«Көңілді балдырған» (Эстофеталық жарыстар)
Мақсаты: Білімділік: Балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың, дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып, төзімділік, күш, сапалық қасиетттерін дамыту
Дамытушылық: Оқушыларды дене даярлық сапасын арттыру, бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке баулып, қимыл — әрекетке жаттықтыру.
Тәрбиелік: Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Эстафеталық жарыстар.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Дене тәрбиесі мәдениеті мен гигиенасын дамыту.
Өтілетін орын: Спорт алаңы Өтілетін сынып: 3-4 сынып оқушылары Керекті құрал — жабдықтар: ракетка, пирамида, доп, шар,кедергілер.
Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды сапқа тұрғұзу. Топқа бөлу. Техникалық қауіпсіздік ережелеріне мән беру. Керекті жабдықтармен керекті заттардын дұрыстығын тексеру. Оқушылардың спорттық киіміне, сабаққа қатысуына мән беру.Қатысатын командалар: дайындық сынып оқушылары, капитан командалары. Дене қыздыру: *жүгіру- 2мин*ЖДЖ-орындау
ІІ. Негізгі бөлім.Сіздерге жеңіс тілейік, — дей отырып,ортаға сайыскер тобымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар! Сайыс түрлері : 1. Жүгіру ,2. Пирамида құрастыру, 3. Ракеткамен шарды алып жүру
4. Секіртпемен жүгіру, 5. Допты ұяшыққа салу
1. «Жүгіру» Ойыннын мақсаты: балаларды жылдамдыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: 2 топ бір – бірімен жүгіруден жарысады. Белгіленген мәреге дейін жетіп, қайта орнына келу.
2. «Пирамида құрастыру» Ойыннын мақсаты: Жылдамдыққа, жүйелі ойлауға тәрбиелеу Ойын шарты: Құрастырылған пирамидамен таныстыру. Оны шашып тастау балалар бір – бірлеп келіп пирамиданы жинайды. Бірінші жинап болған топ жеңіске жетеді.
3. «Ракеткамен шарды алып жүру» Ойыннын мақсаты: Тепе - теңдікті сақтауды меңгерту Ойын шарты: Ракеткамен шарды түсірмей алып жүріп, кейін артқа қайта жүгіріп келу.
4.«Секіртпемен жүгіру» ойыны: Ойыннын мақсаты: Баланы ептілікпен шыдамдылыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Секіртпемен жүгіріп мәреге жетіп, қайта секіріп қайту.
6. «Допты ұяшыққа салу» Ойыннын мақсаты: Дәлдікке, ойын жинақтауға тәрбиелеу Ойын шарты: Балалар бір - бірімен допты кәрзеңкеге дәлдеп салады. Неше рет доп салса, сонша ұпай жинайды.Әділқазылардың бұл бөлімге берген бағасын тыңдау.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Платеж выполнен
240 Р
videouroki.net
Номер заказа
69500412
Идентификатор плательщика
80085602-05f3-4f07-9c44-352df77556b5