Тәрбие сағатының тақырыбы: «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі».

Мақсаты:Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту . Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Тәрбиелілік: Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу
Дамытушылық: Қазақтың ұлттық тағамдары мен салт — дәстүрлерін жаңғырту арқылы ұлтқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: Тамақтану туралы жазылған нақыл сөздер, тағам, жеміс-жидектер мен тағамдардың суреті, видео.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірталас, жұмбақ шешу.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі күн терезеден,
Бізге күліп, тұр қарап.
Сондай жақсы көңіл-күймен,
Басталады бұл сабақ.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар , өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сұреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)
Жұмбақ:
Алға жайып тұз дәмін
Келтіреді үй сәнін
Ол халқымның ақ жаны
Жақсы дәстүр маржаны
Кең пейілде арайлы
Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан)
Мұғалім: Әрине бұл жұмбақтың жауабы денсаулық және дастархан.
-Балалар, адамның басты байлығы не деп ойлайсыңдар?
–Балалар,«денсаулық»
-Иә, халқымыз «Бірінші байлық –денсаулық» деп тегін айтпаған.
-Денсаулық мықты болу үшін не істеуіміз керек?
-Балалар, дұрыс тамақтану керек.
-Сонымен, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы:
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» яғни дені сау, мықты, ақылды, сымбатты да сұлу болу үшін қалай тамақтану керектігіне ой қозғаймыз.
Мұғалім: «Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі, дастархан дәмі- киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астық киесі ұрады дейді. Естеріңде болсын, балалар! Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басындағы асты ең алдымен ата – анаға, үлкенге ұсынады.
Ең бірінші дастарханымызға келетін ас кандай ас?
-Балалар нан деп жауап береді.
Мұғалім: Әрине нан.
Сонымен қатар қазақ халқында ырым-тыйымдар мен тамақтану мәдиенеті сақталған.
«Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар».
1.Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды.
3.Тамақ ішкенде тыныш әрі дұрыс отыру керек.
4.Ас үстінен аттамау керек.
5.Астан үлкен адам жоқ.
6. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
8.Ертеңгі асты тастауға болмайды.
Тамақтану ережесі:
Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.
1. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.
2.Тамақ ішіп отырып,кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.
3.Тамақ ішер алдында қолды жуу керек.
4.Дастархан басында түзу отыру керек.
5.Тамақ ішкен кезде сөйлемеу керек.
6.Тамақты әдеп сақтап, жақсылап шайнау керек.
- Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын қуатына сай тамақтануы тиіс.
- Күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.
- Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.
- Қатты ыстық тамақты, қатты суық тамақты ішуге болмайды, тістің эмалін бұзады
- Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.
- Тамақтын түрін өзгертіп тұру керек
-Қайнатылған, буға піскен тағам пайдалы.
- Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек
- Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек
Тамақтану-адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Адамның денсаулығы көбінесе қалай тамақтанғанына байланысты. Адам үнемі күш-қуат жұмсайды. Соны қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білуі тиіс.
Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.
Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы
-Балалар, ұлттық тағамдарымызға қандай тағамдар жатады?
Оқушылар бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз – шұбат, құрт, айран, қаймақ тағы басқалар жатады. Жеміс-жидектерде көптеген дәрумендер болады.
-Дұрыс тамақтану дегенініміз бұл аз-аздан әртүрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үнемі жұмыс атқарады. Сондықтан үнемі тамақтануды талап етеді. Тамақ арқылы адам қуат алады. Осы қуаттың арқасында адам жұмыс істейді, қозғалады, спортпен айналысады.
-Тамақты жеткіліксіз мөлшерде ішу немесе мөлшерден артық ішу де ағза үшін өте зиянды.
Сергіту сәті. Мен қазақпын.

–Балалар, қандай пайдалы және зиянды тағам түрлерін білесіңдер ме?
Пайдалы тағамдар және зиянды тағамдарды топтастыру ( оқушылар тақтадағы қағазға бөліп білетіндерін топтастырады).
Қарақұмық ботқасы, газ сусыны, балық, алма, бесбармақ, сарымсақ, қуырылған картоп (фри), жүгері ботқасы, кока-кола, кириешки, компот, чипсы, сәбіз, айран, чупа-чупс, қияр, пирожное, пицца, доширак лапшасы, балмұздақ, нан пияз, салат, қызанақ, кәмпит, торт, жаңғақ, киндер-сюрприз, сүт, банан, құймақ, йогурт, жұмыртқа, ірімшік, шоколад,майда (манная) ботқасы, шұжық, ет, шабдалы, апельсин,күріш, алмұрт, кофе, қызылша.
1-2 оқушыға оқытып, неге олай жазғандары сұралады.
Мұғалім: Жауаптарын толықтырамын.-Бұл тағамдар неге зиянды деп шешкендерінді.
Фаст-фуд тағамдары «тез тамақтану» деген мағына береді. Хот-дог, чисбургер, гамбургер, чипсы, кириешки, сэндвичті дайындау барысында көп маргарин қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды майлар көп.Олар асқазанда ұзақ уақытқа дейін қорытылмайды. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды. Фаст-фудқа үйір жандардың асқазан, жүрек аурулары, қан қысымы, қант диабеті ауруларына шалдықтырады. Әсіресе өз денсаулығына көңіл бөлмейтін балаларға обал. Олар диета сақтамай, тамақтанатын болса, саулығы күн өткен сайын әлсірей түседі. Түрлі елдердегі медициналық зерттеулердің нәтижесі фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолдану кезінде семіздікке әкеледі дейді.
Мұғалім: А дәрумені:
Сәбіздің, қауынның, қызанақтың, балық майының, жұмыртқаның, сары майдың құрамында болады.
В дәрумені.
Бірнешетопқабөлінеді. В1 В 2 В6 В12.
Бауырдың, жұмыртқаның, сүттің, ірімшіктің, қарананның, еттің, балықтың, көкөністердің құрамында кездеседі.
С дәрумені:
Пияздың, картоптың, орамжапырақтың,жеміс — жидектердің құрамында болады.
Д дәрумені:
Өте пайдалы. Балық майында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында кездеседі.
Е дәрумені:
Күнделікті пайдаланатын тағамдардың ішіндегі өсімдік майында, жаңғақтарда, жүгеріде, малдың бауырында, көкөністерде көп болады. Интерактивті тақтадан көрсетіледі.
Жұмбақтар шешу
– Әрі сусын, әрі дәрі ,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті ,елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі ./Қымыз/.
-Қымыз деген не?
-Қай малдың сүтінен ашытылады?
Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етімін – тағаммын.
(Қаз - Қазы)
- Қазыны қай малдың етінен дайындайды?
-Қазақтың ұлттық сусыны қымызбен, жылқы етінен жасалған қазы мен қартаның тағамдық құндылығын бабаларымыз дәлелдеп кеткен. (суреттерімен көрсету)
Пайдалы кеңеске құлақ түрейік. Видеоролик.
– Балалар, бүгінгі тақырыпқа байланысты тамақтану кестесін құрайық (интерактивті тақтаға жазғызу).
07.15 - 07.35. Үйдегі таңғы ас
10.00 - 11.00 Мектептегі таңғы ас
12.00 - 13.00 Үйдегі түскі ас
16.00-17.00 Үйдегі бесін ас
19.00 - 19.30 Үйдегі кешкі ас
Қорытынды: -Балалар, неге «Ас-адамның арқауы» деп айтады?
- Қазақ халқының негізгі ежелден келе жатқан тағамы ет пен сүттен жасалған өнімдер. Олардан көшпелі жағдайда ұзақ сақталатын түрлі тағамдар дайындаған. Мысалы, қазы, шұжық, сүрленген, қақталған, ысталған ет өнімдері ұзақ сақталады, әрі өте дәмді. Ал сүт өнімдерінен айран, ірімшік, қымыз, шұбат сусындары дайындалады. Ұлттық тағамнан қол үзуге болмайды.Сендер дұрыс тамақтансаңдар денсаулықтарыңның мықты болатынына, көңіл-күйлеріңнің көтеріңкі болып, сабаққа деген ынталарыңның артатынына бүгінгі тәрбие сағатында жауап алдыңдар ма?-Ендеше, дұрыс тамақтану денсаулықтың кепілі екенін есте сақтаңдар.
Тәрбие сағатымыз аяқталды.Сау болыңдар!

Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі (659.43 KB)

