Меню
Разработки
Разработки  /  Химия  /  Планирование  /  8 класс  /  Фосфор және оның қосылыстары

Фосфор және оның қосылыстары

Фосфор, оның периодтық жүйедегі орнына сипаттама беру. Фосфордың ашылу тарихымен таныстыру, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы жайлы айту.

Фосфордың табиғатта кездесуі, қасиеттерін түсіндіре отырып білімін дамыту қабілетін арттыру және есептер шығарту арқылы

Оқушыларға салауаттылық тәрбие беру, фосфордың адам ағзасы үшін маңызын айту және топпен жұмыс жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

16.11.2017

Содержимое разработки

Фосфор және оның қосылыстары


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Фосфор, оның периодтық жүйедегі орнына сипаттама беру. Фосфордың ашылу тарихымен таныстыру, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы жайлы айту.

Дамытушылық: Фосфордың табиғатта кездесуі, қасиеттерін түсіндіре отырып білімін дамыту қабілетін арттыру және есептер шығарту арқылы

Тәрбиелік: Оқушыларға салауаттылық тәрбие беру, фосфордың адам ағзасы үшін маңызын айту және топпен жұмыс жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интербелсенді әдіс, СТО стратегиялары, сайыс сабақ, кластер әдісі, кубизм әдісі.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте, тірек-сызбалар, презентация.

Пәнаралық байланыс: медицина, биология, тарих, география, математика, физика.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың фосфор және оның қосылыстарының маңызын, химиялық және физикалық қасиеттерін меңгеріп, реакция теңдеулерін жазып және реакция типтерін ажырата білуі.


Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастырушылық бөлім (3 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасы (кубизм әдісі) (7 мин.)

ІІІ. Жаңа сабақ (10 мин.)

а) Фосфордың ашылу тарихы

б) Фосфорға жалпы сипаттама

в) Химиялық және физикалық қасиеттері ( аллотропиялық түрі)

д) Кездесуі және қолданылуы

е) Фосфордың қосылыстары

IV. Жаңа сабақты қорытындылау (20 мин.)

а) Перфокарта (химиялық қасиетіне (жеке))

б) Кластер әдісі (физикалық және химиялық қасиетіне)

в) Мозайка (фосфор қосылыстарына (жеке))

г) Домино (аллотропиялық түрөзгерістеріне(жеке))

д) Танымдық сайыс (жалпы)

ж) "Инсерт" стратегиясы

V. Бағалау (3 мин.)

VІ. Үйге тапсырма (2 мин.)







Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру.

а) оқушылармен сәлемдесу.

ә) оқушыларды түгендеу.

б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасы: "Кубизм" әдісі

Оқушылардан үй тапсырмасын "Электролитт диссоциация" тақырыбынан сұрау.

Сіздер мына кубикті пайдалана отырып, "Кубизм" әдісі бойынша алты қырындағы 1) Электролиттік диссоциация дегеніміз не? с.с. 2) Диссоциациялану дәрежесі, 3) Диссоциациялану константасы (Кд), 4) Электролит, 5) Бейэлектролит, 6) Әлсіз және күшті лектролиттертерге не жатады? деген сұрақтарға жауап беру арқылы үйге берілген тапсырманы еске түсіреміз.


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру. Фосфор және оның қосылыстары

Түсіндіру: Интербелсенді әдіспен

Химиялық элементті Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесінен көрсетіп, тақтаға оқушыларға фосфорға жалпы сипаттама берейік.

Химиялық таңбасы Р. Реттік нөмірі 15. Ar (Р) = 31

ІІІ – период V – А топ

15 протон, 16 нейтрон, 15 электрон

Атом құрылысы Р )2)8)5  1s2 2s2 2р6 3s23

Р – ІІІ,V – валенттілігінкөрсетеді

Тотығу дәрежелері – 3,0+3,+5(РН3, Р2О32О5)

Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері

Фосфор бірнеше аллотропиялық түр өзгерістер түзеді, оларға ақ, қызыл және қара фосфор жатады. Ақ фосфор қызыл фосфорды тез суытудың нәтижесінде тұзіледі, ол өте улы болады, ауада өздігінен жанады. Ақ фосфорды суда ерімейтін болғандықтан су астында сақтайды, оның молекуласы төрт атомнан тұрады.


Ақ фосфор-өте белсенді, улы зат ауамен жанасса жарық шығарады. Суда ерімейді:сондықтан оны су астында сақтайды. Оны ауа қатыстырмай 250-3000С қыздырса қызыл фосфорға айналады.

Қызыл фосфор-қоңыр қызыл түсті, улы емес, суда нашар еридіұшпайды, 2500С-де от алады.

Қара фосфор- 2000С өте жоғары қысымда қыздырғанда түзіледі, түсі графитке ұқсас қолға майдай сезіледі, улы емес 5000С-де от алады.


Табиғатта таралуы және алынуы. Химиялық активтігі азотқа қарағанда жоғары болғандықтан фосфор табиғатта бос күйде кездеспейді. Ол жер қыртысында 200-ге жуық минералдар тұзеді, солардың ішінде практикалық маңыздыларына кальций фосфаттары— фосфорит Ca3(PО)2, апатит Саз(РО4)2 Са(ҒС1)2 жатады. Фосфор барлық тірі организмдердің — өсімдіктің, жануардың, адамның белогынын, құрамына кіреді., Мысалы, ересек адамның қанқасында 600 г, еттерінде 56 г, миында 5 г фосфор болады. Академик A. E. Ферсман фосфорды «тіршілік және ой элементі» деп атады.

Біздің елімізде фосфор кендерінің бай қоры бар. 1924 ж. академик А. Е. Ферсман Кола түбегінде апатиттың өте көп қорын ашты. Фосфориттың аса көп мөлшері Қаратауда ашылды.

Фосфорды арнаулы пештерде өте жоғары температурада фосфориттен немесе апатиттен алады. Ол үшін пешке фосфорит, құм және кемір қоспасын сальш ертейді. Осы процесс кезінде фосфорит құммен әрекеттесіп кальций силикаты түріндегі иілак тұзеді:

Ca3(PO4)2 + 3SiO2 = 3CaSiO3 + P2O5

Реакцияның екінші сатысында фосфор (V) оксиді көмірмен то-тықсызданып фосфорға айналады:

Р205 + 5С° = 2Р + 5СО

Бұл екі сатыны біріктіріп реакцияның жиынтық теңдеуін жазамыз:

Ca3(PO4)2 + 5Co + 3SiO2 = 2P° + 5CO + 3CaSiO3

Фосфор бірнеше аллотропиялық түр өзгерістер тұзеді, оларға ақ, қызыл және қара фосфор жатады. Ақ фосфор қызыл фосфорды тез суытудың нәтижесінде тұзіледі, ол өте улы болады, ауада өздігінен жанады. Ақ фосфорды суда ерімейтін болғандықтан су астында сақтайды, оның молекуласы төрт атомнан тұрады.

Фосфордың қолданылуы. Фосфордың көп мөлшері әр түрлі зиянды насекомдарға қарсы қолданылатын хлорофос, тиофос сияқты пестицидтер дайындауға жұмсалады. Қызыл фосфор негізінен сіріңкенің бүйір жағында болатын коңырқай қоспаньщ құрамына кіреді. Жанғыш снарядтар мен бомбаларды, түтш шымылдығын тұзетін гранатаны ақ фосформен толтырады. Фосфордың жартысына жуығы қазіргі кезде синтетикалық жуғыш заттар жасауға қолданылады.

Фосфордың қасиеттері.

Физикалық қасиеті. Фосфордың екі аллотропиялық түрі бар: ақ және қара фосфор, алайда олардың арасында-күлгін, қызыл түрлері бар.

Фосфордың атомдары Р2, Р4, не Р2∞ полимерлі молекула болып бірігеді.

Р2 молекулалары N2 сияқты құрылған, бірақ 10000С жоғары температурада ғана тұрақты, 20000С артық температурада атомға ажырайды. 10000С төмен жағдайда Р4 молекулалары тұрақты, олар тетраэдр тәрізді болады.

Ақ фосфор (d-модификация) фосфор буын тез салқындатқанда түзіледі, қатты кристалдық зат, меншікті салмағы 1,820, tб0С=44,1, tқ0С=275 сұйық, не бу күйінде 10000-қа дейін молекуласы Р4 одан жоғары температурада Р2 айналады.

Ақ фосфор таза күйінде түссіз болады, бірақ сатудағы ақ фосфор сарғылт тартқан балауыз тәрізді болып келеді.Төмен температурада морт сынғыш,150-тан жоғары жұмсап, пышақпен оңай кесіледі. Ауада оңай тотығады, әрі қараңғыда жарық шығарады, сәл қыздырса, мысалы үйкесе болғаны, жанып кетеді, жанғанда көп жылу бөліп шығарады. Фосфор ауада тотыға келіп, шыққан жылудың әсерінен өзінен-өзі жануы да мүмкін. Ақ фосфорды тотығудан сақтау үшін су астында сақтайды: суда ол ерімейді, көміртек дисульфидінде, бензолда ериді.

Ақ фосфор – өте күшті у, өзіне тән исі болады. Азотпен салыстырғанда фосфор элементінің бейметалдық қасиеттерінің кему, оның жай заттарының қасиеттеріне әсер етеді.

Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерінің қасиеттері олардың құрылысымен түсіндіріледі. Ақфосфор құрылысы толық зертелген (8.9- сурет). Оның малекулалық кристалдық торы бар. Ақ фосфордың малекуласы төрт атомды және дұрыс үш қырлы перамида тәріздес. Фосфордың әрбір атомы перамиданың төбесінде орналасқан. Малекулалық торлы басқа заттарға ұқсас, ақ фосфор жеңіл балқиды және ұшқыш.

Ақ фосфорды 280-3400-қа дейін ауаның қатысынсыз қыздырса, аллотропиялық екінші түрі-қызыл фосфорға айналады. Ақ фосфорды ұзақ сақтаса, жарықтың әсерінен біртіндеп, өте баяу қызыл фосфорға айналады, сатудағы ақ фосфордың сарғылт болуы осыдан.

Қызыл фосфор, ақ фосфордан өзгеше оны балқытуға болмайды, қыздырса, бірден буға айналады (4160), буын жинап салқындатса, ақ фосфорға айналады; ауада өте баяу тотығады, қараңғыда жарық шығармайды. 2600-қа дейін қыздырғанда ғана жанады, күкіртті көміртегінде де, бензолда да ерімейді, улы емес. Меншікті салмағы 2,20. Қызыл фосфордың молекуласы ақ фосфорды күрделі полимерлі деп есептеледі.

Қара фосфорды алу үшін ақ фосфорды 2000-та және 1,2.1010Па қыздырады.Соңғы кезде қысымсыз сынап катализаторының жәрдемімен алатын болды. Қара фосфорда атомдар коваленттік байланыс арқылы алты бұрыш жасайды.

Химиялық қасиеттері. Химиялық қасиеті жағынан фосфор өте реакцияласқыш элемент, көпшілік заттармен тікелей қосылысады, әрі көп мөлшерде жылу бөліп шығарады.Оттек, галогендер, күкірт және бірсыпыра металдармен өте оңай қосылысады.

Осы арада айта кететін бір мәселе жай заттардың активтігі олардың құрылымына өте тәуелді. Ақ фосфор қызыл фосфордың химиялық қасиеттері бойынша қатты ерекшеленеді. Мәселен, ақ фосфор ауада жеңіл тотығады және өздігінен тұтынады, сондықтан оны су астында сақтайды. Қызыл фосфор 240 С –тан жоғары қыздырғанда тұтынады. Ақ фосфор тотыққанда қараңғыда жарық шығарады, яғни химиялық энергияны тікелей жарық энергиясына айналуы жүреді.

Сұйық және еріген күйінде, сондай-ақ 800 С-тан төмен температурада бу күиінде фосфор Р малекуладан тұрады. 800 С тан жоғары температурада малекула дессоциацйяланады: Р 2Р .

Соңғысы 2000 С тан жоғары температурадан атомда ыдырайды:

Р 2Р. Осылай фосфор атомдары Р , Р малекулаларына және полимерлі затқа бірігеді.

Фосфор көптеген жай заттармен – оттекпен, гологендермен, күкіртпен және кейбір металдармен тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттер көрсете қосылады.

Мысалы:

2Р+3S=P S 2P+3d PCI

2P+3Ca=Ca P PCI+CI PCI

Қызыл фосфорға қарағанда ақ фосформен рякция жеңіл жүреді. Фосфордың металдармен қосылысы фасфидтер деп аталады, олар суда жеңіл айырылып, сарымсақ иісті өте улы тұрақсыз газ фофин РН түзеді:Са Р + 6Н О= 3Cа(ОН) +2РН↑.

Фосфордың оттекті қосылыстары

Фосфор оттегімен әрекеттесіп бірнеше оксидтер тұзеді, оларға Р2О3, Р2О4, Р2О5 жатады. Бұлардың ішінде практикалық маңыздылары фосфор (III), оксиді Р2О3 және фосфор (V) оксиді Р2О5.

Фосфор ((III) оксиді Р2О3 балауыз тәріздес, өте улы, суда жақсы еріп фосфорлы қышқыл тұзеді.

Р2О3+ ЗН2О = 2Н3РО3

Тұзілген фосфорлы қышқылдың құрамындағы бір сутегі фосформен, тікелей ал екі сутегі оттегі арқылы байланысқандықтан, ол екі негізді қышқылға жатады және екі қатар тұздар тұзеді:

Н2РО3Н + NаОН = NаНРО3Н + Н2О

Н2РО3Н + 2NaOH = Na2PO3H + 2Н2О

Осы реакциялардың нәтижесінде тұзілген NaHPO3H натрий гидрофосфиты, ал Na2PO3H натрий фосфиты деп аталады.

Фосфор (V) оксиді ақ түсті, усыз, суда жақсы еріп және онымен әрекеттесіп қышқыл тұзеді. Фосфор (V) оксиді судың температурасына байланысты онымен әрекеттесіп үш түрлі қышқыл тұзеді:

Р2О5 + Н2О = 2НРО3

метафосфор қышқылы

Р2О5 + 2Н2О = Н4Р2О7

пирофосфоп кышқылы

Р2О5 + 3Н2О = 2Н3РО4

ортофосфор кышқылы

Бұлардың ішінде ортофосфор қышқылының немесе фосфор қышқылының практикалық маңызы бар.

Техникалық мақсаттарға қолданылатын таза емес фосфор қышқылын кальций фосфаты мен күкірт қышқылының әрекеттесуінен алады.

Ca3(PO4)2 + 3H2SO4 = 3CaSO4 + 2H3PO4

Фосфор қышқылы үш негізді болғандықтан сұдағы ерітіндісінде сатылап иондарға ыдырайды.

Н3РО4↔Н+ + Н2РО3 –(К = 7,6- 10-3)

H2PO4↔H+ + HP04- (К2 = 6,2- 10-8) НРО*-**Н+ + РО*-(Кз = 4,4- 10-13)

Үш негізді болғандықтан фосфор қышқылы үш қатар тұздар тү-зеді, мысалы:

КОН + Н3РО4 = Н2О + ҚН2РО4 (калий дигидрофосфаты)

2КОН + Н3РО4 = 2Н2О + К2НРО4(калийгидрофосфаты)

3КОН + Н3РО4 = 3Н2О + К3РО4 (калий фосфаты)


Фосфордың қышқылдары

Формуласы

Аты

Негізділігі

Тұздардың аты

Фосфорлылау

1

гипофосфиттер

Дифосфорлы

2

дифосфиттер

Фосфорлы

2

Фосфиттер

Фосфорлау

4

гипофосфаттар

Метафосфор

1

метафосфаттар

Дифосфор

4

дифосфаттар

Ортофосфор

3

ортофосфаттар

Фосфор қышқылының орта тұздарын фосфаттар, ал қышқыл тұздарын дигидрофосфаттар (NaH2PO4) және гидрофосфаттар (Na2HPO4) деп атайды. Дигидрофосфаттардың барлығы дерлік, ал гидрофосфаттар мен фосфаттардан тек сілтілік металдар мен аммоний тұздары ғана суда жақсы ериді.

Фосфор ауыл шаруашылық дақылдарынын. дұрыс өсіп — дамуы үшін қажет элемент. Сондықтан фосфор кышқылының тұздары ауыл шаруашылығында тыңайтқыштар ретінде қолданылады.

Табиғи фосфорит пен апатиттың ерімталдығы нашар болғандықтан олар «фосфорит ұны» деген атпен ұнтақ зат түрінде қышқылдығы жоғары топырақтарда пайдаланылады.

Табиғи фосфориттерді әр түрлі әдістермен өңдеу арқылы топы-рақтың барлығында жаксы еритін жасанды тыңайтқыштарды өнді-ру химия өнеркәсібінің негізгі міндеттерінің бірі.

Аса маңызды жасанды фосфор тыңайтқыштарына жай супер-фосфат, қоссулерфосфат, преципитат, аммофос жатады.

Жай суперфосфатты табиғи фосфатқа күкірт кышқылымен әсер ету арқылы алады.

Ca3(PO4)2 + 2H2SO4 = Ca(H2PO4)2 + 2CaSO4

Сонымен жай суперфосфат кальций Дигидрофосфаты мен кальций сульфатының коспасынан түрады. Кальций сульфаты өсімдіктерге қажет болмайтындықтан қоспада оның болуы суперфосфаттың құнын кемітеді.

Қос суперфосфатты табиғи фосфат пен фосфор қышқылын әрекеттестіру жолымен алады.

Саз(РО4)2 + 4НзРО4 = ЗСа(Н2РО4)2

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Химиялық қасиетін Перфокарта тарату арқылы қорытындылау

Бұл әдіс боынша әр картада фосформен әрекеттесетін және әрекеттеспейтін заттар аралас беріледі. Осы бойынша оқушылар әрекеттесетін заттарды (+) белгілеп, жеке-жеке жұмыс жасайды.
































2. Кластер әдісімен фосфордың қасиеттерін не қолданылуы және алынуын қорытындылау. Оқушылар жаңа сабақта біліп үйренгендерін осы әдіс бойынша жүзім шоғырын толтырады.







3. Мозайка әдісі (фосфор қосылыстарына)

Бұл әдіс бойынша құрылған формуланың қай жерінде қателік кеткенін табу керек (валенттіліктерін ескере отырып). Әр оқушы карточканы таңдап алып жеке орындайды. мысалыға:


V. Бағалау







4. Домино ойынында әр оқушыға карточка беріледі, карточкада сұрақ және келесі оқушыдағы сұрақтың жауабы бар. Ойынның шарты бойынша оқушы өзіне берілген карточкадағы сұрақты оқиды, содан соң сол сұрақтың жауабы бар оқушы тұрып жұбын табады да жауапты толық береді.




1)


Ақ фосфорға сипаттама

Ақ түсті, усыз, суда жақсы еріп және онымен әрекеттесіп қышқыл тұзеді. Судың температурасына байланысты онымен әрекеттесіп үш түрлі қышқыл тұзеді:НРО3 метафосфор қышқылы,

Н4Р2О7 пирофосфоп кышқылы, Н3РО4

ортофосфор кышқылы.


2)


Қызыл фосфор


Фосфорлы және фосфиттер





3)


Қара фосфор



Фосфорлау және гипофосфаттар




4)

Фосфор (V) оксиді

Өте күшті у, өзіне тән иісі болады.

Өте белсенді, у ауамен жанасса жарық шығарады. Суда ерімейді: сондықтан оны су астында сақтайды.

5)

Фор-ң атауы және тұздарының аты

Қоңыр қызыл түсті, улы емес, суда нашар еридіұшпайды, 2500С-де от алады.


6)

Фор-ң атауы және тұздарының аты

2000С өте жоғары қысымда қыздырғанда түзіледі, түсі графитке ұқсас қолға майдай сезіледі, улы емес 5000С-де от алады.



Дұрыс жауаптары:


1)


Ақ фосфорға сипаттама

Өте күшті у, өзіне тән иісі болады.

Өте белсенді, у ауамен жанасса жарық шығарады. Суда ерімейді: сондықтан оны су астында сақтайды.

2)


Қызыл фосфор

Қоңыр қызыл түсті, улы емес, суда нашар еридіұшпайды, 2500С-де от алады.




3)


Қара фосфор

2000С өте жоғары қысымда қыздырғанда түзіледі, түсі графитке ұқсас қолға майдай сезіледі, улы емес 5000С-де от алады.




4)

Фосфор (V) о сиді

Өте күшті у, өзіне тән иісі болады.

Өте белсенді, у ауамен жанасса жарық шығарады. Суда ерімейді: сондықтан оны су астында сақтайды.


5)

Фор-ң атауы және тұздарының аты

Фосфорлы және фосфиттер







6)

Фор-ң атауы және тұздарының аты

Фосфорлау және гипофосфаттар



5) Танымдық сайыс

Оқушылар 3 топқа бөлініп жасырын сөз жазылған карточкаларды таңдайды. І топ "Сенім", ІІ топ "Делегат", ІІІ топ "Сайлау"

І Сенім карточкасын алған топта топ жетекшісі сұрақ қойып, оқушыларды өзі бағалайды, мұғалім сенеді, әділ бағасын қояды. Джиксо әдісі бойынша

ІІ Делегат карточкасын таңдағандар бір оқушыны өздері есеп шығаруға делегат ретінде жібереді





ІІІ Сайлау карт.н алған топты мұғалім өзі бір оқушыны таңдап тапсырма береді.

Берілетін тапсырма. Лабиринттік ойын (реакция теңдеуін жазу керек).








6) Инсерт стратегиясы бойынша кесте толтыру


Мен үшін түсінікті

Менің білетініме сай келмейді

Жаңа ақпарат

Мені таң қалдырды

немесе түсініксіз






V. Бағалау


қ\с

Оқушылар тізімі

Үй тап-сырмасы

Жаңа абақты қорытындылау

Перфо-карта

кластер

мозайка

домино

Танымдық сайыс

1

Көкенова Н.







2

Нашырова А.







3

Хамаева Г.







4

Кенжеев Б.







5

Нематуллаева М.







6

Тұрдыбаева Г.







7

Оразқұл А.








VI. Үйге тапсырма

Фосфорды және сілтілік металдарды оқып келу және есеп беру.



Қолданылған әдебиеттер

1. Бiрiмжанов Б.А. Нұрмахметов Н.Н. Жалпы химия. Алматы "Ана тiлi" 1992 жыл.400-403-405 беттер аралығы.

2. Піралиев С.Ж , Бутин Б.М , Байназарова Г.М , Жайлау С.Ж , Ержанов Қ.Б Жалпы химия ІІ-том. Алматы- 2003 жыл. 103-105-109 бет аралығы

3. www. Google.kz

4. www. mail.ru

5. www. Yandex.kz

6. Ахметов Н.С. "Общая и неорганическая химия" М: Высшая школа, 1981

-75%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Фосфор және оның қосылыстары (157 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт