Файлдар Бумалар Белгішелер
Информатика және есептеуіш техника негіздері 5 сынып пән мұғалімі Чакаев Ермекбай
Мақсаты
Білім
Түсінік
- Файл, бума, белгішелер жайлы түсінікті тұжырымдайды
- Файл, бума, белгішелердің қызметі мен ерекшелігін түйіндейді.
Қолданыс
Анализ
- Файл, буманы құрып, сақтау амалдарын пайдалана отырып тәжірибеде қолданады.
- Файлды құру және оны сақтау жодарын анықтап саралайды.
Синтез
Баға
- Буманың адам өміріндегі маңызы ұғымын тұтастырады.
- Файлды құру жолдарын қайта қарасатырады
- Файл, бума, белгіше ұғымдары жайлы түсінікті қысқаша қайта қарастырады.
- Файл құру маңыздылығын ерекшелейді.
Ой қозғау
Үй тапсырмасын сұрау
Бір адам пайдаланатын операциялық жүйе
- Бір адам пайдаланатын операциялық жүйе - компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
- Дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады.
Тақырып жоспары
- Файлдар жайлы түсінік
- Бума дегеніміз не?
- Белгішелер туралы түсінік
Файлдар жайлы түсінік
Файлдар дегеніміз не?
Файлдар дегеніміз – мәліметтер сақтауға арналған сыртқы тасымалдаушыдағы жадының ат қойылған аймағы немесе бөлігі.
File (ағылшын тілінен аударылғанда) бума, іс қағаздар жинағы, сонымен қатар ақпаратты сақтау деген мағынаны білдіреді .
Файлдың құрылысы
Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:
- . bmp Paint
- . doc Word WordPad
- . txt Блокнот қолданбасының құжаты
- . wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.
- . avi Бейне — клип
- . xls Excel кестелік процессорының құжаты
- . ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері
Файлдың құрылысы
Файлдың аты мен түрі нүктемен бөлінеді.
Әр файлдың аты болады .
Оң бөлік – түрі (типі)
Сол бөлік - аты
Осы бөліктің ұзындығы 1 — 255 символға дейін болады.
Бұл бөлігі 3 символдан тұрады және оның түрін ( типін ) анықтайды .
ФАЙЛ АТЫ
Файлдың құрылысы
Файл не бағдарлама, не құжат болуы мүмкін
- Файлдың типі бойынша компьютер оның бағдарлама немесе құжат екендігін анықтайды.
- Егер файлдың типінде .ехе немесе .соm белгілеулері тұрса, онда бұл бағдарлама болғаны . Ал қалған белгілеулері бұлардың бәрін компьютер құжат деп анықтайды.
Файлдар құрылысы
Файлдың аты, түрі, символмен берілген (байт) көлемі, операциялық жүйенің календары мен сағатынан алынып жазылған күні, айы, сағаты файлдың атрибуттары (көрсеткіштері) деп аталады.
Бумалар дегеніміз не?
Бумалар
Бума дегеніміз - аты аталған файлдар тобы .
- Windows 98 - дің бумалары каталог рөлін атқарады.
Мысалы: тұрмыстық деңгейде буманы кәдімгі ішіне қағаз беттерін - файлдарды салатын бумалармен салыстыруға болады.
- Windows 98 - дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар бумаларда сақталады.
- Бумалардың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.
Бума Элементтері
- Тақырып
- Мәзір
- Терезені басқару батырмалары
- Айналдыру жолағы
- Құрал саймандар тақтасы
- Қалып күй жолы.
Бумалар
! Буманың пиктограммасы болуы мүмкін.
Бума бос болуы да мүмкін.
! Бумада аты бірдей объектілер болмауы керек.
! Буманың ішіндегісін қарап шығу үшін, тінтуірдің батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.
Файлдар мен Бумалар
Файлдар мен Бумалар жиынымен мынадай операциялар жасауға болады:
- Көшіру;
- Таңдалған шарт бойынша реттеу;
- Қолданбалы программалар арқылы мазмұнын қарап, өзгертуге болады .
Белгішелер туралы түсінік
Белгішелер
Белгіше дегеніміз ( ағылш. icon ) – бейнебетте көрінетін және пайдаланушы қандай да бір әрекеттерді жасай алатын нысанды көрсететін кішкене сурет.
Белгішелер тиісті файлдар мен құрылғылардың белгішелері болып табылады, сондықтан оларды үстеу немесе жою бағдарламалар мен файлдардың өздеріне ешқандай әсер етпейді.
Белгішелер
Қызметі:
- Әмірлерді еске сақтамастан н/е оларды пернетақтадан терместен компьютердің белгілі бір әрекеттерін басқаруға мүмкіндік береді.
- Оларды компьютерде сақталған файлдар мен бағдарламаларға есік ашатын порталдар ретінде қарастыруға болады.
- Белгішелер бағдарламаларды, файлдарды, қалталарды, дискілерді, веб-беттер мен басып шығарғыштарды ашуға мүмкіндік береді.
Үй тапсырмасы.
Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды 4 тәсілмен реттеңдер.