Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  2 класс  /  Бұрыш түрлері Көп бұрыштар 2-сынып

Бұрыш түрлері Көп бұрыштар 2-сынып

бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. математика пәнінен. Жаңартылған бағдарлама бойынша

05.01.2019

Содержимое разработки

Пән: Математика

Күні: 01.2019

Сынып:

Мектеп: Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Асильбаева А

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Бұрыш түрлері. Көп бұрыштар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.3.1.1 бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) бір бірінен ажырату және атау/тіктөртбұрышты, шаршыны, тікбұрышты үшбұрышты мәнді белгілері бойынша анықтау

2.3.1.2 көпбұрыштарды төбелер саны бойынша жіктеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: бұрыштардың түрлері (тік, сүйір, доғал) мен фигуралардың түрлерін (тіктөртбұрыш, шаршы) танып біледі.

Көптеген оқушылар: фигуралардағы бұрыштардың түрлерін танып біледі жəне құрайды. Бұрыштар (тік, сүйір, доғал), тіктөртбұрыштың, шаршының, тікбұрышты үшбұрыштың маңызды ерекшеліктерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар: фигураларды түрлі белгілері бойынша жүйелей алады.

Бағалау критерийлері

Бұрыш түрлерін ажырата алады

Бұрыш түрлерін практикада көрсете алады

Тілдік мақсаттар:

Бұрыш, тікбұрыш, көпбұрыш, сүйірбұрыш, доғалбұрыш

Құндылықты дарыту

Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, жауапкершілік.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек : практикалық жұмыс барысында.

Бастапқы білім

1-сыныптағы геометриялық фигуралар туралы алған білімі және күнделікті өмірдегі ұқсас заттарды біледі.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«Сәттілік тілегін» айтқызу



Ой қозғау

  • Бүгін біз денсаулығымызға таза ауада серуендеудің қандай пайда əкелетіні туралы əңгімелесеміз.

–Демалыс күндері отбасымен, достармен қайда баруға болады?

–Бүгін біз тауға жорыққа шығамыз.

  • Серуенге дайындалу үшін ауызша тапсырмалар орындаймыз.

–Тапсырма бойынша қажетті жауапты таңдаңдар.

  1. Қай санда 7 ондық, 2 бірлік бар?

  2. 8 жəне 7 сандарының қосындысы.

  3. 16-дан 8-ді азайт.

  4. 37 санының алдында тұрған санды атаңдар.

  5. 48-ден кейін тұрған санды атаңдар.

  6. 27 жəне 6 сандарының айырмасы.

  7. Егер 5 ондыққа 2 ондықты қосса қанша болады?

  8. 42 санынан 5-уі артық сан қандай?

  9. Қай санның 59-дан 6-уы кем?

Оқушылар кезекпен тақтаға шығады жəне дұрыс жауабы бар карточканы таңдайды. (Жауаптар жазылған карточкалар алдын ала тақтаға ретсіз жапсырылған жəне қосымша жауаптар да берілген.)

–72(Г), 15(Е), 8(О), 36(М), 49(Е), 21(Т), 70(Р), 47(И), 53(Я).

  • Қандай сөз шықты? (Геометрия)

  • Математиканың бұл бөлімі нені зерттейді? (Фигуралар жəне олардың қасиеттері)



Карточкалар

Сабақтың ортасы


























Топтық жұмыс


  1. Суретпен жұмыс

  1. Суреттен қандай сызықтард көріп тұрсың?

  2. Оларды қандай топтарға бөлуге болады?

Есіңде сақта


  1. Бұл-көпбұрыштар. Олар неге бұлай аталады?

Дескриптор.

- Суреттегі сызықтарды атайды;

- Берілген фигуралардың неліктен көпбұрыштар деп аталуын түсіндіріп береді.

Бағалау. Бесбармақ


Практикалық жұмыс (бүкіл сыныппен орындалады)

  1. Шаршы қағазды ортасынан бүкте. Содан кейін тағы бір бүкте. Парақтыңбүктеуін жаз. Сен қандай бұрыштарды көріп тұрсың?

  1. Қағаз шаршыны диагонал сызық бойынша бүкте. Тағы бір рет суреттегідей бүкте. Содан кейін бүктеуін жаз. Сен қандай бұрыштарды көріп тұрсың?


Дескриптор. Білім алушы:

  • Шаршы қағаздан бұрыш түрлерін жасап, атайды;

  • Суреттен бұрыш түрлерін табады.


Бағалау. Бағдаршам.


Жұптық жұмыс

Тік бұрыштарды, бұрыштардың төбесін және көпбұрыштарды ата.

Дескриптор

  • Тік бұрыштарды таба алады.

  • Бұрыштардың төбесін және көпбұрыштарды атайды.

Дәптермен өз бетінше жұмыс жасату.


Суреттер

Бұрыш түрлері

























Ақ қағаз


















Бағдаршам түстері







Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Есепте.

Дескриптор

- Есептерді қатесіз, жылдам шығарады.

- түсіндім - сұрағым бар . -түсінбедім






Смайлик суреттері

Үй тапсырмасы

3-есеп

Кері байланыс

Сабақтың мақсатына жеттім ба?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциясиялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?


Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1.

2.

Сабақты жақсартуға септігін тигізетін екі сәт






-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Бұрыш түрлері Көп бұрыштар 2-сынып (1.08 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт