9 А,В сынып оқушыларының дене тәрбиесі пәніне арналған сабақ жоспары
| Тақырыбы: Футбол екі жақты ойын | |||
| Мақсаты және міндеті: Допты лақтыру техникасын үйрету. Баланың бойындағы жеке қабілеттерді қалыптастыруды тәрбиелеу. Сабақ уақытысында қалыптасқан білімін басқаруды дағдыландыру. Ұқыптылықты дамыту. | |||
| Өтетін орны: Мектеп стадионы | |||
| Көрнекілігі: Футбол доптары. | |||
| Қ/с | Сабақтың мазмұны | Жүктеме | Әдістемелік нұсқаулар |
| І | Дайындық бөлімі | 15 мин |
|
|
| 1.Сапқа тұрғызу. Баяндау. Өтетін тақырып жайлы айту. «Түзел!», «Тік тұр!» бұйрықтарын беру. Бір орында айналу. Бір орындағы, қозғалыстағы және спорттық жүріс жасату. Жай жүгірту. 2. Ж.Д.Ж. | 7-8 мин
7-8 мин | Қатар туралғын қадағалау. Денені тік ұстатып, интервал мен ара қашықтықты сақтауды қадағалау.
|
| ІІ | Негізгі бөлім | 25 мин |
|
|
|
Футбол екі жақты ойын
|
| Футбол жарысында ойыншы әр түрлі тактикалық әдістер мен шешуші комбинацияларды қолдана білу керек. Ойын өз бетінше творчестволық үрдіс болғандықтан ондағы комбинацияларда шек жок. Футболдағы ойын басымдылығы қай команда доппен қалай өнер көрсетуіне байланысты. Қандай да болмасын шабуыл комбинациясының тактикалық қимылы ол доп алып жүру, пас, алдау, ұрымтал орын таңдай білу, қарсыласпен доп үшін күрес, қақпаға доп бағыттауға байланысты. Әр ойыншы қарапайым тактикалық әдістерді игеруі керек және олармен ойын барысында пайдалана білуі керек. Бұл оның басқа да әріптестерімен тіл табысуына керек қасиет.Яғни ойын барысында әріптестерін және қарсыластарының ойларын байқап жүру керек. Футбол – ол ұжымдық ойын. Сондықтан әр бір ойыншы өзінің индивидуалдық қадамын ұжымдық және командалық тактикаға келістіре білуі керек. Тактика команданың доп жүргізу мәнін және әр бір ойыншының нақты міндетін белгілейді. |
| ІІІ | Қорытынды бөлім |
|
|
|
| 1.Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығуларын орындату 2. Ойындар 3. Үйге тапсырма беру 4. Оқушыларды марапаттап, бағалау 5. Оқушылармен қоштасу | 3 мин
2 мин | Еркін тыныс алу |


Футбол екі жақты ойын (16.12 KB)

