Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  5 класс  /  Фонетика. Фонетиканы қарастыратын мәселелер.

Фонетика. Фонетиканы қарастыратын мәселелер.

Адамны? тілі – дыбысты? тіл. Тіл дыбыстары болмаса, тіл ?мір с?ре алмайды. Егер с?з дыбыстарыд? тіркесі т?рінде айтылмаса, тіл ?атынас ??ралы да, пікір алысу ??ралы да болмас еді.

Тіл дыбыстары с?з ішінде айтылады. Бір дыбыс ?лденеше с?зді? ??рамында ?айталанып ?олданыла береді. Ол ?ш т?рлі сипатта болады:

1.С?здер ??рамында дыбыстарды? саны бірдей, біра? бір дыбыс ?згеше бол?анды?тан, м?нда?ы с?здерді? ма?ынасы да ?р т?рлі болады. Мысалы: мал, тал, ?ал, т.б.

2. С?здердегі дыбыс саныны? ?р т?рлі болып келуі (бала, ала, ал)

3. С?здегі дыбыстарды? орын т?ртібі (тас – сат; ?ас – са?; т.б.)

Тіл дыбыстары с?йлеу м?шелері ар?ылы жасалады. С?йлеу м?шелеріне: ?кпе, ке?ірдек, дауыс шымылды?ы, ауыз ?уысы, та?дай, тіл, ерін жатады. ?р дыбысты? жасалуына с?йлеу м?шелеріні? ?атысы да ?р т?рлі. Со?ан орай тілдегі дыбыстар да ?р т?рлі болады.

22.02.2017

Содержимое разработки

Күні:

Сынып: 5 «А»

Пән атауы: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Фонетика. Фонетиканы қарастыратын мәселелер.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға қазақ тілінің жаңа бір саласы фонетика және тіл дыбыстары жайында мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін әрі қарай шыңдап, дамыту, өз ойларын тез, ұтымды жеткізуге бағыттау.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту

б) тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап,бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, өткен сабақтарды қайталау, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу

ә) Үй тапсырмасын сұрау

1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау

б) Сабақтың өту барысы:


Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.

Қазақ тілінің фонетика саласы:


  1. Дыбыстардың жасалуы

  2. Дыбыстардың айтылуы

  3. Дыбыстардың естілуі

  4. Буын

  5. Екпін

  6. Интонация

Тіл дыбыстары

Адамның тілі – дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары болмаса, тіл өмір сүре алмайды. Егер сөз дыбыстарыдң тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас құралы да, пікір алысу құралы да болмас еді.

Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып қолданыла береді. Ол үш түрлі сипатта болады:

1.Сөздер құрамында дыбыстардың саны бірдей, бірақ бір дыбыс өзгеше болғандықтан, мұндағы сөздердің мағынасы да әр түрлі болады. Мысалы: мал, тал, қал, т.б.

2. Сөздердегі дыбыс санының әр түрлі болып келуі (бала, ала, ал)

3. Сөздегі дыбыстардың орын тәртібі (тас – сат; қас – сақ; т.б.)

Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу мүшелеріне: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, таңдай, тіл, ерін жатады. Әр дыбыстың жасалуына сөйлеу мүшелерінің қатысы да әр түрлі. Соған орай тілдегі дыбыстар да әр түрлі болады.

Кітаппен жұмыс.

Алғашқы орындалатын тапсырма: 233– жаттығу. Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып, олардың сөз мағынасына тигізетін әсерін бақылаңдар.

Келесі тапсырма: 234 – жаттығу. Төмендегі сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы мағынасы басқа – басқа сөздерді жасаңдар.

Келесі тапсырма: 236 – жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Әрбір сөзде қанша дыбыс, қанша әріп бар екенін анықтаңдар.

Тіл деген сөзге назар аударыңдар және ол бірнеше мағынада жұмсалатындығына мысалдар тауып жазыңдар.

А.Байтұрсынов туралы білетіндеріңді айтыңдар.

Қорытынды.

1.Өтілген тақырыпты бекіту.

2.Сабақта сұралған оқушыларды бағалау.

3. Үй тапсырмасы: дыбыс, тіл сөзіне дыбысьық талдау жасау.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар.

-75%
Курсы повышения квалификации

Педагог дополнительного профессионального образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Фонетика. Фонетиканы қарастыратын мәселелер. (17.83 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт