Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Разное  /  Дошкольникам  /  Доклад «Ойын арқылы баланың тілін дамыту»

Доклад «Ойын арқылы баланың тілін дамыту»

В данном докладе рассматривается развитие словарного запаса через игровую технологию.

21.12.2017

Содержимое разработки


«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

«№17 жалпы орта білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі












Қатысушының аты-жөні: Бейсембаева Асем Бақытқанқызы

Жоба тақырыбы: «Ойын арқылы баланың тілін дамыту»

Бағыты: «Сабақ аяқталған соң...» даярлық тобы

Мамандығы: даярлық топ тәрбиешісі

Қатысушының жұмыс істейтін орыны: «№17 ЖББОМ КММ: Семей қ,

Е. Қашаған 26 көшесі,

8(7222) 77-34-24

Қатысушының мекен-жайы: Семей қаласы, Иркутски көшесі 8үй,

Тел: 87754032366


Автордың е-mаіl: [email protected]


















Семей,2017ж.


Мазмұны:





І Кіріспе.

ІІ Негізгі бөлім.

1.Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі.

2. Тілді дамыту мақсатында ойын түрлерін тәжірибеде қолдану.

ІҮ Қорытынды.

Ү Қолданылған әдебиеттер.


































Аннотация


Бұл жобада ойын түрлерін пайдалану арқылы баланың тілін дамыту, сөздік қорын молайту мәселесі қарастырылды. Бүгінде баланың тілінің дамуы алаңдатарлық мәселе екені бәрімізге аян. Әдеби шығармалар, ертегі тыңдап өспеген бала комьютерлер мен ұялы телефондардан бас көтермей жатады. Осыдан да баланың тілдік қоры аз, байланыстырып сөйлеуге бейімделмеген, ортаға бейімделуі нашар ұялшақ қасиеттер басым келеді. Осындай кемшіліктерді байқай келе баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып ,тілдерін дамытып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуін ойын әдісі арқылы іске асыруға тырыстым.



Аннотация

В данном научном проекте рассматривается развитие речи и словарного запаса ребенка через использование игры в учебно-воспитательном процессе. Компьютерные игры и мобильные телефоны стали представлять собой увлекательное занятие для многих дошкольников, школьников, студентов и взрослых. В связи с этим у детей низкий словарный запас, трудно приспосабливаются к окружающей среде. Наблюдая данные недостатками, я попыталась использовать игровой метод для выявления хороших качеств и способностей ребенка, развития их речи и совершенствования нравственных качеств.























Мақсаты:

мектеп жасына дейінгі балалардың тілін ойын арқылы дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру. 


Міндеттері:
-    ойын түсінігін ашу;
-    мектепке дейінгі жаста  ойын әрекетінің маңызын көрсету;
-    ойын арқылы балаларды жан жақты тәрбиелеуді,тілін дамытуды,

шығармашылық шеберліктерін ашуды талдау;
-    ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет ретінде

зерттеу;
- қызығушылығын қалыптастырып, дамыту.

Зерттеу болжамы:

Мектеп жасына дейінгі балаларда ойын әдісі тәрбиелеу және оқытудың басты нәтижелі құралы болып табылады, сондықтан да оларды жетік зерттеп игеру арқылы ғана, балаларда тәрбие мен оқыту жұмысының нәтижелілігіне жетуге болады.

Жаңашылдығы: Ойын түрлерінің барлық түрінде тілдік қолданыстарды: тақпақтар, әндер, сөйлемдер қолданылып отырса бала қызыға қайталап, тілдік қоры молайып, жалпы сөйлеу тілі дамиды.

Тақырыптың өзектілігі:

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бүгінде бала тәрбиесіне баса көңіл аударылуда. Десек те баланың тілінің дамуы қазіргі кезеңде алаңдатарлық мәселе екені бәрімізге аян. Әдеби шығармалар, ертегі тыңдап өспеген бала комьютерлер мен ұялы телефондардан бас көтермей жатады. Осыдан да баланың тілдік қоры аз, байланыстырып сөйлеуге бейімделмеген, ортаға бейімделуі нашар ұялшақ қасиеттер басым келеді. Осындай кемшіліктерді байқай келе баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып ,тілдерін дамытып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуін ойын әдісі арқылы іске асыруға тырыстым.


Ойынның маңызы:

1. Балалар  үшін:

Ақыл-ойы, тілі дамиды, оқуға қызығушылығы, белсенділігі, шығармашылығы,артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.

2. Тәрбиеші  үшін:

Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, оқушы білімінің сапасын

арттыруда, сабақты  қызықты өткізуге, мұғалім үшін тиімді.

3. Ата-ана үшін:

Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды,ойын арқылы тәрбиелейді



«Ойын – бала үшін ойын емес, шындық»

К. Д. Ушинский


Кіріспе


Қоғам талабына сәйкес, еліміздің дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.

Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «менін»қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді.Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді.Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен шешесі үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі.

Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.Ол балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ғалымдардың айтуынша «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады» - деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластанаорындайды.
Сонымен, балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма -жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп , ақыл - ойы өсіп жетіледі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.





«Ойын арқылы баланың тілін дамыту»


Ойын дегенміз—жас ерекшелікке қарамайтын,адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да

толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. «Ойын – балалар өмірінде өте зор маңызы бар нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметіқандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды.

Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен ойына арқылы тәрбие алады» А.С.Макаренко.

Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады.Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді.

Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы өзара қарым-қатынас жасауды меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын - балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады.

«Сәбиге ойынның бәрі елеулі, өйткені ол ойнап жүріп өмір сүреді. Ол ойнаған кезде ғана өмір сүреді де, жаттығады да, жан мен тәнін өсіреді де»А.В.Луначарский
Ойынға бірнеше талаптар қойылады

- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден

түсіндіру.
- Ойынға топтағы баланың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.Ойын кезінде нашар оқитын оқушылар сабаққа деген қызығушылығы артып, сұраққа жауап іздеп ойлана бастайды.Оқушы сабақта ойнап қана қоймайды, алған білімдерін қаншалықты есте сақтағандарын көрсете біледі.Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез - келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір - бірімен өзара қарым - қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап алады.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларда тілдік қарым-қатынас ойын арқылы дамиды. Оқыту жүйесі тіл заңдылықтарына ғана байланысты емес. Қалыпты даму кезінде 2-3 жылда балалардың үздіксіз ұлғайту процесі жүреді. Пассивті және белсенді сөздік қоры молаяды. Бес жастағы баланың сөздік қорында зат есім, етістік, сын есім, үстеу, сан есім, одағай, шылау болады.

Жас ерекшелігіне тән сөйлеу тілі дамымаса онда олардың сөздік қоры да төмен болады. Сөйлеу тілін түсінуі жақсы болса да, ойлауы шектеулі. Мұндай балаларда сөйлеу тілі басқа балаларға қарағанда кешірек шығады. Бұл уақытта сөйлеу белсендігі арта түседі, сөздік қоры көбейеді, бірақ балалар буындарға бөлгенде, сөздерді айтқанда әріптерді шатастыруда қиналады. Сондықтан да олардың сөйлеген сөздері қоршаған ортадағыларға түсініксіз болып келеді.

Ал ойындарды қолдануда бала қызығушылығы артып, талпынады. Және кезөкелген сөзді толық айтуға тырысады.Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларына

лайықтыболуқажет.Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. 
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді - адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі - оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні.

Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен мамасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және т.б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс - әрекеті ретінде көрсетеді.Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы

Ойын мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай әр түрлі.Сюжетті-рольді, дидактикалық ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. 
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор

ынтамен араласады. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы: «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру», «Көлемі бойынша қой» деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.


















Тілді дамыту мақсатында ойын түрлерін тәжірибеде қолдану


Алғашқы кезеңде тобымдағы балалардың ерекшеліктерімен, мінез-құлықтарымен, қызығушылықтарымен таныса келе балалардың сөйлеу тілін, сөзді байланыстыруын бақыладым.

Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау деген сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге дайындықтар жасалды. Ата-аналармен бірлесе отырып ойындарға қажетті материалдар жинақталды, анкеталық жұмыстар жүргіздім. Балаларға ойынның әр түрінен жеке түсініктер берілді. Сабақта және сабақтан тыс кезеңдерде балаларға оларды қызықтыратын және ерекшеліктеріне сай келетін ойын түрлері таңдап алынды.


Ойындар ішінде ең ұтымдысы қимыл-қозғалыс ойындары деп білемін.

Қимыл-қозғалыс ойындарын ойнауда бала тек қозғалыста емес, ойнап жүріп тілдік қарым-қатынасқа түседі. Тәрбиеші ойын шартын түсіндіреді, қалыптасқан бала өздері жүргізуші болуға үйренеді.Бала жаңа сөздердің мәнін біледі, тексті, әндерін белсене айтып жүреді. Тілдері дамиды.

Сергітулер, спорттық ойындар, қимылдарды келтіру.

Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құрылды. Балалардың жүгіру, секіру өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал етеді. Ойындардағы тақпақ ,өлеңдерді айтуы бала тілін дамыта түседі.Мысалы мына ойындар жиі ойналады.

«Айгөлек»

Айгөлек ойыны кең алаңда өткізіледі.Ойыншылар саны мен жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді де,арасы 15−20 метрдей жерде қол ұстасып қарама−қарсы тізбек құрып тұрады.Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді.Олар барлығы қосылып,төмендегі өлеңді айтады:

Айгөлек−ау,айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Ақ терек пен көк терек,

Бізден сізге кім керек?

Бұған екінші топтың ойыншылары жауап береді:

Айгөлек−ау,айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Ақ терек пен көк терек,

Шолпан атты қыз керек,−

дейді.

Қарсы топтан шақырылған қыз не бала жүгіріп келген бойы тізіліп тұрған топтың әлсіз жерінен үзіп өтуге тиісті.Егерде үзе алмаса,ол сол топта қалып қояды.Ал үзсе,онда өзі қалаған ойыншының бірін өз тобына алып қайтады.Ойыншылар түгел шақырылып болған соң,екі жақтың ойыншылары саналады.Қой топтың саны көп болса,сол топ ұтқан болып есептеледі.


Күн мен жаңбыр.

Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады. 


Сергіту сәттерінің де тиімді жағы басым.Кез-келген сергітуді тек қимыл емес өлең жолдарымен айта отыра жасалады.

Мысалы: «Аю тұршы...!» музыкалық сергітуінде балалар аю мен қоян ролін қызыға сомдап әнді тез жаттап алады.

Мысалы:

Өзімді жақсы көремін, /қолды кеудеге айқастыру/

Күн сайын өсіп келемін. /қолды көтеру/

Ойынға кірем күнде мен, /бір орында секіру/

Ұйқыға батам түнде мен /қолды жаққа сүйеу/

Суға да барып түсемін, /жүзіп көрсету/

Содан соң тамақ ішемін /қасық ұстауды көрсету/

Мамамның тілін аламын /алға қарай иілу/

Міне сондай баламын! /қолды алға созу/

«Орманның емшiсi» сергітуі

Орманның бiз емшiсiмiз, 
Тоқ, тоқ, тоқ (үстелді үш рет ұрады). 
Құрт бiткендi жоқ етемiз, 
Жоқ, жоқ, жоқ (қимыл көрсетедi). 
Тоқ, тоқ, тоқ, 
Жоқ, жоқ, жоқ. 

.

Балаларды сырттай бақылай келе ойындардың ішінде балалардың сюжеттік- рольдік ойындарға қызыға қатысатынын және тіл дамуына жақсы ықпал ететінін байқадым. Алайда кез-келген бала персонаждың мінезін әдебиеттегідей сала алмайды. Тіл кемістігі, ұялшақтық, тілдік қордың жетіспеушілігі кедергі болады. Мектепке дейінгі кезеңде бала ерекше әлемді тануға құмар болады, есте сақтау қабілеті де басым,сондықтан да осы кезеңді пайдаланып күнделікті осы ойындарды қолдану бала тілі дамуына тиімді болды.

Сюжетті рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балаларөздері жасайды.

Ойынның  дербес әрекеті айқын өнерпаздық пен шығармашылық  сипатта болады.Бұл ойындар  ұзақ  та,қысқа да болуы мүмкін.Сюжетті- рөлді ойынды бейнелеу  құралы рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Ертегіні ғана емес күнделікті өмір құбылыстарын сомдау баланы қызықтырады. «Дүкен», «аурухана», «қызы мен шешесі», «балабақша» және т.с.с. болып ойнау. Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын анықтайды.Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады. Ертегі сахналау арқылы балаларды рольге бөліп беру, әр кейіпкердің дауыстарын келтіріп айтуға машықтандыру қажет.

Мысалы «Шаштараз» сюжеттік ойыны.

Ойынның мақсаты: Балалардың достық қарым-қатынастарын, ұжымдық сезімдерін дамыту.Еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Балаларды рөлдерге дұрыстап бөлу, ойынды өз мәнінде өрбіту.Тәрбиеші әрі басқарушы, әрі кассир рөлін өзі алады.Екі-үш баланы «шаштараз», бір баланы үй сыпырушы етіп тағайындайды.Қалған балалар шаш алдырушылар.Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіре отырып, балаларға шашты қию дағдыларын көрсетеді.Әуелі шашты тарап, сосын қиған тәрізді қимылдар жасап, иіс су сепкен тәрізді (пш-пш-пш) деп сеуіп сосын шашты оңға, солға жатқызып тарайды.

Балалар кезекпен «Шаштаразға» кіріп, тәрбиеші жазып берген чегін (ақ қағазға 1ден-3ке дейінгі санның біреуін жазады), ұсынып, шаштарын алғызып, рахметін айтып ризашылық сезімдерін білдіреді.Әсіресе қыз балалардың шашын тарқатып, қайта өріп әсемдеуге болады.

Осылайша арнайы ұйымдастырылып ойнағаннан кейін, балалар ойынды өздігінен әрі қарай өрбітіп ойнай береді.

«Дүкенші» ойынын ойнату.

Ойынның мақсаты: Балаларды еңбекке, еңбекті құрметтей білуге, сыпайылыққа, ізгілікке, адалдыққа баулу.

Бұл ойында әуелі жеке-жеке ойнатып, әбден жаттыққаннан кейін үш дүкенді қатар ашып ойынды күрделендіру.Балаларды рөлдерге бөлу: 2-бала сатушы, 1-бала кассир, қалғандары тұтынушылар.

Ереже бойынша сатушылар да, тұтынушылар да бір-бірімен сыпайы сөйлеседі.бір затты сатып алған соң, рахмет айтуды ұмытпау керек.Сатушыда өз кезегінде «Тағы келіп тұрыңыз», - деп ілтипат білдіреді.Бірінші ойыншық дүкенін ұйымдастыру.Ойыншық сөресінің жанына үстел қойылып сөреде «Дүкен» деген жазу ілулі тұрады.Кассирдің алдында есепшот, ақша салатын қорап, ақ қағаз, қарындаш болады.Ойыншық алғысы келген балалар ең әуелі кассирге ақшасын (тақтайшаны) төлейді, не алғысы келгенін айтады.Кассир чек жазып береді.Чекті алып сатушыға береді.Маған «жасыл машинаны» немесе «қызыл көйлекті қуыршақты беріңіз» - дейді.Сатушы «алыңыз», - деп әпереді.Сатып алушы «рахмет»,- деп жауап береді.Міне, осылайша ойынды әр жолы түрлендіріп, өрбітіп ойната беруге болады.Тәрбиеші ойынға жалпы басшылық жасайды.Егер ойынды өз мәнінде ойнай алмай жатса, көмектеседі.


Театрландырылған ойындарды ойнату барысында 5 – 6 жастағы балалардың бойында ерекше қызығушылық пайда болады.

Мысалы: «Мақта қыз бен мысық», «Қасқыр мен қоян», «7 лақ және қасқыр», «Мысық пен тышқан», «Алдар көсе және бай» ертегілерін театрландырылған ойындар, яғни спектакльдер ретінде жеке – жеке рөлдерді орындау арқылы көрсеткен кезде балалардың бойында өздеріне деген ерекше сенімділік сезімі пайда болады, өздеріне тапсырылған рөлдерді үлкен ынтамен орындайды. Топтардағы тәрбиеленуші балалардың шығармашылығын, өнердің әр саласында өздерін көрсете білуді ұйымдастыруда театрландаралған ойындардың алатын орны ерекше.

Жеке дыбыстарды айтуда балаларға әр түрлі образдарға ену қызықтырады. Мысалы, үйшіктің ішіндегі итті елестету, " жанынан мысық өтіп бара жатса ит қалай дыбыстайды", немесе көлікті елестетіп бірде үлкен, бірде кішкене көліктің дыбысын шығару деген сияқты тапсырмалар беріледі.

«Таңертең мектепке келе жатып, жолда қоянды көрдің, осы сәтті ролге кіріп сомдап бер!» деген тапсырмаларды бала ойдан құрай отырып сомдайды және тәлдәк қорын дамытады.

«Жабайы жануарлар мен үй жануарларын таңдап соның дыбысы мен қимылын сал!» тапсырмасы дыбысты дұрыс айтуға, баланың қызығуын арттыруға көмегін тигізеді.

Менің тобымдағы сүйікті ісімнің бірі ертегілерді ойластырып шығару.

Мысалы топта балаларға ертегілердің басын ұсынып, ертегінің соңын балалар ата – аналармен бірге үйде аяқтап ойластырып шығарады.

Келесі күні біздің топта қызықты ертегілердің жәрмеңкесі өтеді.

Ойындар барысында бала сөзді анық, таза, ойнақы айтылуын қадағаланады.

Шығармаларды оқыған кезде іс-әрекеттерге байланысты жаңа сөздердің мағынасынтүсіндіріп отырған дұрыс.
Дыбыстарды анық дұрыс айта білуге жаңылтпаштардың да орны ерекше. Ал жұмбақ баланың сөйлеу қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы заттардың, жан-жануарлардың, киім-кешек аттарын есте сақтау қабілеті күшейеді. Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты, жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.
Балалармен күннің ІІ жартысында ойналатын дидактикалық ойындар, желілі - ролді ойындары арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болады.Әрбір сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білуге дағдыландыру керек.

   Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі. 

Дидактикалық ойындар баланың таным-түсініктерін ажыратудағы әдістерінің бірі.Бала бақылап көргенін, естігенін түсінуге тырысады.Алайда түсініктері алғашқыда айқын болмайды. Тәрбиеші бала түсінігін дидактикалық ойындар арқылы нақтылап, дамытып, саналы түрде түсінуін өрістетеді. Мысалы, заттың түсін анықтаңдар, кемпірқосақтың қандай түсімен байланысты, айырмашылығын табу. Бала дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты жаңа білімді меңгеріп, түсінігін тиянақтайды.
Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге баулып, сөздік қорын өсіреді, ақыл - ой қызметін қалыптастырады.

Заттық дидактикалық ойындарды "Домино", "Лото","Құрастырулар" сияқты әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

«Таныс пішіндер доминосы»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер. 
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.

 «Бағдаршам» ойынының мақсатыБалалардың ойлау,есте сақтау қабілетін және тілін дамыту.Ертегілер және ертегілер кейіпкерлері туралы түсініктерін кеңейту.

Балаларға екі қызыл және жасыл түсті дөңгелек береді.Тәрбиеші ертегі кейіпкерлеріне байланысты сөздер айтады,бала сөздердің  дұрыс атауын естісе,жасыл дөңгелекті көтереді.

Ал қате болса-қызыл түсті дөңгелекті  көтереді. Содан кейін суреттерді көрсетіп,балалармен бірге әр сөзді қатты,жай және анық қайталап айтуы тиіс.Сөздер қай ертегіде кездесетіні туралы әңгімелеу.

«Қатты-ақырын-сыбырлап»

Мақсаты: Балаларға қатты,сыбырлап, ақырын сөйлеуге үйрету.

 Ойынға 3-5 бала қатысады: тәрбиеші балаларға бір сөзді айтады, оны балалар қатты дауыспен,ақырын дауыспен және сыбырлап айтуы керек.
Бала ерте жастан – ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әртүрлі заттармен қарым – қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиет – сапалары туралы мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады. 

Мынадай дидактикалық ойындарды қолдануымызға болады:

«Шарлар»ойыны
Міндеті: Балаларда түс туралы түсінік қалыптастыруда жағдай жасау. Заттардың әртекті түстің арақатынастарын белгілеуге үйрету. Жаттығулар балалардың бастапқы жеті спектрлар түстімен танысуларына бағытталған. 
Қажетті материалдар: 30х12см өлшеміндегі жеті спектр түс жіпшелері салынған картон жолақшасы. Жеті әр түрлі түсті картон дөңгелектер- шарлар, олардың түстері жіпшелердегі түстермен сәйкес келеді. 
Ойынға басшылық : Тәрбиеші балаларға әртүрлі түсті жіпшелер салынған картон жолақшасын көрсетеді. Шарларды көрсете отырып, бүгін шарлармен ойнайтындарын ескертеді. «Қазір әр қайсымыздың алдымызда картон жолақшалар жатыр. Мұқият қарап , одан не көріп отырғандарыңды айтыңдаршы. Иә, әр түсті жіпшелер. Енді шарларымызға қарайық, олардағы жіпшелер сияқты әр түрлі түсті екен. Әрбір шарға картонда өз жіпшелері бар. Әр жіпшеге өзіне түстес шарды таңдап алып байлап қоямыз. Қызыл жіпшеге қызыл шарды, сары жіпке сары шарды, көк жіпке көк шарды, сөйтіп барлық жіпшелерге өз шарларын байлаймыз. Міне, оны былай жасаймыз» деп өзі көрсетіп, олардың дұрыс орналасқандығын айтады. Содан кейін дұрыс байланбаған шарларды көрсетеді: жасыл жіпке сары шарды, қызыл жіпке тоқ сары шарды, көгілдір жіпке күлгін шарды байлап көрсетіп олардың қате байланғандығын айтады. 
Содан кейін балалар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды. Шарларды таңдауда қиналған балалардың қасына келіп, тәрбиеші алдымен екі жұп шарды байлап көрсетеді де, қалған шарларды баланың өзінің байлауын талап етеді. 

«Жаңылтпашты тез айт», «Фонетикалық жаттығулар», «Мақалды жалғастыр» т. б. сияқты сөздік дидактикалық ойындар топтың жас ерекшеліктеріне байланысты іріктеледі,сондай - ақ тапсырмалар арқылы балалардың білімін тереңдете түседі және сөздерді дұрыс айтуға, есте сақтауын дамытуға көмектеседі.

Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бірақ мысал келтіріп келтірейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен ойната отырып, жан-жақты тәрбиелейміз.

«Орамалтастамақ»
Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.

















Қорытынды

Қорыта келе балаларға ойын әдісін қолдану қызықты да, нәтижелі жұмыс екенін көз жеткіздім. Осы ойындардың нәтижесінде көптеген балалардың сөйлеу тілі дамығанын, дауыс ырғағын келтіруге, дыбыстарды дұрыс айтуға,өзін еркін ұстауға үйренгенін байқадым.  Мектеп жасына дейінгі ерте жастағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап анықтап әрі байытып отыру басты міндет саналады.Осы ойындарды өткізу барысында балалардың тілдері біршама дамып, сөздік қорлары кеңейгенін байқадым.


    Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі  ойын іс әрекетін жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Мәселен, кез – келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі,  өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын – балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз – барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген  талпынысы  мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде  қалыптасады. Сөйтіп бала топтағы жасына сәкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші  өзі жетекші бола отырап балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. 

Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.

Ойынға топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз етуі керек.

Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.

Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз піспек емес, жан - жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, ерте жастағы балалармен ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда олардың тілдік құзыреттіліктері артады.

Ендеше ерте жастағы балалардың тілінің дамуына қазір жағдай жасайық!.

Менің ойымша балалардың тілін дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері  қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.  Міне, сондықтан да  әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем.






























Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» ҚР МЖМБС 2001-2009ж;

  2. Қаженбаева А.Е. Бала танымын ойынмен дамыту // Отбасы

және балабақша. - 2002. - №1. - 9-10 б.

  1. Қоянбекова С. Ойын мақсатын талдау жэне оның мәні

//Қазақстан мектебі. -2002. - №1-2. - 45-49 б.

  1. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж, № 4 2008 ж

  2. Молдагаринов Аскар «Казахские детские игры» кітабы

Алматы-1987 8-12 б.





-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Методист образовательной организации: работа в системе среднего профессионального и дополнительного образования

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Доклад «Ойын арқылы баланың тілін дамыту» (148.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт