Дені сау отбасы – ұлт келешегі
Б. Ө. Бітібаева
«Жұлдыздар» тобының тәрбиешісі
Мақсаты: Сауықтыру міндеттері
Отбасы мен балабақша арасындағы қарым қатынасты нығайту. Баланың дұрыс дене бітімін қалыптастыру Шынықтыру міндеттері.
Дене бітімінің мүсіні және денсаулықты сақтау туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелеу міндеттері .
Табандылық пен төзімділікке тәрбиелеу. Ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру .
Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру .
Қажетті құралдар: ат, қамшы, доптар, асықтар .
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, балалар, балабақша қызметкерлері. Бүгін ерекше күн. Өйткені, біз спорт түрлерінен өз өнерлерімізді көрсетеміз. Сендердің епті, жылдам және көңілді күйлеріңді көру біз үшін үлкен қуаныш .
Құрметті қонақтар, бүгінгі ойынға «Жұлдыздар» тобының балалары ата-аналарымен қатысқалы отыр
Жүргізуші:
Міне бала, әке ана шықты алаңға
Жас спортшылар жеке- жеке команда
Ал балалар өздеріңді таныстырыңдар,
Батылдық, мықтылық, ептілік көрсетіп табанды
«Алақай» деген ұранды біз ортаға тастаймыз.
Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.
(Балалар, ата-аналарымен ортаға шығып, әуен ырғағымен жеңіл жаттығулар жасайды)
Екі топқа бөлініп өздерінің ұрандарын тастайды .«Жұлдыздар» отбасы :
Біріміз бәріміз үшін,
Бәріміз біріміз үшін.
«Қуаныш» отбасы:
Намысты қолдан бермейміз, бермейміз.
Дәрігер: Амансыңдарма балалар, ата-аналар. Мерекелерің құтты болсын! Сендердің денсаулықтарыңды тексеруге әдейі келдім. Ойынға дайынсыңдар ма? Қане, қане алдымен денсаулықтарыңды тексеріп алайын, арқаңды тос тыңдайын. Жәрайсыңдар, бәрі жақсы. Ойынға қатысуға рұқсат.
(Төрден әділқазылар алқасы орын алады)
Жүргізуші: Бала өсірген ата-ана,
Бала болып ойнайды.
Бала тәрбиелеген тәрбиеші ,
Бала болып ойнайды-деп сайысымызды бастайық.
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян - қолтық алыспай.
« Ат жарыс» ойынына кезек берейік.
Ойын шарты: Әр топтың әкесі баласын арқалап белгіленген межені айналып өтіп орнына келіп тұрады.
Жүргізуші: Қалма жұрттың соңында ,
Қажет болса мың атта.
Азық етер оныңда,
Жету үшін мұратқа.
Қазақтың ұлттық ойыны «Бәйге»
Шарты: Балалар қолдарына қамшы алып атты қамшылай отырып ,межені бір айнаып келеді.Ойынды бірінші аяқтаған бала жеңімпаз.
Жүргізуші :Балалар біраз тынықсын ,демеуші қыздардың орындауында «Балапан» биін тамашалайық.
Жүргізуші: Ал қадірлі халайық
Зердемізді салайық.
Белімізді буып алып,
Күшімізді сынайық.
«Күрес»- қазақтың ұлттық ойыны.
Шарты: Әр топтан бір бала ортағ кілем үстіне шығады. Күресшілер бірін бірі жығып, жамбасын кім бірінші жерге тигізсе сол жеңімпаз.
Жүргізуші: Топ болып біз жүрейік
Ойнайықта күлейік.
Достық деген тамаша,
Міне тұрмыз жараса.
Ендігі кезек аналарға беріліп,қолдарындағы допты торға дәл түсірген топ жеңімпаз атанады.
«Ойлан ,біл» ойыны ,яғный екі топқа спорттық білімдерін шыңдау мақсатында сұрақтар қойылады.
Жүргізуші: Бұл ойында тәсіл көп,
Кім мол алса асықты.
Ептілігі басым боп,
Сол баланың жеңгені.
«
«Хан талапай» ойыны.
Ортаға әр топтан бір бала шығады. Олардың көздерін орамалмен байлайды .Ортаға шашылған асықты кім көп жинаса, сол жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Бүгін міні оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз.
Сөз кезегі әділқазыларға беріліп,екі топтың ойынын бағалайды.Екі топқа сый ретінде «медальдар» тапсырылады.Екі топ сап түзейді.Қол алысып төс қағысып, қоштасады.
Жүргізуші: Ослайша жарыс жолын тартамыз,
Барлығымыз көңілді боп қайтамыз.
Балаларды тәрбиелеп шынықтырған,
Тәрбиеші апайларға рахметімізді айтамыз.

"Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы!" (1.55 MB)

