Меню
Разработки
Разработки  /  Технология мальчики  /  Уроки  /  6 класс  /  Бұрғылау станогінің құрылысы жəне онымен жұмыс істеу, металл дайындамаларын бұрғылау

Бұрғылау станогінің құрылысы жəне онымен жұмыс істеу, металл дайындамаларын бұрғылау

Сабақ мақсаты: Оқушыларға бұрғылау станоктары, бұрғылау станогінің құрылысы жəне онымен жұмыс істеу тәсілдері туралы білімді қалыптастыру. Оқушыларда саналы тәртіпке үйрету, оқу құралдарына ұқыпты қарауға, жұмыстың сапасына деген жауапкершілік сезімді тәрбиелеу.

02.01.2018

Содержимое разработки

«Бекітемін»

______ КБО әдіскері



Cабақ жоспары


сынып

Өткізу мерзімі

Сағат саны

6


1


Сабақ тақырыбы: Бұрғылау станогінің құрылысы жəне онымен жұмыс істеу, металл дайындамаларын бұрғылау

Сабақ мақсаты:

БІЛІМ БЕРУШІ: Оқушыларға бұрғылау станоктары туралы білімді қалыптастыру.

ДАМЫТУШЫ: Оқушылардың байқағыштығын, зейінін, қиялын, ойлауы мен тілін, танымдық дербестігін дамыту.

ТӘРБИЕЛІК: Оқушыларда саналы тәртіпке үйрету, оқу құралдарына ұқыпты қарауға, жұмыстың сапасына деген жауапкершілік сезімді тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімді хабарлау сабағы

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сарамандық жұмыс

Сабақтың жабдықтары: плакаттар.

Құрал-жабдықтар Бұрғылау станогінің құрылысы плакаты

Пән аралық байланысы: Физика, химия


Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру сәті: 5 мин.

Сәлемдесу, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу, оқу бөлмесінің жағдайын, оқушылардың сыртқы күйін тексеру, оқушыларды сабаққа дайындау.

Өткен тақырыпты сұрау: 10 мин.

1 Сорттық прокаттан жасалаған бұйымға сызбаның неше түрі қажет ?

2 Бірнеше бөлшектен тұратын сорттық прокаттан жасалған бұйымды қандай сызба бойынша дайындайды ?

3 Сорттық прокаттан жасалған бұйымның құрастыру сызбасын орындау ережесінің ағаш бұйымдар сызбасынан айырмашылығы бар ма?

4 Негізгі белгі салушы аспаптарды атаңдар ?


Жаңа материалды түсіндіру: 20 мин

Бұрғылау станоктарының негізгі түрлері мынадай болады:

  1. Вертикаль бұрғылау станоктары – дара және сериялы өндірістерде массасы 25 кг-ға дейінгі дайындамаларды тесуге арналған станоктардың кеңірек тараған түрі. Станоктарды сипаттау үшін қаттылығы орташа болаттарды тескен кезде бұрғы диаметрінің ең үлкен шамасы алынады. ТМД- да шығарылған станоктардың шартты бұрғы диаметрлері 6, 12, 18, 25, 35, 50 және 75 мм.

  2. Радиаль бұрғылау станоктары ірі көлемді және ауыр бөлшектерді тесуге арналған. Аспаппен өңделетін тесік осьтері айналдырықты дайындаманың тесілетін кез келген нүктесіне жылжытып беттестіру арқылы анықталады.

Радиаль бұрғылау станоктарында көлемі және массасы үлкен дайындамалардың бір-бірінен едәуір қашықтықта орналасқан тесіктерін тесуге болады.

  1. Көпайналдырықты бұрғылау станоктарының бірнеше айналдырықтары болады. Өңделетін тетіктеріне қарай айналдырықтарының орналасу арақашықтығы тұрақты немесе өзгеріп тұрады. Олар жаппай және ірі сериялы өндірістерде қолданылады.

  2. Горизонталь бұрғылау станогы терең тесіктерді ( 5) өңдеу үшін қолданылады. Мұндай дайындама айналып, бұрғы жұмыс атқарады.

  3. Центрлеу – бұрғы станогі – центрде қысылып өңделетін тетіктердің екі шетінен таяз бекіту тесіктерін жасау үшін қолданылады.


Бұрғылау станогінің құрылысы



1 – негізі; 2 – үстелдік қыспа тұтқасы; 3 – қыспа; 4 – қысқы; 5 – тұғыры; 6 – бұрғылау тереңдігін орнату межелігі; 7 – жұмыс органын қысқымен бірге жоғары және төмен қозғағыш тұтқы; 8 – алдыңғы шкиф; 9 – белдік беріліс; 10 – бағаншық; 11 – үстіңгі қорабы; 12 – артқы шкиф; 13 – белдік берілістің тұғыры; 14 – белдікті берілістің керілуін реттейтін бұрама;15 – тұрқыны бағаншыққа бекіту бұрамасы; 16 – қозғалтқыш; 17 – тұтқыны көтеру және түсіру қолсабы; 18 – бағаншық тұғыры; 19 – бағанша тұғырын үстелге бекіту бұрамасы;20 – жарық беру шамы.

Тік бұрғылау станоктарына қарағанда, радальді бұрғылау станоктарының бұрғы бекітілген айналдырығын өңделетін қажетті нүктеге апаруға мүмкіндігі мол.


Бұрғылау: машинамен бұрғылау





Бұрғылау: қолмен бұрғылау





Бұрғылау қысқыларын орнату





Білімді бекіту, жалпылау: 3 минут (Сабақ жоспарына сәйкес).

1. Үстелдік бұрғылағыш станоктің қандай модельдерін білесіндер?
2. Станоктің салмағы қанша?
3. Айналдырықтың айналу жиілігі қандай?
4. Айналдырықтың салыстырмалы үлкен жүрісі қанша?
5. Айналдырықпен жұмыс үстелінің арасы қанша болуы керек?
6. Электроқозғалтқыштың қуаты қанша?
7. Қолмен бұрғылағанда нені қолданамыз?
8. Бұрғылағыш станокті тесікті өңдеу операциясын орындау үшін не істейміз?
9. Бұрғыны қалай бекітеміз?
Тесіктерді үңгілеу, ұңғылау

Қортындылау (2 минут)

Оқушылардан жаңа тақырып бойынша түсініктерін сұрау.

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма:§14 52-54 бет

-80%
Курсы повышения квалификации

Исследовательская деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Бұрғылау станогінің құрылысы жəне онымен жұмыс істеу, металл дайындамаларын бұрғылау (190.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт