Меню
Разработки
Разработки  /  Физика  /  Уроки  /  8 класс  /  Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы

Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы

Открытый урок по физике, 8 класс. На тему: "Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы"

20.11.2018

Содержимое разработки

Спортқа дарынды балаларға арналған мамандырылған Солтүстік Қазақстан облыстық мектеп интернаты мамандандырылған мектеп-интернаты















Сабақтың тақырыбы: Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі . Кулон заңы

8 сынып

Аралас сабақ





Пән мұғалімі: Тажибаев Нурбол Серикович















Петропавл қаласы

2017-2018 оқу жылы

Физика 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қозғалмайтын зарядтардыың өзара әрекеттесуі . Кулон заңы. Элементар электр заряды

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың электростатиканың негізгі заңдары тұйықталған жүйеде зарядтың сақталу заңы мен Кулон заңының маңызы мен мазмұнын түсініп есеп шығаруға дағдыландыру.

Міндеттері:

  • Кулон заңының математикалық өрнегі жөнінде түсіндіру

  • Кулон күшінің өлшем бірліктерін ұғындыру

  • Өз ойларын ашық айтуға, тұжырымдама жасай білуге,сауатты,мәдениетті сөйлеуге, ауызша ,жазбаша есептеуге машықтандыру,білімге қызығушылығын арттыру

  • Ұжымшыл ,ұйымшыл,ұқыпты,жинақты болуға ,адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Мультимедиялық проектор,плакаттар ,электроскоп, постер,әр түрлі түсті стикерлер және т.б.

Сілтеме: Б. М. Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова,А.А.Медетбекова «Физика және астрономия»

8сынып. Алматы «Мектеп» §31 115 -118бет

Әдіс-тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, формативтік бағалау,өзін-өзі бағалауға ықпал ету,

топтық жұмыс, тренинг, көрнекілік,видеотәжірибе және т.б.

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру . «Өрмекшінің торы» әдісі

(жіпті оқушыларға лақтыру арқылы, үйге берілген тапсырманы тексеру )

Мысалы: Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап электроскоп деп аталады.

Электроскоп грек сөзінен аударғанда «электрді көремін» деген мағынаны білдіреді.

Электр зарядтарын өткізу қабілетіне қарай заттар шартты түрде электрөткізгіштер және электр өткізбейтіндер болып бөлінеді.

Зарядтар еркін қозғала алатын заттарды өткізгіштер деп атаймыз.

Оларға адаманың, малдың денесі, ылғал жер жатады.

Электр зарядын өткізбейтіндерге пластмассалар, фарфор, шыны, маталар жатады.

Барлық денелер молекулалардан тұрады.

Молекулалар атомдарға бөлінеді.

Тұтас алғанда атомдар мен молекулалар электрлік бейтарап болады.

Электр заряды физикалық шама .

Әрі қарай бөлінбейтін ең аз теріс заряды бар бөлшек электрон деп аталады.

Миликкен тәжірибе жүзінде электрон зарядының мәнін анықтады .

Элекронның электр заряды элементар заряд деп аталады.

Электрон заряды теріс болады және оны е әрпімен белгілейді.

Оның сан мәні -1,6 x 10 -19 Кл тең.

Атомның құрылысын алғаш ашқан Резерфорд

Ядроның құрамындағы оң зарядталған бөлшек протон деп аталады.

Атом ядроларында протоннан басқа , заряды болмайтын, нейтрон болады.

Атомдағы электрондар саны протондардың санына тең.

Атомда заряд болмайды, ол бейтарап .

( І топ сары қағазға Протон, ІІ топ жасыл қағазға Нейтрон ,ІІІ топ көк қағазға Электрон) түстердегі қималарды біріктіру арқылы жаңа сабағымыздың тақ ырыбы шығады.

Өткен тақырыпты қайталау үшін мына тапсырлар орындалады.



ІІІ . Жаңа сабақты түсіндіру

Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы

Шарль-Огюстен Кулон (Шарль-Огюстен Кулон – француз физигi және инженерi Ангулем қаласында (Франция) мемлекеттiк шенеунiк жанұясында дүниеге келген.

Француз ғалымы Ш.Кулон 1785 жылы тәжірибе жүзінде вакуумдегі нүктелік зарядтардың өзара әсерлесу заңын ашқаннан кейін, 18 ғасырдың соңына қарай, электр құбылыстарын сандық жағынан зерттеу басталды. Өлшемдері өзара әрекеттесетін денелердің арақашықтығынан бірнеше кіші болатын денеде орналасқан зарядты нүктелік заряд деп атайды.
Тәжірибелер зарядталған денелер арасындағы өзара әрекеттесуші күштері олардың геометриялық өлшемдеріне, денелердің пішіне мен олардың электрлену дәрежесіне байланысты екенін көрсетеді. Бірақ нүктелік зарядтар үшін денелер арасындағы өзара әрекеттесу күштері Кулонның қарапайым заңынабағынады. 
Өз тәжірибесінде Кулон жіңішке серпімді сымға ілінген және шыны цилиндр тәріздес ыдысқа орналастырылған, А шыны таяқшадан тұратын қондырғы-іиірмелі таразыны қолданды. Таяқшаның бір ұшына кішкентай а металл шар бекітілген, ал екінші ұшында оны теңгеріп тұратын жүк (қарсы салмақ) бар.Жіптің жоғарғы ұшы оның ширатылу бұрышын анықтауға арналған бөліктері бар шкалаға бекітілген (Г). Ыдыс тығынындағы саңылау арқылы дәл сондай басқа в сынақ шар енгізіледі. Егер шарларға оң заряд берсек, онда олар бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Өзара әрекеттесуші күшінің шамасын жіптің ширатылу бұрышына қарап анықтауға болады.

Видео арқылы тәжірибенің орындалу жүйесін көрсету


Кулон заңы: Бостықтағы екi қозғалмайтын зарядталған нүктелiк денелердiң өзара әсерлесу күшi F (кулон күшi)  және  зарядтардың модульдерiнiң көбейтiндiсiне тура пропорционал және олардың өзара r арақашықтығының квадратына керi пропорционал.

 

Мұнда k – пропорционалдық коэффициентi, сандық мәнi бiрлiк зарядтардың бiрлiк ұзындығына тең арақашықтықта өзара әсерлесу күшiне тең.

k коэффициентiн мынадай түрде жазу қабылданған

мұнда  – электр тұрақтысы, СИ жүйесi бойынша мынаған тең:

Коэффициент k СИ бiрлiгiнде жазылуы бойынша келесi түрде өрнектеледi:

ІҮ. Сергіту сәті (әуенмен қосылып өлең жолдарын айту)

Қызықта да , әсерлі ғылымдардардың данасы

Физикада қиын пән таусылмайтын саласы.

Зарядтардың әсері бағынатын Кулонға

Қарапайым заңдылық жатыр міне осында







Ү. Жаңа сабақты бекіту. Физикалық диктант : көп нүктенің орнына тиісті сөзді тап

1.Оң зарядталған бөлшектер ... болып саналады(протондар,электрондар,

атомдар)

2.Бір таңбалы заряды бар денелер өзара ...

(тебіледі,тартылады,әрекеттеспейді)

3.Теріс зарядталған бөлшектер ... болып саналады

(протондар,электрондар,атомдар)

4.Көміртегі атомының ядросында 12 бөлшек бар, ядроның айналасында 6 электрон қозғалады.Осы атомның ядросында ... протон бар.(12 ;18;6)

5.Нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын ... ашты.(Ш.Кулон, Г.Ом , А.Ампер)

6.Электронның массасы ... тең

(9,1*10-31 кг-ға ; 9,1*10-13 кг-ға;

1,6*10-27 кг-ға)

7.Атом электрондарының біразын жоғалтса, онда мұндай күйде ... ион деп аталады. (оң,теріс, оң және теріс)

8.Қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі...(кинетикалық, потенциалдық , электростатикалық)

9. Кулон заңын тұжырымда: ________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

10. Формуласы : Ғ = k =





ҮІ. «Ойлан.Жұптас.Бөліс» әдісі

І топ 14- жаттығу № 1 ,4 есеп

ІІ топ 14- жаттығу № 2 ,5 есеп

ІІІ топ 14- жаттығу № 3 ,7 есеп

ҮІІІ. Рефлексия . Тест.

  1. Жеке басымның жұмысымның нәтижесі деп мен төмендегіні есептеймін:

А. Теорияны түсіндім. В. Есептер шығаруды ұйрендім. С. Өткен тақырыптарды қайталап

өттім.

  1. Сабақ үстінде есеп шығарғанда өздеріне не жетіспеді деп ойлайсындар?

А. Білім. В. Уақыт С. Есептерді жақсы шығардым.

  1. Сіздерге сабақ үстіндегі қиыншылықтарды жеңуге кім көмек жасады?

А. Сыныптастар. В. Мұғалім . С. Оқулық.

ІХ. Үйге тапсырма

31 -ді оқу. 14- жаттығу № 6,8 есеп

Х. Бағалау

13- 15 ұпай баға «5»

10- 12 ұпай баға «4»

7-9 ұпай баға «3»

Топ басшыларына сабақ басында берілген бағалау парақшасындағы ұпайлар аоұылы сабақ соңында оқушыларға баға қойылады.













-75%
Курсы повышения квалификации

Методика обучения физике в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы (942.23 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт