Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Разное  /  11 класс  /  Әдебиет пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Әдебиет пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Әдебиет сабағынша сыни ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
25.04.2020

Содержимое разработки

ӘДЕБИЕТ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ


Алипбаева Салтанат Нурахановна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тараз қаласы, №47 орта мектеп



Қазіргі жаһандану кезеңінде қоғамның әр саласында болып жатқан құбылыстар мен жаңалықтар, өзгерістер білім беру саласында да ықпалын тигізуде. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Білім сапасын арттыру мәселесі оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын тереңдете ендіру жолымен шешіле алатындығы сөзсіз және бұл ретте тұтас алғанда білім берудің сапасы мүлде көтеріліп, жеке тұлғаны дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етілуде.

Мектеп – рухани өмір ұясы, ал, мұғалім – оқу мен тәрбиенің мазмұны мен формасын тиімді тәсіл арқылы қалыптастыратын бірден-бір тұлға. Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушының білім сапасын арттыруы қажет. Білім кеңістігінің негізгі ұғымдары – «тұлға», «дамыту», яғни білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау. Сондықтан біз жаңа ұрпақты өздігінен білімді үйрене аларлық жолға баулуымыз керек. Педагогикалық ғылымның бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялардың пайда болуы.Оқытуда осы мүддеден шығатын жаңа технология түрлері көп. Білім берудегі ең бастысы - білім мазмұны. Ал, білім мазмұны тиімді технология арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияларды оқытудағы негізгі мақсатым баланың ашылмаған қабілетін ашу, дамыта оқыту белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру, қосымша пәнге деген қызығушылығын арттыру болып отыр.Әдебиет өмір шындығын сөз құдіреті мен адам тағдыры арқылы көркем бейнелеп танытатын өнердің түрі. Біз шәкірттерді сөз сырына бойлатуымыз керек. Бүкіл кілт – осында. Өйткені көркем әдебиетте сөз – мазмұн да, форма да. Шәкірттерді сөздің алуан сырына үңіле білуге, өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен ізденіп білім алуға үйрету - әдебиет шығармасын танытудың басты жолы. Мысалы, 11-сыныпта І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын оқытуда оқушыларды өз бетттерімен анализ, синтез, баға беру сияқты танымдық іздендіру сатыларына жетелеу барысында поэма мәтінін оқу тек мазмұндау тұрғысында ғана емес, оған талдау элементі де енгізілді. Атап айтсам, М.Қаратаев:«Ілияс поэзиясы–терең ойдың, үлкен сезімнің поэзиясы» немесе «Құлагер-ат жүйрігі болса, Ақан-ақын жүйрігі» -деген осындай тірек талдау жұмыстарын пайдалана отырып жүргізу оқушыларды ақынға рухани жақындатып, оны сезініп, сезім мен ой тереңдігіне бойлап, көркем сөздің құдіретін түсінуге байлиды және жазбаша жұмыстарды орындау барысында оқушы білім алудың нәтижелі түрін меңгереді. Оқушы неғұрлым тереңдеп барса, соғұрлым ол шығармадан күшті әсер алады. Соның негізінде шығарма мазмұнына үңілмес бұрын, төмендегі сызба-модельді пайдаландық. [1]

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы туралы ғалымдар пікірі.

Өз пікірім

1

«Құлагер – ат жүйрігі болса, Ақан – ақын жүйрігі».

М.Қаратаев

Ақанды ақын жүйрігі деуіне қосылатын себебім, ол–биік адамгершілік, асқақ мұраттардың иесі, халықтың рухани дүниесін байытқан, халық қызметшісі. /С. Күмісбекова/

Бүгінгі дамыта оқыту принципі проблемалық оқытусыз мүмкін емес. Ал проблемалық оқыту проблемалық ситуациясыз, ізденерлік сұрақ-тапсырмасыз жүзеге аспақ емес. Мұның бәрі бір-бірімен сабақтас, өзектес. Шығармашылық жұмысқа баулу үшін, оқушылардың қиялына қанат бітіріп, шабыт беру керек. Оны Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дидактикалық жүйесі бойынша дамыта оқытудың үлгісін мына сызба-модель бойынша былай талданды [2].

Проблема. Проблема қойылады,

нұсқау беріледі.

Ізденіс. Проблеманы шешу үшін оқушы жұмысқа белсене кіріседі, оны шешу жолдарын іздестіреді.

Ол күнде осы тауда жалғыз жан жүр,

Дүниеден аулақтанған дабыр-дүбір

Қара шал қайыңды отыр көлеңкелеп,

Бір қу бас шал үстінде ілулі тұр.

Дүниеден безіп, дабыр-дүбірден бойын аулақ салып, қайыңның көлеңкесінде отырған қара шал кім? Ілулі тұрған ненің басы?

Мынау бас, Құлагердің қу басы еді!

Мынау шал – Ақан жалғыз, қашқандайын.

Иә, сұм өмір аздырған қара шал - Ақан бейнесі. Ол – «жел жетпес, бота тірсек, сандал керім» Құлагердің басы.

Ақан трагедиясы неде?

Ақан трагедиясының сыры, түптеп келгенде, Құлагердің өлімінде де емес, ғашық болған қыздың күйігінен де емес. Ақан трагедиясы – «қара күш, қаңқу сөзде», оның трагедиясы – «жүрегін жаралап, жанын шаққан, жылан өмірде», оның трагедиясы – пасық жандыларға бас ие алмаған асыл жанның ерлігінде.

Ақан мұраты не?

Ал, Ақан мұраты не? – деген сауалдың жауабын Ілиястың өзі төмендегі екі жол арқылы терең ашқан. Текті құс тазалықты қолына ұстап,

Арманы-ақ сұлулықты сүю деген.

Қандай керемет айтылған!

Ақан трагедиясына кім кінәлі?

Ақан трагедиясы – таптық теңсіздік жайлаған заман трагедиясы. Өйткені ақын басына бүкіл замана шермесі сыйып тұрғандай. Ақан трагедиясына заман кінәлі, оны қоршаған үстем таптар кінәлі.

Таба алмай тыныштықты туған елде,

Кете алмай біржолата бөтен елге...

Пікірталас, дау, айтыс, талдау, қорытынды сөз

Шығарманы шығармашылықпен оқи білген, проблемалық талдауға үйренген оқушы қандай күрделі сұрақ-тапсырмаларды болсын орындай алады. Гуманист-педагог Я.Корчактың сөзімен айтқанда: «Оқушыны ең алдымен көруге, түсінуге және сүюге үйрету қажет, оқуға үйрету одан кейін келеді».Проблемелық оқытудың негізгі принциптері: 1. Балаларды өз бетінше әрекет етуге үйрету;

2.  Нақты нұсқаулардан гөрі баланың ұсынысына көңіл аудару;

3.  Талқылау кезінде баға беруге асықпау;

4.  Білім алу барысында балаларға көмектесу:

5. Оқушыларды өз идеяларын ұсына білуге және қате пікірінен бас тартуға, шыдамдылық танытуға үйрету [3]. Бүгінгі баланың әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Баланың айналаны өз бетімен танып-білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану кіші жастағы оқушымен жұмыста ерекше орын алады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ә.Дайырова Орта мектепте Ілияс Жансүгіровтің творчествосын оқыту. Алматы., 1969 ж

2. Т.Ақшолақов Шығарманың көркемдік айшықтарын таныту. Алматы., 1994

3. Қ.Бітібаева Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Алматы., 1990 ж

-80%
Курсы повышения квалификации

Компетентностно-ориентированные задания (КОЗ) на уроках русского языка и литературы в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Әдебиет пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту (113.27 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт