Медбике тәжірибесіндегі қатынас этикасы
Қызметкердің адамгершілік деңгейін қалыптастырушы факторлар
- Ұжымдағы моральдік атмосфераның жағдайы;
- Басшының рөлі және жеке басының адамгершілк деңгейі;
- Барлық қызметкерлерге қатысты этикалық кодекстің болуы.
Еңбек ұжымның рухани атмосферасы
Мамандардың өзінің кәсібіне танытқан көзқарастарына байланысты
Этиканы есте сақтаймыз
Қатынасты орнатамыз
Ынтамқтастық құрамыз
Серіктестік туралы ойлаймыз
Нәтижеге қол жеткіземіз
Бүгінгі күнде есікке жақындасаң, ол автоматты түрде ашылады; адамға жақындасаң, ол автоматты түрде жасырынады.
Пер Хальворсен
Пациенттердің өмір сүру сапасы
Физикалық күйі – ауру симптомдарының жиынтығы, емдеудің қарсы нәтижелерінің ықпалы, жалпы денелік ауқаттылығының айқындалуы (физикалық шектеулер немесе төсек жағдайында болу қажеттілігі).
Пациенттердің өмір сүру сапасы
Психикалық күйі – психологиялық тепе-теңдік, тұлғаның өзгеруі, этетикалық тартымдылығын жоғалту, бақытқа деген сенімін жоғалту, әлемнің әділдігіне деген сенімін жоғалту, тұлғааралық мәселелер (үрейлену немесе депрессия, эмоциялары мен мінез-құлқын бақылау қабілетінің төмендеуі ).
Пациенттердің өмір сүру сапасы
Әлеуметтік қызмет – әлеуметтік мәртебесін жоғалту, қаржылық мүмкіндіктерін жоғалту, емделуге жұмсаған шығындар, мүгедектік, тұлғааралық байланыстары мен әлеуметтік байланыстарының азаюы.
Пациенттердің өмір сүру сапасы
Рөлдік қызметі – отбасындағы, жұмыстағы, қоғамдағы күнделікті рөлдерінің өзгеруі; күнделікті белсенділіктің, өзіне өзі қызмет көрсету мүмкіндігінің төмендеуі.
Пациенттердің өмір сүру сапасы
Өз денсаулығы жағдайын жалпы субъективті қабылдау – қазіргі мезеттегі жағдайын, оның болашағын бағалау, ауырсыну сезімдерін және аурудың қосымша мәселелерін бағалау.
Медицина қызметкері
Пациент
Пациент
Вербальды емес деңгейде:
- Біздің көңіл-күйімізді
- Біздің сыртқы келбетімізді
- Біздің мәртебемізді
- Біздің мамандығымыздағы өкілеттілігімізді
«оқып біледі»
Маман жеке тұлғасының коммуникативті компонентін бағалау
Толығымен оң мінезді – 13%
Оң мінезді – 20%
Анықталмайтын – 67%
Денсаулық сақтаудағы барлық шиеленіс жағдайларының 90 %
медицина қызметкерінің пациентпен сөйлескісі келмегені немесе сөйлесе білмегені, өзінің қателіктері мен проблемаларын мойындағысы келмеуі салдарынан туындайды!
Шиеленіс жағдайларының туындау себептері:
- Пациентке жеткілікті дәрежеде мұқият көзқарас танытпау
- Пациенттің емделуге ақпараттандырылған келісімінің болмауы
- Медицина қызметкерлерінің әрекеттерінде келісушіліктің болмауы
- Медицина құжаттамасын жүргізудегі ақаулықтар
- Кәсіби біліксіздік
- Медицина қызметкері мен пациенттің мінез-құлық ерекшеліктері
Сезім мен сананың тепе-теңдігі
Пациентке немқұрайлы қарау
медицина қызметкерлері толеранттылық қағидаларын сақтамаған кезде туындайды
Толеранттылық (Толеранттылық қағидалары декларациясына сай)
- Өзге мәдениетіне, өзін көрсету тәсілдеріне және адам тұлғасының көрінісіне құрмет таныту, қабылдау және дұрыс түсіну
- Кешірімділік немесе мақұлдаушылық көну дегенді білдірмейді
- Әлеуметтік әділетсіздікке шыдамдылық таныту өзінің көзқарастарынан бас тарту немесе өзінің сенімдерін басқа адамдарға тықпалау дегенді білдірмейді
Пациенттің емделуге ақпараттық келісімінің болмауы
Мамандар жиі ақпараттық келісіммен жұмыс жасауды «бас қатыру» деп қабылдайды, ал пациенттер бұны медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігінен құтылу әдісі деп қабылдайды.
ЖКК қол қойған кезде теріс реакцияны не тудырады?
- Медицина қызметкері пациентке назар аудармастан , «қағаздан» оқып салады.
- Медицина қызметкері с ұрақтардан қашқақтайды , сенімсіз, айқын емес жауап береді, сұрақтарды иелемейді, сол әрекетімен қосымша сұрақтардың туындауына жол береді.
- Медицина қызметкері манипуляцияларын жасауға асығады .
Медицина қызметкері емдеу немесе күтімнің реттілігін нақтылай, пациенттің қажеттіліктерін түсіне, оң жақтары мен теріс жақтарын анықтай алмайды .
Пациент «шатасады» - ол «түсіне» және бағала алмайтын жүйелендірілмеген ақпарат көп.
Медицина қызметкері пациенттің мінез-құлқына өзінің бағасын береді – сөзімен, бет жүзімен, әрекетімен, пациенттің денсаулығына немқұрайлы қарайтынын, емдеу бойынша берілген ұсынымдарын немесе қажетті диагностикалау шараларын орындағысы келмейтінін көріп ашуланады.
Жұмыстану барысы!
- Пациентке бұл қандай құжат екенін және оған қол қою заңдармен («РФ азаматтарының денсаулығын қорғау негіздері туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ФЗ) қарастырылғанын түсіндіру .
- Пациентке қолжетімді түрде БАРЛЫҚ оң жақтары мен теріс жақтары туралы айту (басқаша айтқанда, пациентке қарапайым «адам түсінетін» тілмен ақпараттандырылған келісімнің мазмұнын жеткізу).
Жұмыстану барысы!
- Пациентке ақпараттың өзіне құндылығы мен бағалығын түсіндіру . Денсаулығына қатысты тиімді шешімді тек қызмет туралы толық ақпаратты біле тұра ғана қабылдауға болатынын түсіндіру.
- Шешімді тез қабылдауға көндірмеу , ойлануға, сұрақтар қоюға мүмкіндік беру.
Жұмыстану барысы!
Пациенттің сұрақтарына, соның ішінде айқын түрде ашуландыратын сұрақтарына салмақты, кәсіби тұрғыдан білікті жауап беру (мысалы, «Сіз не ештеңеге кепілдік бермейсіз бе? Онда не үшін соншалықты ақша алып отырсыз?»).
Нәтижесінде неге қолжеткіземіз?
- Медицина қызметкері мен пациенттің терапиялық серіктестігін қалыптасуы ;
- Пациенттің үрейлі-депрессивті ақаулықтар туындауын төмендеуі ;
- Пациенттердің медициналық қызметтердің сапасына қойған негізсіз наразылықтарын айту жиілігін төмендеуі ;
- Пациенттердің медициналық білімділігін артуы ;
- Жұмыс беруші мен сыртқы сарапшылар комиссиясының маман жұмысының сапасын бағалауға оң ықпалы .
Медициналық құжаттаманы жүргізудегі ақаулықтар
Медициналық көмек көрсетудің әр түрлі деңгейлерінде медициналық құжаттаманы рәсімдеудегі қателіктер.
Кәсіби құзыреттілігі
- Медицина қызметкерлерінің жұмысындағы қателіктер.
- Медицина қызметкерлерінің жұмысындағы немқұрайлық және ұқыпсыздық.
- Пациентеп жұмыстану барысында құпиялылықты сақтау.
Медицина қызметкері мен пациенттің мінез-құлық ерекшеліктері
- Рухани мінез-құлқы
- Тұлғалық мінез-құлқы
- Іскерлік мінез-құлқы
Пациенттікі әрқашан дұрыс болады ,
мамандар
- Жоғары білікті болғанға
- Құқықтық білімді болғанға
- Өзін өзі ұстау мәдениетін сақтағанға
- Этикетті сақтағанға
- Бойындағы әдепсіздікті жойғанға дейін.
Этика кодексі медбикенің кәсіби қызметінің рухани бағдарын анықтайды.
Төрт әмбебап этика қағидалары
Мейірімділік қағидасы : “мен пациентке жақсылық алып келемін, тым болмаса, оған зиян келтірмеймін”. Мейірімділік дегеніміз пациентке деген сергек және мұқият көзқарас, жағдайының ауырлығына қарай емдеу әдістерін таңдау, пациенттің қарастырылған медициналық араласуға қабілеттілігін көрсетеді. Бастысы, медицина қызметкерінің әр әрекеті нақты сол пациенттің жақсы болып кетуі үшін жасалуы!
Автономдық қағидасы әр пациентке және оның шешімдеріне құрмет көрсетуін талап етеді. Әр адам мақсатына қолжеткізудің құралы ретінде емес, тек мақсат ретінде қаралады. Оған кіретіні: - құпиялық, - пациенттің мәдениеті, діні, саяси және өзге де сенімдеріне құрмет - медициналық араласу және диагностикалау, емдеу, күту және оңалтуды бірігіп жоспарлау және жоспарын жүзеге асыруға ақпараттандырылған келісім, - пациенттің өз бетінше шешім қабылдауы немесе шешімді осы пациенттің заңды өкілінің қабылдауы.
«Бұның барлығы кәсібіміз соншалықты мұңды және жабыраңқы көрінбесін деп күлкі үшін жасалған болатын. Біздер реанимация бөлімінде жұмыс жасаймыз»
фотосессияға қатысушы
Әділдік/ зиян келтірмеушілік қағидасы медицина қызметкерлерінен барлық пациенттерге олардың мәртебесіне, жайына, кәсібіне немесе өзге сыртқы мән-жайларға қарамастан бірдей көзқарас танытуын және тегін көмек көрсетуін талап етеді. Бұл қағида медицина қызметкері қандай да бір көмек көрсетпесе де, оның әрекеттері пациенттің өзіне де, басқа тұлғаларға да зиян келтірмеуі тиіс. Пациент пен оның жақындары немесе басқа медицина қызметкерлері арасында шиеленістің туындауы жағдайына кезігіп, осы қағиданы басшылыққа алып, біздер пациенттің жағында қалуымыз тиіс.
Медициналық көмекті көрсетудің толықтығы қағидасы дегеніміз медициналық көмекті кәсіби көрсету және пациентке кәсіби көзқарас таныту, сапалы диагностикалау және емдеуді жүргізу, алдын алу шараларын жүргізу және паллиативті көмек көрсету үшін денсаулық сақтаудың барлық қолда бар құралдарын пайдалану. Қағида денсаулық сақтау саласына қатысты заңнаманың барлық нормаларын, сонымен қатар этика кодексінің барлық қағидаларын сақтауды талап етеді.
Біздерге серіктестік орнатуға не кедергі болады?
Әңгімені бастаған кезде жеткілікті уақытыңыз болуы керек .
Пациентпен қатынас жасау
«Бетперделердің қатынасы»
Формальды қатынас, осы кезде әңгімеге қатысушыны түсінуге және тұлғалық ерекшелігін ұмтылыс болмайды, тек шынайы эмоциялар мен әңгімелесушіге шынайы көзқарасын жасыруға мүмкіндік беретін сыпайлылық пен әдептілік бетпердесі қолданылады.
Пациентті жетелеуіш эмоциялар:
Қорқыныш, соматикалық әрекеттің айқын белгілерімен жетеленеді – АҚ көтерілуі, тамыр соғысының жиіленуі, қолдардың дірілдеуі, қарашықтардың үлкеюі, бұлшық ет тонусының жоғарылауы, зәр немесе нәжіс шығаруға ұмтылыс – бұл қате нақтама қоюға алып келуі мүмкін.
Қорқыныш пациентке ауыртатын емшаларға дайындалуға кедергі келтіреді, тексеру және манипуляциялар жасау барысын қиындатады, пациент медицина қызметкерінің араласуынан қолдарымен қорғанғысы келеді, бұл әрекеті маманға жоспарлағанын жасауға кедергі келтіреді.
Үрей
Қорқынышқа ұқсас психикалық жәй-күй, үрей туындаған кезде адам неден нақты қорқып отырғанын түсіне бармайді.
Бұл мәнсіз қорқыныш, анық емес және белгісіз қауіптен қорқу.
Үрейді де вегетативті симптомдар жетелейдіү.
Пациенттің үрейін қалай жеңуге болады?
- Медицина қызметкері әрекет жасау алдында немесе жасау барысында пациентпен әңгімелесу – жағдайдан алаңдату факторы.
- Пациенттің үрейлі күйді ұстап тұруға жұмсайтын қуатын тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік беретін түрлі әрекет – назарын басқа жағдайға аудару факторы .
Қобалжу
Әр теріс фактор пайда болған кезде жітілене түседі, мысалы, ыңғайсыз отыру не жату, физикалық жүктеме.
Пациентте әлсіздік және медицина қызметкерлеріне бағыныштылық сезімі туындайды.
Жүргізілетін манипуляциялар туралы пациентке алдын ала ескертілуі тиіс!
Сезімталдылықтың күшеюі
Түрлі жастағы және әр түрлі жағдайға түскенде пациенттер белгісіздіктен қорқады.
Қорқыныш және үрей аурушаңдылық тудыруы мүмкін, әсіресе пациент оны күткен (елестеткен) кезде.
Аурушаңдылықты көрсету түрі адамның мәдени – әлеуметтік дамуына байланысты (жылау, ыңырсу, айқайдау, ішінен тыңу және т.б.).
Көне адам инстинкті – қауіп төнген жағдайда тірек табу. Сондықтан қатты ауырсынған кезде адам баласы заттарға немесе басқа адамға жабысады.
Ауырсынуды жеңілдету тәсілі – назарын алаңдату.
Жазылып кететініне күмәндану
Ұзақ және көп рет қайталанатын манипуляциялар, емдеу немесе дәрі-дәрмектер пациентте ауруының емі жоқ деген ой тудырады.
Ұялу және ыңғайсыздану
Интимді манипуляцияларды жасаған кезде медицина қызметкері пациенттің ұялатынын, ыңғайсызданатынын ескеруі тиіс.
Манипуляциялар жасаған кезде пациентке өзінің жеркенішін, жиіркенуін көрсетпеуі тиіс, кәсіби әдептілік пен сыпайы мінез-құлық танытқаны маңызды.
Дене жанасуы
Манипуляциялар жасаған кезде медбикеге пациентпен денесін тигізуге тура келеді.
Дене жанасуы әрқашан эмоционалды болатынын есте сақтау қажет.
Осыған байланысты араласу аймағын ескеру қажет .
Интимді аумақта манипуляциялар жасау үшін пациенттің медицина қызметкеріне сенгені қажет.
Әрекеттесуге кедергілер :
Уәждемелік кедергі әңгімелесушілердің байланысқа түсулері үшін себептері әр түрлі болған кезде туындайды.
Пациент әңгімеге араласуға бейімді болуы тиіс !
Құзыреттіліксіздік кедергісі
Әңгімелесуші әңгімелесудің тақырыбын дұрыс білмесе немесе мәселені ішінара білген кезде туындайды.
Пациент медицина қызметкерінің білімсіздігін көрсе, оның мәртебесі түседі.
Сөйлесу стильдері кедергісі
адамның темпераменті, мінезі, көзқарасына байланысты және тәрбиесі, айналасы, кәсібінің ықпалымен қалыптасады.
Эстетикалық кедергі
Әңгімелесуші мұқиятсыз, салақ киінген немесе кабинетіндегі жағдай, жұмыс үстелінің күйі әңгімелесуге тартпаған жағдайда туындайды.
Әр түрлі әлеуметтік жағдайы
Серіктестердің, әсіресе егер олардың бірі басшылықтың алдында қорқуға үйреніп кеткен болса.
Сұрақ: Қоғамда биік мәртебеге ие пациентпен қалай қатынас жасау керек?
1. Стандартталған қатынасқа түсу әдісін пайдаланыңыз (өзіңіздің лауазымдық міндеттеріңізді орындаңыз).
2. Қатынас жасауда «басымдылық факторын» тек пациент ғана емес, Сізде орната алатынын есте сақтаңыз.
3. Кішкене көну әрекеттерін жасаңыз (серуендеу, келушілерді кіргізу және т.б.
Теріс эмоциялар кедергісі
Келесі тұлғалармен сөйлескен кезде туындайды
- Көңіл түскен адаммен
- Ашулы адаммен с
- Науқас адаммен
Коммуникативті кедергі
Қарым-қатынасқа түскен адамдардың арасындағы адекватты ақпарат алмасу кезінде туындайтын психологиялық кедергілер.
Келесі қағиданы есте сақтау керек ,
Медицина қызметкері мен пациенттің әңгімелесуінің стандартты түрін ұсыну мүмкін емес.
Сұрақ: Жалықтыратын пациентпен қалай қарым қатынас жасау керек?
1) Мінез-құлқының себебін анықтап, соған ықпал жасау :
- Ауруымен байланысты қорқыныш, үрей – ақпарат беру, түсіндіру, дәлелдеу;
- Басқа пациенттермен араласудағы проблемалар– палатадағы пациенттердің арасындағы қарым-қатынасты реттеуге тырысу;
- Тұлғаның ішкі мәселелері
2) Қолының бос емес екенін айтқан кезде максималды түрде әдепті болу!
Ұстаным кедергісі
сізбен әңгімелесуші сізге немесе ұйымыңызға қатысты теріс ұстанымы болуы мүмкін.
Жақтырмаушылыққа ақылсыздық, әлсіздік, мәденитесіздік, қарапайым білмеушіліктің көрінісі ретінде қараңыз.
Сұрақ: «Медицинада барлығы нашар …» ұстанымды пациентпен қарым-қатанасты қалай жасау керек?
1) Ұстанымның қалыптасу себебін анықтау:
- БАҚ,
- Өзінің бұрын басынан кешкені,
- Таныстарының басынан кешкені,
- Өтіп жатырған жағдай.
2) Ұстанымына әсер ету :
- Ақпарат беру, түсіндіру, дәлелдеу (сөзбен емес іспен).
3) Пациенттің медицинаға деген көзқарасын өзіңізге қатысты қабылдамаңыз.
Фонетикалық кедергі
Нәтижелі қатынас жасауға қатты кедергі келтіреді, бірақ егер сіз нақты осы адаммен қатынас жасауға ұмтылсаңыз, оның сөйлеу мәнеріне бейімделуге тура келеді.
Тыңдау білмеушілік
Пациент сөзіңізді бөлуде, өзінің шаруасын айтудуында немесе өзінің шаруасын ойлап, сөздеріңізге жауап бермегенінде.
Сұрақ: Пациент сөзіңізді бөле берген кезде қарым-қатынас қалай жасау керек?
1. Мінез-құлқының себебін анықтаңыз:
- Нақтылауйды,
- Тыңдағысы келмейді (өзінің көзқарасын дәлелдейді),
- Асығады, мазасызданады.
2. Өзіңіздің қатынас түсуіңізді мақсатын анықтаңыз.
3. Қатынас жасаудың нәтижелілігін анықтайтын факторларды ескеріп, пациентпен қарым-қатынас жасау тактикасын құрыңыз.
Сұрақ: Медициналық ұжымға дөрекі сөйлеп, олардың қорлайтын пациентпен қарым-қатынас қалай жасау керек?
1. Күтім шиеленіс жағдайында әрекет ету стратегиясы ретінде.
2. Мінез-құлқының себебін анықтаңыз:
- Тұлғаның қасиеттері,
- Ұжымның әрекетіне жауап және т.б.
3. Егер Сіз пациенттің ашулы әрекетінің себебіне ықпал ете алсаңыз – оны жойыңыз.
4. Дәрігерге пациенттің мінез-құлқы туралы хабарлаңыз.
Принципті жағдайлар :
тыңдай білу
сендіре білу
түсіндіре білу
Тыңдай және сети білу
Тыңдай білу – бірінші кезекте әңгімелесушіңіз сізге барлығын айтқысы келетіндей, ашық және ниетпен айтатындай етіп тыңдай білу керек.
Ести білу – бұл өзінің айтылған туралы түрлі ойларын емес, нақты әңгімеге қатысушыны ести білу. Нақты айтылған нәрсені, айтылғанның мәнін ести білу.
Анық, нақты және түсінікті етіп түсіндіре білу
«Егер ой бір нәрседен екіншіге секіре берсе, ауыса берсе, егер маңызды сөз үзіле берсе, мұндай рөлді тіптен тыңдау мүмкін емес.»
А.Ф. Кони
Әңгімелесушінің сендіру білу
Сендіру – бұл адамдарды өзінің жағына тарту.
Сендіру сөз, іс және үлгі болу арқылы жүзеге асырылады.
Бар жағдайда да сөз басым болады.
Сендіруге көнбейтіндер :
- Ой өрісі шектеулі адамдар
- «Ішкі ойына берілген» тұлғалар
- Әлеуметтік тұйық адамдар
- Ашуы айқын көрініп тұрған адамдар
- Жаулық қатынасын ашық көрсеткен тұлғалар
Қолымда барының бәрін алып қойыңыз.
Тек тілдесу мүмкіндігімді қалдырыңыз.
Көп ұзамай мен барлығына қолжеткіземін. Даниэл Уэбстер
Позитивті қарым-қатынас орнату үшін
- Қолайлы жағдай жасаңыз
- Бір біріңізге жақындата түсетін тақырыптар табыңыз
- Ішкі түйсігіңізді қосыңыз
- Әңгімелесушіңіздің қарқынына ілесіңіз
- Әзіліңізді мұқият жасаңыз
Қолайлы эмоционалды айнала құрау үшін
- кофе, шай, какао – кофеин мен тиобромин эмоционалды жәй-күйге орташа сергіткіш әсер етеді
- шоколад ешқашан көңіл-күйді бұзбаған
- Сенім ұялататын жақсы сыртқы келбет
Өзара түсіністікті қалыптастыратын қағидалар :
- Пациенттің қатты эмоцияларға берілуін дайын болу
- Пациентпен оның уайымын бөлісуге дайын болу
- Пациентке ішінлегісін айтуға мүмкіндік беру
- Орынсыз оптимизм көрсетпеу керек
Медицина қызметкерінің эмоцияларды реттеу тәсілі
Егер адам жағдайды өзгерте алмаса, оған деген көзқарасты өзгерту керек:
- артық қуатты нейтралды бағытта жұмсау – белсенді қызмет түрімен айналысу керек;
- «вентиляциялық» теорияны пайдалану – басқа адамдарға зиян келтірмей жағдайды басу;
- дене саулығын нығайту – дені сау мықты организм эмоционалды жүктемелерді оңай көтереді;
- Тыныс алу техникасын пайдалану –терең тыныс алу ағзаны көп мөлшерде оттегімен қамтамасыз етіп, көмірқышқыл газынан босатады;
- Назарын басұа нысандарға аудару;
- Талдауыштарға дыбыс, түс, әуен немесе сөзбен әсер ету;
- Сыртқы келбеті байсалды адамдарға назар аударк – айналадағы адамдардың эмоциялары беріледі;
- Өтіп жатырған оқиғалардан жақсы нәрсе іздеу.
Келесі нәрселерді есте сақтаңыз…
- Пациенттің туыстары медицина қызметкерлеріне сұрақтар қоюға толық құқығы бар;
- Науқас адамның мінез-құлқы мен көңіл-күйінде үнемі өзгерістер болып тұрады - дәрілер, қолайсыздық пен стресс жабыраңқы немесе ашулы күйге келтіруі мүмкін;
- Максималды мүмкін деңгейде науқас адамның белсенділігі мен тәуелсіздігін ынталандыру қажет, бұл оған өз күшіне сенім тудырады;
- Өз денсаулығына адекватты көзқарас таныту керек – өз денсаулығы сыр берген кезде біреуге көмек көрсету қиын.
Кәсіби қызметіңізге сәттілік тілейміз!


Этика және деонтология (3.13 MB)

