| Күні: Сынып: 1 Б | Қатысқандар саны:20
| |||
| Сабақтың тақырыбы | Дәмді әрі пайдалы тағамдар | |||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.4.2 Пайдалы әрі дұрыс тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру | |||
| Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар:дұрыс тамақтану туралы біледі, түсінеді; Оқушылардың басым бөлігі: дұрыс тамақтану ережелерін құрастыруды үйренеді, зиянды, пайдалы тағамдарды ажырата алады; Кейбір оқушылар:Пайдалы тағамдарды қолдана отырып, дұрыс тамақтанудың тәртібін айтады, жазады; | |||
| Жетістік критерийлері | -көкөністер, жеміс- жидектер, сүт және ет өнімдері тағамдарына сипаттама жасайды; -дұрыс тамақтанудың бірнеше нұсқаларын айтып өтеді; -мәтінді оқып, денсаулыққа зиян келтіретін тағамдардың бар екені жайында өзара талдау жасайды; -әр түрлі ұлт өкілдері туралы білімдерін толықтырады; -ұлттық тағмдарды сипаттайды; -дұрыс таматанудың күн тәртібін жазады; | |||
| Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу, үлкендерді сыйлауға бейімдеу | |||
| Пәнаралық байланыс | Өнер, сауат ашу, сабағы, математика | |||
| Тілдік құзыреттілік | Пайдалы тағамдар, дәрумендер, зиянды тағамдар | |||
| Сабақ барысы | ||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
| Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (0-5 минут) | Үлкенге де біз, Кішіге де біз, Баршаңызға бас иіп, Сәлем бердік біз.
Жеміс-жидектердің суреттері арқылы 3 топқа топтастырамын. | Сәлемдесу
Топтастыру | ||
| Алдыңғы сабақты қайталау (5-10мин) | Сұрақ-жауап 1-топ Ертеде адамдар нанды қалай пісірді? 2-топ Ертеде саяхатшылардың азығы не болды? 3-топ Ертеде халық не үшін өзен маңына қоныстанған? | Оқулық Смайлик | ||
| Сабақтың ортасы «Ойлан,тап» әдісі 10-13мин | Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін жұамбақтар беріледі
Бір сусын бар жұртымда, Іші қызыл, сырты көк Ішсең уыз ұртыңда. Ала жаздай жедім көп(қарбыз) Бәрі содан шығады Аласа ғана бойы бар, Ірімшік, май , құртыңда. Қойнына тыққан наны бар(бидай)
(сүт)
| | ||
| «Сәйкестендіру» әдісі ( 13-18 мин) | 1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс(жеке жұмыс) Оқушылар ауырып қалған Русланның хатын оқып, оған сауығып кету үшін не істеу керектігін айтады, дұрыс тамақтанудың сызбасын сәйкестендіреді | Оқулық, Смайликтер | ||
| «Джигсо» әдісі 18-25мин | 2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс(топтық жұмыс) Оқушылар мәтінді оқып, денсаулыққа зиян келтіретін тағамдардың бар екенін біліп,өзара топта талқылап, суретін салады.
| Оқулық, Смайлик | ||
| 25-27мин
|
Сергіту сәті
Бір саусағым тіпті де, Ұстай алмай жіпті де, Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ Қала салсақ, жол салсақ! | Сергіту сәті | ||
| 27-33
| 3-тапсырма (топтық жұмыс) Оқулықпен жұмыс. Қонақжайлылық. Қонақтарды қарсы алу, оларға ұлттық тағамдарды ұсыну туралы өз пікірлерін айтады. 1-топ ұннан жасалатын ұлттық тағамдар туралы айтады 2-топ еттен жасалатын ұлттық тағамдар туралы айтады 3-топ сүттен жасалатын үлттық тағамдар мен сусындар туралы айтады.
| Оқулық, Смайликтер | ||
| «Сыни тұрғыдан ойлау» әдісі 33-38
| 4-тапсырма (топтық жұмыс). Әр топтағы оқушылар берілген суреттерге қарап пайдалы тағамдардарды сипаттап, таллдау жасайды.
| Суреттер Смайликтер | ||
| «Күн нұры» әдісі 38-43
| 5-тапсырма (топтық жұмыс).Әр топ дұрыс тамақтанудың тәртібін жазады , өзара топта талқылап, өз ойларын жинақтайды.
| Суреттер Смайликтер | ||
| Сабақтың соңы 43-45 минут | Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақтар арқылы білдіреді | | ||
| Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ның сақталуы | |||
| | ||||



Дәмді әрі пайдалы тағамдар (683.1 KB)

