Информатика бастауыш сыныпта
Ертіс ауданы Қарақұдық ауылы
Нургалиева Гаухар Армиянқызы информатика пән мұғалімі
Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Жалпы орта білім берудің жалпы ұлттық деңгейдегі басты мақсаты- Қазақстан Республикасын әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуға дайын, құзіретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындап отыр.
Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәжірибе негізінде дәлелденіп отыр. Ғалымдардың, практик-мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар: - бастауыш сынып оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу; - ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту; - бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау;
Информатика пәні баланың техника құлағында ойнап отырған өз замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал-жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір оқыту әдістерінің жолдары жаңартуда.
Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:
- Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
- Ойды логикалы түрде дамыту;
- Алгоритмдік бідімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
- Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
- Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнінің элементтерін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияның керемет мүмкіндіктерін кез келген пәнге қолдануға болатындығына көз жеткізу керек. Информатика пәні күнтізбелік – тақырыптық жоспар бойынша әрбір сыныпқа аптасына 1 рет, ал жыл бойына 34 сағаттан жүргізіледі. Бастауыш сыныптарында жүргізілетін сабақтардың ерекшелігі: оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта сабақ ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.
- Бастауыш сыныптарға арналған бұл бағдарламада оқушылар компьютермен танысып, олар өзара қарым – қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздерді, шағын әңгімелерді баспалап, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет сала біледі.
- Оқушылардың бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, әрі ойлау қабілеттерін дамыту компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Компьютерді пайдаланып оқытуда бастауыш сынып оқушылары мынадай тапсырмаларды жеңіл орындайды.
- Қарапайым арифметикалық амалдарды орындауға арналған есептер.
- Мәтіндік редакторды кеңінен қолданып, тақырыптық шығарма, құттықтаулар жазады.Бұл балалардың тіл байлығын, ойын тиянақты жеткізе алуын, шығармашылық қабілетін және салауаттылығын айқындайды.
- Графиктік редакторды пайдаланып сурет салу. «Тышқан манипуляторымен
- жұмыс істеп үйренген оқушы қарындаш, ластик, бояу түстерін, қылқаламды таңдап, әртүрлі геометриялық фигураларды, әртүрлі суреттерді сала алады, түрлі түске бояу дағдылары қалыптасады.
Тапсырма: Қай сезім мүше қандай затты сезетінін көрсет:
Компьютерде өз атыңды теріп жаз.
Enter пернесін бас.
- Досыңның атын теріп жаз.
- Туған күні мен айын теріп жаз.
Әр сөзден кейін Enter перненін басуға ұмытпа.
Таныс әріптерді және символдарды тап…
оларды жаз… ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,, ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Саяхат сабағы.
- Алма неше және саңырауқұлақ неше? Сана және боя.
Шығармашылық.
1. Барлық суреттердің, біреуінен басқа, ортақ қасиетін жаз. Оны дөңгелекке ал.
- Ортақ қасиет…………………………………………………………
Информатика пәнін бастауыш мектептегі оқу-үрдісінде жүйелі түрде пайдалану мынадай артықшылықтарды аңғартады:
- оқу-тәрбие үрдісінің қарқынын жоғарылату;
- оқытудың сапасын арттыру;
- оқушылардың дүниетанымын, кеңейту;
- оқушылардың компьютерлік сауаттылығын және білімге құштарлығын арттыру;
- Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім алудың белгілі бір сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда демек болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды – оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру
Назарларыңызға
рахмет!