Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Уроки  /  6 класс  /  Әдептен озбайық

Әдептен озбайық

Саба? барысы:

  1. ?йымдастыру кезе?і. Тынышты? с?ті. Н?р?а б?лену

Елестетіп к?рі?із: К?н н?ры сізді? т?бе?ізден ?тіп, кеуде?ізге ?арай бойлап барады. Кеуде?ізді? орта т?сында г?л т?йнегі орналас?ан. Г?лді? т?йнегі н?рдан баяу ашылып келеді. Бал?ын ж?не таза ?сем г?л сізді? ?р ойы?ызды, ?р сезімі?ізді, эмоция?ыз бен тілек-?алауы?ызды шайып, ж?регі?ізді? ?ауызын ашты.

Н?р с?улесі сізді? бойы?ыз?а а?ырын тарай баста?анын елестеті?із. Ол біртіндеп к?шейе т?суде. Оймен осы н?рды ?олдары?ыз?а т?сірі?із. Сізді? ?олдары?ыз н?р?а б?леніп, с?уле шашуда. ?олымыз тек жа?сы, ізгі істер істейді ж?не барша?а к?мектеседі. Н?р ая?тары?ыз?а тарады. Ая?тары?ыз н?р с?улесін шашуда. Олар сізді тек жа?сылы? жасау ?шін жа?сы жерлерге апарады. Олар н?р мен махаббат ??ралына айналды.

Одан ?рі н?р сізді? аузы?ыз?а, тілі?ізге тарады. Тілі?із тек шынды?ты ж?не жа?сы, ізгі с?здер ?ана айтады. Н?рды ??ла?тары?ыз?а ба?ытта?ыз, ??ла?тары?ыз тек жа?сы с?з бен ?сем ?уенді ?ана естиді. Н?р к?здерімізге де жетті, к?зіміз тек жа?сы?а ?арап, б?рінен жа?сылы?ты ?ана к?реді. Сізді? басы?ыз т?гелдей н?р?а б?леніп, басы?ыз?а тек ізгі, с?улелі ой келеді.

Н?р бірте-бірте ?ар?ын ж?не ш??ылана бастайды, сізді? дене?ізден шы?ып, жан-жа?ы?ыз?а с?уле шашады. Осы н?рды туыс?андары?ыз?а, м??алімдері?ізге, достары?ыз?а, таныстары?ыз?а ба?ытта?ыз. Н?рды уа?ытша т?сініспей, ренжісіп ж?рген адамдар?а да ба?ытта?ыз, оларды? да ж?регі н?р?а толсын.

Осы н?р б?кіл ?лемге: барлы? адамдар?а, жан-жануарлар?а, ?сімдіктерге, барлы? тірі жан?а таралсын. ?аламны? барлы? т?пкір-т?пкіріне н?р ба?ытта?ыз. Ойша айты?ыз: «Мен н?рлымын. Н?р мені? ішімде. Мен Н?рмын».

Осындай Н?р, Махаббат ж?не Тынышты? к?йінде отыра т?ры?ыз.

Енді осы Н?рды ж?регі?ізге орналастыры?ыз. Н?р?а толы б?кіл ?лем сізді? ж?регі?ізде. Оны осындай ?сем ?алыпта са?та?ыз.

Жаймен к?зі?ізді ашу?а болады.

18.01.2017

Содержимое разработки

Бекітемін:__________________ Келісемін:__________________

Мектеп директорының оқу ісі Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік

жөніндегі орынбасары жөніндегі орынбасары

Г.Әшірова Қ.Жұмағалиева



Мектеп _№183__________ Мерзімі _19.11.2016ж_______ № _11_____

Тақырып _Әдептен озбайық____________________

Құндылық_дұрыс іс-әрекет__Қасиеттер_ әдептілік, адалдық, шыншылдық, ар-ұят тазалығы, ізгілік.

Мұғалім_Абдрахманова Алтынай_____ Сыныбы _6 «б»____Оқушылар саны _18______


Мақсаты:

оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, оларды әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • оқушыларға әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету;

  • оқушылардың эстетикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету;

  • оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу.


Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Оқулық, дәптер, күнделік,


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



  1. Үй тапсырмасын тексеру.

№10 сабақ

«Тістелеген алма» атты ел аузынан алынған мәтінді үйден оқып келу берілген.


Мәтіні бойынша сұрақтар:

Мәтінде қандай оқиға баяндалған?

Жігітке қандай қасиеттер тән еді?

Ол неліктен алманың иесін іздейді?

Балалар, қалай ойлайсыңдар, алманың иесі көріп тұрмаса да, неліктен жігіт одан кешірім сұрамақшы болды?

Оның істегені дұрыс па?

Жігіт бақ иесіне қандай қасиеттерімен ұнады?

Қыз бен жігіттің қандай ортақ қасиеттері бар?

Жігіттің бойынан қандай сүйіспеншілікті көре алдыңдар?

Ал сен сондай егесіз нәрсені көрсең не істер едің? Неліктен?


Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз

Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін.


Неміс ақыны

Иоганн Вольфганг фон Гёте

(1749 - 1832)



  1. Әңгімелесу

Н.Шакузадаұлының «Әдептілік әліппесі» атты мәтіні оқылады.

Мәтін бойынша қойылатын сұрақ
1. Өз ортаңмен үйлесімді болудың мәні неде?

2. Әдепті әдетке қалай айналдыруға болады?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс


  1. Мәтінмен жұмыс

М.Мақатаевтың «Көшеде» атты өленің оқып талдау.


  1. Жағдаяттарды талдау.

Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп, даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыруға да әуес.

  • Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады?


Назым әп- әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп – нәзік, биязы бойжеткен көз алдыңызда біртіндеп, әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айырылып жүре береді?

  • Назымға қандай кеңес берер едіңіз?



  1. Дәптермен жұмыс

2-тапсырма

Адамға тән жақсы қасиеттердің тізбегін жаса


  1. Ойын «Әдепті сөздер»



  1. Топпен ән айту

Мен әдепті баламын 
Өлеңін жазған: Әбдірахман Асылбек
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды, 
Мінезімнен теріс қылық таппайды. 
Ал, егер сен жалқау болсаң тілазар, 
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды. 
Қайырмасы: 
Айтқан тілді аламын, 
Айтқан жерге барамын, 
Мен әдепті, 
Мен әдепті баламын. 
 
Тілін алып кішінің де кәрінің, 
Айтқанынан шығып жүрмін бәрінің. 
Ата-ананың айтқанынан шығуды, 
Әдептілік белгісі деп таныдым. 
Қайырмасы:



  1. Үй тапсырмасы

12 сабақ

«Бір атаның балалары» атты әңгімені оқу.




  1. Соңғы тыныштық сәті (Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкіл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды бойларыңызға сіңіріп жүрегімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!!






-80%
Курсы дополнительного образования

Основы правильного питания

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Әдептен озбайық (72.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели