Меню
Разработки
Разработки  /  Физика  /  Уроки  /  Прочее  /  Физикадан ашық сабақ

Физикадан ашық сабақ

Ашы? саба? "Токты? ж?мысы мен ?уаты. Джоуль-Ленц за?ы" та?ырыбында

19.04.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға тұрақты токтың жұмысы мен қуаты туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Тұрақты токтың жұмысының және қуатының физикалықмағынасын түсіндіру. Математикалық өрнектермен таныстыру. Физикалық

шамалардың өлшем бірлігін меңгерту.Джоуль- Ленц заңымен таныстыру.Заңның математикалық өрнегіментаныстыру, мағынасын түсіндіру. Электр тоғының жұмысы мен Джоуль-Ленц заңының энергетикалық мағынасынтеориялық негізде ұғындыру.Теориялық

білімдіпрактикамен байланыстыраалу машығынқалыптастыру. Формулаларды есте сақтау үшін жаттығулар орындату.

Тәрбиелік: Өмірмен байланыстыру,физикалық көзқарасқалыптастыру.Қорытындылай алуға, нақтылыққа,жүйелілікке, реттілікке, ұжымға, еңбеккетәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңабілім қалыптастыру.

Әдісі:Түсіндірмелі-мысалды, теориялық-практикалық.

Сабаққа қажетті құралдар мен жабдықтар: Оқулық физика10-сынып, интерактивті тақта, физика есептерінің жинағы,тұрмыстық электр приборлары, топтамалар.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

III. Жаңа сабаққа мақсат қою.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

V. Жаңа сабақты бекіту- 1-7 кестелер бойынша слайд жасалып оқушылармен жұмыс жүргізіледі.

VI. Білімдерін тексеру. 1-7 слайдтармен

VII. Қорытынды.

VIII. Бағалау.

IX. Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Амандасу;

Б) Түгендеу;

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.Сұрақтар:

  1. Электр тогы деген не?

  2. Электр тогы бар болу үшін қандай шарттар орындалуы керек?

  3. Тұрақты ток деген не?

  4. Электр тогының қандай әсерлері болады ?

  5. Электр тогын сипаттайтын физикалық параметрлерді атаңдар?

  6. Электр тогын өткізетін заттар мен денелерді айтыңдар?

  7. Ток күші дегеніміз не, анықтамасын бер.

  8. Электр қозғаушы күш деген не?

  9. Электр кернеуі деген не?

  10. Бөгде күш деген қандай күш?

  11. Қандай тұрақты ток заңдарын білесіңдер?

III. Жаңа сабаққа мақсат қою.

Біз бұған дейінгі сабақтарды электр тогын сипаттайдын физикалық параметрлердің бірнешеуімен таныспыз.

Бүгінгі сабақтың мақсаты электр тогын сипаттайтын негізгі параметрлердің бар екендігімен ерекшеленеді.

Яғни бүгін Электр тогының жұмысы және қуаты, Джоуль- Ленц заңы тақырыптарымен таныса отырып білімімізді толықтырамыз.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Теориялық бөлім: Электр тогының жұмысы, қуаты. Джоуль- Ленц заңына теориялық түсінік беру.

Практикалық бөлім

а) теориялық есептер- 19 жаттығу,

ә) практикалық есептер шығарту ,тұрмыстық электр приборларын пайдалану

б) топтамамен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар

  1. Электр тогының жұмысы

Сонымен біз электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жқмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді. Ток күші I=q/t болғандықтан жұмыс мынаған тең: A=IUt

Тізбектің бөлігі үшін Ом заңына сүйеніп Токтың жұмысының өрнегін мына түрде жазуға болады.A=I2 Rt . Тізбектің бөлігіндегі жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең.

Токтың жұмысы Джоульмен (Дж) өлшенеді.1Дж =1A*1B*1c

  1. Токтың қуаты- Кез келген электр приборы- электр шамы, электр двигателі т.б. уақыт бірлігінде белгілі бір энергия тұтынуға есептелген.

  2. Сондықтан токтың қуаты деген ұғымның маңызы, токтың жұмысы ұғымымен қатар жүреді, яғни бірін- бірі толықтыратын физикалық ұғымдар.

Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең шама;

P=A/t=IU= I2 R=U2 /R

  1. Джоуль- Ленц заңы

Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады. Q=A=I2 Rt. Бұл формула Джоуль- Ленц заңын сипаттайды.

Өмірмен байланыстыру- өндірісте, тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына пропорцианал.

Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды.

Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа

Өрістің кернеулігі нөлге тең болмауы керек.

Өріске әсер етуші күштің бар болуы шарт.

Зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы болуы керек.

Потенцииалдар айырымы нөлге тең болмауы керек.

көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.

1. Электр тогының бар болу шарттарын атап көрсетіңдер ,дұрыс жауаптар тақтаның пердесін жылжыту арқылы тексеріліп отырады.

2. Электр тогын сипаттайтын параметрлер.

Формуласын жазып көрсет.толықтыру керек қалам арқылы

Атауы

Таңбалануы

Формуласы

өлшем бірлігі

Бірлік атауы.

1

Ток күші

I


1A=1кл/1c

Ампер

2

Электр кернеу

U


1B=1A*1Ом

Вольт

3

Кедергі

R,r


1Oм=1B/1A

Ом

4

Заряд

q


1кл=1A*1c

Кулон

5

Электр қозғаушы күші



1B=Дж/1кл

Вольт

6

Токтың жұмысы

A


1Дж=1A*1B*1c

Джоуль

7

Токтың қуаты

P


1Bт=1A*1B

Ватт

8

Жылу мөлшері

Q


1Дж=1A*1Oм*1c

Джоуль











3.Тұрақты ток заңдары, Формуласын жазып толықтыр қалам арқылы.

1

2

3

Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы.


Толық тізбек үшін Ом заңы.

Джоуль-Ленц заңы.

Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал оның кедергісіне кері пропорционал

Тұйық тізбектегі ток күші оған әрекет ететін Э.Қ.К күшіне тура пропорционал, ал тізбектің ішкі және сыртқы кедергілерінің қосындысына кері пропорционал.

Өткізгіштердегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақтына тура пропорционал.





Жаңа сабақты бекіту.

Практикалық бөлім .

Теориялық есептер шығару.

  1. Егер қалта фонары шамының кернеуі 3 В, ал тоқ күші 0,25А болса, ондағы электр тогы 2 минутта қандай жұмыс істейді?

  2. Егер резистордағы ток күші 10 мА, ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?

  3. Кедергісі 1 кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ, онда 15 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?

Практикалық есептер шығару. Тұрмыстық электр приборларын пайдаланады.

  1. Үтікті 3 минут қыздырып, оның техникалық көрсеткіштерін пайдаланып, үтіктен бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеп шығару.

  2. Плойка-шаш бұйралағышты 2 минут қыздырып барып, одан бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеп шығар.

Топтық жұмыс.

  1. Кернеуі 20В, ток күші 0,2 А. Токтың қуатын табу керек.

  2. Токтың жылу мөлшерін есепте. Вольтметрдің көрсетуі 5,2 В, амперметрдің көрсетуі 2А, кедергісі 2 Ом, уақыт 5 минут.

  3. Токтың қуатын есепте. Амперметрдің көрсетуі 0,3 А, вольтметр 120В.

  4. Токтың жұмысын есепте. Вольтметр-100В, резистор -30 Ом, уақыт-3 с.

Білімді тиянақтау- тексеру.

Деңгейлік тапсырмалар. Оқушы өзі таңдайды.

  1. Генератордың қысқыштарындағы кернеу 220В, тізбектегі ток күші 5 А. Генератордың қуатын тап.

  2. Электрлік құралда 5А ток күші45 минут ішінде 162 кДж жұмыс жасады. Осы құралдың кедергісін тап.

  3. Кедергісі 6 Ом және 10 Ом екі резистор тізбекке тізбектей қосылған. Егер екінші резисторға түсетін кернеу 20 В тең болса, онда 2 минут уақыт ішінде әрбір резисторда қандай жылу мөлшері бөлінеді?

4. Электр тогының әсерлері сәйкес дұрыс жауабын көрсету керек.қаламмен сызу арқылы.

Жылулық

Тогы бар өткізгіштің айналасында магнит тілшесінің ауытқуы.

Химиялық

Өткізгіштің, электір приборларының қызуы.

Магниттік

Медициналық ақпараттардың. Жұмсы.УДЗ, рентген, лазер сәулелері

Биологиялық

Заттың химиялық құрамының өзгеруі.


5.Электір тогын өткізу қабілетіне қарай заттар бөлінеді – оқушылар тақтада тұрып ,пердені шетінен ашып отырып жауаптарын тексереді.

Өткізгіштер

Жартылай өткізгіштер

Диэлектриктер

Металдар

Газдар

Электролиттер

Кейде өткізгіш

Кейде диэлектрик


Мүлдем электр тогын өткізбейтіндер


6. Электр тогы тасымалдаушы негізгі бөлшектерді сәйкесінше көрсет қаламмен

Металдар Еркін электрондар, + - иондар

Электролиттерде Еркін электрондар

Иондалған газдарда Оң және теріс иондар


7. Электр тогының жұмысы, қуатты . Джоуль – Ленц заңы –тақтаның пердесін жылжытып отырып осы жауаппен сәйкестендіру керек.

Электр тогының жұмысы

A

Дж

А=IUt

Электр тогының жұмысын есептеу үшін – ток кұшінің, кернеу, уақыт шамаларын өзара көбейту керек

Электр тогының қуаты

P

Вт

P=IU=U2/R=I2R

Токтың қуатын есептеу үшін – ток күші мен кернеудің шамаларын көбейту керек

Джоуль – Ленц заңы

Q

Дж

Q=I2Rt

Жылу мөлшерін есептеу үшін ток күшінің квадраттын, кедергіні, уақытты өз ара көбейту керек


Физикалық диктант дәптермен жүмыс.

  1. Зарядталған бөлшектің реттелген бағытталған қозғалысы ..... деп аталады.(электр тоғы)

  2. Уақыт бойынша өзгермейтін ток ........ деп аталады.(тұрақты тоқ)

  3. Электр тогының әсерлері болып табылады ......... әсерлер.(хим,жылу,магн,биол)

  4. Уақыт бірлігіндегі өтетін заттың мөлшеріне теңшама ....... деп аталады.(тоқ тығыз)

  5. Ток күші.... өлшенеді(Амперметр)

  6. Токтың қуаты ток күші мен ....... көбейтіндісіне тең физикалық шама.(кернеу)

  7. Өткізгіште бөлінген жылу мөлшерін есептеу үшін ток күшінің квадратын өткізгіш ....... және электр тогының өту уақытын өз ара көбейту керек.(кедергісі)

VI. Бағалау.Жүргізілген жұмыстар кестесі арқылы 5 балдық жүйемен бағалау.

VII. Үйге тапсырма

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы

-75%
Курсы повышения квалификации

Методика подготовки учеников к ЕГЭ по физике

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Физикадан ашық сабақ (29.23 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт