Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  2 класс  /  Біз өмір сүріп жатқан ел

Біз өмір сүріп жатқан ел

2 сынып сабақ жоспары
10.01.2020

Содержимое разработки

Тақырыбы: Біз өмір сүріп жатқан ел

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық.

Мақсаты: Оқушыларға өмір сүріп жатқан елімізд сүюге баулы отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға айналадағы бәрін жақсы көру керектігін үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.https://www.zharar.com

2.https://massaget.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу. Орманға ойша серуен. (Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!


2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №29 – сабақ.Өзіңе таныс бір ұлтты таңдап алып, «Түріміз басқа болса да, Отанымыз бір» тақырыбында шағын зерттеу жүргізіңдер. Ол үшін сендерге төмендегілерді табу керек.
Осы ұлттың:
 мақал-мәтелі;
 ертегісі;
 халық әні;
 ұлттық ойыны;
 ұлттық киімі..

2. Келесі сабақ. №30, «Біз бәріміз бірдейміз» мәтінін оқып келу.


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Ынтымақ — бұзылмайтын қорған, Қосылып еккен ағаш — орман.
Сұрақтар:

1. Ынтымақ – бұзылмайтын қорған дегенге пікіріңіз?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Ғажайып үй

Ертеде бір «ғажайып» есімді үй болыпты. Оның ғажайып атану себебі, ол үйде бақа, күшік, үйрек, көбелек, құс, мысық, ара, ұлу барлығы бірге тату-тәтті, бір үйдің балаларындай өмір сүріпті. Олар өте бір-біріне қамқор екен.

Бір күні барлығы өз тіршіліктерін жасап жүр еді, кенеттен жаңбыр құйып жауып кетеді, барлығы үйге жүгіріп жаңбырдан тығыла бастайды. Ал күшік болса орман ішінде отын алып келе жатқан еді, үсті-басы су, дірілдеп, қалшылдап ағаштар арасына тығылады.

Орман патшасы арыстан оны ұстап алып, жаурағанына қарамастан қамап қояды. Оның келмегеніне алаңдап достары іздей бастайды. Арыстанның ұстап алғанын естіп, барлығы жиылып келеді де арыстаннан сұрайды:

  • Біздің досымызды жіберші, біз сенің қалаған тілегіңді орындаймыз, – дейді.

Арыстан осы ғажайып үйінде тұратындардың достығын сынамақшы болып:

  • Жоқ жібермеймін!- дейді. Ол үшін маған достықтарыңның сыры неде екенінайтсандар жіберемін!- дейді.

Олар достығының сыры бір-бірінің басына қиындық түскенде көмектесетін, мұңайғанда көңілін көтеретін, әрдайым қастарынан табылатын, қолдарындағы барын бөлісіп жейтін, қайғы мен қуанышта бірге боламыз деген біздің уәдеміз бар! – дейді.

Арыстан олардан мұндай жауап күтпеген еді.

  • Жарайды жіберейін,сендердей достары бар күшік өте бақытты жан екен, – деп

тамсанып.

  • Бірақ менің бір шартым бар,меніде өздеріңнің қатарларыңа қосыңдаршы!- дейді.

Олар келісіп күшікті босатып алады да, арыстанды өздерінің ғажайып мекеніне шақырады. Осы күннен бастап олар бірге ынтымақта тату- тәтті өмір сүріпті.

Сұрақтар:

  1. Ғажайып үйдегілердің достығын қай істерінен көруге болады?

  2. Арыстан не үшін олармен дос болғысы келді?

  3. Егер достарың қиындықта қалса сіздер қалай көмектесесіңдер?

  4. Достарыңмен өткізген уақыт туралы айтып берсеңдер.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Отанымызға арнап сыйлық әзірлеңдер. Түрлі - түсті қағазға алақандарыңды салып, қиып алыңдар. Қиылғаналақандардан «Достық гүлдестесін» жасаңдар.


6. Топпен ән айту.

Отан
Өлеңін жазған: Нұрсұлтан Әлімқұлов
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Туған Отан, дәулетің асқан,
Бақыт нұры сәулесін шашқан.
Асыл ана мейірі жылы,
Еркелесем кеудесін ашқан.
Қайырмасы:
Кең алқапты желпісін желің,
Байлық тасып, шалқысын көлің.
Байтақ жатқан алыпсың өзің,
Отан-ана, бақытты елім.
Майда ескен таң самалыңмен,
Кеуде шіреп тамсанамын мен.
Туған Отан, сүйемін сені
Кеудемдегі барша жалынмен.
Қайырмасы.


7. Үй тапсырмасы.

1. №30 – сабақ.«Халықтар достығы» эмблемасының суретін салу.

2. Келесі сабақ. №31, «Ел аузынан» оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Біз өмір сүріп жатқан ел (20.78 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт