«Бекітемін»________
Пән:Математика, Сынып:5«Б», Сабақ реті:№ 43, Мерзімі_21. 10. 2016
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі. Транспортир
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды бұрыштардың түрлері мен және олардың атаулры мен таныстыру .
Дамытушылық: Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері:СТО.
Сабақтың көрнекілігі: Bilimland.kz Эл оқулық
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
1)Сәлемдесу
2)Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындықтарын тексеру
3)Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Мақсат қою
Тік бұрыш, Сүйір бұрыш, Доғал бұрыштың градустық өлшемдерімен таныстыру
ІІІ. Жаңа сабақ
Жазыңқы бұрыш 180Тік бұрыш90 Сүйір бұрыш40 Доғал бұрыш130
Бір нүктеден басталатын екі сәуледен құралған фигура бұрыш деп аталады. Бұрышты құрайтын сәулелерді қабырғалары деп, ал сәулелер басталатын нүктені оның төбесі деп атайды.
ІҮ. Есептер шығару
Тақтада орындалатын тапсырмалар: 448-449
Орындарында орындалатын тапсырмалар: 450-452
Ү.Сабақты бекіту .
Доғал бұрыш дегеніміз не? Мысал келтір.
Сүйір бұрыш дегеніміз не? Мысал келтіріңдер
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою..
ҮІ.Үйге тапсырма: 115-бет №486