Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Мероприятия  /  Прочее  /  Факультативтік курсы

Факультативтік курсы

Өлкетану материалдарын оқыту арқылы мектеп оқушыларына елдің тарихын таныстырып, меңгерту. Туып-өскен жері туралы мәліметті игерту. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, қоршаған ортаға деген ерекше көзқарастарын қалыптастыру. Өлкетану сабағының тәрбиелік мақсаты ретінде Отанына деген патриоттық, ұлтжандылық, азаматтық сезімді тәрбиелеу.

Туған жерінің белгілі тарихи қайраткерлерінің өмірлерін оқып-тану. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыздың ерлігі туралы құжаттарды, мәліметтерді жинастырып, мектеп мұражайындағы жәдігерлер қатарын толықтыру.

03.10.2018

Содержимое разработки



Новенький жалпы орта білім беретін мектебі























«Өлкетану. Менің туған өлкем»

факультативтік курсы бағдарламасы

7- сынып оқушыларына арналған

















Құрастырған: Утарова А.К.

бірінші санатты

тарих және география пәні мұғалімі

























2017-2018 оқу жылы



Түсінік хат



«Өлкетану. Менің туған өлкем» факультативтік курсы жалпы орта білім беретін мектептердің 7-сынып оқушыларына арналған. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бөлімін іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын негізге ала отырып құрылды. Сонымен қатар «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат басшылыққа алынды.

Курстың мақсаты: Өлкетану материалдарын оқыту арқылы мектеп оқушыларына елдің тарихын таныстырып, меңгерту. Туып-өскен жері туралы мәліметті игерту. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, қоршаған ортаға деген ерекше көзқарастарын қалыптастыру. Өлкетану сабағының тәрбиелік мақсаты ретінде Отанына деген патриоттық, ұлтжандылық, азаматтық сезімді тәрбиелеу.

Туған жерінің белгілі тарихи қайраткерлерінің өмірлерін оқып-тану. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыздың ерлігі туралы құжаттарды, мәліметтерді жинастырып, мектеп мұражайындағы жәдігерлер қатарын толықтыру.

Өлкемізде тұратын ұлт өкілдерінің шығармашылығы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары, ұлттық қолөнері туралы оқып-біліп, танысады.

Оқушылар туған аймақтың табиғи-экономикалық ерекшеліктерін және олардың даму келешегін оқып-үйренеді.

Бос уақыттарын тиімді пайдалануды, салауатты өмір салтына қалыптастыруды көздейді. Өлке тарихы туралы материалдарды жинақтай отырып, оны ғылыми тұрғыда зерттеп, шығармашылықпен қолдана білу іскерліктерін дамытуға мүмкіндік береді.





Ұсынылып отырған бағдарлама жеті бөлімнен тұрады. Бағдарлама оқу үдерісі бойынша жобаны зерттеу жұмысына бағытталған.

«Өлкетану. Менің туған өлкем» курсының оқу жүктемесі аптасына 1сағат, жылына 34 сағат.












Оқу курсының міндеттері:


  • Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру;

  • география, Қазақстан тарихы, биология пәндері сабақтарында алынған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету;

  • өлкенің тарихи ескерткіштерін қорғау жолдарын қарастыра отырып шығармашылықпен жұмыс істеу жолдарын қамтамасыз ету;

  • еңбек, өнер адамдардың жұмыстарын бағалай білуге үйрету;

  • оқушылардың эстетикалық талғамдарын, танымдық және тарихи қызығушылықтарын арттыру;

  • туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері туралы білімдерін кеңейту;

  • жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.




Күтілетін нәтиже:

  • өз Отанын сүйетін, оның тарихын, әдет-ғұрпын, тілін құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді;

  • оқушы бойында оқулықтан тыс материалдармен шығармашылық жұмыс істеу қажеттілігі пайда болады;

  • оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті істерге қатысу қабілеті дамиды;

  • туған жеріндегі ұлттардың салт-дәстүрін білу және құрметпен қабылдау;

  • туған өлке тарихының тірі куәгерлерін саралау категорияларын білу: Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл ардагерлері, еңбек ардагерлері, еңбегі сіңген педагогтар мен дәрігерлер және т.б.;

  • өлкенің өсімдік жамылғысын, жануарлар дүниесін білу;

  • өлке туралы негізгі анықтамалық мәліметтерді қамтитын түрлі форматтағы ақпараттық материалдарды әзірлеу;

  • Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады.












«Өлкетану. Менің туған өлкем» факультативтік курсының бағдарламасының мазмұны

І бөлім: Туған өлкем – 2 сағат

1.Кіріспе. Өлкетану пәнінің ұғымы мен маңызы

2.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басым бағыттары. Қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары. Ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасының өзектілігі. Ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру мәселесі. Бағдарламалық мақаланың негізгі бөлімдері мен түйінді идеялары (2017ж, 12 сәуір).

ІІ бөлім: Туған жердің табиғаты -7 сағат

1. Туған ауылының географиялық орны, жер көлемі, елді мекендердің маңызы (туған ауылының географиялық орнын, көлемін, маңызын білу. Оқушыларды өздігінен зерттеу жұмыстарын жасауға дағдыландыру).

2. Гидрографикалық сулары және оларды пайдалану (жергілікті жердің өзен, көлін зерттеу).

3. Өлкенің табиғи ресурстарының тізімін құрастыру (Туған өлкенің табиғи ресурстарын және оның түрлері. Адамзат мұқтажы үшін қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің пайдасы мен зияндығы).  

4. Өлке топырағының негізгі түрлері, олардың негізгі сипаты және маңызы (Топырақта тіршілік ететін организмдер. Оқушыларды топырақтың түрлерімен, құнарлылық қасиетімен таныстыру және өлкенің топырағын зерттеу).

5. Туған өлкенің флорасы мен фаунасы. Дәрілік өсімдіктердің түрлері (өлкенің өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі. Қызыл кітап және өңірдің «Қызыл кітабына» кірген жануарлары).

6. Өлкенің ауа - райы өзгерістерінің жергілікті белгілері, болжау (әдістерді презентациялау), төтенше жағдай сипатындағы ауа райы құбылыстары, адамның іс-әрекеті

7. Туған жердің табиғатын қорғау аясында тәжірибелік- сабақ (Жинақтау.

Жоба қорғау. Шығармашылық жұмыс).

ІІІ бөлім: Өлкенің мәдени мұрасы - 9 сағат

1. Ауылдағы тұңғыш мектеп, қай жылы ашылды, қалай аталды, алғашқы түлектері. Мектептің тарихы (ауыл мектебінің тарихы туралы мағлұматтар жинақтау).

2-3. Ауылдағы ескерткіштер тарихымен танысу, ашылу себептері. Ескерткіштер арқылы тарих қойнауына үңілу ( өлкенің ескерткіштері, тарихи деректері).

4. Ауылдың мәдениет саласында еңбек еткен адамдары, өнерлі адамдары туралы деректер жинау (мәдени саласында еңбек еткен тұлғаның шыққан тегі жайындағы мәліметтерді жинау).

5. Табиғи мұра және табиғи қорлары деректер мен зерттеулер (өлкенің табиғи мұра ескерткіштері, ландшафт ерекшеліктерінң әр түрлі сипаты, табиғат нысандарын зерттеу).

6. Тарихи археологиялық ескерткіштеріне сипаттама, ерте және орта ғасырлардағы жәдігерлер (өлкедегі археологиялық зерттеулер нәтижесіндегі табылған жәдігерлерге талдау жасау).

7. Қазіргі тарих және мәдениет ескерткіштерді талдау ( ХІХ – ХХІ ғасыр тарих және мәдениет жәдігерлерінің пайда болу тарихы).

8. Мектеп мұражайларындағы материалдармен танысу (саяхат сабағы).

9.Өлкенің мәдени мұрасына қатысты тәжірибеліки-сабақ (жинақтау. Қорытындылау, презентация).

ІҮ бөлім: Шежірелі – туған өлкем - 5 сағат

1. Ауыл тарихы, атауы туралы не білеміз? (Ауыл тарихы және атауы туралы деректер жинақтау).

2. Ауылдан шыққан тарихи тұлғалар: билер, батырлар өмірі, ерлік істері (Туған өлкенің тарихына кірген билер, ақындар, батырлар мен палуандар. Тұлғалардың тарихтағы рөлі мен өлке тарихына бекер кірмегендігі).

3. «Шежірелер сыр шерткенде» Өлке шежіресі туралы деректер жинақтау. 

4. Ауыл кітапханасына саяхат ( Саяхат сабақ).

5. Шежірелі – туған өлкем тарихына қатысты тәжірибелік- сабақ . (Жинақтау, Қорытындылау, презентация)

Ү бөлім: Батырлар рухы өшпейді – 5 сағат

1. Ұлы Отан соғыс кезіндегі ауыл тіршілігі туралы әңгімелеу

2. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыздың ерлігін бағалау

3. Аудан, облыс мұражайларымен танысу (саяхат сабақ).

4. «Ауылдас тыңгерлер мен еңбек ардагерлері». Ауылдағы тың және еңбек ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру.

5. Батырлар рухы өшпейді тарихына қатысты деректерді жинақтау тәжірибелік- сабақ (Қорытындылау, презентация, жоба қорғау).

ҮІ бөлім: Ауылымыздың демографиялық жағдайы - 3 сағат

1. Ауыл халқының туу, өсуі, өлім туралы статистикалық мәлімет жинақтау, зерттеу ( ауыл халқының құрамы, статистикалық мәлімет жинау).

2. Халық саны, әлеуметтік жағдайы (ауыл халқының тұрмыс тіршілігімен танысу).

3. Ауылымыздың демографиялық жағдайына қатысты деректерді жинақтау тәжірибелік - сабақ (Қорытындылау, презентация).

ҮІІ бөлім: Туған өлкенің бүгінгі келбеті – 3 сағат

1.Ауылымыздың қазіргі кезеңдегі дамуы туралы мәліметтер (ауылымыздың қазіргі келбеті туралы зерттеу жүргізу).

2.Ауылдағы әлеуметтік нысандар. Ауыл әкімшілігі, фельдшерлік – акушерлік пункт (ФАП), пошта, дүкендер (ауылдағы әлеуметтік нысандардың жұмыс барысымен танысу).

3.Өлке аумағында өмір сүретін басқа да ұлт өкілдерінің шығармашылығы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары, ұлттық қолөнері туралы деректер жинақтау

1. Қорытынды сабақ. Табиғатты қорғау. Топсеруен. Туған өлкенің табиғатын қорғау. Табиғатты аялайық. Абаттандыру жұмыстарын жүргізу. Өткен ұрпақтың тарихи және мәдени мұрасын сақтау мен толықтыру.


Тақырыптық – күнтізбелік жоспар


Мазмұны

Оқыту түрі

Сағат

саны

Мерзімі


Туған өлкем – 2 сағат




1

Кіріспе. Өлкетану пәнінің ұғымы мен маңызы


1


2

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басым бағыттары

Дәріс сабағы

1



Туған жердің табиғаты -7 сағат




3

Туған ауылының географиялық орны, жер көлемі, елді мекендердің маңызы

Өзіндік зерттеу

1


4

Гидрографикалық сулары және оларды пайдалану

Зерттеу сабағы

1


5

Өлкенің табиғи ресурстарының тізімін құрастыру

Өзіндік зерттеу

1


6

Өлке топырағының негізгі түрлері, олардың негізгі сипаты және маңызы

Өзіндік зерттеу

1


7

Туған өлкенің флорасы мен фаунасы. Дәрілік өсімдіктердің түрлері

Жоба қорғау

1


8

Өлкенің ауа - райы өзгерістерінің жергілікті белгілері, болжау (әдістерді презентациялау), төтенше жағдай сипатындағы ауа райы құбылыстары, адамның іс-әрекеті

Зерттеу сабағы

1


9

Туған жердің табиғатын қорғау аясында тәжірибелік - сабақ . Жинақтау. Жоба қорғау

Шығар-

машылық жұмыс

1



Өлкенің мәдени мұрасы – 9 сағат




10

Ауылдағы тұңғыш мектеп. Мектептің тарихы

Ізденіс сабақ

1


11-12

Ауылдағы ескерткіштер тарихымен танысу. Ескерткіштер арқылы тарих қойнауына үңілу

Зерттеу сабағы

2


13

Ауылдың мәдени мұрасында еңбек еткен адамдары, өнерлі адамдары туралы деректер жинау

Зерттеу сабағы

1


14

Табиғи мұра және табиғи қорлары деректер мен зерттеулер

Зерттеу сабағы

1


15

Тарихи археологиялық ескерткіштеріне сипаттама, ерте және орта ғасырлардағы жәдігерлер

Ізденіс сабағы

1


16

Қазіргі тарих және мәдениет ескерткіштерді талдау

Ізденіс сабағы

1


17

Мектеп мұражайларындағы материалдармен танысу

Саяхат сабақ

1


18

Өлкенің мәдени мұрасына қатысты тәжірибелік- сабақ. Қорытындылау

Жоба қорғау

1


Шежірелі – туған өлкем - 5 сағат

19

Ауыл тарихы, атауы туралы не білеміз?  

Дәріс сабағы

1


20

Ауылдан шыққан тарихи тұлғалар: билер, батырлар өмірі, ерлік істері

Зерттеу сабағы

1


21

«Шежірелер сыр шерткенде» Өлке шежіресі туралы деректер жинақтау 

Ізденіс сабақ

1


22

Ауыл кітапханасына саяхат

Саяхат сабағы

1


23

Шежірелі – туған өлкем тарихына қатысты тәжірибелік- сабақ. Қорытындылау

Жоба қорғау

1



Батырлар рухы өшпейді- 5 сағат

24

Ұлы Отан соғыс кезіндегі ауыл тіршілігі туралы әңгімелеу

Дөңгелек үстел

1


25

Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыздың ерлігін бағалау

Дәріс сабағы

1


26

Аудан, облыс мұражайларымен танысу

Саяхат сабағы

1


27

«Ауылдас тыңгерлер мен еңбек ардагерлері»

Кездесу кеші

1


28

Батырлар рухы өшпейді тарихына қатысты деректерді жинақтау тәжірибелік-сабақ. Қорытындылау

Жоба қорғау

1



Ауылымыздың демографиялық жағдайы- 3 сағат

29

Ауыл халқының туу, өсуі, өлім туралы статистикалық мәлімет жинақтау, зерттеу.

Зерттеу сабағы

1


30

Халық саны, әлеуметтік жағдайы.

Зерттеу сабағы

1



Ауылымыздың демографиялық жағдайына қатысты деректерді жинақтау тәжірибелік- сабақ. Қорытындылау

Жоба қорғау

1



Туған өлкенің бүгінгі келбеті – 3 сағат

31

 Ауылымыздың қазіргі кезеңдегі дамуы

Ізденіс сабағы

1


32

Ауылдағы әлеуметтік нысандар.

Зерттеу сабағы

1


33

Өлке аумағында өмір сүретін басқа да ұлт өкілдерінің шығармашылығы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары, ұлттық қолөнері туралы деректер

Жоба қорғау

1


34

Туған өлкенің табиғатын қорғау. Табиғатты аялайық. Қорытынды сабақ.

Қорытынды кеш. Топсеруен

1






Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы.

  2. Қазақ энциклопедиясы І том – Алматы, 2003.

  3. Қазақстан тарихы әдістемелік журнал № 9.2013.

  4. Әбдезұлы Қ. Тарих және тағдыр. – Алматы, 2004.

  5. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедиясы – Алматы: Арыс,2002

  6. Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. – Алматы, 1989.

  7. Ескерткіштер жиынтығы Батыс Қазақстан облысы -2008.

  8. Жолдасбеков М. Асыл сөздің атасы. – Алматы, 1996.

  9. Жұбанов А. Замана бұлбұлдары – Алматы, 2001.

  10. Қоңыратбаев.О. Т.Рысқұлов. – Алматы,1994.

  11. Қирабаев С. Қазақ әдебиеті. – Алматы,1992.

  12. Қабдолов З. “Сөз өнері”. – Алматы, 2002.

  13. Момышұлы М. Ұшқан ұя.- Алматы, 2000.

  14. История республиканский научно-методический журнал №2, 2017

  15. Мырзахметұлы М. Түркістан Тараз арасы. – Астана, 2002.

  16. Нұрпейісов К.Тұрар жолы. – Өркениет,1994.

  17. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – Алматы.1992.

  18. Смаханұлы Ш.Қоңыраулы шеңгел. – Алматы, 1974.

  19. На Яике- Городок, На Урале- городок . г.Уральск-1988

  20. «Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы». – Алматы, 2005.























Көшірме

Зеленов ауданы Новеньков ОЖББ мектебінің 2017 жылғы 25 тамыз

№1 әдістемелік отырыс кеңесінің хаттамасы



Күн тәртібінде:

3.Мұғалімдердің факультатив курсы мен үйірме жұмыстарының бағдарламасының құрылымын талқылау (авторлары: Утарова А.К., Тулепкалиева Л.Ш., Муканалиев Б.М.).

3.Үшінші сұрақ бойынша тарих және география пәндерінің мұғалімі А.К.Утарова сөз алды: «Өлкетану. Менің туған өлкем» факультатив курсы бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бөлімін іске асыру мақсатында және жаңартылған білім беру мазмұны аясында құрылғандығын айтып өтті. Сонымен қатар, пән мұғалімі бағдарлама мектеп оқушыларының ел тарихын, географиялық орнын, мәдени мұрасын, ауылдың демографиялық жағдайын, туған жердің бүгінгі келбеті жайлы мәліметтерді жинақтай отырып, ізденіспен, шығармашылықпен жұмыстануына мүмкіндік беретіндігін атап көрсетті, елдің тарихын таныстырып, туып-өскен жері туралы мәліметті игеруге мүмкіндік болатындығын айтып өтті.

Әдістемелік кеңестің төрайымы: Б.Ж.Сарсенгалиева: бағдарлама мектеп оқушыларының ауыл тарихы, елдің құрметті азаматтары жайлы деректерді жинауға және де мектеп мұражайындағы жәдігерлердің қатарын толықтыруға мүмкіндік беретіндігін айтып өтті. Сонымен қатар, оқушылар салауатты өмір салтын қолдай отырып, бос уақыттарын тиімді пайдалана алатынына сенім білдірді.

Әдістемелік отырыстың кеңестің шешімі:

«Өлкетану. Менің туған өлкем» факультатив курсы бағдарламасы тәжірбиеде қолдануға Зеленов аудандық әдістемелік кабинеттің қарауына ұсынылсын.


Әдістемелік кеңестің төрайымы: Сарсенгалиева Б.Ж.

Хатшы: Карабалиева А.А.





-80%
Курсы дополнительного образования

Искусство фотосъёмки в журналистике

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Факультативтік курсы (39.46 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт