Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Мероприятия  /  Дошкольникам  /  Дидактикалық ойындар балабақшада

Дидактикалық ойындар балабақшада

«Ақ қоян»

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу. Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады. Ақ қоян - ау, ақ Орныңнан тұрсаңшы Шашыңды тарасаңшы Бетіңді жусаңшы Әй - әй көйлек кисеңші. Біреудің қолын үзсеңші - Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.

«Қасқырлар мен лақтар»

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Ойын мазмұны: Аралары 10 - 15 адым қашықтықта «қора» мен «өріс» сызылады. Ойнаушылар үйлерінде тұрып: Бөрте, бөрте, бөрте лақ, Бөрте лақ тым ерке лақ Кетесің кейде секеңдеп, Байламаса көкем кеп — деген сөздерден кейін дүрсілдей жүгіріп « өріске» беттейді. Оларды алаңның ортасында тұрған 2 - 3 қасқыр қуып береді. Қолға түскендер ойыннан шығып қалып келесі кіреді. Қасқырлар ұсталмаған балалардан сайланады. Осылайша ойын жалғасады.

«Күн мен түн»

Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу. Ойын мазмұны: Балалар бірі «Күн», екіншісі «Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір - бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші «Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма - кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.

Жүгіріп қағып ал

Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші үлкен әдемі доппен балаларға қарама-қарсы тұрады.(қашықтығы1,5-2м) Тәрбиеші « Бір лақтырамын, екі лақтырамын, үш лақтырамын, кім жүйрік қағып алсын!» -деп допты лақтырады да өзі қағып алып: «Қаға алмадыңдар қайта жүгіріңдер» дейді. Балалар өз орындарына қайта барып тұрады. Ойын жалғасады. Ойын кезінде балалардың қағып алуына мүмкіндік жасап, қойып жүреді. Қалған балалар соңына еріп жүреді.

Жалауға қарай жүгір

Балалар тәрбиешіге қарама-карсы тұрады. Тәрбиеші қолындағы жалауды жоғары көтереді. Балалар тәрбиешінің қасына жиналады. Жалауды қайта түсіргенде балалар жан-жаққа тарап кетеді. Ойын бірнеше рет қайталанған соң, бір бала жалауын көтеріп жүреді, басқа балалар соңынан еріп жүреді. Ойын басынан қайталана береді.

Күн мен жаңбыр

Балалар ашық алаңда еркін ойнап жүреді, гүл тереді, көбелек қуады, секіреді, жүгіреді.т.б. Тәрбиеші «Жаңбыр жауды!» дегенде балалар пана іздеп, үйшіктерге тығылады. Тәрбиеші «Күн шықты!» дегенде балалар қайта алаңға шығып ойындарын жалғастыра береді.

Ұшақтар

Балаларды ойын алаңына еркін тұрғызып, тәрбиеші өзі ұшақ болып көрсетеді. Тәрбиеші «Ұшақтар ұшады!» деген кезде барлық бала ұшақ болып ұшады. «Ұшақтар қона бастады!» дегенде барлық бала өз орындарына келіп қона бастайды. Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.

Автобус

Балалар қатарға бір-бірден тұрады. Тәрбиеші автобус жүргізушісі. Қалғандары жолаушылар. Тәрбиеші дыбыс берген кезде автобус жылжи бастайды. Ең әуелі баяу кейін жылдам, жылдамырақ жүреді. Балалар жүрісті баяулатады. Жүргізуші автобусты тоқтатады. Ойын тағы жалғасады.

МҚКК «Ақбота» бөбектер бақшасы

Серуенге арналған қимылды ойындар жинағы

Ортаңғы «Көбелектер» тобы

18.03.2018

Содержимое разработки

«Ақ қоян»

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу.
Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.
Ақ қоян - ау, ақ
Орныңнан тұрсаңшы
Шашыңды тарасаңшы
Бетіңді жусаңшы
Әй - әй көйлек кисеңші.
Біреудің қолын үзсеңші -
Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.



«Қасқырлар мен лақтар»

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Аралары 10 - 15 адым қашықтықта «қора» мен «өріс» сызылады.
Ойнаушылар үйлерінде тұрып:
Бөрте, бөрте, бөрте лақ,
Бөрте лақ тым ерке лақ
Кетесің кейде секеңдеп,
Байламаса көкем кеп — деген сөздерден
кейін дүрсілдей жүгіріп « өріске» беттейді. Оларды алаңның ортасында тұрған 2 - 3 қасқыр қуып береді. Қолға түскендер ойыннан шығып қалып келесі кіреді. Қасқырлар ұсталмаған балалардан сайланады. Осылайша ойын жалғасады.

«Күн мен түн»

Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.
Ойын мазмұны: Балалар бірі «Күн», екіншісі «Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір - бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші «Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма - кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.

Жүгіріп қағып ал

Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші үлкен әдемі доппен балаларға қарама-қарсы тұрады.(қашықтығы1,5-2м) Тәрбиеші « Бір лақтырамын, екі лақтырамын, үш лақтырамын, кім жүйрік қағып алсын!» -деп допты лақтырады да өзі қағып алып: «Қаға алмадыңдар қайта жүгіріңдер» дейді. Балалар өз орындарына қайта барып тұрады. Ойын жалғасады. Ойын кезінде балалардың қағып алуына мүмкіндік жасап, қойып жүреді. Қалған балалар соңына еріп жүреді.

Жалауға қарай жүгір

Балалар тәрбиешіге қарама-карсы тұрады. Тәрбиеші қолындағы жалауды жоғары көтереді. Балалар тәрбиешінің қасына жиналады. Жалауды қайта түсіргенде балалар жан-жаққа тарап кетеді. Ойын бірнеше рет қайталанған соң, бір бала жалауын көтеріп жүреді, басқа балалар соңынан еріп жүреді. Ойын басынан қайталана береді.

Күн мен жаңбыр

Балалар ашық алаңда еркін ойнап жүреді, гүл тереді, көбелек қуады, секіреді, жүгіреді.т.б. Тәрбиеші «Жаңбыр жауды!» дегенде балалар пана іздеп, үйшіктерге тығылады. Тәрбиеші «Күн шықты!» дегенде балалар қайта алаңға шығып ойындарын жалғастыра береді.

Ұшақтар

Балаларды ойын алаңына еркін тұрғызып, тәрбиеші өзі ұшақ болып көрсетеді. Тәрбиеші «Ұшақтар ұшады!» деген кезде барлық бала ұшақ болып ұшады. «Ұшақтар қона бастады!» дегенде барлық бала өз орындарына келіп қона бастайды. Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.

Автобус 

Балалар қатарға бір-бірден тұрады. Тәрбиеші автобус жүргізушісі. Қалғандары жолаушылар. Тәрбиеші дыбыс берген кезде автобус жылжи бастайды. Ең әуелі баяу  кейін жылдам, жылдамырақ жүреді. Балалар жүрісті баяулатады. Жүргізуші автобусты тоқтатады. Ойын тағы жалғасады.



МҚКК «Ақбота» бөбектер бақшасы





















Серуенге арналған қимылды ойындар жинағы

Ортаңғы «Көбелектер» тобы

























-80%
Курсы повышения квалификации

Порядок организации и проведения деловых переговоров как условие успешной коммуникации

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Дидактикалық ойындар балабақшада (14.45 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт