.
Бір зат есім
2. Екі сын есім
3. Үш етістік
4. Төрт сөзден тұратын білдіретін сөйлем
5. Бір зат есім немесе зат есімнен тұратын сөзтіркесі
Қайрош
Әдепті, батыл
Қашады, қорқады, талпынады
Қалаға оқу іздеп келеді
Іні, Айдынғалидың інісі
Шеген
Сауатты, ақылды
Оқиды, айтады, қамқорлайды
Ол орысша – қазақшаға судай.
Бала, жетім бала
Үлестірмелі қағаздармен жұмыс. Бине материал (видио)
Ғабит Мүсірепов кім?
Ғ. Мүсірепов қандай қызметтер атқарады?
Ғ.Мүсіреповтің ұстазы кім?
Ғ. Мүсіреповтың ана тілі туралы қандай қанатты сөзін білесіз?
Ғ.Мүсіреповтің қандай әңгімелері бар?
Қаламгердің ана тақырыбындағы әңгімелерін атаңыз?
Ғ.Мүсіреповтің қандай романдарын білесіңдер?
«Қазақ солдаты» романында басты кейіпкер кім?
Қайрош пен оның жолдастарына тән ортақ қасиет не?
Қайырғалидың бойында қандай жақсы қасиеттер бар?
Шығарманың кейіпкері сізге қалай әсер етті?
Рефлексия
Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?
Қандай әсер алдыңдар?
Не білдім?
Нені үйрендім?
Бағалау:
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы: Шығарма «Ғ. Мүсірепов – сөз зергері» Ғабит Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” шығармасының мазмұнын оқу;

Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы (21.89 KB)

