Меню
Разработки
Разработки  /  Алгебра  /  Планирование  /  7 класс  /  Функция. Функция графигі

Функция. Функция графигі

Барлық оқушылар:

Функцияналдық тәуелділік ұғымын қалыптастырып, функцияның жазылуын, оқылуын біледі. Функцияның анықталу аймағын, мәндерінің аймағын таба біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Функцияның формуламен берілуін пайдаланып, жаттығуларды орындай алады, анықталу аймағын таба алады, функцияның өспелі – кемімеліаралықтарын таба біледі.

Кейбір оқушылар:

Функциялардың графиктерін салуға және графиктері бойынша х-тің мәндеріне сәйкес келетін у-тің мәндерін табуды біледі. Берілген анықталу аймағы бойынша функцияны жаза алады.

14.02.2018

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.2А Функция. Функция графигі

Мектеп: З.Ғубайдуллин

Күні:16.11.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Бердиханова У.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Функция. Функция графигі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.1.1функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгеру;

7.4.1.2 функцияның берілу тәсілдерін білу;

7.5.1.3 функцияның анықталу облысы және мәндер жиынын анықтайды


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Функцияналдық тәуелділік ұғымын қалыптастырып, функцияның жазылуын , оқылуын біледі. Функцияның анықталу аймағын, мәндерінің аймағын таба біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Функцияның формуламен берілуін пайдаланып, жаттығуларды орындай алады, анықталу аймағын таба алады, функцияның өспелі – кемімеліаралықтарын таба біледі.

Кейбір оқушылар:

Функциялардың графиктерін салуға және графиктері бойынша х-тің мәндеріне сәйкес келетін у-тің мәндерін табуды біледі. Берілген анықталу аймағы бойынша функцияны жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

–функцияның анықталу облысы мен функцияның мәндер жиынын табуды сипаттайды;

– Бұл бөлімнің тапсырмаларын орындау барысында математикалық терминалогия мен символиканы қолданады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

– тәуелділік;

– функция, тәуелді айнымалы;

– аргумент, тәуелсіз айнымалы;

– функцияның мәні;

– функцияның анықталу облысы;

– функцияның мәндер жиыны;

- функцияның берілу тәсілдері,

– функция графигі;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

– қандай да бір Х жиынының әрбір х элементіне У жиынынан алынған тек бір ғана у элементі сәйкес қойылады;

– аргументтің әрбір мәніне функцияның (тәуелді айнымалының) бір ғана мәні сәйкес келеді;

– тәуелділік функционалдықболады (болмайды), егер ... ;

– график бойынша аргументтің (функцияның) сәйкес мәнінде функцияның (аргументтің) мәнін табу;

– аргументтің (функцияның) сәйкес мәнінде функцияның (аргументтің) мәнін табу;

– берілген функция (формуламен, кестемен, графикпен, сипаттаумен)... берілген;




Құндылықтарды дарыту



- оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;

- мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;

- өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

- әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

Пәнаралық байланыстар

Функция тақырыбы алгебра курсын өтуде ғана емес, сонымен қатар физикалық есептерді шығару барысында да қолданылады. Қозғалысқа берілген есептерді шығару барысында формулаларды қолданумен қатар, әртүрлі графиктермен жұмыс жасайды.

Сонымен бірге тарихтағы ғалымдар және олардың еңбектері жайлы қосымша ақпараттар ала алады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақталар мен компьютерлерді (ноутбуктерді, планшеттерді) қолдану.

Бастапқы білім

Функция және оның графигі


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5минут


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларда түгендеу, сабаққа жұмылдыру.

Қызығушылықтарын оятып, жағымды орта тудыру.

Үй тапсырмасын № 21.4 көршісімен бірлесе отырып тексереді. Егер қандай да бір сұрақтар туындап жатса мұғалімнен немесе басқа сыныптастарынан көмек сұрайды.

Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен таныстыру

Сабақтың ортасы




7-минут





18-минут

















































































5-минут




















3-минут

Оқушыларға «Функция» терминін математикаға тұңғыш енгізген ғалым туралы қысқаша тарихи мағұлмат беру (немесе – өздерінің іздеп табуларына жағдай жасау).

Готфрид Вильгельм Лейбниц (немісше Gottfried Wilhelm Leibniz (1646-1716)) – неміс философы және ғалымы,математигі, физигі әрі өнертапқыш тарихшысы.

Сұрақ-жауап

1-топ. Координаталық жазықтық ұғымы

Функция дегеніміз не ?

2-топ. Функция графигі деген не?

3-топ. Функцияның берілуі тәсілдері?

Топтық жұмыс «ДЖИГСО» әдісі

1-топ

  1. Қисықтардың қайсысы функция графигі бола алады?

  1. Берілген функциялардың анықталу аймақтарын табыңыз:

а) у = 15 – 4х ; b) у =

4. Егер у(х)=2х + 4 функцияның мәні 5,4-ке тең болса, онда функцияның берілген мәні бойынша аргументтің сәйкес мәнін табыңыз

2-топ

№1. Қисықтардың қайсысы функция графигі бола алады? Жауаптарыңызды негіздеңіздер.


№2.функциясы берілген.

  1. мәндерін табыңыз;

  2. болса, х-ті табыңыз;

  3. берілген функцияның анықталу аймағын тауып, сан аралығында жазып көрсетіңіз.

№3.Берілген функциялардың графигін салып, оның анықталу облысы мен мәндер облысын анықтаңыз: , мұндағы x ≤ 3; 3-топ №1. Машина 70 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Машинаның t сағатта қанша жол жүретінін табыңыздар. Мұндағы t=1; 1,5; 3;

2. F(х)=3х+5 функциясы үшін F(2), F(-4) мәндерін табыңыз.

№3.График бойынша функцияның мәндер облысын және анықталу аймағын табыңыз.


Қалыптастырушы бағалау:

Тапсырмаларды орындап болған соң топтар бірін – бірі бағалайды. Кері байланыс жасайды.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Балл

Функцияның тәуелділігін анықтайды.


Графиктермен берілген функцияның анықталу аймағы мен мәндер жиынын анықтайды.

Функцияның тәуелділігін анықтайды.

1

Берілген функциялардың анықталу аймағын анықтайды.

1

Функцияның мәндер жиынын анықтайды.

1

Аргументтің мәніне сәйкес функция мәнін табады.

1

Функция мәніне сәйкес аргументтің мнін табады

1

Ауызша тапсырма:


Функциялардың өспелі және кемімелі аралықтарын табыңдар.

Жұптық жұмыс « Кел, достым, бірге ойланайық»

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Балл

Функцияның анықталу аймағын табады.


Функцияның нөлдерін , өспелі – кемімелі аралықтарын , таңба тұрақты аралықтарын табады.

Анықталу аймағын табады .

1

Функцияның нөлдерін табады.

1

Өспелі-кемімелі сан аралықтарын табады.

2

Оң және теріс болатын тұрақты таңба арлықтарын табады

2


Қалыптастырушы бағалау. Оқушылар бірін – бірі бағалайды.

Жеке жұмыс (Жедел тест)

  1. у=3х функциясында аргументтің мәні х функцияның мәнін табыңдар.

А) 1,5 В) 9 С) 6

2. Тұжырымдаманы функционалдық тәуелділік түрінде жаз. Аргументтің мәні 5–ке тең мәнінде функцияның мәні 35-ке тең.

А) у=3 5х В) у=7х С) у=5х

3. F(х)=3х+5 функциясының мәні 11-ге тең. Аргументтің мәнін табыңдар.

А) 2 В)23 С) 3

4. у функцияның анықталу аймағын табыңдар.


А) В) С)

5. Квадраттың ауданы S см2 ,оның қабырғасының ұзындығы а см. Функцияны формуламен жаз

А) В) 2 С)








Деңгейлік тапсырма: №1 Егер функцияның анықталу облысы берілсе, онда функциясын жазыңыз. 1) (- 2) (-

Қалыптастырушы бағалау. Сабаққа қатысу белсенділіктеріне қарай оқушыларды смайлик арқылы бағалаймын.

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар сабақ соңында сыныптастарының жұмысын берілген критерийлер бойынша бағалайды.

Үй тапсырмасы 21.11

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау.

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз(оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:





-80%
Курсы повышения квалификации

Активизация основных видов деятельности учащихся на уроках математики в условиях реализации ФГОС в основной школе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Функция. Функция графигі (414.76 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт