Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  Прочее  /  Дененің көлемі. призманың, пирамиданың, қиық пирамиданың көлемі

Дененің көлемі. призманың, пирамиданың, қиық пирамиданың көлемі

Призма деп екі параллель жазықтықта табандары жататын бүйір жақтары параллелограмм болатын көп жақты айтамыз. Призма табандары көп жақ болып келеді де,осы жақтарына сәйкес аталады.Мысалы: табаны үшбұрыш болса,үшбұрышты призма,ал алты бұрыш болса,алты қырлы призма дегендей. Бүйір қырлары табандарына перпендикуляр болатын призманы тік призма деп,ал бүйір қырлары табанына көлбеу болса,көлбеу призма деп аталады. Егер тік призманың табандары дұрыс көп бұрыштар болса,онда ол дұрыс призма деп аталады. Тік призманцң бүйір беті: Тік призманың бүйір беті (бүйір бетінің ауданы) табанының периметрін призманың биіктігіне көбейткенге тең болады: S=pһ Мұндағы: S-Призманың бүйір беті, p-призманың табанының периметрі, һ-призманың биіктігі Призманың толық беті: Призманың толық беті (толық бетінің ауданы) бүйір бетімен табандары аудандарының қосындысына тең болады. S=ph+2Sт Мұндағы: ph-призманың бүйір беті, 2Sт- призманың табан аудандары (астынғы және үстіңгі табандары) Призманың көлемі:Кез келген призманың көлемі оның табан ауданын биіктігіне көбейткенге тең болады. V=SH Мұндағы: V-призма көлемі,S-призманың табанының ауданы,H-призманың биіктігі.
30.03.2021

Содержимое разработки

ДЕНЕНІҢ КӨЛЕМІ. ПРИЗМАНЫҢ, ПИРАМИДАНЫҢ, ҚИЫҚ ПИРАМИДАНЫҢ КӨЛЕМІ

Призма деп екі параллель жазықтықта табандары жататын бүйір жақтары параллелограмм болатын көп жақты айтамыз.

Призма табандары көп жақ болып келеді де,осы жақтарына сәйкес аталады.Мысалы: табаны үшбұрыш болса,үшбұрышты призма,ал алты бұрыш болса,алты қырлы призма дегендей.

Бүйір қырлары табандарына перпендикуляр болатын призманы тік призма деп,ал бүйір қырлары табанына көлбеу болса,көлбеу призма деп аталады.

Егер тік призманың табандары дұрыс көп бұрыштар болса,онда ол дұрыс призма деп аталады.

Тік призманцң бүйір беті:

Тік призманың бүйір беті (бүйір бетінің ауданы) табанының периметрін призманың биіктігіне көбейткенге тең болады: S=pһ

Мұндағы: S-Призманың бүйір беті, p-призманың табанының периметрі,  һ-призманың биіктігі

Призманың толық беті:

Призманың толық беті (толық бетінің ауданы) бүйір бетімен табандары аудандарының қосындысына тең болады. S=ph+2Sт    Мұндағы: ph-призманың бүйір беті, 2Sт-  призманың табан аудандары (астынғы және үстіңгі табандары)

Призманың көлемі:Кез келген призманың көлемі оның табан ауданын биіктігіне көбейткенге тең болады. V=SH  Мұндағы: V-призма көлемі,S-призманың табанының ауданы,H-призманың биіктігі.

Есептер:

Есеп 1.Көлбеу призманың бүйір қыры 15 см және табан жазықтығына 30 градус бұрыш жасай көлбеген.Призманың биіктігін табыңдар.(А.В.Погорелевтің геометрия оқулығынан)

Есеп 2.Төрт бұрышты дұрыс призманың табан ауданы 144 кв.см,ал биіктігі 14 см.Призма диагоналын тап.
(А.В.Погорелевтің геометрия оқулығынан)

Есеп 3. Дұрыс төртбұрыш призманың диагоналы 2см және табанына 30 градус бұрыш жасайды. Призманың толық бетінің ауданын тап.
(Математикийн сорилго кітабынан) 

Пирамида деп бір жағы кез келген көпбұрыш, ал қалған жақтары төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын көпжақты атайды.
                                        








Аталған көпбұрыш пирамиданың табаны, ал ортақ төбесі бар үшбұрыштар бүйір жақтары, бүйір жақтарының бірігуі бүйір беті, бүйір жақтарының ортақ қабырғалары  бүйір қырлары, барлық бүйір қырларының ортақ төбесі

пирамиданың төбесі деп аталады.

Үй жұмысы:

  1. Призма дегеніміз не?

  2. Призманың құрам бөліктерінің қасиеттері?

  3. Призманың түрлері?

  4. Пирамида дегеніміз не?

  5. Пирамиданың бүйір беті дегеніміз не?

  6. Пирамиданың табаны дегеніміз не?

  7. Пирамида түрлері?


Үй жұмысын CANVAS – қа жібереміз. Үй тапсырмасы орындалмаған жағдайда, порталға кірмеген жағдайда баға автоматты түрде төмендейді!


-75%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Дененің көлемі. призманың, пирамиданың, қиық пирамиданың көлемі (129.64 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт