Меню
Разработки
Разработки  /  Алгебра  /  Планирование  /  9 класс  /  Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі

Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі

Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі. ҚМЖ

04.01.2018

Содержимое разработки

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Алгебра І-тарау

19-сабақ

Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері.

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі

Күні: 17.10.2017ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Ташманова Мадина Бахтияровна

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін түсіндіру;

Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесінің қасиеттерін пайдалана отырып, есептер шығаруды үйрету.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар орындай алады: Теңсіздіктің шешімін таба алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жүйе шешімін дұрыс таба алады

Кейбір оқушылар орындай алады: Функцияның анықталу облысын таба алады


Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: теңсіздіктерді шешу, мәндес теңсіздіктер






Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Айнымалының теңсіздікті қанағаттандыратын мәндері оның шешімдері болып табылады



Талқылауға арналған сұрақтар: Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін қалай шешеді?

Бағалау критерийі


1.Теңсіздіктердің қасиеттерін пайдаланып, бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесіндегі теңсіздіктерді шеше аламын.

2.Шешімдерінің жиынын координата(сан) осінде бейнелеп салуды білемін.

3. Олардың ортақ шешімін таба аламын және оны сан аралығымен немесе теңсіздікпен жаза аламын.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, музыка

Алдыңғы оқу:

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі

Сабақ барысы

Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері







Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындау.

Айтылым. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

1 тапсырма. Суретті қолдана отырып, сұрақтарға жауап береді, сабақтың тақырыбын түсінеді.

Оқушылар қайда отыр?

Олар не істеп отыр?

Кітапханаға не үшін келді?

Мектепте кітапхана бар ма?

Сен соңғы рет қашан кітап алдың?

Ол қандай кітап еді?

Жаңа сабақ. Мәтіналды жұмыс. Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысады.

Қалыптастырушы бағалау



Ресурстар

Сабақ басы

2 мин

1-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Сыныптың жағымды ахуалын қалыптастыруда «Амандасу» ойсергегін ұйымдастыру. Оқушылар әр елдің амандасу салтымен бір-бірімен амандасады



3 мин

2-әрекет. Ұжымдық жұмыс: «Топқа бөлу» жеміс-жидек және олардың туыстары арқылы топқа бөлу.


Кеспе қағаздар

Сабақ ортасы

3 мин

3-әрекет. Жұптық жұмыс. Үй тапсырмасын тексеру.

№116, 117

4-әрекет. «+/-» әдісі арқылы


3 мин

5-әрекет. Ұжымдық жұмыс: «Ой қозғау»

Лездік тапсырмалар(белсенді тақтада)

1. [2;5], бұл « интервал...» себебі

2.[0;7), бұл «жартылай интервал...» себебі

3. (-3; 5,5), бұл «сәуле емес...» себебі

4. ( -∞;0] ,бұл «сәуле...» себебі

5. -1≤х≤0, бұл «кесінді»



Тақта

10мин

6-әрекет. Топтық жұмыс:

Әр топқа түсті қағаздағы «Теңсіздіктер әлемі» тапсырмаларын топпен орындау тапсырмасы беріледі.

І топ тапсырмасы: Теңсіздіктерді шешу ұғымы

ІІ топ тапсырмасы: 1-мысал.

ІІІтоп тапсырмасы: 2-мысал

ІV топ тапсырмасы: 3-мысал.

Әр топ тапсырмаларын постерда қорғайды.

Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу альгоритмін(амалдар тәртібін) тұжырымдау керек.



7-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Не қиын болды? Не оңай болды? Себебі.... сауалы бойынша өздерін бағалау.

Алгебра, Шыныбеков А.Н. 9-сынып

7мин

8-әрекет. Жеке жұмыс: Оқулықпен жұмыс

«А» №131, 132

«В» №136, 137


9-әрекет:Ұжымдық жұмыс: «Лайк» әдісі бойынша ұнады/ұнамады себебін түсіндіреді.


Алгебра, Шыныбеков А.Н. 9-сынып

2мин

10-әрекет. «Өміріңе немқұайлы қарама» әні



6мин









11-әрекет. Топтық жұмыс: Функцияның анықталу облысына байланысты әр топқа әртүрлі есептер беріледі. Амалдар тәртібі бойынша орындайды

12-әрекет. Жеке жұмыс: «Рақмет» әдісі бойынша ең ұтымды кері байланыс берген досына рақмет айтады.



Кеспе қағаздар

Сабақ соңы

3мин

13-әрекет. Топтық жұмыс:

Белсенді тақтамен жұмыс. Сын тұрғысынан ойлау

Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар:

Бос орынға қажет сөзді жаз:

1.Егер бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесіндегі теңсіздіктердің біреуі ------болса,онда жүйені бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі деп атаймыз.

2. Теңсіздіктер жүйесін шешу-жүйеге қатысты барлық теңсіздіктердің..........жиынын табу.

3.Мәндес теңсіздіктер деп шешімдері...............болатын теңсіздіктерді атайды.

4. Егер теңсіздіктің екі бөлігін де бірдей санға көбейтсек (не бөлсек) онымен ..................теңсіздік шығады.



14-әрекет. Топтық жұмыс: «Отшашу» әдісі арқылы


Интерактивті тақта

1мин

15-әрекет. Жеке жұмыс: Рефлексия жазады.(Өз ойларын, сұрақтарын стикерге жазып, рефлексиялық нысанаға жабыстырады)

16-әрекет. Жеке жұмыс: Кері байланыс

Рефлексиялық нысана














-80%
Курсы повышения квалификации

Развитие пространственных представлений школьников в обучении математике в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 36 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
3000 руб.
600 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі (67.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт