Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Уроки  /  8 класс  /  "Бөкей Хандығы"

"Бөкей Хандығы"

Мектеп о?ушыларына ?аза? ханды?ында?ы ?а?ты?ыстар мен 18 ?асырда?ы е? мы?ты бекініс б?кей ханды?ы жайында а?парат беру.

18.02.2017

Содержимое разработки

8 «Б» сынып Тексерілді:__________________

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:Бөкей хандығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: ХІХ ғ. басындағы қазақ халқының тұрмыс жағдайын сараптай отырып, Бөкей хандығының құрылуының  негізгі себептері туралы түсінік беру. Жәңгір ханның тарихи тұлғасын сомдау.

Дамытушылығы: Қосымша материалдарды пайдалана отырып, оқушылардың өздік, топтық жұмыс жасау дағдысын жетілдіру, тарихи фактілерді саралай білуге үйрету, шығармашылыққа баулу, ойлау, зерттеу, салыстыру қабілетін арттыру.

Тәрбиелілігі: Рухани адамгершілік қүндылықтарды қалыптастыра отырып, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: тақта, карта, оқушы шығармашылығы, қосымша материалдар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары

 Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері

 Бөкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 ж. Жайықтың оң жақ бетіне жаппай өтуі

 Жәңгірдің билік басына келуі

Әлеуметтік – экономикалық, саяси дамудағы өзгерістер

 Жәңгір ханның мәдени – ағарту саласындағы қызметі

Жәңгір ханнан кейінгі Бөкей ордасындағы өзгерістер

Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны

Бөкей хандығының құрылуы - 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845жылға дейін өмір сүрді. Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері XVIII—XIX ғасырлардың аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Жайықтың оң жағалауына өз беттерінше жаппай көше бастады, Мұның бірнеше негізгі себептері бар еді. Біріншіден, шекара шебіне таяу аймақтарда отырған қазақтар мал жайылымынан қатты тамшылық көрді. Патша үкіметі олардың жер жөніндегі өтініштеріне құлақ аспады. Мұның өзі орыс отаршылдығына қарсы жаңадан көтерілістер тудыра бастады. Қазақтардың Қытайға қарай көшіп кету ықтималдығы пайда болды. Екіншіден, қазақтар өздерінің бұрынғы ата қонысына қайтып баруға тырысты. Ал ол қоныстар Ресеймен шекаралық шептің ішкі жағында қалып қойған болатын. 1771жылы Еділ қалмақтарының елеулі үлкен тобы Шыңжаңға көшіп кеткеннен кейін Еділ мен Жайық аралығында босап қалған жерлер болды. Үшіншіден, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс күшпен басып-жаншылған соң оған қатысушыларға сұлтандар мен ханның тарапынан қатты қысым көрсетіліп, қуғын-сүргін жиілеп кетті. Төртіншіден, Пугачев пен Датұлы бастаған көтерілістер аяусыз басып-жаншылғаннан кейін патша үкіметі бұрыннан белгілі «бөліп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл принципі бойынша біртұтас Кіші жүзді әлсіретуге тырысып бақты, Әбілқайыр ханның ұрпақтары болып табылатын бірнеше топтың арасында тақ таласын шиеленістіре түсті. Хан тағынан негізгі үміткерлердің бірі Бөкей сұлтан болатын.

ІҮ.Сабақты бекіту: Топ оқушылары  тірек сызбасы арқылы оқулықты пайдалана отырып өзбеттерінше  материалды игереді:

Патша үкіметі «Бөліп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл принципімен әрекет етті

Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері

Қазақтар өздерінің бұрынғы ата қонысына қайтып баруға тырысты

Әлеуметтік – экономикалық, саяси дамудағы өзгерістер

V.Сабақты бағалау:

VI.Үйге тапсырма: парагтафты оқу, сұрақтарға жауап беру, конспектілеу

-70%
Курсы повышения квалификации

Архитектурные стили и направления: от древности до наших дней

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1200 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Бөкей Хандығы" (19.99 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели