
Сабақтың тақырыбы:
Дулат бабатайұлы
«О, Ақтан жас, ақтан жас»

Сабақтың мақсаты:
А/И4. Шығармашылық жұмыс
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.
Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы
Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау



Хат жазу талаптары:
- Хат түсінікті, анық жазылуы керек;
- Әрі сыпайы, қарапайым, мейірімге толы болуы қажет;
3. Хат қысқаша, мазмұнды болуы керек.
4. Кімге арнадың?
Мысалы: Қымбатты менің сүйікті кейіпкерім!
5. Негізгі бөлім (сұрақтар, өтініштер, болған жағдайға өзіндік пікір, тілек)
6. Қоштасу, хат иесінің аты-жөні (уақыты)

1-тапсырмаға жетістік критерийі:
- Көркем шығармадан алған әсерін сипаттайды;
- Хат жазудың талаптарын сақтап жазады;
- Грамматикалық тұрғыдан сауатты жазады.

Екі тапсырманың бірін таңдап, орындаңыз:
- 1) Авторға хат
- Құрметті, Дулат Бабатайұлы! Қазақ халқы жетімін жылатпаған халық. «Жетім көрсең, жебей жүр» деп те айтып жатады. Сіздің осы өлеңіңізді оқып,...... деп басталатын хат жазыңыз.
- 2) Кейіпкерге хат
- Ақтан жас, Дулат атамыздың сізге артып отырған үмітін ақтайды деп сенемін, себебі...................
- деп басталатын хат жазыңыз.
- Сөз көлемі- 50-60.

2-тапсырма:
- Мәтінмендермен танысып шығып, ақын тарихтың қай кезеңдерінде өмір сүрді? деген сауалға дәйек келтіре отырып, жауап беріңіздер. Ойларыңызды «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңіндегі негізгі идеямен ұштастырыңыздар. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
- Аталған тұлғаның өмірі;
- Ол өмір сүрген кезең;
- Ол Қазақ Еліне деген сүйіспеншілігін қалай көрсетті?

2-тапсырмаға Жетістік критерийі:
- Мәтінді түсінеді;
- Шығарманың тарихи құндылығын бағалайды.

Рефлексия:
«Екі жұлдыз, бір тілек»