Меню
Разработки
Разработки  /  Химия  /  Уроки  /  Прочее  /  Complex Ion Equilibrium

Complex Ion Equilibrium

Complex compounds are widely used as reagents in qualitative analysis for of a number of cations and anions. The process of complex formation is more widely used, which occurs with both inorganic and organic reagents. Reactions of complex formation are used for identification of many drugs: vitamins, antibiotics, alkaloids, etc.

Comprehension of the theoretical bases of complex formation processes creates for students the theoretical base of both theoretical and practical principles of qualitative and quantitative analysis and also bases the subsequent study of such core of disciplines as pharmaceutical chemistry, pharmacognosicy, forensic chemistry, technology of drugs, etc. for future specialists in pharmacy.

26.12.2017

Содержимое разработки

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының химия сабағындағы тиімділігі.

« Жаңа формация мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін – өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты.»

Н.Ә.Назарбаев

Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан мектеп оқушыларының сапалы білім мен саналы тәрбие алуы ең басты мәселе. Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған ғасырында жас ұрпақты ізденпаздыққа,білімділікке және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру үшін заман талабына сай сапалы білім беру мұғалімнің ең басты міндеті. Қандай пәнді оқыса да оқушы білімі сапалы, нәтижелі болуы керек. Ендеше оқушы білімін бүгінгі күн талабына сай дамыту,тереңдету ғылыми түрде құзіреттілік деп түсіндіріледі. Химия пәні күрделі пән екеніне ешкімнің де дауы жоқ.Оны жаттап алу мүмкін емес, түсіну қажет! Егер ол пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануы тиіс.Соның бірі «сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әр түрлі стратегияларын өз сабақтарымда қолданып отырамын. Нәтижесінде: 
- сабақтың мазмұны, сапасы артады; 
- жауапкершілік, шығармашылық қабілеті қалыптасады; 
- оқушы өзін-өзі бағалап, білім деңгейін арттыра алады; 
- пәнге деген қызығушылығы артады. 
Сабақ сын тұрғысынан ойлау (СТО) –сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаны бірнеше стратегиямен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асырылады.Бұл әдіс мынандай мақсат қоя алады: 
-оқушыларды ойландыруға; 
-өз ойларын ашық айтуға; 
-пікір таластыруға /дебат/; 
-дұрыс сөйлей білуге; 
-өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге; 
-оқушылар шығармашылығын дамытуға; 
Сабақ СТО бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады: 
I. Қызығушылықты ояту 
II. Мағынаны ажырату 
III. Ой толғанысы 

Оқытудың әр түрлі технологиясын қолдану арқылы жеке тұлғаның қоршаған ортаға, Сын тұрғысынан дамыта оқыту технологиясы элементтерін пайдаланған 8 сыныптарда «Оттектің химиялық қасиеттері, Жану»тақырыбында өткізген сабағымнан үзінді келтірмекпін.

Сабақтың тақырыбы: §22 Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оттектің химиялық қасиеттерін түсіндіру. Жану процесінің мағынасы мен мәні жайлы оқушылардың көзқарастарын дамыту.

Дамытушылық: Оқушының өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімді тиянақтауға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, іздеміпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі. СТО

Көрнекілігі: интерактивті тақта, видеофильм, кеспе суреттер, бөлме гүлі, көмір, күкірт, реактивтер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақ игеру

4. Жаңа сабақты бекіту.

5. Бағалау

6. Үйге тапсырма.

1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды тексеріп, сабаққа назарын аудару (психологиялық дайындық). Үй тапсырмасына шолу

1. Сұрақ қоюшы топ

2. Ауызша топ

3. Жазбаша топ

Ауызша топ.

1-оқушы. Үйге берілген сабақтың мақсатын хабарлайды. Оттектің физикалық қасиетін сипаттау, өнеркәсіпте және лабораторияда алу жолдарын түсіндіру.

2-оқушы. Оттек – иіссіз, түссіз ауадан сәл ауыр газ. Суда нашар ериді. Өнеркәсіпте оттекті көп мөлшерде сұйық ауаны айдау арқылы алады. Сұйық оттекті арнайы екі қабырғалы термостат – Дьюар ыдысына құйып сақтайды.Газ күйіндегі оттекті көкшіл түске боялған болат болондарда 1-1,5 кПа қысымда сақтайды. Лабораторияда оттекті құрамында оттек мол болатын әрі қыздыру кезінде тез айырылатын күрделі заттардан: калий перманганаты, калий хлораты, су, т.б. алады. Оттекті лабораторияда ауаны, суды ығыстыру әдісі арқылы алады.

3- оқушы. Тірек-сызбанұсқасын сызды

Жаңа сабақты меңгеру

Видеофильм қарап реакция теңдеуін жазу. Электронды оқулықпен жұмыс.

Жай заттардың жануы

Оттекке тән басты қасиет – оның жануды қолдауында.

Жаңа сабақты бекіту.
№5 есеп оқулықпен жұмыс.
Реакция теңдеуін жазып белгісіз затты анықта.

1тапсырма «Кедергілермен көтерілу».
Химиялық сатымен көтеріле отырып, оксидтер формуласын құрып, оларды атаңыз.

2тапсырма Алтын кілт. « Оксидтер» сейфіне шифирді тап.Оксидтерді тауып, заттарды ата.
№3тапсырма «Жұмбақ тізбек»

Бағалау:

Үйге тапсырма беру: 22 №4,6,7

СТО технологиясын қолдана отырып, нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды
,яғни сабақтың соңында мынадай жоспар пайда болды:
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық. 2. Ой ашар. 3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау. ә) Өзіндік жұмыс. б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
1. Топпен жұмыс.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
1. Венн диаграммасы. 2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында мынадай нәтежиеге қол жеткізуге болады.
- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
- бір-біріне құрметпен қарауға;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
- белсенді шығармашылық қабілеттері ұштасады.
Мен сабақ беру үрдісінде мынандай негізгі факторларды басшылыққа аламын:
- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру
- жекелей,жұппен,топпен жұмыс жүргізу
- ойлау қабілетін дамытатын есептер беру
- қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру
- оқушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру.
Сонымен қатар жекелей жұмыстар, жұптық, топтық, жұмыстар арқылы ойын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланп жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, білім деңгейінің жоғлауына әсерін тигізеді. Бұл технологияның тиімділігі сол, оқушының әсерлену жүйесі қалыптасады.
Сонымен СТО, технологиясының мақсаты: – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
- рухани дүниесін байыту ;
- оқырмандығын күшейту;
- ауызша – жазбаша тіл мәдениетін дамыту;
- ойлау, елестете алу қаблетін қалыптастыру;
- көзқарасын тереңдету;
- өзінше бағалап, ой түйуге баулу;
- ойын жеткізе алу, ой түйюге баулу;
- танымдық оқу ауқымын кеңейту;
- шығармашылық ізденісіне жол ашу.
Әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз.
Мұндай технологияларды қолдану-біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.
Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді пайдалану қазіргі заман талабы.





Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» Е.Т. Акитбаев.,2006ж

2.«Химия мектепте» журналы

3. Химия оқулығы 8 сынып

4. Бәкелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу.Қ.Жүнісханов.2008.

5.«Оқыту- тәрбиелеу  технологиясы» журнал -2010 №3,5, 2011 ж.ж №5,10

-75%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Complex Ion Equilibrium (42.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели