Қысқамерзімді жоспар
| Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым | Мектеп: Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия | ||||||||||||||||
| Күні:26.10.16. | Мұғалімнің аты-жөні : Нұрмолданова А.Е. | ||||||||||||||||
| Сынып: 2А | Қатысқандар:28 Қатыспағандар саны: | | |||||||||||||||
| Сабақ тақырыбы | Біздің отбасымыз | | | ||||||||||||||
| Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары | Т/А 4 Астарлы мағынаны болжау. О1 Ақпаратты түсіну Ж2Берілген сөздерден өздігінен сөйлемдер құрап жазу | ||||||||||||||||
| Сабақ мақсаттары | Т/А Тірек сөздерді дұрыс қолдана отыра, сөйлеу қабілетін дамытады.
О2 Берілген ақпаратты түсінеді.
Ж2 Тірек сөздерден сөйлемдер құрап жазады.
| ||||||||||||||||
| Жетістік критерилері | Егер төмендег іжетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқумақсатына жетеді Берілген тірек сөздерді дұрыс қолдана отырып, сөйлемдер құрап жазады. | ||||||||||||||||
| Сөздікқор | Отбасы, отбасы мүшелері,ана,әке, бала, аға,іні,қарындас әпке,сіңлі. | ||||||||||||||||
| Құндылықтарды дарыту | сыйластық еңбек пен шығармашылық жауапкершілік | ||||||||||||||||
| Пәнаралық байланыстар | дүниетану,математика. | ||||||||||||||||
| Алдыңғы меңгерілген білім | 3-бөлім оқушылардың 1, 2-бөлімдерде алған біліміне негізделе құрылған. Оқушылар қарапайым сөйлемдер мен әдеби және әдеби емес мәтіндерді жаза алатындай болулары тиіс. | ||||||||||||||||
| Сабақ барысы | |||||||||||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
| Сабақтың басы -5мин
| І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал. Мақсаты: сыныпта жылы, мейірімді атмосфераны орнату. Өткен сабақты қайталау. «Қар ұлпасы» ойыны арқылы өткенді қайталау.Ақ қағазда отбасы мүшелерінің аттары жазылады.Қағазды ұлпаға айналдырып, қар атысып ойнайды.Мұғалім қоңырау соққан уақытта ойын тоқталып,,қолдарына түскен ұлпада жазылған сөзге мақал-мәтелдер айтады. Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайында болмақшы? Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Сабақтың тақырыбы: Отбасы –шағын мемлекет, яғни отбасы жайында суретпен постер жасаймыз және сол суреттерге тірек сөздерді қолдана отыра сөйлемдер құрастырамыз. Бұл тақырыпқа қандай мақсат қоюға болады? Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Сабақтың мақсаты: Тірек сөздерді қолдана отыра сөйлеу қабілеттеріңді дамыту және берілген ақпаратты түсіну. Ал енді оқу мақсатына жету үшін жетістік критерийлерін құрап алуымыз керек. ЖК: Отбасы мүшелерін білу. Отбасы мүшелерінің рөлін анықтау.
| Дидакти калық материалдар Музыка Аудиожазба. Сергіту сәті
| |||||||||||||||
| Сабақ ортасы-7мин 3мин 15мин
3мин
| II. Қызығушылықты ояту. Аудиожазба тыңдау: Балалар,қазір сендер экраннан аудиожазба тыңдайсыңдар? Аудиожазбаны мұқият тыңдап,не жайында екенін айтуларың қажет?
Тыңдалым бойынша: Балалар мына мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Әке- асқар тау, Ана-бауырындағы бұлақ, Бала-жағасындағы құрақ.
Жұпта бір-бірімен ой бөлісу. Әр жұп өз ойларын айтады. Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Аудиожазба бойынша толықтыру. Әке-бала үшін шыңы биік асқар тау. Ана –тау бауырында ағып жатқан бұлақ екен. Бала- су жағасындағы шөп сияқты, яғни бала ананың қамқорлығымен өседі
Оларға отбасы мүшелерінің суреттерін беру арқылы бес топқа бөлу. 1-топ «Ана мен бала» 2-топ «Әке мен бала» 3-топ «Бала мен бала» 4-топ «Әже мен немере» 5-топ «Ата мен немере» Топпен жұмыс. Топтық ережені еске түсіру. Отбасы-шағын мемлекет тақырыбында постер жасау.
1- топ «Ана мен бала»Отбасындағы ананың рөлі 2-топ «Әке мен бала»Отбасындағы әкенің рөлі. 3-топ «Бала мен бала »Отбасындағы баланың рөлі. 4-топ «Әже мен немере» Отбасындағы әженің рөлі.(мақал) 5-топ «Ата мен немере » Отбасындағы атаның рөлі.(мақал)
Барлық топтар әр отбасы мүшесінің үйде қандай жұмыс жүргізетінін постер бойынша көрсетеді, Топтар өз постерлерін тақтаға шығып қорғайды. Бір топ өз жұмысын қорғағанда, екінші топ оларды «Саусақ» әдісі арқылы бағалайды.
Топтық жұмысты берілген критерийлер бойынша бағалау:
(Музыка ойнау «Әкешім-анашым» әні) Сергіту сәті: | | |||||||||||||||
| Сабақтыңсоңы 5мин | Қорытынды. «Тездет, бірақ қателеспе?» ойыны арқылы қорытындылаймыз. Қабырғаларда ілінген сөздер: ана, әке, бала, ата,әже, аға, сіңлі, қарындас,іні ,әпке ,шеше,ұл, қыз,апа.,нағашы апа, нағашы ата, жезде, жеңгей, ағатай,тәте. Ер адамға қатысты сөздер- ата, әке, ұл, аға, іні. Әйел адамға қатысты сөздер– әже, ана, шеше, қыз, апа, қарындас | | |||||||||||||||
| 2мин Дифференциация-қабілеті жоғары оқушыларға әр отбасы мүшесінің үйде қандай жұмыс жүргізетініне тапсырма беру. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша мақал-мәтелдер айту. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? «Пайыздық көрсеткіш » әдісі бойынша өзін-өзі бағалау. 100%-сабақты өте жақсы түсіндім 75%-сабақты жақсы түсіндім 50%- сабақты орташа түсіндім 25%-сабақтан көп нәрселерді түсінбедім. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
| | Топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың диалогқа қандай дәрежеде қатысқанын бағалау. Осы деректер келесі талқылауларды жоспарлауда қолданылады. | Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Сергіту сәттері | |||||||||||||||

Біздің отбасымыз (63.77 KB)

